27 K4S CO2 Жыл сайын адамдар көп улы газдан немесе көміртегі тотығынан зардап шегеді - көрінбейтін, байқалмайтын, сұмдық қауіптілік. Өкінішке орай, улы газ туралы хабардарлыққа қарамастан, олардың улануы барлық жерде кездеседі. Көбінесе бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанда, атап айтқанда жылыту пештері мен газ аспаптарын дұрыс пайдаланбағанда байқалады. Улы газдың адам ағзасына зиянды әсері зат тыныс алу жүйесін зақымдайтын, гемоглобин қосылған қан жүйесіне еніп, нәтижесінде қан құрамының өзгеруі болады,содан кейін бүкіл ағзаны зардап шегеді.

21 Jambyl Brif Орталық коммуникациялар қызметінде халықтың қауіпсіздігіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Қосыбаев Мақсат Амантайұлы, Азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының бас мамандары азаматтық қорғау подполковнигі Охрименко Денис Алексеевич және азаматтық қорғау майоры Шахабаева Айгул Құатқызы қатысты.

26 PVLDr iNterwieu Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Е.С. Өтегенов «Хабар 24» республикалық телеарнасының тілшісі Ербол Әбішевке сұхбат берді. Сөз сөйлеудің тақырыбы қысқы кезеңнің басталуы, тиісінше жылыту маусымының басталуы және өңір су айдындарында мұз қатудың басталуы болды.