ҚР ІІМ ТЖК-нің жалауы

simvolika1
ҚР ІІМ ТЖК-нің жалауы екi жақты матадан, ағаш саптан және шашақтары бар баудан тұрады.
Жалаудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 150 см, енi бойынша 100 см, көгiлдiр түстi жiбек файдан екi бүктелiп жасалынады және үш жағының шеттерi алтын түстi жiбек шашақтармен жиектеледi.
Матаның алдыңғы жағы бетiнiң ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша 50 см. Матаның жоғарғы жақ шетiнде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ал төменгi жағында – «ОТАН ҮШІН» деген жазулар алтын түстi жiбек жiппен кестеленген, жазу әрiптерiнiң биiктiгi – 7,5 см.
Матаның сыртқы жағының ортасында - «жел бағыты» мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгiсi бар (қызғылт-сары түстес шеңбер iшiндегi көгiлдiр үшбұрыш) жер шарының бейiндi бейнесi енгiзiлген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата, жер шары бейнесiнiң астында қалықтаған қыран бейнеленген, ал төменгі шетінде – «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ». Жер шарының астында алтын түсті жібек жіппен «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» деген ұран кестеленген. Цифрлардың көлемі биіктігі бойынша – 10 см, жазу әрiптерiнiң биiктiгi – 7,5 см.
Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.
Жалаудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалған, диаметрi 4 см, ұзындығы 2,5 м. Сап қара қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында – алтын түстi әшекейлi ұштығы бар. Саптың ұлттық өрнектелген тік жолағы бар.
Жалаудың алтын түстi жiбек жiппен ширатылып жасалған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.
ҚР ІІМ ТЖК-нің нышаны

simvolika2

ҚР ІІМ ТЖК-нің нышаны  оған бейнеленген айналасы көгілдір түсті, қызыл жолақпен жиектелген  сегізбұрышты жұлдызды білдіреді. Шеңбер жиегі бойынша алтын түсті әріппен жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН», сол жақтан оң жаққа қарай «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ», жиектерінің бойымен шеңбердің ішінде «АР-НАМЫС ПЕН БОРЫШ – ОТАН ҚЫЗМЕТІНЕ!» деп жазылған. Шеңбер ортасында «жел бағыты» мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгiсi бар (қызғылт-сары түстес шеңбер iшiндегi көгiлдiр үшбұрыш) жер шарының бейiндi бейнесі. Жер шары контурының астында – қалқыған қыран  контуры, төменде қызыл әріппен «ТЖК» аббревиатурасы. «Жел бағыты» мен өрнектің, жер шары мен қыран контурларының бейнесі – алтын түсті. Жер шары мен қыранның контурларының ішкі кеңістігі – көгілдір түсті.