Принтерге шығару

Қызмет бағыты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының
Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Жалпы ережелер
1. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, Астана қаласы аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.   Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.           
14. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) қала аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды қаланың әкіміне бекітуге ұсыну;
17) қала аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне енгізу;
21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде қала әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) қала аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
30) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
31) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған  профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
32) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
33) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
34) қала аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
36) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
37) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
38) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
39) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
40) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
41) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;
43) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
44) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
51) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;
52) өз құзыреті шегінде қалалық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
53) қала бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
54) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
55) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
56) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
57) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;  
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) қаланың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
 
3. Департамент қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қаладан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;
17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);
21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20) Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
21. Департаментте азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Департамент бастығының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады, оның құрамына бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің жедел бағынысындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары кіреді. Кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және әрі қарай жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
 
4. Департаменттің мүлкі
22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басшылық

 

ast_zam

Азаматтық қорғау полковнигі Қайсанов Мейрамбек Советұлы – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Туған күні:  01.05.1966г.

Туған жері:  Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты Жылтау ауылы.

Білімі:  Жоғары. Алматы сәулет-құрылыс институты.

Еңбек қызметі:

Шығыс Қазақстан облысы ІІБ МӨҚБ №39 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы, Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ Өскемен қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі 1-ші жасағының инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ Өскемен қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі 1-ші жасағының бас маманы,   Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ ММ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ ММ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының   өртке қарсы нормалау заңнамасы мен лецензиялау бөлімінің бастығы, ҚР ТЖМ ӨҚК Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының   техникалық нормалау және лицензиялау бөлімінің бастығы, ҚР ТЖМ ӨҚК Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының  бас инспекторы, ҚР ТЖМ ӨҚК Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің Мемлекеттік өрт бақылау және тергеу басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын-алу қызметі басқармасының бастығы, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Марапаттары:  «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған; «Өртке  қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, ІІ және I дәрежелі медалдерімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»; ҚР ТЖМ алғыс хаттарымен; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы:  үйленген, қызы бар.

amanbaev Полковник Аманбаев Марғұлан Топашұлы
Аманбаев Марғұлан Топашұлы 1973 жылы Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Дружба елді мекенінде дүниеге келген.
1995 жылы Жезқазған тау-техникалық институтын, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Мамандықтары: «өндірістік және азаматтық құрылыс», «өрт қауіпсіздігі».
Үйленген, 4 баланы тәрбиелеуде.
Полковник Аманбаев Марғұлан Топашұлы азаматтық қорғау органдарында 2000 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етуде.
2012 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметін атқарған еді. М.Аманбаев азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу сұрақтарын қарастырады.
Жұмыста жеткен табыстары мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы кызмет органдарындагы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Құрылымы

схема дчс каз

 

ҚР ІІМ ТЖ комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымы

 

Басшылық Байланыс Электрондық мекенжай

 Бастық

Дұзақбаев Барат Оспанұлы

 

Қабылдау бөлімі

 тел.:

32-31-98  

 

Бастықтың орынбасары

Қайсанов Мейрамбек Советұлы

Қабылдау бөлімі

тел.:32-41-50

 

 Бастықтың орынбасары

 

Аманбаев Марғұлан Топашұлы

Қабылдау  бөлімі тел.: 27-89-80

 

 
Құрылымдық бөлімшелер

Штаб (бөлімше құрамында)

  Бастығы Кусельбаев Жанибек Оразбекұлы

тел.: 32-15-40

 

 

Азаматтық қорғау басқармасы

Бастығы Жармағамбетов Шамиль Шабенұлы

тел.: 55-96-61

 

 

Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқарамасы

Бастығы Абдрахманов Орал Муттахиденұлы

тел.: 57-08-84

 

 

Біріңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы

Бастығы  Амрин Болатбек Бахманұлы

тел.: 55-96-70

 

 

Кадр бөлімінің бастығы

Бастығы Амангельдинов Қайрат Ахметканұлы Қаражатпен

тел.: 55-96-63

 

 

Техникалық нормалау бөлімі

Бастығы Дүйсенов Әділхан Канатұлы

тел.: 57-08-86

 

 

Өрт бақылау бөлімі

Бастығы Усабай Толеген Темешұлы

тел.: 99-93-27

 

 

Төтенше жағдайларды алдын-алу бөлімі

Бастығы  Отарғалымұлы Еркін

 

тел.: 55-96-62

 

 

Техникалық қызмет және ақпараттандыру бөлімі

Бастығы Нестеренко Евгений Викторович

тел.: 55-96-65  

Төтенше жағдайларды жою бөлімі

Бастығы Раимбеков Эльдор Алимғазыұлы

тел.: 55-96-64  

Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі

Бастығы Джумагулова Жанара Өмірбекқызы

 

 

Тел.: 32-73-48

 

Ақпараттық-аналитикалық топ

Малгаздарова Нұрсұлу Бақбергенқызы.

тел.:  55-96-66  

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 Әділбекова Әйгерім Маулетбекқызы

тел.: 55-96-60

 

 

Заң тобы

  Сырымбетова Саулеш Жанатқызы

тел.: 57-09-03

 

 

Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы

Зәуреш Османқызы Идрисова

тел.: 32-49-69  

Құжаттамаен қамтамасыз ету тобы

  Садықов Қайрат Сағынғалиұлы

тел.:  32-01-22

 

 

Тылмен қамтамасыз ету тобы

  

тел.: 32-14-02  

  Алматы ауданының ТЖБ

Бастығы Омаров Нұрлан Еслямбекұлы

тел.:  39-07-27

 

 

 Сарыарқа ауданының ТЖБ

 Бастығы Тоқсарин Қуаныш Қадырлыұлы

тел.:  55-96-63

 

 

  Есіл ауданының ТЖБ

  Бастығы Байыров Есен Альмуханбетұлы

тел.: 60-21-13

 

 

Жабдықтануы

Астаналық департаментте ТЖ болуы мүмкін аймақта тиімді және жедел басқару үшін Газ-66 базасында байланыс құралдары менкомандалық-штабтық ақпартанумен  жабдықталған олар: аккумуляторлы  батареямен зарядтау мүмкіндігімен  УКВ мобильді және тасымалды радиостанциялармен, «Турайа» спутникті байланысымен, 4 нөмірге дейін қалалық телефон байланысымен,  Интернетке шығатын және электронды пошта жіберу (баяндама,ақпарат, фото материалдар және  т.б.) мүмкіндігі бар қосылғанноутбукпен,  МФУ бар (принтер, ксерокс, сканер), автономдық электро қорегінің екі түрімен қамтылған,  1000 Ваттқа дейін және  жағар май электро генераторының 5000 Ваттқа дейін қажет кезде аккумуляторлы батареядан түрлендіргіш көмегімен  (с 12 Вт на 220 Вт)   жабдықталған.
Авариялық-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруге арналған  146 бірлік әр түрлі техника бар: олардың  64 бірлігі негізгі, 26 бірлігі арнайы, 56 бірлігі көмекші техника.
Жаңа техника – астананың қарқынды өсуін ескеретін болсақ , Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерін  материалдық-техникалық жабдықтау оның дамуына қосқан қомақты үлес болып табылады.Осы мақсатта көп қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіруге, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, ТЖ орнына жедел түрде жетуге мүмкіндік беретін заманауи автомобильдер сатып алынды.

Негізгі автомобиль АБР-0,5-0,4 Фольксваген (Crafter-50):

 АБР көп қабатты үйлердегі өрттерді сөндіру кезінде қолданған қолайлы, себебі оның қажетті габариттік көлемі аулаларавтокөліктерге толы болған кезде қажетті подъезге тікелей өтуге мүмкіндік береді. Шығарылатын орауыштағы ұзындығы 90 метрді құрайтын тұтас жеңнің болуы жауынгерлік қанат жаю мен бірінші оқпанды беру уақытын қысқартады. Су шығыны 0,4 л/с құрайтын жоғары қысымды оқпанды пайдалану сөндіру тиімділігін арттырып, суды артық төгіп пайдалануды төмендетеді. Бұл өз ретінде ғимараттардың жоғары қабаттарындағы өрттерді сөндіру кезіндегі материалдық шығындардың болуын қысқартады.  Тасымалы генераторы бар авариялық-құтқару жабдықтардың және прожектордың бар болуы өрт орнына авариялық-құтқару автомобилін шақыру қажеттігін тудырмайды.

Негізгі автомобиль АБР 1,0-0,4 «Исузу»: кіші габариты, икемді, қалалық жағдайда пайдалануға ыңғайлы, ӨТЖ орналастыруға ыңғайлы, медициналық, өрмелеуге арналған жабдықтар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған «Holmatro»құрал-жабдығы,  су шығыны көп емес 1 л/с құрайтын, шашыраңқы, бағытты су қысымын беруге арналған жоғары қысымды «Лименс» сорғысы орнатылған.
Алаңы 20х2 дейінгі пәтерлердегі өрттерді сөндіруде, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, жол-көлік оқиғаларында, автомобильдердің қозғалтқыштарында шығатын тұтануларды сөндіру кезінде ең тиімді қолданылатын құрал.


АСА-20 (КАМАЗ 43114): авариялық-құтқару автомобилі АСА-20 құтқару жұмыстарын жүргізуге, өрт немесе апат болған жерді жарықтандыруға, үйінділерді бөлшектеуге, кранның көмегімен жүктерді көтеруге, суды соруға арналғанарнайы автомобилі.
Құрылғы: генераторы бар күшті электро қондырғыдан, жүк көтергіш краннан, жүк шығырдан, телескопиялық діңгектен, жылжымалы табандықтағы құтқару және басқа да жабдықтарды орнатуға болатын шанақтан, кранның жұмысын және діңгектің жылжуын (қозғалуын) қамтамасыз ететін сужетектен тұрады.
Станцияның жинағында: түтін сорғыш, гидро құрал-сайман жинағы, прожекторы бар шығарылатын тіректер бар


Маз-437043 базасындағы арнайы газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі (АГ): басқаруға оңай, қала жағдайында пайдалануға ыңғайлы, заманауи ТЖ жоюға қажетті авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Автономды жылжымалы электро генератормен қоректенетін өрттерді сөндіру және АҚЖ жүргізу орындарына жарық түсіру үшін қолданылатын қосымша жылжымалы діңгек  орнатылған. Өз күштерімен шанақтың бөлігін «Драгер» 9-40 аппарат баллондарын салу үшін үлкейткен.


IVECJMAGIRUS базасындағы АЛ-37 арнайы автомобилі: көп қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру және қауіпсіз жерге көшіруге арналған, басқаруға оңай, қала жағдайында пайдалануға ыңғайлы. АЛ-37 автоматтандырылған басқару блогі бар қосымша қауіпсіз жерге, сонымен қатар зардап шеккендерді көшіруге арналған люлькамен жабдықталған. Люлькада орнатылған лафеттік оқпан арқылы өрт сөндіргіш құралдарды беру қарастырылған.  Гидравликалық манипуляциялар үш операцияны бір кезде орындау мүмкіндігі қарастырылған, бұл зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіру кезінде уақытты ұтуға мүмкіндік береді. Жұмыс жүргізу орнын жарықтандыруға арналған жылжымалы электро генератормен қоректенетін қосымша прожектормен жабдықталған.


Арнайы түтін жою  автомобилі (МАЗ-530905) құрылыс ғимараттарындағы түтінді шығаруға және жоюға арналған, түтінді жойып, автомобильде су бүркегішті құру үшін  «BIG FORD» маркалы бензинмен жұмыс істейтін стационарлы желдеткіш орнатылған. Ауаны шығару үшін ӨҚЖ арналған бөлімде қозғалтқыш қуаты 1,5 кВт, өнімділігі 14300 м куб/сағ 2 метрлік саны 30 дана оралымды жеңдері бар «TEMPEST»он электр желдеткіштер орнатылған. «IVEKO»дизельдік қозғалтқышты «HALE» қосалқы сорғы станциясы бар. Қуаттылығы 5 кВт тасымалданатын электр генераторы бар.
4-ӨСБ базасындағы жылу-түтін камерасында АД қолдану арқылы түтінді жою бойынша жаттығулар өткізу кезінде түтінді тасымалы электр желдеткіштерінің әдісімен терезе қапсырмалары арқылы сыртқа шығару кезінде келесі нәтижелер тіркелді: ЖТК көлемі = 297 м3 100 % түтін толтырылған кезде 5 минуттан кейін камерадағы көру мүмкіндігі 1,5-2 метрді құрады.


«BIG FORD» стационарлы желдеткіштегі сулы бүркегішін сынақтан өткізу кезінде сулы ағынның ұзындығы 12 м. құраған, желдеткіш айналымы 3500-3400 мин, 6-7 атм. уақыттындағы   автоцистерна (АЦ-3.2-40) сорғысынан судың қысымы 12 мин құраған.
Негізгі автомобиль  негізгі көпсалалы өрт сөндіру АПМ 3-2/40-1,38/100-100(43118),

ПИРОЗ-МПЗ модельді автомобилі: өрт орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік есебін, жөндеу және авариялық-құтқару жұмыстарының құрал-жабдықтарын, жарақтандыру құралдарын, ӨТЖ және өрт сөндіргіш запастарын жеткізуге арналған.
Оңды жақтары болып  судың аз шығыны, жинақты және бағытты ағыстағы өрттерді сөндіру, қысқы уақытта теріс -500С қысым жағдайларында қысымды-белсенді судың ағысы, жабық көлемдерде жарылысқа қауіпті газ шоғырларының азаюы, уақытша және объектілерді авариялық жылумен қамтамасыз ету, түтінді, буды, аэрозольді, КӘУЕЗ қоршау, өрт сөнддіру гидрантын, технологиялық жабдықтарды және техниканы жылыту болып табылады.

Фотосуреттер

astana_foto1 astana_foto1 astana_foto1 astana_foto1 astana_foto1
astana_foto1 astana_foto1 astana_foto1 astana_foto1 astana_foto1
astana_foto1 astana_foto1 astana_foto1 ДЧС Астана 1 ДЧС Астана 2
ДЧС Астана 2 ДЧС Астана 2 ДЧС Астана 2 ДЧС Астана 2 ДЧС Астана 2
ДЧС Астана 8 ДЧС Астана 9 ДЧС Астана 10 ДЧС Астана 11 ДЧС Астана 12
ДЧС Астана 13 ДЧС Астана 14 ДЧС Астана 15 ДЧС Астана 16 ДЧС Астана 17
ДЧС Астана 18 ДЧС Астана 19      
 

 

Байланыс

көшесі, 22        қала коды  (7172) 32-01-88, 32-49-69, 32-74-93

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ІІМ жүйесінде заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» - «ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілді.

ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының телефоны: 27-89-77

Құрылымдық бөлімшелер:

Құжаттамен қамтамасыз ету тобы 32-01-22
Азаматтық қорғаныс басқармасы 55-96-61, 32-42-50
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы 70-17-22, 55-96-70
Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқарамасы 57-08-64
Өрт бақылау бөлімі 32-30-85, 32-34-02
Техникалық нормалау бөлімі 57-08-86
Штаб 32-15-40
Төтенше жағдайларды жою бөлімі 55-96-64, 27-89-79
Төтенше жағдайларды алдын-алу бөлімі 55-96-62, 32-67-03
Кадрлық жұмыс бөлімі 32-73-48, 32-01-88
Ақпараттық-аналитикалық тобы 32-17-37
Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімі 32-77-29, 55-96-65
Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі 32-07-50
Заң тобы 57-09-03
Тылмен қамтамасыз ету тобы 32-14-02
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 55-96-60, 27-89-78
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы 32-49-69
 Сарыарқа ауданының ТЖБ 32-44-81
Алматы ауданының ТЖБ 39-07-27
  Есіл ауанының ТЖБ 42-05-50
ММ «ӨСжәнеАҚЖҚ» 94-99-11

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайт: www.dchs-astana.gov.kz