Қызметі

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
Төтенше жағдайлар комитетi Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментi туралы ереже
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментi (бұдан әрi — Департамент) республикалық, өңiрлiк аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiнiсi болып табылады.
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi аумақтық кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау iс-шараларын ұйымдастыру және өткiзу кезiнде азаматтық қорғау күштерiне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу;
6) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асыру;
7) азаматтық қорғау саласында iргелес мемлекеттердiң шекара маңы өңiрлерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтiру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыретi шегiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зiлзалалар мен апаттарды тергеудi ұйымдастыру және жүргiзу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезiнде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
12) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiн даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
13) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келiсу;
14) жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын әзiрлеу және оларды облыстың әкiмiне бекiтуге ұсыну;
15) облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын келiсу;
16) елдi мекендер мен аса маңызды мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
17) өртке қарсы ерiктi құралымдардың тiзiлiмiн жүргiзу;
18) төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi жоспарларды әзiрлеу;
19) облыстың, қалалар мен аудандардың қауiпсiздiк паспорттарын және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерiнiң каталогтарын әзiрлеу;
20) жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлар кезiнде облыс әкiмiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органға енгiзу;
21) төтенше жағдайлар кезiнде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу;
22) суда құтқару және сүңгуiрлiк-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
23) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметiн үйлестiру;
24) авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу;
25) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткiзу;
26) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу;
27) өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерiн дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзiрлiкте ұстау;
28) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатерi туралы болжам болған кезде күнi бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар берудi және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
29) облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiн дамыту және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
30) облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiмен автоматтандырылған жүйелердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру;
31) өз құзыретi шегiнде азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң корпоративтiк ақпараттық-коммуникациялық жүйесiнiң, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
32) азаматтық қорғау саласындағы бiлiмдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
33) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсiлдерi мен iс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiнiң басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
34) ерiктi өрт сөндiрушiлердi кейiнгi даярлаудың бағдарламасын бекiту;
35) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
36) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
37) елдi мекендер мен объектiлерде өртке қарсы күреске өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң әзiрлiгiн бақылауды жүзеге асыру;
38) су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
39) өрт қауiпсiздiгi, азаматтық қорғаныс саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудi жүзеге асыру;
40) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттердi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
41) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
42) су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын сақтамағаны үшiн азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
43) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
44) өтiнiш берушiнiң азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия берудi келiсу;
45) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестiгiне құрылысы аяқталған кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс, қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
46) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелдi актiлерiнде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.