Принтерге шығару

Ереже

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті(бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Департаментке аңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 060003, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әуезов көшесі, 53 «А» үйі. Департаменттің толық атауы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Міндеттері:
1)азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
16) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыстың әкіміне бекітуге ұсыну;
18) облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
29) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
52) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;
53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
57) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Басшылық

umirzakovӨмірзақов Сағынбек Сиратұлы
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
1965 жылы 31 наурызда Атырау қаласында туылған.
Білімі:
1980-1984 жж. - Гурьевтегі ауыл шаруашылығы техникумында механик мамандығы бойынша білім алды.
2006 жылы - ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Қызметі:
1988-1991 жж. -Гурьев облысы ІІБ ӨКБ № 4 Балықшы поселкесі өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
1991-1996 жж. - Гурьев облысы ІІБ ӨКБ № 4 Балықшы поселкесі өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
1996-1997 жж. - Атырау облысы ІІБ жанындағы МӨҚҚБ № 4 Балықшы поселкесі өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
1997 ж. - Атырау облысы ІІБ жанындағы МӨҚҚБ Балықшы поселкесі күзет бойынша № 7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
1999-2000 жж. - АФ «Өрт сөндіруші» РМК Балықшы нысандарын күзету бойынша № 7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
2000 ж. - Атырау облысы МӨҚҚ № 7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
2000-2001 жж. -Атырау облысы МӨҚҚ № 7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
2001-2003 жж. - Атырау облысы № 2 отрядтың өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
2003-2005 жж. - Атырау облысы МӨҚҚБ Атырау қаласы күзет бойынша МӨҚ отряд бастығының орынбасары;
2005 ж. - Атырау облысы бойынша «ӨСЖАҚЖҚ» ММФ Атырау қаласы отряд бастығы;
2005-2006 жж. - Атырау облысы МБжҚБ Атырау қаласы тж саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы;
2006-2007 жж. - Атырау қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы;
2007-2008 жж. - Атырау қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы;
2008-2010 жж. - Атырау қаласы ТЖ басқармасының бастығы;
2010-2013 жж. - Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары;
2013-2015 жж. - Қызылорда облысы ТЖД бастығы;
2015 ж. наурыздан бастап - Атырау облысы ТЖД бастығы.
Марапаттары:
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ дәрежелі медальдарымен,
«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен,
«Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен,
Ресей Федерациясының «Отвага, мужество, честь» медалімен,
«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен,
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Әскери атағы: азаматтық қорғау полковнигі.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 4 баласы бар
 
 
19 ruk dchs atyrau Азаматтық қорғау подполковнигі Блялов Рашид Бекетұлы 1973 жылы 9 қазанда
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Еңбек п. дүниеге келген.
Ұлты қазақ.
Білімі жоғары 2001 жылы «Өрт қауіпсіздігі - өрт қауіпсіздігінің инженері» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын аяқтады.
Еңбек қызметі:
1990-1991 жж. - БҚО Ақжайық ауданы В. Чапаев атындағы №14 ОКТУ;
1991- 1993 жж. – Қарулы Күштер қатарындағы қызмет;
1993-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училещесінің курсанты;
1995-1996 жж. – Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының өрттен қорғау бөлімі №82 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің газтүтіннен қорғау қызметінің аға шебері;
1996-1997 жж. – Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының өрттен қорғау бөлімі №82 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің газтүтіннен қорғау қызметінің өрт сөндірушісі;
1997-2002 жж. – БҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №1 жасағы №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
2002-2002 жж. –БҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №1 жасағы №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
2002-2004 жж. – БҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №1 жасағы №2 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;
2004-2005 жж. – БҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
2005-2008 жж. – «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ БҚО бойынша филиалының №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
2008-2010 жж. – БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
2010-2012 жж. – БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары;
2012-2017 жж. – БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы;
2017 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Марапаттары: «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, II, I дәрежелі медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.
Атағы: азаматтық қорғау подполковнигі.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.
 
34 Erzhanov Подполковник Ержанов Аскат Амангельдиевич 1984 жылғы 12 наурызда дүниеге келген, СҚО обл, Есіл ауданы Чириковка ауылы.
Жоғары білімі 2005 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірді.
Еңбек қызметі:
2001-2005 жж - Көкшетау техникалық институтының ASFS P09 тыңдаушысы
005-2006 ж.ж. - «СПИАСР» ОҚО Жамбыл ауданының 17-ші жиілігін қарауыл бастығы
2006-2006 ж.ж. - ЖЖТК өрт және авариялық құтқару бөлімшелерін үйлестіру жөніндегі аға инженер.
2006-2007 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндіру бөлімшелерінің және авариялық-құтқару қызметінің қызметін үйлестіру бөлімінің бас инженері
2007-2008 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндіру бөлімшелерін және авариялық құтқару қызметтерін үйлестіру бөлімінің бас маманы.
2008 - 2010 жылдар - Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы күрес басқармасының мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасының бас маманы
2010 - 2013 - Петропавл қ. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бас маманы
2013-2014 жж. - Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасының ІІБ бөлімінің аға тергеушісі
2014-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы
2015-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің КҚК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары
2016-2018 жылдар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ.
Марапаттары: «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» II, III дәрежелі медаль,
«Қазақстан полициясы 25 жыл» естелік медалі,
«ІР ІМ ТЖК 20жыл» және «100 жыл өрттен қорғау», медалімен «Төтенше жағдайлардың алдын алуда үздік шаққаны үшін» и «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі ушін».
Шені: подполковник
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар

Құрылымы

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Атырау облысы
ТЖД аппарат құрылымы
Басшылық Байланыс Электрондық мекен-жай

Бастық

С.С. Өмірзахов

 

қабылдау тел.:

45-01-01,

 факс 45-01-56

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Бастықтың орынбасары

З.А. Бердашев

қабылдау тел.:

45-01-01 

-

 

Бастықтың орынбасары

Р.Б. Блялов

 

қабылдау тел.:

45-01-01

 

-

 

Құрылымдық  бөлімшелер

Штаб (топ құқығында)

бас маман Р.С. Абуев

тел.: 45-04-01 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кадр жұмысы бөлімі

бастықтың м.а. Г.Ж. Нарегеева

тел.: 45-01-60 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Азаматтық қорғаныс бөлімі

бастық Б.Қ. Құрманалиев

тел.: 45-01-55 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесі

бас маман А.Қ. Хисапов

тел.:  45-42-20 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Төтенше жағдайларды жою бөлімшесі

бастық С.С. Утеулиев

тел.: 45-41-59 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасы

бастық Қ.М. Темірболатов

тел/ф.: 45-00-00 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы

бас маман Т.М. Быкова

- -

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы

бастық Ж.О. Бержанов

тел.: 45-17-76 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімшесі

бастық Қ.С. Кенесариев

тел.: 45-01-61 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өзіндік қауіпсіздік тобы

аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі

А.Ф. Иманов

тел.: 45-01-54 -

Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі

бастық А.Г. Нигмашева

тел.: 45-01-51 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Заң тобы

бас маман А.Б. Теміртасова

тел.: 45-19-13 (12184) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

бас маман М.С. Асаинова

тел.: 55-83-03 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы

бас маман Р.А. Утеулиева

тел.: 45-01-56 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тылдық қамтамасыз ету тобы

бас маман Ә.Ж. Булешова

тел.:  45-14-15 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақпараттық – аналитикалық тобы

бас маман В.В. Кутузова

тел.: 55-83-06 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жабдықталуы

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жабдықтау

35 SPiASR Atyrau Osnashenie 1 Қазіргі уақытта Қызмет теңгерімінде 101 бірлік автокөлік құралы бар, оның ішінде 52 бірлік негізгі, 16 бірлік арнайы, 33 бірлік көмекші автокөліктер.
Автокөліктердің пайдалану мерзімі бойынша қазіргі уақытта 1 жылдан 3 жылға дейін 14 бірлік, 3 жылдан 8 жылға дейін 36 бірлік, 8 жылдан 13 жылға дейін 41 бірлік, 13 жылдан 20 жылға дейін 9 бірлік, 20 жылдан жоғары 1 бірлікті құрап отыр.
35 SPiASR Atyrau Osnashenie 2 Қызметтің материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 6 бірлік АЦ 6-40 Урал 5557 шассиіндегі автокөлік құралы алынды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында Атырау облысы әкімінің 04.09.2018 жылғы №208 қаулысы бойынша Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі 2 бірлік Камаз шассиіндегі (ПНС, АР-2) автокөліктері Қызмет теңгеріміне пайдалануға берілді.
2018 жылғы 16 тамызда Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Атырау қаласының орталық көшелерінде жергілікті полиция қызметімен бірлескен рейд жүргізіп, Атырау қаласы №2 ӨСБ өрт сөндіру автоцистернасы жұмылдырылды.
35 SPiASR Atyrau Osnashenie 3 Рейдтің қорытындысы бойынша жолда жүру ережелері талаптарын бұзғаны үшін, 2 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды.
Сонымен қатар рейд барысында «Қазахстан-Атырау» ТРК журналистерімен «Телепатруль» бағдарламасы үшін «Өрт сөндіру автокөлігіне жол беріңіз» тақырыбында бейнерепортаж дайындалды.
Қызмет гарнизоны өрт сөндіру бөлімдерінің жүргізуші-қызметкерлерінің кәсіптік шеберліктерін арттыру мақсатында маусым айында «Үздік жүргізуші» атты кезекті гарнизондық жарыс (бұдан әрі-Жарыс) өткізілді.
Жарысқа Қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінен 24 жүргізуші-қызметкерлері және 4 бірлік АЦ-2,5-40 (Зил-4333) өрт сөндіру автокөліктері жұмылдырылды. Жарыс қорытындысына сай, «Өрт сөндіру гарнизонының үздік жүргізушісі» атағын Жылыой аудандық №9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Ә. Жұмақұлов жеңіп алды.
35 SPiASR Atyrau Osnashenie 4 Ғимараттар және күрделі құрылыс бойынша:
Қазіргі уақытта гарнизонда 13 өрт сөндіру депосы бар, соның ішінде 3 өрт сөндіру депосы Атырау қаласында орналасқан.
Осыған қоса 3 ғимарат (Индер ауданы 5-ӨСБ, Қызылқоға ауданы 10-ӨСБ, Исатай ауданы 6-ӨСБ) арнайы мамандардың сараптамасымен авариялық жағдайда деп танылды.
35 SPiASR Atyrau Osnashenie 5 Осыған байланысты авариялық өрт сөндіру деполарының орнына үстіміздегі жылы жергілікті бюджет есебінен 2 шығуға арналған деполар салу көзделуде. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан толықтай өтті.
Бүгінгі таңда Атырау қаласы аумағынан жаңадан ықшам аудандар салынуына байланысты қалау аумағы екі есеге дейін ұлғайып, толыққанды өрттен қорғау үшін қосымша 4 өрт сөндіру деполарын салуды қажет етеді. (Балауса ы/а., Жұлдыз ы/а., Атырау селосы, Ақсай селосы)
Атырау облысы гарнизонының дамуы мен материалды-техникалық жарақтануына жергілікті атқарушы органның атсалысуымен 2017 жылы «Самал» мөлтек ауданынан 6 шығуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталу уақыты 2019 жылдың маусым айы.
 

Фотогалерея

  photo atyr 1   photo atyr 1   photo atyr 2   photo atyr 2
  photo atyr 3   photo atyr 3   photo atyr 3   photo atyr 3
  photo atyr 3   photo atyr 3   photo atyr 3   photo atyr 3
  photo atyr 9   photo atyr 3   photo atyr 10   photo atyr 3
  photo atyr 11   photo atyr 11   photo atyr 11   photo atyr 11
  photo atyr 11   photo atyr 11   photo atyr 11   photo atyr 11
  photo atyr 11   photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20
  photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20
  photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20
  photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20
  photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20   photo atyr 20
photo atyr 42     photo atyr 43   photo atyr 44   photo atyr 44
photo atyr 45     photo atyr 46   photo atyr 47   photo atyr 48
photo atyr 49   photo atyr 50   photo atyr 52   10
  10   10   10   10
  10   16 10   10
  10   10   10   10

Байланыс

Атырау облысы ТЖД байланыс ақпараты

Атырау облысы ТЖД мекенжайы: 060003, Атырау қаласы, Әуезов көшесі 53 «А»

қала коды (7122) 450000, қабыл: 8 (7122) 450101
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» - «1402»
ІІМ жүйесінде заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» -«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілді.

ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының телефоны: 8 (7122) 450154

 Бөлімшелер байланысы

Бөлімшелер Телефон
Азаматтық қорғау басқармасы 558308
Бірыңғай кезекші-даспетчерлік қызмет басқармасы 450000
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы 450272
Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі 454260
Төтенше жағдайларды жою бөлімі 454159
Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімі 450161
Ақпараттық-талдау бөлімі 450153
Кадр жұмысы басқармасы 450160
Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі 450151
Штаб 450401
Өзіедік қауіпсіздік тобы 450154
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 558303
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы 450156
Заң тобы 12171
Тылдық қамтамасыз ету тобы 451415
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы 450165