Қызметі

Департамент қызметі туралы ақпарат
Қазіргі уақытта Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымында – Азаматтық қорғаныс басқармасы, Өрт қауіпсіздік саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы, «ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі және облыс қалаларының және аудандарының Төтенше жағдайлар басқармалары бар.
Департамент Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жоюда, Азаматтық қорғауда, табиғи зілзалдардан, авариялардан, апаттардан тұрғындарды, шаруашылық объектілерін және аумақтарды қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша тапсырмаларды шешеді.  
ТЖД жанында Қазақстан Республикасы бойынша бекітілген 101 және 102 нөмірлерімен бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі құрылып қызмет атқарып жатыр. Өрт қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласында мемлекеттік саясатты іске асырудағы – негізгі тапсырмалардың орындалуы үшін Департамент көптеген функцияларға бөлінеді. Оның ішінде негізгісі болып табылатындар: тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық құжаттардың әзірленуіне қатысу, төтенше жағдайларды жою басшылығын жүзеге асыру, төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша күштер мен құралдардың дайындығы және саптық қатарда ұстау, облыс қалаларының және аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісімдеу, өрт қауіпсіздік саласында мемлекетртік бақылауды жүзеге асыру.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қызметтерді бір ұйымға біріктіру  салааралық үйлестіруде, төтенше жағдайлардың салдарын жоюды ұйымдастыруда, сонымен қатар аварияларды және апаттарды зерттеу барысында көптеген мәселелерді шешу барысында тиімді және жылдам әрекет етуге жол береді.
Басшылардан бағыныштыларға дейінгі - барлық қызметкерлердің фукционалдық міндеттері нақты және анық болып отыр, ал Департамент қызметінің – айқындылығы,  жемқорлық жағдайының жойылуына себепшілік етеді.
Бірігушілік және біртұтастық барлық қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін күшейтеді, жоғары білікті мамандарды сапалы таңдауға бағытталған бірыңғай кадр саясатын жүргізуді білдіреді. Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласында мемлекеттік саясаттың іске асыуын жүзеге асырады, жұмыс жасауын және алдағы уақытта өрттердің алдын алуды және оны сөндіруді ұйымдастыруды, төтенше жағдайларды алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді. Департамент өзіне жүктелген тапсырмаларды әрекет ететін заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қызметін үйлестіреді, азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылайды, мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырады.
Сонымен қатар Департамент азаматтық қорғаныс саласындағы шаруашылық объектілерінде АҚ инженерлік-техникалық іс-шараларының сақталыуна бақылау жүргізеді.