Принтерге шығару

Медалдер

image001

«Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен Қазақстан Республикасының азаматтары өрт сөндіру, адамдарды және азаматтардың мүлкін оттан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін марапатталады.

 

 

 

 

  

 

 

 

 

image002

 «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен адамдарды суда құтқару кезіндегі батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін, аса қырағылығы мен тапқырлығының нәтижесінде суда адамдармен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алғаны үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

image003«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен:

халықты авариялардан, апаттардан, өрттен және дүлей зілзалалардан қорғауда өзінің борышын үлгілі орындайтын азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері;

төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға белсене қатысқан және осы жағдайда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен басқа да адамдар марапатталады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Мінсіз қызметі үшін» медалімен қызметі бойынша оң мінездемеге ие және өзінің қызметтік борышын үлгілі орындайтын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері марапатталады.
«Мінсіз қызметі үшін» медалі үш дәрежеден тұрады:
20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»  медалі;
15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі;
10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»  медалі.
 
I дәрежелі
«Мінсіз қызметі үшін»
IІ дәрежелі
«Мінсіз қызметі үшін»
IІІ дәрежелі
«Мінсіз қызметі үшін»
image004
image007
image005
image008
image006
image009

Төсбелгілер

 001«Азаматтық қорғау органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен көп жылғы жемісті еңбегі үшін, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға ерекше үлес қосқан, кемінде 10 жыл жұмыс (қызмет) өтілі бар азаматтық қорғаныс органдарының басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері марапатталады.
 
 
002

«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен белсенді қоғамдық қызметі және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

003

 

«Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы» төсбелгісімен төтенше жағдайларды жою, адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі, қызметін үлгілі атқарғаны, жауынгерлік және қызметтік дайындықта жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін азаматтық қорғау саласында уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қатардағы және кіші басшылық құрамының қызметкерлері марапатталады.

 

 

004«Үздік құтқарушы-жауынгер» төсбелгісімен төтенше жағдайларды жою, адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі, қызметін үлгілі атқарғаны, әскери борышын адал орындағаны, жауынгерлік және қызметтік дайындықта жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің келісімшарт бойынша қызметтегі әскери қызметшілері, мерзімді қызмет сержанттары мен сарбаздары марапатталады.

 

005

«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға белсенді қатысқан, бұл ретте батылдық пен ерлік, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде әскери бөлімдерді, бөлімшелерді басқаруда шебер де бастамашыл іс-қимыл көрсеткен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері және Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.

 

 

 

 

 

 

006

«Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен азаматтық және қызметтік борышын орындау кезіндегі сіңірген еңбегі, адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері және Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

007

«Халықаралық дәрежелі құтқарушы» төсбелгісімен халықаралық құтқару операцияларына қатысқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері марапатталады.

 
 
 
 
 
 

«Құтқарушы» төсбелгісімен төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері марапатталады.
«Құтқарушы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:

I және II дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісімен марапаттау 2 жыл мерзімділігімен немесе ерен еңбегіне байланысты жүзеге асырылады;

III дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісімен марапаттау кезінде өтілі бойынша талаптар белгіленбейді.
 

008009010

Tab