Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Төтенше жағдайлар комитетінің құрылу тарихы
           Қазақстанның тәуелсіздігін алуы, қоғамдық қатынастардың барлық негіздерінің терең түрде қайта құрылуы халық пен аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесі мен еліміздің Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуын міндетті түрде қажет етті. Осы тұғырнамада аталған қайта құрулардың негізгі деңгейлері, АҚ және ТЖ саласында, мемлекеттік басқару органдарының құрылымында, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымында уәкілетті арнайы мемлекеттік органның ТЖ алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің рөлі мен орны жарияланды.
          Қазақстанның тәуелсіздік алар алдындағы кезеңде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы істер жай-күйі сол кездегі орталықтандырылған командалық-әкімшілік басқару жүйесімен айқындалды.
         Осы жүйе шеңберінде авариялардың, апаттар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-шараларды үйлестіретін және ұйымдастыратын мамандандырылған мемлекеттік органның бар болуына қажеттілік болмады. Әр министрлікте, ведомствода оларға бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдарға әсер етудің барлық әдістері болуына байланысты олар өздері ТЖ алдын алу және оларды жою шараларын ұйымдастырып өткізді. Көптеген министрліктер мен ведомстволарда техногенді авариялар мен апаттарды жоюдың салалық қызметтері болды. Мәселен, Көмір өнеркәсібі министрлігінің, Түсті металл министрлігінің, Қара металл министрлігінің жүйелерінде өздерінің әскерилендірілген тауда құтқару бөлімдері болды. Геология министрлігінің, Мұнай-газ өнеркәсібі министрлігінің құрамында салалық фонтанға қарсы жасақтары болды. Министрліктер, ведомстволар ішкі ведомстволық өкімдері мен нұсқамаларының негізінде әр кәсіпорындағы техникалық қауіпсіздіктің қызметін өздігінен бақылап отырды. Ішкі ведомстволық актілермен химиялық, мұнай және газ өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарында таудағы құтқару қызметтерінің, теміржол және әуе көлігінің өрт және авариялық қызметтерінің жұмысы реттелді.
       Сол кезде техногенді сипаттағы ТЖ алдын алумен тікелей айналысқан мемлекеттік органдар ішінен Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетті атауға болады. Республика аумағындағы ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін, сенімділігін және сейсмикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ҚазССР Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және Мемлекеттік құрылыстың жобаларын ведомстволықтан тыс сараптау қызметтері өз үлестерін қосты.  Басқа министрліктер мен ведомстволардың құрамында басқа да бақылау-қадағалау қызметтер қатары болды. Қазақстанда сол жағдайларда халыққа қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару ұйымдары болмады. Олардың рөлін ішінара коммуналдық шаруашылық қызметтері, энергетиктердің, байланысшылардың, газшылардың авариялық бригадалары (әрқайсысы өз қызметінің саласында) атқарды. ІІМ жүйесінде болған өрт сөндірушілер өрт сөндірумен ғана айналысты, басқа жазатайым оқиғалар кезінде адамдарды құтқару олардың міндеттеріне кірмеді.
         Табиғи және техногенді сипаттағы ірі ауқымды ТЖ кезінде жұмысты жүргізу үшін еліміздің Азаматтық қорғанысының әскерилендірілмеген аумақтық және объектілік құрамаларын, құрылыс және көлік кәсіпорындарының техникасын пайдалану жоспарланған еді.  Алайда бұл ретте «қаһарлы соғыс» жағдайларында осы құрамаларды дайындау кезінде басты күш ықтимал қарсыластың жаппай қырып-жою қаруын қолдану кезіндегі іс-қимыл дағдыларына оқытуға бағытталғанын атап өту қажет. Республикадағы Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері соғыс уақытындағы іс-қимылдарға ғана бағытталған. Азаматтық қорғаныстың республикалық және облыстық штабтары бірінші кезекте халықты ядерлық, химиялық және бактериологиялық қарудан қорғау, кәсіпорындардың ерекше кезеңде тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлады және пысықтады.
Жергілікті деңгейде төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін әкімшілік қысым арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың (әдетте, құрылыс және автокөлік бейінінің) персоналы, әскери бөлім әскери қызметшілері, оқу орындарының оқушылары тартылды. Бұл ретте мемлекет жоюшыларға олардың қаза болуы немесе денсаулығын жоғалтқан кезде ешқандай кепілдік бермеді. ТЖ алдын алу оларды жою саласында заңнамалық база болмады. ТЖ кезінде сол немесе өзге заңды және жеке тұлғалардың өкілеттіктерін белгілеу, олардың жауапкершілігі, өзара іс-қимыл тәртібі  бойынша пайда болған коллизиялар атқару билік органдарының бір жолғы өкімдерімен, партиялық органдардың шешімдерімен шешілді. ТЖ алдын алу және оларды жою саласында жариялылық болмады. Авариялардан, апаттар мен дүлей зілзалалардан шығын саны, көбінесе олардың туындау фактісі және олардың халық үшін қауіп төндіру деңгейі де қоғамнан жасырылды. Бұған соңғы мысал Чернобыл АЭС-тегі апат болды.
         Республикалық және жергілікті деңгейде авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың, сондай-ақ эпидемиялар мен эпизоотиялардың салдарын жою мақсатында төтенше комиссиялар құрылды, оларды құрамына тиісінше министрліктердің, ведомстволардың, республикалық ұйымдардың, атқару комитеттерінің, АҚ облыстық штабтарының өкілдері, энергетика, байланыс, милиция, сумен, жылумен, газбен қамтамасыз ету, медициналық мекемелердің, өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдарының басшылары және басқалар кірді. Осы комиссиялардың қызметі тұрақсыз сипаты болды, бір жағдайдан екінші жағдайға жүргізілді және нақты түрде туындаған ТЖ жою кезінде іс-қимылдарды үйлестіру үшін ғана қызмет етті. Осы қатынаста ҚазССР Министрліктер Кеңесі жанындағы Тасқын суларға қарсы комиссиясының және республика облыстарындағы осындай тасқын суларға қарсы комиссиялардың жұмысы барынша көрсетілімді болды.   
Халықты авариялардан, апаттар мен дүлей зілзалалардан қорғауды құрудың осындай шашыраңқы жүйенің айқын ебдейсіздігі мен тиімсіздігі Спитак жер сілкінісі аймағындағы, Чернобыль апаты, басқа ірі ауқымды ТЖ кезіндегі авариялық-құтұару жұмыстары кезінде айқын көрінді. Сол уақытта басқарудың орталықтандырылған әкімшілік-командалық жүйенің күшті тарапы ретінде оның ТЖ аймағында қалпына келтіру жұмыстарының кең аумағын жазу, зардап шеккендерді тұрғын үймен және басқа әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету қабілеттілігін айту қажет. Мәселен, Қазақ ССР Армян ССР Ленинакане қаласында тұрғын үйлерді салу, Спитак жер сілкінісі аймағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жедел түрде өрістетті және сәтті жүргізді.
1988 жылы Чернобыль апатын есепке алып, КСРО Министрліктер Кеңесі жанындағы Авариялардың, апаттар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою жөніндегі тұрақты төтенше комиссиясы құрылды. Тиісінше, Қазақ ССР Министрліктер Кеңесінің 1988 жылғы 17 ақпандағы № 57-7 қаулысымен Қазақ ССР Министрліктер Кеңесі жанындағы Авариялардың, апаттар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою жөніндегі тұрақты төтенше комиссиясы құрылды. Оның құрамына министрліктер мен ведомстволардың, ірі республикалық ұйымдардың басшылары кірді. Тұрақты төтенше комиссиясын ҚазССР Министрліктер Кеңесінің Төрағасы орынбасарларының бірі лауазымы бойынша басқарды.   
          Қазақ ССР Министрліктер Кеңесінің 1989 жылғы 24 қазандағы № 331 қаулысымен Қазақ ССР Министрліктер Кеңесі жанындағы Авариялардың, апаттар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою жөніндегі Тұрақты төтенше комиссиясы Қазақ ССР Министріктер Кеңесінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына қайта құрылды.
            Осыған қарамастан, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының жұмысы жүйелілі және тұрақты қолданыстағы сипатты алмады. Сондықтан оның көз аясынан ТЖ алдын алу, атап айтқанда ТЖ туындауының алдын алу және олардың шығындарын барынша төмендету бойынша іс-шараларды жүргізу сияқты халықты қорғаудың маңызды аспектісі шықты. Осының басты себептерінің бірі комиссияның өзнің тұрақты қолданыстағы аппаратының болмауы, оның мәртебесінің бекітілмеуі болды. Осы кемшіліктерді жою мақсатында 1991 жылғы қаңтарда төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының тұрақты қолданыстағы аппараты қалыптаса бастады. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының тиімді жұмысына қажетті мәртебе «Қазақ ССР Кеңес қауіпсіздігін құру туралы» Қазақ ССР Президентінің 1991 жылғы 21 тамыздағы № 403 Жарлығымен берілді. Оған сәйкес республиканың халқы мен аумағын авариялардан, апаттар мен дүлей зілзалалардан қорғау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі болып танылды. ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Кеңес қауіпсіздігіне енгізілді, ал оның лауазымы Министрліктер Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына теңестірілді. Бұл Жарлықпен ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже бекітілді. Комиссия шешімдері мемлекеттік билік пен республика ұйымдарының барлық органдарына орындау үшін міндетті болды.   Бұл ТЖ алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі қиың кезең болды, сонымен бірге ол уақыты бойынша Қазақстанның тәуелсіздік алу кезеңімен сәйкес келді.  
Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде мемлекетік органдардың өзара іс-қимылы тәртібін нормативтік құқықтық бекіту, олардың жауапкершілік аймақтары мен өкілеттіктерін белгілеу үшін 1991 жылы 25 маусымда «Төтенше жағдайлардың алдын алу және олар кезіндегі іс-қимылдар бойынша республикалық жүйені құру туралы» Қазақ ССР Министріктер Кабинетінің № 395 қаулысы қабылданды.  Осы қаулымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және олар кезіндегі іс-қимылдар бойынша республикалық жүйесі туралы ереже бекітілді, Қазақ ССР министріктері мен ведомстволарының, мемлекеттік бірлестіктердің, концерндердің, қауымдастықтар мен басқа ұйымдастыру-өндірістік құрылымдардың функциялары айқындалды.
         Сол уақытта нарықтық және демократиялық реформалардың тереңдеуімен, халықтың құқықтық сауаттылығының артуымен ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша іс-шараларды командалық-әкімшілік әдістермен және Үкіметтің бір жолғы қаулыларын қабылдаумен ғана бұдан әрі басқару мүмкін еместігі көзге айқын болды. Сондықтан саланы реформалаудың екінші деңгейінде ТЖ және Азаматтық қорғаныс саласында заман талабына сай заңнамалық, нормативтік құқықтық базаны құруға назар аударылды.
Осы салада алғашқы заңдардың бірі ретінде «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңын атауға болады. Осы Заңның 4-бабымен дүлей зілзалалар, эпидемиялар, эпизоотиялар, ірі авариялар мен апаттар жағдайларында Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізуді көзделген. Осы Заңмен көзделген шаралар ТЖ салдарын жою бойынша тиімді және толық құқықтық негізде қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Бірақ бұл заң ірі ауқымды дүлей зілзалалар мен техногенді апаттарды, атап айтқанда, бір жолғы акциялар түрінде жоюға бағытталған. Осы заң шеңберінен тыс ауқымы бойынша шектелген авариялар мен дүлей құбылыстарға ден қою мәселелері, сондай-ақ ТЖ алдын алу мәселелері қалды. Осы заңның әлеуметтік-саяси сипаттағы төтенше жағдайларға айтарлықтай бағытталуы онда табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ үшін нақты және анық өкілеттіктерді қалыптастыруға мүмкіндік бермеді.  Осыған байланысты 1994-1995 жылдары «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді және Үкіметпен қабылданды. Осы заң осы салада қатынастарды реттейтін базалық құқықтық акт ретінде қабылданды. Онда Үкіметтің, ТЖ жөніндегі Мемлекеттік комиссияның, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың ТЖ саласындағы құзыретілігі, заңды және жеке тұлғалалардың құқықтары мен міндеттері айқындалды, ТЖ жою кезінде туындайтын құқықтық қатынастар, ТЖ-дан келтірілген шығын үшін жауапкершілік және т.б. бекітілді.
ТЖ жою кезінде құтқарушылар қызметінің мәселелері ерекше құқықтық реттелуді қажет етті. Олардың ерекше құқықтық мәртебесін бекіту, олардың біліктілігі мен әлеуметтік қорғалу мәселелерін пысықтау қажет болды. Осыған байланысты реформалаудың осы деңгейінде «Авариялық-құтқару қызметтер және құтқарушылар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді және Үкіметпен қабылданды. Көрсетілген мәселелермен қатар осы заң авариялық-құтқару ұйымдардың құрылуы және қызметі, олардың қызметін лицензиялау мәселелерін реттейді, төтенше жағдайларды жою басшысының құқықтық мәртебесін бекітеді, авариялық-құтқару құрамалардың қозғалысты барынша қолайлы режимді белгілейді, ерікті құтқарушыларға және авариялық-құтқару жұмыстарына тартылған тұлғаларға белгіліленген мемлекеттік кепілдіктер береді.­ Өрттің алдын алу және оны жою бойынша шаралардың ерекшелігі есепке алына отырып, осындай сипат «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына беріледі.
           Азаматтық қорғаныс саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қажеттілік туындады. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін Азаматтық қорғаныс жүйесінің қызметі КСРО Министрлер Кеңесінің қаулыларымен, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен реттелген. Олардың орнына жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулыларын қабылдау  Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастардың барлық құқықтық аймағын қамти алмады. Әсіресе, бұл азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың міндеттерін құқықтық бекітуге қатысты болды. Мемлекеттік жекеменшікті жекешелендіру жағдайларында азаматтық қорғаныс мүлігі мен объектілеріне құқықты айқындау мәселесі, АҚ іс-шараларын қаржыландыру мәселесі кідіртпей шешілуді талап етті. Осыған байланысты «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді және қабылданды. Шамамен, сол кезеңде Қазақстан Республикасында радиациялық, экологиялық қауіпсіздік, жол қозғалысы қауіпсіздігі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында заңдар қатары қабылданды.
          «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Қаңымен және ҚР заңдарымен ұлттық қауіпсіздік саласында табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ саласындағы ақпарат құпияландыруға жатпайтындығы белгіленді. Осылайша, табиғи және техногенді сипаттағы мәліметтерді таратуға бұрын болған тыйым салулар алынып тасталды. Осының барлығы бұқаралық ақпарат көздерінің дамуымен бірге халыққа авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар туралы ақпаратқа толық және жедел қолжетімділікті қамтамасыз етті. Сонымен қатар бұл ықтимал ТЖ туралы халықты құлақтандыруды жақсартты, ТЖ алдын алу шараларына және олардың туындауы кезінде дұрыс іс-қимыл жасауға халықты танымал нысанда оқыту мүмкіндігін берді.  
        1995 жылға дейін салалық министрліктер мен ведомстволар өткізілген кәсіпорындар мен ұйымдарды мемлекет иелігінен алу нәтижесінде шаруашылық субъектілерін тікелей басқару функцияларын жоғалтты. Сонымен бірге жергілікті әкімшілік басшыларының кәсіпкерлер мен жекешелендірілген кәсіпорындардың жұмысына араласу құқығы кенеттен шектелді. Бұның барлығы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетік комиссиясының шешімдерін министрліктер, ведомстволар және жергілікті әкімшілік басшылары арқылы іске асыруды шектетті. Халықты авариялардан, апаттар мен дүлей злзалалардан мәселелерін тиімді шешу үшін жеткілікті, заңнамалық түрде өкілеттіктермен белгіленген арнайы мемлекеттік басқару органы қажет екені айқын болды. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің қайта құрылуы барысында «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» 1995 жылғы 19 қазандағы № 2541 жарлығына сәйкес еліміздің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлары және Азаматтық қорғанысы саласында уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті (бұдан әрі – ТЖМК) құрылды. Өзінің құрылуы кезінде ТЖМК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясы және Азаматтық қорғаныстың республикалық штабының аппараты базасында құрылған еді. Бұл саланың реформалауының үшінші кезеңі болды (анықтамалық: кейіннен, орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру шеңберінде ТЖМК Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агентігіне қайта құрылды, бұдан кейін 2004 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қайта құрылды).
         Үкіметтік қаулылармен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті туралы ереже бекітілді, оның құрылымы және штат саны бекітілді, бағынысты ұйымдары айқындалды. Мәселен, ТЖМК құрамына Азаматтық қорғаныстың республикалық курстары, Қазселденқорғау, Ұжымдық қолданудың республикалық есептеу орталығы, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері кірді. Азаматтық қорғаныстың облыстық және қалалық штабтарының базасында ТЖМК аумақтық басқармалары құрылды. ТЖМК орталық аппаратының құрамында Азаматтық қорғаудың бас басқармасы және Төтенше жағдайлардың алдын алудың бас басқармасы құрылды. Жедел кезекші қызметтері мен авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдарын басқару үшін Бас жедел басқармасы құрылды. Аса қиын іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласында орналасқан, 66 адамы бар Республикалық жедел құтқару жасағы (РЖҚЖ) құрылған болатын. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің саясаты, оны Парламенттің қолдауы және Үкімет жұмысының арқасында Қазақстан айналасында жағымды сыртқы саяси жағдай орнатылды. Саяси әдістермен басқа елдердің тарапынан Қазақстан Республикасына деген қауіп-қатері минимумға дейін төмендетілді. Бұл Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетке халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге еліміздің Азаматтық қорғаныс жүйесінің кадрлық, ұйымдастыру және материалдық-техникалық әлеуетін қолдануды бастауға мүмкіндік берді. Мәселен, Азаматтық қорғаныстың бұрынғы штабтарының персоналы авариялардың, апаттар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және оларды жою іс-шараларын орындауды ұйымдастыруға және бақылауға қайта бағытталды. Азаматтық қорғаныстың бөлімдерінде мерзімді қызмет сарбаздары арасынан жалпы бейіндегі құтқарушылардың дайындығы, олардың тиісті жабдықпен жарақталуы ұйымдастырылды.
         Республиканың облыстары мен қалаларында ТЖМК аумақтық бөлімшелерінің жоқтығына қарамастан төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар сақталды. Әдетте, әкімнің бірінші орынбасарларымен басқарылатын осы комиссиялар ТЖ алдын алу және оларды жою іс-шараларына жергілікті қызметтер мен ұйымдардың, басқа министрліктер мен ведомстволардың аумақтық органда күштері мен құралдарын жылдам әрі тиімді тарта алады. ТЖМК төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық және қалалық басқармалары осы комиссиялардың жұмыс органдары болып, өз орындарында ТЖМК саясатын жүргізе алады және өңірлерде жалпы мемлекеттік мүдделерді қорғайды.
            Техногенді   ТЖ алдын алу бойынша ТЖМК рөлі  оған Президенттің   1996 жылғы 29 қазандағы № 3168 жарлығымен бұрынғы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен жөнiндегi комитетiнің функциялары мен өкілеттіктерін беруден кейін кенеттен өсті. Үкіметтің 1997 жылғы 7 шілдедегі № 1068 қаулысына сәйкес ТЖМК-де ТЖ алдын алу және оларды жою, өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекция құрылды. Бұрынғы Мемлекеттік  тау-кен техникалық қадағалудың аумақтық инспекцияларының базасында республикалық бағыныстағы әр облыс пен қалада ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша  және қалалық мемлекеттік инспекциялар құрылды. инспекцияларды ТЖМК аумақтық басқармалардың құрамына енгізу олардың техногенді ТЖ туындауының алдын алу бойынша шараларды тиімді өткізуіне мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта инспекциялардың өкілдері техногенді ТЖ әр түрлі түрлерінің туындауының алдын алу бойынша шешімдерді тексеруге және пысықтауға қатысады. ТЖ жөніндегі мемлекеттік орган құрамында Атомдық-энергетикалық кешенде қауіпсіз жұмыстарды жүргізуді қадағалау бойынша облысаралық мемлекеттік инспекция және Теңіз мұнай  салаларында қауіпсіз жұмыстарды жүргізуді қадағалау бойынша мамандандырылған теңіз инспекциясы құрылды.
         ТЖМК-ға Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау мен өкілеттіктерін беру және осыдан кейінгі ТЖМК құрамына Суда құтқару қызметтің республикалық орталығының қосылуы саланы реформалаудың кейінгі деңгейі- ТЖМК функциясын кеңейту және құрымын нығайту деңгейінің жаңа бастамасы болды. Мәселен, ТЖ саласында мамандандырылған орталық атқарушы органын құру деңгейінде оған бағынысты авариялық-құтқару күштерінің жетіспеушілігі сезілді. Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр аумағы (2,716 млн. ш.км) және қалалар мен елді мекендердің бір-бірінен алшақ жатуы кезінде ТЖМК-да бір Республикалық жедел құтқару жасағының және бірнеше Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің болуы еліміздің сол немесе өзге жерлерінде ТЖ туындауы кезінде қазіргі заманғы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге проблема туғызған. Осы проблема облыстық орталықтарда ден қою жасақтарын (құрамына қажетті инженерлі техника тіркелген, жергілікті ұйымдардың 100-150 жұмысшысы) құрумен ішінара шешілген. Алайда осы жасақтар кәсіби болмады және әкімге бағынып, ТЖМК бағынысында болмады. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 жарлығымен ТЖ жөніндегі мемлекеттік комитетке Ішкі істер органдары құрамынан Мемлекеттік өртке қарсы қызметін беру орынды қадам болды. Сонымен бірге табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ жою барынша нығайтылды – ТЖМК авариялық-құтқару күштер саны 15 мыңнан аса адамға күрт өсті.  
Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алуға және оларды жекешелендіруге байлынысты республиканың әскерилендірілген тау-кен құтқару және фонтанға қарсы бөлімдері банкротқа ұшырау деңгейінде тұрды. Олардың базасында     1999 – 2000 ж.ж. ішінде Үкімет ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі жүйесінде мыналарды құрды:
- Атырау қаласында «Ақ-Берен» РМҚК –229 адам (республиканың мұнай және газ өндіру кәсіпорындарында шарт бойынша авариялық-құтқару қызмет көрсетуді жүзеге асырады);
- Қарағанды қаласында «Көмiр» РМҚК – 648 адам (көмір өндіруші кәсіпорындарда әскерилендірілген авариялық-құтқару қызмет көрсетуді шарт бойынша жүзеге асырады);
- Лениногорск қаласында «Кен» РМҚК – 1003 адам (тау-кен өндіруші кәсіпорындарында авариялық-құтқару қызмет көрсетудішарт бойынша жүзеге асырады).
            Республиканың оңтүстігінің өнеркәсіптік кәсіпорындарында авариялық-құтқару қызмет көрсету үшін Тараз қаласында орналасқан «Құтқарушы» РМҚК (174 адам) құрылды.  Осы құтқару операцияларын басқаруды ҚР ТЖ жөніндегі агенттігінің орталықтандыруы қызмет көрсетіліп жатқан кәсіпорындарда авариялардың ықтимал туындауы кезінде операцияларды жүргізуге әзірліктеріне оң әсерін берді. Жоғарыда аталған авариялық-құтқару ұйымдар шарт бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсету есебінен жұмыс істейді.   
          ҚР ТЖ жөніндегі агенттігінің авариялық-құтақру күштерінің құрамына республиканың өрт сөндіру бөлімшелері мен салалық әскерилендірілген құтқару бөлімдерін қосу республиканың барлық аумағында аса қиын іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау мәселесін шешпеді. Осыған байланысты 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің республика аумағында:
-            Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағын (БӨАЖҚЖ, Атырау қаласы – 32 адам);
-       Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағын (ОӨАЖҚЖ, Астана қаласы – 40 адам);
-       Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағын (СӨАЖҚЖ, Қостанай қаласы – 32 адам);
-       Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағын (ОӨАЖҚЖ, Қызылорда қаласы – 32 адам);
-       Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағын (ШӨАЖҚЖ, Өскемен қаласы – 32 адам) құру туралы шешімі қабылданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына сәйкес ҚР ТЖ жөніндегі агенттігіне ҚР Қорғаныс министрлігінен МИ-8 12 тікұшағы берілді. Осы тікұшақтар жоғарыда аталған аэромобильді жасақтарды тасымалдау, өрт сөндіру және аса қиын арнайы іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау үшін пайдаланылды.
Республиканың авариялық-құтқару күштерін нығайтуға жергілікті атқарушы органдар белгілі бір күшін салды. Мәселен, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында әрқайсысы 24 адамнан тұратын облыстық кәсіби жедел құтқару жасақтары құрылды. Жергілікті атқарушы органдар есебінде облыстық суда құтқару қызметтері де болды, бірақ олардың жасақталуы және персоналмен жинақталуы қағанаттанарлықсыз болды. ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі облыстардағы авариялық-құтқару және суда құтқару бөлімшелерінің құтқарушыларын оқытуды қамтамасыз етті, оларға әдістемелік және жедел басшылық етуді жүзеге асырды.
Республиканың авариялық-құтқару күштерін нығайту бойынша қабылданған шаралар белгілі бір оң нәтижесін берді. Жылдан-жылға төтенше жағдайларда құтқарылғандардың саны өсті және тиісінше олар кезінде қаза болғандардың саны төмендеді.
Республиканың авариялық-құтқару күштерін сандық және сапалық жағынан нығайту ҚР ТЖ жөніндегі агенттігіне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандар ұшыруды авариялық-құтқару қамтамасыз ету сияқты спецификалық міндеттерді орындауға мүмкіндік берді. Республика аумағында ұшудың барлық таректорясы бойынша ғарыштық объектілерді ұшыру кезінде туындайтын жағдайлардың алдын алу және оларға жедел ден қою жүйесі енгізілді. Ұшыруға дайындалу кезеңінде мыңнан артық адам саны бар авариялық-құтқару күштері мен құралымдарының күштері мен құралдары жоғары әзірлікке келтіріледі.
Авариялық-құтқару күштері мен құралдарын басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ақпаратты қабылдау және өңдеудің өңірлік қызметтерін функционалдау бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің құрылымында Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы №40 қаулысымен ҚР ТЖ жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы құрылды.
            Табиғи төтенше жағдайлардың алдын алу саласында бірқатар мәселелер шешілді. Республикада жер сілкіністерін болжау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жер сілкіністерін болжау бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды, ҚР ТЖ жөніндегі агенттігіде Сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша республикалық сараптау кеңесі бекітілді. Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтымен қатар ҚР ТЖ жөніндегі агенттігінде «Қазселденқорғау» ММ құрамында қысқа мерзімді болжам (жер сілкінісіне дейін бірнеше тәулік, сағат қалғанда) мәселелерімен айналысатын «Болжам» ҒӨК құрылды. Сараптау кеңесі ықтимал жер сілкінісі болжамы туралы кез келген тұлға мен ұйымдардың өтініштерін қарайды, олар бойынша тиісті қорытынды жасайды. Сейсмикалық тұрақты құрылыстың сапасына, мектептерді, ауруханаларды, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін антисейсмикалық күшейтуге бақылау жасайды. Сел қауіпті кезеңде құлақтындыру және селдердің алдын алу қызметтері жұмыс істейді.
            ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі «Қазгидромет» дауылдық ескерту берген кезде тиісті қызметтер мен ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылын пысықтады.
            ТЖ алдын алу және оларды жою жүйесін жетілдіру, ТЖ саласындағы уәкілетті органның функцияларын және құрылуын кеңейту деңгейіде ҚР ТЖ жөніндегі агенттігінің құрамында 28 ұйым құрылды немесе құрамына кірді.
            Жоғарыда аталған авариялық-құтқару жасақтардан, әскери бөлімдерден, «Өрт сөндіруші» РМҚК, «Қазселденқорғау» ММ, «ТЖА Республикалық дағдарыс орталығы» ММ мынадай басқа ведомстволық бағынысты ұйымдар қайта құрылды және құрылды:
-       Халықты ТЖ және Азаматық қорғаныс саласындағы басшылар мен мамандарды оқытуды ұйымдастыру үшін – «ТЖ және АҚ саласында басшылық құрамының біліктілігін арттырудың республикалық курстары»;
-       ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің жүйесі үшін өрт сөндірушілер мен мамандар кадрларын даярлау үшін – «Көкшетау техникалық институты» (ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінің Көкшетаулық филиалы базасында құрылды);
-       Салалық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін «Өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу орталығы»;
-       Қазақстан өнеркәсібінің базалық салаларының кәсіпорындарында техногенді апаттардың алдын алу мақсатында ҚР ТЖ жөніндегі агенттігінде (бұдан әрі – ТЖА), қауіпсіздік техникасы бойынша институттар мен ғылыми-инженерлі орталықтары филиалдарының базасында өнеркәсіп пен тау-кенді қадағалауда қауіпсіз жұмыс жүргізу саласында ғылыми-зерттеу ұйымдардың бірыңғай жүйесі құрылды, оған:
«Тау-кен өнеркәсібі қауіпсіздігін ҚазҒЗИ» (Қарағанды қаласы), «Химиялық өнеркәсіпте техникалық қауіпсіздікті ҒЗО» (Атырау қаласы), «Түсті металлургияда техникалық қауіпсіздікті ҒЗО» (Өскемен қаласы), «Қара металлургияда техникалық қауіпсіздікті ҒЗО» (Қарағанды қаласы), «Қазақстан Республикасының таудағы құтқарушылардың ҒЗО» (Қарағанды қаласы) РМҚК кірді.
-       ТЖА жұмысын техникалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету жаңа ақпараттық технологияларды ендіру үшін «Есептеуіш техника, телекоммуникациялар, информатика және ахуалдық талдау жөніндегі орталық» РМК құрылды. Ол құрамына 85 міндет кешені кіретін және басқару шешімдердің автоматтандырылуын қамтамасыз ететін 10 функционалды кіші жүйе бойынша міндеттерді әзірлеуді, сүйемелдеуді, түзетуді және пайдалануды жүргізеді. Осы кәсіпорын ТЖА орталық аппаратының, оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың компьютерлері 42 есептеу желісіне біріктірді. Қағазсыз құжат айналымының жүйесі ТЖА орталық аппараты және Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, орталық және жергілікті атқарушы органдары, бұқаралық ақпарат құралдары, ТЖА аумақтық басқармалары және ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында жедел және нормативті құқықтық ақпаратты электрондық пошта бойынша алмасу әзірленді және ендірілді. ТЖА басқару шығу пункттерінде ақпаратты жинау және өңдеу, компьютерлік және бейне техника оқуларын техникалық жабдықтау, ТЖА Алқасына дайындалуды және оны өткізуді компьютерлік сүйемелдеу, республикадағы ахуал туралы жедел ақпараттық қабылдау ұйымдастырылды.
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің дамыған құрылымы, министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдарымен тығыз өзара іс-қимылы қатты аяз, боран, дауыл, су басу, табиғи өрт жағдайлардағы әрекеттерге басқару органдарының, облыстардың, қалалардың, аудандардың ТЖ жөніндегі комиссияларының тиімді өзара іс-қимылын өңдеу және авариялық-құтқару қызметтерінің әзірлігін тексеру бойынша «Қыс», «Көктем», «От», «Жер» толық ауқымды республикалық командалық-штабтық оқуларды жыл сайын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚР ТЖА министрліктермен бірлесіп, «Антитеррор», «Сұңқар», «Көмір», «Мұнай» оқуларына қатысты. Оларда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін басқару практикасы жетілдіріледі. «Қазқұтқару», «Нептун» құтқару құралымдардың жыл сайынғы халықаралық жиын семинарларында қиын жағдайларда және суда да құтқару операцияларын жүргізу тәжірибесімен алмасу (шетелдік құтқарушыларды шақырып) жүргізіледі.
ҚР ТЖА мәртебесі Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы ретінде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау және Азаматтық қорғаныс саласындағы кең халықаралық ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік берді.
1997 жылғы 31 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен азаматтық қорғауды дамытуды және үйлестіруді халықаралық деңгейде жүзеге асыратын ұйымға Қазақстанның кіруі ратификацияланды. 1997-2000 жж. аралығындағы кезеңде АҚХҰ медальдарына ҚР ТЖА-ның 10 қызметкері ие болды.
«Байқоңыр» кешенін пайдалану мәселелеріндегі анағұрлым анық және үйлестірілген жұмысы үшін Ресей Үкіметімен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандар ұшыру кезінде авария жағдайында өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге қол қойылды.
Қол жеткізілген халықаралық ынтымақтастықтың деңгейі мен тереңдігі Қазақстан аумағында ауыр табиғи немесе техногендік сипаттағы апаттардың туындау жағдайында шетелдердің кең гуманитарлық көмек көрсетуіне үміттенуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде  Қазақстан басқа елдерге халықаралық көмек көрсету кезінде шетте қалмады. Сонымен, 1999 жылғы 17 тамыздағы жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан ұшақпен Туркия Республикасына 13 млн. 660 мың сомасына 200 шатыр және медициналық құралдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізді. Одан басқа, Туркияға шұғыл тәртіпте республиканың құтқарушылар жасағы жіберілді. Олар Дигирмендер қаласында үйінділер астынан 55 дене алып шықты, зардап шеккендерге медициналық көмек ұйымдастырды. Сондай немесе басқаша түрде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі арқылы Тәжікстанға (сырғыма және саяси-әлеуметтік қақтығыс кезінде), Қырғызстанға (жер сілкінісі тасқын су және сырғыма кезінде), Өзбекстанға (тасқын су),  Арменияға (саяси-әлеуметтік қақтығыс кезінде), Монғолияға (боран, күн күрт суыған кезде), Ауғанстанға (саяси-әлеуметтік қақтығыс кезінде), Ресей Федерациясы (Сахалиндегі жер сілкінісі, Шешенстандағы саяси-әлеуметтік қақтығыс), Қытайға (жер сілкінісі), Әзірбайжанға (саяси-әлеуметтік қақтығыс), Польшаға (су басу), Чехияға (су басу), Иранға (жер сілкінісі) гуманитарлық көмек көрсетті.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік уақытында жүргізілген реформалардың нәтижесінде жеткілікті қазіргі заманға сай Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесі құрылды. Оның негізі мамандандырылған мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігі болды. Бұл жүйенің құрылымы Қазақстандағы қол жеткізілген нарық қатынасы деңгейіне, қалыптасқан мемлекеттік басқару стилі мен халық менталитетіне сәйкес келеді. Агенттіктің ведомстволық ұйымдарының айтарлықтай бөлігі шаруашылық есеп қызметі және толығымен өзін-өзі өтейтін негізде жұмыс істейді. Агенттіктің өрт сөндіру бөлімдері, суда құтқарушылары және басқа бақылаудағы аумақтық авариялық-құтқару күштері жергілікті бюджеттен қаржыландырылады (2005 жылдан бастап мемлекетттік бюджеттен қаржыландырылатын болады). Мемлекеттік бюджеттен олардың ішіндегі тек жалпы мемлекеттік маңыздағы  іс-шараларды орындайтын – Агенттіктің ең аз қызметтері мен ұйымдары саны қаржыландырылатын болады. Агенттік ТЖ алдын алу және оларды жоюдың ведомстволық және аумақтық комиссиясы арқылы басқа министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз іс-қимылды сақтады. 
            Қазақстан Республикасында ТЖ саласында заңнама жасау Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңды және жеке тұлғалардың негізінде құқыққа қарсы келмейтін құқықтық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік берді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында халыққа толық жариялылық пен хабар беру қамтамасыз етілді. Аумақтық органдар мен оқу орындары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тек ТЖ туралы хабар беріп және алдын алып қана қоймай, сонымен қатар оларды ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларға, АҚ ұйымдастыру және жүргізу дағдыларына оқытты.
Әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың шашыраған авариялық-құтқару ұйымдарынан Қазақстан Республикасының орталықтандырылған авариялық-құтқару жүйесін құрылды. Олардың ұйымдастырылған және жедел бағынысы осы күштердің ірі ауқымды ТЖ жоюға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай орталықтандыру ТЖ саласындағы қызметке қазіргі заманғы ақпараттық компьютерлік технологиялар мен қазіргі заманғы байланыс құралдарын тереңінен енгізуге мүмкіндік берді.
Агенттікке бұрынғы Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың функциясы мен өкілеттігін беру техногендік авариялар мен апаттардың алдын алу жөнінде қосымша мүмкіндіктер берді. Саланы реформалау жөніндегі шаралар, әсіресе Агенттіктің функцияларының кеңею және оның құрылымының нығаю деңгейінде айтарлықтай оң нәтижелер берді. Саланы реформалау әрі шығынсыз да болмады. Әсіресе, бұл елдің Азаматтық қорғаныс жүйесіне тиді. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру ғимараттар мен құрылыстарды жеке қолға беру жасырын паналар мен радиацияға қарсы жасырынатын орындардың жай-күйінің нашарлауына әкелді. Ұйымдарда сақталған жеке қорғау құралдарының (газқағар, балалардың қорғаныш камералары) бөлігі жарамсыз болып қалды, өрттен жойылған немесе жыртылып қалған. Жеке қорғау құралдарының жартысынан көбісінің сақтау және жарамдылық мерзімі аяқталған, оларды ауыстыру көп жылдар бойы жүзеге асырылмаған. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқтауы, олардың меншік иелерінің ауысуы Азаматтық қорғаныс құралымдарының әскери емес объектілерінің жауынгерлік қабілеттерін біршама төмендеуіне әкелді. Министрліктер мен ведомстволардан  жергілікті атқарушы органдарға орындардағы Азаматтық  қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі негізгі өкілеттікті беру осы іс-шаралардың тиімділігін төмендетті.
Өрт және құтқару техникаларының, киім жабдықтары мен жабдықтарының моральды және табиғи ескіруі үлкен проблема туғызды. Реформа жүргізу кезеңінде оларды уақытында ауыстыру бойынша экономикалық мүмкіндіктер болмады. Сонымен бір уақытта Қазақстанда жүргізілген реформа ТМД елдерімен салыстырғанда ұзақтылығымен және тереңдігі  ерекшеленді. Осылай  ТМД елдерінің біреуі де ТЖ жүйесіне ІІМ мемлекеттік өртке қарсы қызметтерін беруді шеше алмады. ТМД елдерінің бірінде ТЖ жүйесіне Мемқалалықтехқадағалау функциялары мен өкілеттігі берілмеді. ТМД елдерінің көбісінде әскерилендірілген бұрқаққа қарсы, құтқару және газдан құтқару қызметтерін бөлшектенген басқару қалды. Бұл ретте осы елдердің мемлекеттік органдардың тар ведомстволық мүдделерін еңсеруде өз рөлдеріне күмәнділікпен қарады. Қазақстан Республикасының ТЖ алдын алу және олардың салдарын жоюдың мемлекеттік жүйесінің және Төтенше жағдайлар агенттігінің материалдық-техникалық, кадрлық, құрылымдық және сапалық әлеуетінің нәтижесінде Украинаның ұқсас жүйесінің әлеуетімен салыстыра алады және кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте тек Ресей Федерациясы ТЖМ жүйесінен кейін тұр. Орталық Азияда Қазақстан бұл жағынан сөзсіз көшбасшы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2030 дейінгі Даму стратегиясын және 2002-2005 жылдарға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын іске асырудағы төтенше жағдайлар жүйесінің басты мақсаты авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан халықты, объектілер мен аумақтарды сенімді қорғауды қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ келтірген нұқсанын төмендету жолымен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Халықаралық ахуалдың тұрақсыздығы жағдайларында еліміздің Азаматтық қорғаныс жүйесінің қажетті әзірлік деңгейін ұстауда өзінің өзектілігін жоғалтпайды.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ТЖ және АҚ жүйелерін сапалы және санды жетілдіру жалғастырылатын болады. Сонымен, «2002-2005 жылдарға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» орындау үшін Агенттік «2001-2005 жылдарға арналған ҚР ТЖА мемлекеттік өртке қарсы қызметін салалық дамыту және жетілдіру бағдарламасын» әзірледі және Үкіметтің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 1625 қаулысымен бекітілді. Осыған сәйкес Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің штаты мен саны ұлғаятын болады. Жалпы бейінді авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жабдықтармен жарақталған  77 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері құрылды. Өрт сөндірушілерді даярлауға, олардың адамдарды құтқаруда дағдыларын көбейтуге көп көңіл бөлінеді. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерін әскерилендіру, олардың ауылдық  округтерінде құрылуы жалғасады. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық база жетілдірілетін болады.
Қазақстанда техногендік авариялар мен апаттардың ықтималдылығын азайту мақсатында қауіпті өндірістік объектілердің өз жұмыс істеуінің қауіпсіздігін декларациялау рәсімі енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 89 қаулысымен осындай объектілердің тізбесі бекітілді (520 бірл.). «Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы әзірленді.
5 өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік) өрістетілді. 2001 жылы ашылған «Төтенше жағдайлар агенттігінің дағдарыс орталығы» жұмыс істейді, осындай дағдарыс орталықтары республиканың облыстарында құрылды.
Каспийдегі мұнай кен орындарын игеру перспективаларымен байланысты, Үкіметтің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 676 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су қоймаларындағы мұнай төгілулерінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарымен» көзделген іс-шаралар іске асырылуда. 
  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігі 2004 жылы 24 наурызда Алматы қаласынан Астана қаласына көшті.ТЖМЖ дамыту және жетілдіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысымен бекітілген 2004-2010 жылдарға арналған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ҚР ТЖМ) мәртебесін 2004 жылғы қазанда алды.
Заңнамаға сәйкес жүктелген міндеттерімен бүгін Министрлік ТЖ алдын алу және оны жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау, өрттердің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, ТЖ алдын алу және оны жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуші стратегиялық функцияларды жүзеге асырады.
Министрлік пен оның үш комитетінің Қазақстанның облыстарында, Астана және Алматы қалаларында 100-ден астам ведомстволық бағынысты ұйымдары бар – бұл азаматтық қорғау саласындағы 36 мыңнан астам мамандар, оның 25 мың маманының ресми құтқарушы деген мәртебесі бар.
Жалпы Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінен, құтқару жасақтарынан, өрт сөндіру қызметтерінен, мамандандырылған тау-кен құтқарушы, бұрқаққа қарсы, газ құтқарушы қызметтерден, селден қорғау және авиациялық-құтқару күштерінен тұратын Министрліктің күштер топтамасы ТЖ жоюға арналған. Күн сайын олар ТЖ жоюға және адамдарды құтқаруға 200 рет, оның ішінде 100-ден астам өрт пен жануға шығуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының орталықтандырылған авариялық-құтқару күштерінің жүйесі құрылды. Олардың Министрлікке ұйымдастырылған және жедел бағынысы ірі ауқымды ТЖ жоюға осы күштерді шоғырландыруға мұмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай орталықтандыру ТЖ саласындағы қызметке қазіргі заманғы ақпараттық компьютерлік технологиялар мен қазіргі заманғы байланыс құралдарын барынша енгізуге мүмкіндік берді. Соңғы жылдары авариялық-құтқару күштерін нығайту жөніндегі қабылданған шаралар белгілі бір оң нәтижесін берді. Соңғы 5 жылдың өзінде ТЖМ күштері _ адам құтқарды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы тәуелсіздік жылдарында табысты іске асырған бірқатар ірі жобаларын жеке атап айта кету керек. Олардың қатарында Медеу шатқалындағы Алматы тау бөктерінде селді бөгейтін бөгеті, Оңтүстік Қазақстан облысының Сырдария өзенінде тасқын суға қарсы Көксарай су реттегішінің бірінші іске қосу кешенін жіберу, бұл Оңтүстік Қазақстан облысының 20 елді мекенін су басуын болдырмауға мүмкіндік береді, ал бұл 15 мыңнан астам адам және 401 мыңнан артық халқымен Қызылорда облысының 51 елді мекені. Жобалау қуатына осы жылы астананың сол жағалауын тасқын судан қорғаған «Астана қаласын Есіл өзенінің  тасқын суларының жайылуынан қорғау» кешені енгізілген болатын; Щучинск-Бурабай курорттық аймағында қазіргі заманғы үш өрт сөндіру бөлімі пайдалануға енгізілді, Астана қаласында ТЖМ спорт кешені салынды.
Төтенше жағдайларға шұғыл медициналық ден қою жүйесін түбегейлі өзгерту жүргізілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ бірлесіп, «Денсаулық» және «Жәрдем» мамандандырылған емдеу-диагностикалық пойызы жіберілді.
Мемлекет басшысы қабылдаған шешімнің арқасында апаттар медицинасының емдеу базасы болған 16 госпиталь ТЖМ қарамағына берілді.
Еліміздің барлық өңірінде апаттар медицинасын құру, клиникалық базасының болуы, төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге жедел көмектің тиімді тетігін қалыптастыруға мүмкіндік берді. ҚР ТЖМ авиа паркін нығайту жөніндегі Президенттің шешімі өзін-өзі ақтаған және уақытында қабылданған шешім болды. 2008 жылы ТЖМ теңгеріміне ИЛ-76, АН-12, ТУ-154 М, ТУ-134 А ұшақтары, МИ-8 МТВ тікұшақтары және екі МИ-8Т тікұшағы берілді. Осылайша бүгінгі күні ТЖМ «Қазавиақұтқару» РМК теңгерімінде 18 бірлік авиациялық техника бар, соның ішінде тоғызы ұшақ және тоғызы тікұшақ.
Соңғы жылдары республиканың өрт-техникалық бөлімшелерін инновациялық техникалық қайта жарақтау бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа және тиімді қағидатты өрт сөндіру технологиялары енгізілді.
Комитет тек дүлей зілзалалар мен авариялардың салдарын жоюға байланысты қызметтен, олардың туындау тәуекелдерін басқаруға, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жүйелерге ықпалын төмендетуге көшті. Әкімшілік кедергілерді жою жөнінде ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қабылдануда. Мемлекеттік өнеркәсіптік инфрақұрылымының салынып жатқан және енгізілген қауіпті және стратегиялық маңызды объектілерінің аварияға қарсы тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар кешені іске асырылды. Республика бойынша әр өңірдегі әр индустриалды жоба үздіксіз бақылауға алынған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті алдына халықты, объектілер мен аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттерін, күн сайын күшейтілген бақылаудағы шешімдерін қойған. Мемлекет басшысы біздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіміз оның ішінде ұлттық қауіпсіздігіміз, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар заңнамалық түрде жатқызылған жүйелі қатердің қатаң алдын алуда құрылатынын атап өтті. Бұл республиканы еліміздің Президенті алға қойған Қазақстанды – бәсекеге ең қабілетті отыз әлем мемлекеттерінің қатарына енгізу – стратегиялық мақсатына қол жеткізуге жақындатады.