Беккер Владимир Робертович
(төраға)
 
Bekker Полковник Беккер Владимир Робертович 1965 жылы 18 қарашада Семей облысы Үржар ауданы Благодатное ауылында туған.
Білімі жоғары, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.
1983 жылғы қараша мен 1985 жылғы желтоқсан аралығында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет өткерді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1986 жылғы қазаннан бастап қызмет атқарады.
1988 жылдан бастап 1991 жыл аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды.
1991 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы қыркүйек аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарды атқарды.
2008 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.
2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
2016 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, «Отличник противопожарной службы», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төс белгілерімен марапатталды.
Отбасы жағдайы: үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.
 
 
Сәбит Кенжеханұлы Битаев
(төрағаның бірінші орынбасары)
 
Bitaev Азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Кенжеханұлы Битаев 1976 жылы 14 қазанда Талдықорған облысы Сарқан  ауданы, Садовое ауылында туған.
Білімі жоғары, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша аяқтады. 2013 жылы «Көкше» академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.
1995 жылдан бастап 2008 жыл аралығында Алматы облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды.
2008 жылғы қыркүйектен бастап – Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2011 жылғы қазаннан бастап – Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2016 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
2016 жылғы сәуірден бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары.Марапатталды:
ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Астана қаласына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», Қырғыстан Республикасы ТЖМ «Әскери-азаматтық ынтымақтастықты нығайтудағы үлесі үшін», «Шанхай бірлестік ұйымына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне          20 жыл», «Қазақстан Республикасы ТЖМ Казселденқорғауына 40 жыл», «№ 28237 әскери бөліміне 40 жыл», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері», «Өрт сөндіруші» АҚ 15 жыл» төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы ТЖМ құрмет грамотасымен.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
 
Талғат Қайырбекұлы Нұрмағамбетов
(төрағаның орынбасары)
Nurmagambetov Полковник Талғат Қайырбекұлы Нұрмағамбетов 1965 жылы 24 мамырда Қызылорда облысы Ленинск (Байқоңыр) қаласында туған.
Білімі жоғары, 1986 жылы Ю.В. Андропов атындағы Ленинградтық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жоғары әскери-саяси училищесін аяқтады, жоғары әскери-арнайы білімі бар офицер біліктігі бар. 2004 жылы «психология магистрі» мамандығы бойынша Павлодар университетін аяқтады.
1986 жылдан бастап әртүрлі әскери лауазымдарда қызмет атқарды.
2010 жылғы қарашадан бастап – Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2012 жылғы тамыздан бастап – Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2016 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
Марапатталды:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жылдығына орай» Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, «КСРО ҚК 70 жыл», ІІ дәрежелі «Үздік қызметі үшін», «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медальдарымен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгілермен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитінің грамотасымен марапатталды.
Отбасы жағдайы: үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
 

Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков

(төрағаның орынбасары)
  Kuldikov Азаматтық қорғау полковнигі Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков  1967 жылдың 21 тамызында Семей облысы, Бесқарағай ауданы,  Мостик ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2000 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады.

1990 жылдан 2008 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды.

2008 жылғы қыркүйектен бастап – Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары – Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

2012 жылғы қарашадан бастап – Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2014 жылғы қарашадан бастап – Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2016 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

Мараптталды:

І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының   Қарулы Күштеріне 20 жыл»,  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен тыңдаушыларының шығарылуына 15 жыл»,  «Қазақстан полициясына 20 жыл»,  «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау ММ 40 жыл», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ішкі icтep органдарының ардагері» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесіне дамытуға қосқан үлесі үшін»,  «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгілерімен, Қазақстан Республикасы ТЖМ Құрмет грамотасымен.

Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.