Принтерге шығару

Қызметі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
41-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының
Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер
1. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Уәлиханов көшесі, 179.
9. Департаменттің толық атауы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
14. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
16) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыстың әкіміне бекітуге ұсыну;
18) облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
29) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
52) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;
53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
57) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде облыстың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Департамент қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;
17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);
21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20) Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
21. Департаментте азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Департамент бастығының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады, оның құрамына бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің жедел бағынысындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары кіреді. Кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және әрі қарай жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
4. Департаменттің мүлкі
22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басшылық

 
Нурпеисов готов Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісов азамматтық қорғау органдарында 1989 жылдан, қазіргі лауазымында 2018 жылғы 25 желтоқсаннан қызмет атқаруда.
Білімі – жоғарғы, өрт қауіпсіздігі инженері;
1989-1992 жж. – ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесі;
1995-1998жж. – ҚР ІІМ Алматы жоғарғы өрт-техникалық училищесі;
- 2005 ж. – Шығыс-Қазақстан облысы МБҚБ бастығының орынбасары;
- 2006 ж. – Шығыс-Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары;
- 2007 ж. – Шығыс-Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалының бастығы;
- 2012 ж. – ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Мемлекеттік наградалары:
- І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін»;
- ІІ дәрежелі «Айбын» ордені;
- «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі;
Отбасы жағдайы: үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
 
3 дчс алматы зам Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Тураров Серікхан Жеңісұлы.
Азаматтық қорғау органдары қатарында әр – түрлі басшылық құрамда қызмет атқарды.
01.10.1982 - 02.08.1985 ССРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің курсанты.
02.08.1985-19.02.1986 Семей облысы Абай аудандық атқару комитеті мемлекеттік өртті қадағалау инспекциясының аға инспекторы.
19.02.1986-01.09.1986 Семей облысы ІІБ Бесқарағай аудандық атқару комитеті ішкі істер бөлімі мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің инженері;
01.09.1986-24.08.1990 ССРО ІІМ жоғары инженерлік өрт-техникалық мектебінің Ташкент факультетінің тыңдаушысы;
24.08.1990-21.01.1992 Семей облысы ІІБ Чар аудандық атқару комитеті ішкі істер бөлімі мемлекеттік өртті қадағалау инспекциясының бастығы;
21.01.1992-30.12.1993 Семей облысы ІІБ Семей облыстық атқару комитеті ІІБ өрттен қорғау бөлімінің №78 жеке әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;
30.12.1993-15.09.1994 Семей облысы ІІБ Семей облыстық атқару комитеті ІІБ өрттен қорғау бөлімінің №78 жеке әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
15.09.1994-18.01.1995 Семей облысы ІІБ өрттен қорғау басқармасы бастығының орынбасары;
18.01.1995-04.06.1996 Семей облысы ІІБ өрттен қорғау басқармасы өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
04.06.1996-25.06.1997 Семей облысы ІІБ мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары, өрт сөндіру бөлімінң бастығы;
25.06.1997-21.01.2000 Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бастығы;
21.01.2000-05.03.2002 Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бастығы (басқарма құқығында);
05.03.2002-22.02.2010 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі «Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесінің бастығы ;
22.02.2010-11.08.2012 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
11.08.2012-28.10.2016 ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
28.10.2016 – қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары.
Саптық тұрғыдан жинақы. Қазақша күрес бойынша спорт шебері. Оның жеке басшылығымен қоян-қолтық күресі бойынша әлемдік санаттағы 2 шебер (Ж. Нұрпейсов, Б. Агимов) және 10 спорт шеберлері нормативтерді орындады.
Қызметтегі жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін, төтенше жағдайларды жою мен алдын алу бойынша мемлекеттік жүйенің дамуына қосқан жеке үлесі үшін «ІІМ үздік қызметі үшін», «Өртке қарсы қызмет органдарының үздігі», І дәрежелі «Қайсар» , ІІ дәрежелі «Қайсар», «Төтенше жағдайлар қызметінің еңбегі сіңген қызметкері», ІІІ дәрежелі «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріне 20 жыл», «ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен тыңдаушыларының шығарылуына 15 жыл» төс белгілерімен, «Ауғаныстаннан Совет әскерлерін шығаруға 15 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының ардагері», «Астана – 10 жыл», «Төтенше жағдайлардың алдын-алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған парадқа қатысты.
Жанұя жағдайы: үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
 
chernish Азаматтық қорғау полковнигі Юрий Анатольевич Чернышов азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдың қыркүйек айынан бастап, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында 2016 жылғы қазан айынан бастап қызмет етеді.
Жақсы теориялық дайындығы және практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қызметтік дайындығының жағдайын, жеке құрам арасында тәртіптік жағдайдың және заңдылықтың нығайтылуына байланысты міндеттерге жеке құрамды жұмылдыра алады.
Қызметтегі жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін, төтенше жағдайларды жою мен алдын алу бойынша мемлекеттік жүйенің дамуына қосқан жеке үлесі үшін «ТЖ жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I-дәрежелі медалі, «160год пажарной службы Беларусий», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалі,
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі медалімен марапатталған.
Жанұя жағдайы: үйленген, 1 бала тәрбиелеп отыр, жұбайы: Чернышова Алла Викторовна, 02.05.1975 ж.т., туылған жері: Алматы облысы, Панфилов ауданы. Баласы: Чернышов Илья Юрьевич, 13.04.1999 ж.т., туылған жері: Алматы облысы, Талдықорған қаласы.

Құрылымы

Басшылық Байланыс Электрондық мекен-жайы

Бастық

Нұрпейісов Е. С.

Қабылдау бөлімі  тел:

221851,    221093

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
     

Бастықтың орынбасары

С. Ж. Тұраров

Қабылдау бөлімі  тел:

221851,    221093

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бастықтың орынбасары

Ю. А Чернышов.

Қабылдау бөлімі  тел:

221851,    22109

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Құрылымдық бөлімшелер

Азаматтық қорғаныс басқармасы

Бастық

И.Е. Жуков

тел.: 22-32-52 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жеке қауіпсіздік тобы

Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкіл

С. М. Абдрахманов

тел.: 22-00-89  

Штаб - бөлімше

Бастық

Б.Х. Калиев

тел.: 22-18-61 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақпарттандыру және байланыс бөлімі Бастық

П.В.Сачков

тел.: 22-03-84 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақпараттық талдау  бөлімі

Бастық

С.С. Байғабұлов

тел.: 22-39-69 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің у.м.а

Ж.К.  Сулейменова

тел.: 22-06-04 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (кеңсе)

Бастық

Г.А.  Ықласбаева

тел.: 22-43-39 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кадр жұмысы бөлімі

Бастық

М.М. Сыдыков

тел.: 22-15-67 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Дағдарыс жағдайларындағы басқару

Бастық

А.Т. Тойшыбеков

тел.: 22-04-60 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Азаматтық қорғау саласындағы апаттар тәуекелдерін төмендету және бақылау басқармасы

Бастық

К.Л. Канин

тел.: 22-29-46

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ішкі және сыртқы коммуникация тобы

Бас маман

Г.А.Әбілқасымова

тел.:  22-13-83

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Заң тобы

Бас маман

С.Ж. Медеуов

тел.: 22-21-82 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тылдық қамтамасыз ету тобы

Бас маман

Д.Ж. Әділбекова

тел.: 22-01-71 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі топ

Бас маман

Байғонысов Ақжол Нұралимұлы

   

Ақсу ауданы ТЖБ к.Жансүгіров

Бастығы Жақсыбаев Н. Н:

8(72832) 21386 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Үшарал қ. Алакөл ауданы ТЖБ

Бастығы Мустафин Г. К.

8(72833) 34045 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Балқаш ауданы, Бақанас кенті, ТЖБ

Уақытша бастықтың м. а. К. Бакберов

8(72773) 91262 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ

Есік қаласы

Бастығы Сабитов Т. И.

8(72775) 70405 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қарабұлақ кенті ТЖБ бастығы

Д. С. Азаматов

8(72836) 39100 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жамбыл ауданы ТЖБ

Ұзынағаш ауылы

Бастық Капасбеков Е. К.

8(72770) 22667 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Іле ауданы ТЖБ, Өтеген батыр кенті

Бастық С. К. Кенжехан

8(72752) 21744 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ТЖБ Қарасай ауданы,

Қаскелең қаласы

Бастық БотпаевЖ.Ж.

8(72771)  23434 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қаратал ауданы ТЖБ, Үштөбе қаласы, Бастық  Ә. М. Шәріпбай 8(72834) 22601 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кеген ауданының ТЖБ

Бастығы Р. Мақпиров

8(72777)20055 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
ТЖБ Кербұлақ ауданы, Сарыөзек қ. Бастық Д. Ш. Шындаулетов 8(72840) 32525 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Көксу ауданы, Балпықби кенті,

Бастық Абдураимов К. Н.

8(72838) 20831 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, ТЖБ бастығы Б. Б. Байбосынов 8(72831) 50367 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
ТЖБ Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Бастық А. Д. Әбіл 8(72777) 20055 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы ТЖБ бастығы А. Е. Тиынов 8(72839) 22443 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
ТЖБ Талғар ауданы, Талғар қаласы, Бастық Абдықапаров Р. Г. 8(72774) 28849 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ұйғыр ауданының ТЖБ, Шонжы ауылы, бастығы Бегалин Г. Е. 8(72778) 22103 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Талдықорған қаласы ТЖБ, Еркін ауылы, Бастық Ахашев Е. Д 306032  пр.306206 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қапшағай ТЖБ, Қапшағай қ. Г. бастығы Малыбаева Е .С. 8(72772) 45006 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Текелі қ. ТЖБ, Текелі қ.

Бастық Мұстабеков А. Д.

8(72835) 41003 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жабдықталуы

2019 жылғы 01 қаңтарына Алматы облысы ТЖД "Өртсөндіружәнеавариялық-құтқаружұмыстарықызметі" ММ (бұдан әрі-ММ) Өрт сөндіру автомобильдері паркінде 103 бірлік негізгі өртсөндіру автокөлігі, 19 бірлік арнайы автокөлік және 72 бірлік қосалқы техника бар.
1.АЛ-55 Iveco Magirus Өрт автосатысы – соңғы буыны өрт орнына жауынгерлік есепті және өрт-техникалық қару-жарақты жеткізуге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізугежәнеөртсөндірузаттарынбиіктіккеберугеарналғанаспа бесікпенаяқталатын, механикаландырылғанайналмалытелескопиялықкөтергішжебесі бар автомобиль.Баспалдақтың бұлмоделі биік құрылыстың үрдістерін ескере отырып сатып алынды, өйткеністандартты 30 метрлік баспалдақтар өз мүмкіндіктерінің шегінде шартты түрде тіпті 9 қабатты үйлерді жабады,тиісінше жоғарғы қабаттардан құтқару қиын болады. АЛ-55 құру кезінде қолданылатын басқа да заманауи технологиялармен қатар арнайы лифтпен жабдықталған. Лифт 2 адамға есептелген. Ол адамдарды құтқаруға арналған. Ол 30°астам баспалдақтың еңіс кезінде де пайдаланылуы мүмкін.
2) АЛ-30 "IVECO" өрт сөндіру автосаты өрт сөндірушілерді ғимараттар мен құрылыстардың жоғарғы қабаттарын акөтеруге, жанып жатқан ғимараттардың немесе құрылыстардың жоғарғы қабаттарынан адамдар мен құндылықтарды эвакуациялауға арналған және буындар жиынтығының жоғарғы жағында орнатылған лафеттік оқпан мен пеногенераторлардың көмегімен өртті сумен немесе ауа-механикалық көбікпен сөндіруге арналған, бүктелген тізе кезінде ауыр салмақты кран мен ауыстыруға арналған. Арнайы ережелерді сақтаған жағдайда автосатысы температурасы төмен аудандарда пайдаланылуы мүмкін.
3) Өрт автоцистернасы - АЦЛ баспалдағы-3-40-17 "IVECO" өрт орнына жауынгерлік есепті, су қорын, көбік құрушыны, өрт-техникалық қару-жарақты жеткізуге, 17 метрге дейінгі биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізуге, қол оқпандары арқылы өртті сөндіруге арналған. Өрт сөндіру автомобилінің осы моделі Алматы облысында алғаш рет сатып алынды және сынақтан өтті. Бұл модель өзінің маневрлілігі мен шағын габаритті өлшемдерінің, сондай-ақ цистерна мен баспалдақты біріктіре отырып, әмбебаптығы арқасында өзін жақсы жағынан көрсетті, сондай-ақ осы модель ғимараттардың ең жоғары биіктігі 5 қабаттан аспайтын елді мекендерде қолдану үшін тиімді.
4) ПНС-140 "IVECO" өрт-сорғыстанциясы ауқымды өрттерді сөндіруге, арынды магистральды құбыр желілерін төсеуге, өрт ошағына су немесе ауа-механикалық көбікті беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ көктемгі су тасқыны, авариялар және басқа да дүлей апаттар кезінде су тасқыны аймағынан суды соруға арналған. Сондай-ақ суды немесе су көбіктіерітінділерді пайдалана отырып, қарсы отты іске қосу үшін тірек немесе бөгеу жолағын қамтамасыз ету, өрт орнына тікелей жақын жерде су резервін құру үшін пайдаланылады.
5) гарнизонда бар 39292 моделі мен салыстырғанда қар балшық жүргіші ТРЕКОЛ-39294 доңғалақ формуласы 6х6 Орал автомобиль зауытының (УАЗ) күшті және сенімдіқ озғалтқышы болады.
6) Горьков автомобиль зауытының базасында 4х4 доңғалақты формуласы "МYL" қар балшық жүртішы ГАЗ-66 базасындағы қуатты жүріс бөлігін және көлемі 2,8 л қазіргі заманғы Cummins ISF турбодизельді қозғалтқышын біріктіреді.. Шанақ бөлігінің жүккөтергіштігі 1000 кг құрайды.
7) "ШАМАН" қаржүргіші.
IVECO F1C қозғалтқышы бір жағынан жүрістің бірқалыпты және үнемділігін үйлестіруге мүмкіндік беретін Common Rail отын берудің жаңатехнологиясымен жабдықталған, екіншіжағынан, және жылдам айналым жиынтығы және керемет тарту–. IVECO қозғалтқыштары ZF (Германия) маркалы 6-сатылы беріліс қорабы мен бірге жеткізіледі.
Жаңа рульдік басқару 3 қозғалыс режимін қолдайды:
1. трассада қозғалыс кезінде артқы доңғалақтар үлкен жылдамдықпен барлық жерде жүрудің қозғалысы үшін тіксызықты жағдайға орнатылады;
2. барлық доңғалақтар бұрылады, бұлар артқы дөңгелектердің рульдеу әсерінің арқасында маневрлікті арттыруға мүмкіндік берді.
3. батпақты жерлерде қозғалу және доңғалақтың алдыңғы дөңгелектен жолтабанға түсуін болдырмау үшін "краб" деп аталатын қозғалыс режимі іске асырылды. Осылайша, жол талғамайтын машина бүйірімен қозғала алады. Әрбір доңғалақ жол табан бойымен жылжиды.
Гидрақозғалтқыш пен қуатты іріктеу білігінің болуы әртүрлі аспалы жабдықты орнатуға мүмкіндік береді, мысалы, еспелі бұранда. Жылдам алмалы-салмалы гидравликалық қосылыстардың арқасында еспелі бұранданы орнату 2 минуттан аспайды.
Ең жоғары жылдамдық - 80 км/сағ.
Сонымен қатар «Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ-деқұралдармен жабдықталған 32 бірлік автокөлігі бар, оның ішінде 1 бірлік –Камаз- Нефаз,4 бірлік-Камаз-43118, 1бірлік Мүдірмейтін көлік құралы ТРЭКОЛ- 39294, 4 бірлік -ChevroletNiva, 2 бірлік - SsangYongActyonSports, 1 бірлік Газ 322132, 3 бірлік Газ-27057-763, 5 бірлік Ваз 232900, 1 бірлік 213310, 1 бірлік Уаз 390902, 1 бірлік Ваз 21310, 5 бірлік Уаз 220695, 8 бірлікқарда жүргіш, 36 бірлік тіркеме, 57 бірлік жүзу құралдары, оның ішінде 13 бірлік ескіш кемелер, 15 бірлік үрлемелі кеме, 29 бірлік металл кемелері, 5 бірлік ҚТ стационарлық радиостанция, 5 бірлік қысқа толқынды радиостанция антенналық тюнерлер, 5 бірлік 12 метрлік діңгек, 62 бірлік УҚТ тасымалды радиостанция, 5 бірлік номерді анықтамайтын телефон құралы, 6 бірлікнавигациялық құрал, 2 бірлік спутникалық терминал, 10 бірлік 10 кВт жинақтама электростанциясы, 4 бірлік электроперфораторы, 4 бірлік электросоққыш, 3 бірлік бұрыш тегістеумашинасы, 8 бірлік гидравликалық сорғы, 2 бірлік гидравликалық ораушы шлангі, 6 бірлік гидравликалық аяқ сорғысы, 8 бірліктізбекпен кергіш, 8 бірлік құрамдастырылған кескіш, 1 бірлік диск кескіші, 4 бірлік ауа сығу баллоны, 8 бірлік баллон қуаттайтын компрессор (тасымалдағыш), 7 бірлік бензоара, 1 бірлік жүкшығыр сым арқаны, 2 бірлік гидравликалық цилиндр, 1 бірлік есік ашқыш гидравликалық домкрат, 4 бірлік блок және клинья, 10 бірлік гидравлкалық домкрат тірегі, 3 бірлік телескоптық домкрат, 1 бірлік электродәнекерлеу тасымалдағыш агрегаты, 8 бірлік арматура және сым арқан кескіш, 11 бірлік құрғақ типтісукостюмі, 25 бірлік дымқыл типтісукостюмі, 40 бірлік аспалы мотор, 10 бірлік акваланг жинақтамасы, асқарпаз құралы.

Фотогалерея

 
albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1
albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1
albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1
albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1 albom_almobl_1
albom_almobl_1 albom_almobl_1   albom_almobl_1 albom_almobl_1
  albom_almobl_1   albom_almobl_1   albom_almobl_1 albom_almobl_1
albom_almobl_1   albom_almobl_1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1  
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 12
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1 alm obl 1
alm obl 1 alm obl 1 40 D4S AO Fotogallery 1 40 D4S AO Fotogallery 2
40 D4S AO Fotogallery 3 40 D4S AO Fotogallery 4 40 D4S AO Fotogallery 5 40 D4S AO Fotogallery 6
40 D4S AO Fotogallery 7 40 D4S AO Fotogallery 8 40 D4S AO Fotogallery 9 40 D4S AO Fotogallery 10
40 D4S AO Fotogallery 11 40 D4S AO Fotogallery 12 34 D4S AO 1 34 D4S AO 1
34 D4S AO 2 34 D4S AO 2 34 D4S AO 3 34 D4S AO 3
34 D4S AO 4 34 D4S AO 4 34 D4S AO 5 34 D4S AO 4
34 D4S AO 6 34 D4S AO 7 34 D4S AO 8 34 D4S AO 9
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10 34 D4S AO 10
34 D4S AO 42 34 D4S AO 10 34 D4S AO 44 34 D4S AO 45
34 D4S AO 46 34 D4S AO 47 34 D4S AO 48 34 D4S AO 49
34 D4S AO 50 34 D4S AO 51 34 D4S AO 52  
 

Байланыс

Біздің мекен-жайымыз:040010, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Ш.Уалиханова көшесі 179

Телефондар:

Қабылдау бөлімі 8 (7282) 21-18-51, 22-10-93
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы

112, 8 (7282) 22-15-91, 22-38-52

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы 8 (7282) 22-13-83
Кеңсе 8 (7282) 55-91-10
Сайт:www.dchsao.kz
 
 

                   Алматы облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы (Баспасөз қызметі)

 

Лауазым А.Ж.Т. Жұмыс телефоны Ұялы телефоны Электрондық мекен-жайы
Бас маман Әбілқасымова Гүлмира Әбілсерікқызы 8(7282) 221383, 559137 87023786321

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

    Бас маман   Қылышбаев Ерлан Жеңісұлы 8(7282) 221383, 559137 87019640341

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

ресми өкіл Жұртбаев Азамат Қажибекович 8(7282) 221383, 559137 87011888954

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.