Қызметі

 

Қызмет бағыты
Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күнделікті жұмысы халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындауының қауіп-қатерін төмендетуге жұмылдырылған.
Тарихи анықтама
1995 жылға дейін халық пен Алматы қаласы аумағын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері Алматы қаласы Азаматтық қорғаныс штабының құзыретінде болған. 1995 жылғы желтоқсанда Алматы қаласының Азаматтық қорғаныс штабы Комитет құрамындағы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар  басқармасы болып, кейіннен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі қайтадан қайта құрылды.
2005 жылғы тамызда Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрамындағы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы  Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы  Төтенше жағдайлар министрлігінің  таратылуы және ТЖМ құзыретті қызметтері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне  берілуіне байланысты Департамент «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ болып атауы өзгертілді.
Департамент құрылымы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастырушылық құрылымына 3 басқарма, 6 бөлім, 7 топ кіреді.
Төтенше жағдайлар аудандық бөлімі және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, сонымен бірге жаңадан Наурызбай ауданында құрылған Төтенше жағдайлар бөлімі - Департаменттің бағынысты ведомстволық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Департаменттің жедел басқаруында ҚР ІІМ ТЖК төмендегі аумақтық бөлімшелері бар: «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ, «Қазавиақұтқару» АҚ, «Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы», «Қазселденқорғау» ММ, «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» РМК.
Департаменттің штаттық саны 154 адамды құрайды, соның ішінде: ӨҚҚ қызметкерлері – 87 адам, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер – 51 адам, әскери қызметкерлер – 16 адам.
Департамент аумағында үш әкімшілік ғимарат орналасқан, жалпы алаңы 2,5 га болады.
Ұйымдастырушылық-штаттық құрылым, қызметкерлерді дайындау деңгейі Департаменттің функционалдық міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.
Функционалдық міндеттері
Департаменттің негізгі міндеттері: азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің қызмет атқаруын қамтамасыз ету және одан әрі дамыту, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды іске асыру, өрттің алдын алу және оны сөндіруді ұйымдастыру болып табылады.
Департамент жұмысы
Функционалдық міндеттерді орындаумен қатар Департамент негізгі күшін:
- табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралардың сапасын және тиімділігін арттыруға;
- зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге және төтенше жағдайлардың салдарларын жою шараларын жедел ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған;
Өткізілген жұмыстар жалпы алғанда соңғы жылдардағы Алматы қаласындағы ТЖ санын және олардың ауыртпашылығын азайтуды қамтамасыз етті. 2014 жылы Алматы қаласында табиғи және техногенді сипаттағы 97 төтенше жағдай тіркелді (бұл 2013 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 28% кем). Осыған қоса 71 адам жапа шекті (бұл 2013 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 45% кем). Барлық төтенше жағдайлар қаланың құтқарушы топтарының күшімен шұғыл түрде жойылды.
Алдын алу шараларын өткізу, орын алған ТЖ салдарларын жою жұмыстары Әкімшілікпен, азаматтық қорғаныс қызметтері, қала ұйымдары мен мекемелерімен өзара тығыз іс-қимылда іске асырылды.
Шетелдік, үкіметтік емес және қоғамдық бірлестіктердің - БҰҰДБ, БҰҰ балалар қоры, Халықаралық ынтымақтастықтың жапондық агенттігі (ХЫЖА), ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы, «Қамқор» ҚБ, өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің мүмкіндіктері мақсатты түрде қолданылды.
Әртүрлі деңгейлердегі басқару органдарының дайындығы ТЖ салдарларын жою бойынша оқу-жаттығулар, жаттығулар шынайы әрекеттер өткізу барысында жүзеге асырылады. Соңғы жылдары «Жер», «От», «Қыс», «Көктем», «Антитеррор», «Қорғау» сияқты арнайы оқу-жаттығуларды өткізіуі тұрақты түрде жүргізілетін болды. Әлемдік қауымдастықтың жаһандануы және көші-қон үдерістерінің жандануы жағдайында қауіпті жоғары патогендік инфекцияларды алып келу, тарату қаупі, биолаңкестік актілердің қауіп-қатері артуда. 2014 жылдан Алматы қ. ТЖД ХБРЯ сабақтарды дайындау мен өткізуге - бірінші кезекте шұғыл ден қоятын қызмет инструкторларына арналған химиялық, биологиялық, радиологилялық және ядролық апаттарға жол бермеу бойынша халықаралық курсына қатысады.
Республикалық орталықтандырылған құлақтандыру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын қалалық құлақтандыру жүйесі П-164 аппаратурасы базасында жасалған. Аталған жүйенің көмегімен «БАРЛЫҒЫНЫҢ НАЗАРЫНА!» деген белгісі бар С-40 электр сиренасының 244 данасын іске қосу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда электр сиреналар жұмыс істеп тұр.
Ақпараттандыру және құлақтандыру жүйесін жаңарту шеңберінде FM радиоарналары (14 арна) мен сандық теледидардың (DVB-T2) «Көк-төбе» РТС және кабельдік теледидар операторларының (Алма-ТВ, Айкон, ID-TV) эфирлерін ұстауға арналған «Бірегей медиасерверді» құру аяқталуда.
Департамент жұмысында басымдық Алматы қаласының ірі көлемді ТЖ дайындығын жетілдіру бойынша шаралар болып табылады, олардың ішіндегі салдары бойынша неғұрлым ауырлары: жойқын жер сілкінісі, сел және көшкін құбылыстары, қауіпті объектілердегі және адамдар көп жиналатын орындағы техногендік апаттар. Қала үшін ең үлкен қауіп Жойқын жер сілкінісінен болады.
Жер сілкінісінен келетін зияндарды азайту, қалада зардап шеккендерге жедел көмек көрсету мақсатында азаматтық қорғаныс құрамалары белгіленген, медициналық көмек, тамақ, су, киім, уақытша тұратын орын алатын зардап шеккен тұрғындарды қабылдауға арналған орындар мен объектілер орнатылған.
Қала құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған аудан, сектор және учсакелерге бөлінген. Олардың әрбіріне республикамыздың өзге аймақтарынан, министрліктерінен және ведомстволардан келетін құтқару топтары бекітілген. Өткізіліп отырған оқулар барысында бұл топ басшылары объектілерді, олардың ерекшеліктерін және құтқару жұмыстарын жүргізу сипаттарын зерделейді.
Қала ғимараттарын сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2015 жылдан бастап қазіргі күнге дейін 4 білім беру мекемесіне сейсмикалық күшейту жүргізілді және Алматы қ. кардиологиялық орталылығын сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстарды аяқтауға қаражат бөлінген (бұл объект 2014 жылғы тізілімде ескерілген).
Жоспарланған шараларға сәйкес 2018-2020 жылдар ішінде 90 білім беру мекемесіне және 24 денсаулық сақтау объектілеріне сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстарды орындау көзделген.
Департаментте тұрғын үйлерді сейсмикалық күшейту, апатты және ескі үйлерді сүріп тастау бойынша жұмыстарды аяқтау бойынша ұсыныстар әзірленуде.
Қала үшін қатерлі қауіп - сел және көшкін құбылыстарынан, қар көшкіндерінен және қала аумағын су басудан келуі мүмкін. Селдерден қорғауға арналған қорғаныстардың негізін инженерлік құрылыстар (дамбалар, бөгендер, су бөлгіштер, өзен арналарын бекіту) құрайды. Сел және тасқын жағдайларына, әсіресе көп ылғал түскен күндері тұрақты түрде мониторинг жүргізу («Қазселденқорғау», «Қазгидромет», бақылау бекеттері, тау басындағы көлдерді бақылау) қамтамасыз етілген. Тасқындар, селдер, көшкін ошақтары мен учаскелерінің туындауы бойынша қауіптерді анықтау жұмыстары жүргізіледі, болжам жасайтын карта жасалған.
Департамент қызметкерлері «Қазселденқорғау» ММ, су инспекциясы, қала әкімшілігі жұмысшыларымен бірге гидротехникалық құрылыстардың жағдайларын тексеріп отырады (бөгендер, дамбалар, су бөлгіштер, өзендердің арналарының жабылып қалуы).
Жыл сайын «Көктем» РКШОЖ шеңберінде өзен арналарын тексеру және тазалау, су басу қаупі бар учаскелерді анықтау, олардың себептерін анықтау, су басу салдарын жоюға топтарды дайындау жүргізіледі. Ықтимал селдің аса қауіпті көзі ретінде № 6 (Мәншүк Мәметова мұздығы) теңіз көлінің жағдайын тексеру мен бақылау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді.
Департамент, география институты, «Қазселденқорғау» ММ мамандары теңіз көлінің жағдайына зерттеу жүргізеді. Көлдегі су деңгейі бақылауда болды, көл бетіндегі суды мәжбүрлеп ағызу бойынша жұмыстар жүргізілді. Соңғы жылдары бұрын сел қаупі болмаған өзендерде сел тасқындарының қалыптасуы мәселелері пайда болды, бұл негізінен таудың етегінде және орта шенінде тұратын адамдардың бақылаусыз шаруашылық қызметтерімен байланысты.
Қысқы уақытта тауда лай тасқынына қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сел және лай тасқыны құбылыстарының пайда болуы қауіп-қатерлерін төмендету бойынша жұмыстар өткізіледі. Жыл сайын лай тасқыны қаупі бар бағыттарда лай тасқындарын мәжбүрлеп түсіріледі, лай тасқынының қаупі туралы ақпарат тұрақты түрде қала халқына БАҚ арқылы жеткізіліп тұрады, қиын кезеңдерде тауға шығуға шектеу қойылады.
Жолдардың қауіпті учаскелеріне тексерулер жүргізіледі, кейбір орындардың табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыштығына талдау жасалынады, лай тасқындарын мәжбүрлі түде қауіпсіз түсіру, опырылып құлау, тастар құлайтын, лай тасқыны туындаудың жоғары қаупі бар тау етектерінде қорғаныс құрылыстарын нығайту және құру бойынша шаралар өткізіледі.
Сайлау науқаны және кезектен тыс президент сайлаулары кезінде Департаменттің жеке құрамы «дайындықтың күшейтілген режиміне» ауыстырылды, кезекшіліктер, алдын ала тексерулер ұйымдастырылды, күштерді объектілер бойынша бөлу ТЖ және бірінші кезекте сайлау учаскелеріндегі өрттің пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Жыл сайын халықты оқыту, ұйымдар мен мекемелерде оқулар мен жаттығулар өткізу жоспарлары орындалады. Шаруашылық объектілерінде, ұйымдар және мекемелердегі оқулар әдетте Департамент мамандарының қатысуымен өткізіледі. ББҰ балалар қоры және ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы қызметкерлерінің қатысуымен оқу орындарында және қала мекемелерінде бірқатар сабақтар мен оқулар өткізілді.
ТЖ қорғау саласындағы оқып-үйрету, ағарту бойынша көп шаралар (жаттығулар, конкурстар, викториналар, жадынамаларды тарату және т.б.) жыл сайын 1 наурызда, яғни Дүниежүзілік азаматтық қорғау күніне дайындалу және өткізу кезінде өткізіліп отырады.
Жалпы алғанда Департамент өткізетін жұмыс халықты және қала аумағын Алматы қаласына тән табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қорғауды қамтамасыз етуге және
олардың ірі көлемді және қирата жою сипатында болған жағдайда шығындар мен зияндарды азайтуға бағытталған.