Принтерге шығару

Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мира көшесі, 14-үй.
1. Жалпы ережелер
 
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
14. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
16) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыстың әкіміне бекітуге ұсыну;
18) облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
29) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
52) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;
53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
57) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде облыстың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру
 
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;
17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);
21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20. Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
21. Департаментте азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Департамент бастығының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады, оның құрамына бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің жедел бағынысындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары кіреді. Кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және әрі қарай жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.

4. Департаменттің мүлкі
22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
 
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Басшылық


IMG 0004 Ернұр Сапарұлы Өтегенов – Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі
Туылған күні, айы, жылы: 1978 жылғы 23 маусым
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы, Талдыапан кенті
Білімі: 1998 жылы ҚР ІІМ-нің Алматы жоғарғы техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады, өрт қауіпсіздігінің технигі. 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын бітіріп, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығын алып шықты, өрт қауіпсіздігінің инженері.
Қызмет жолдары:
1995 – 1998 ж.ж. – ҚР ІІМ-нің Алматы жоғарғы техникалық училищесінің курсанты;
1998 – 1999 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауданы 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт профилактикасы тобының инспекторы;
1999 – 2002 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт профилактикасы тобының инспекторы;
2002 – 2003 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік Өртке қарсы қызметі басқармасы 1 отрядының тергеу тобының тергеушісі;
2003 – 2005 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік Өртке қарсы қызметі басқармасы мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің аға инженері;
2005 - 2006 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы;
2006 – 2006 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысы өртке қарсы қызмет департаментінің мемлекеттік өртті бақылау басқармасының мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы;
2006 – 2007 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет департаментінің өртті бақылау мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары;
2007 – 2008 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет департаментінің мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы;
2008 – 2011 ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өртті бақылау мемлекеттік басқармасының мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы;
2011 – 2012 ж.ж. – Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өртті бақылау мемлекеттік басқармасының бастығы;
2012 -2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
2014 жылдың қазан айынан бастап –Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
2019 жылдың 27 ақпанынан бастап Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Қызмет өткерген жылдары алған наградалары:
- «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалі, ҚР ТЖМ 2006 жылғы 12 желтоқсандағы №522 ж/қ бұйрығы;
- «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі медалі ҚР ТЖМ 2007 жылғы 06 желтоқсандағы № 37ж/қ медалі;
ҚР ТЖМ Алғыс хаты, ҚР ТЖМ 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 215ж/қ бұйрығы;
- медаль степени «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І дәрежелі медалі, ҚР ІІМ 2015 жылғы 10 маусымдағы №153ж/қ бұйрығы;
- «Төтенше жағдайлардың алдын-алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі, ҚР ІІМ 2015 жылғы 25 ақпандағы №116ж/қ бұйрығы;
- «ҚР ІІМ ТЖК 20 жыл» медалі ҚР ІІМ 2015 жылғы 09 қазандағы ҚР ІІМ 2015 жылғы 09 қазандағы №299.
Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баланы тәрбиелеуде.
 

Асаинов С.Т. зам.нач.ДЧС ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник - САМАТ ТАЛҒАТҰЛЫ АСАЙЫНОВ. 1972 жылы 20 сәуірде Павлодар облысы Железин ауданы, Озерный ауылында туған, қазақ, білімі жоғары.
Еңбек өтілі
20.02.1998 - 24.04.1998 - Алматы қ. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (Бас басқарма құқығында)
24.04.1998 - 25.12.1998 - Алматы қ. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы
25.12.1998 - 08.1999 - Алматы қ. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі (штаттық өзгерістерге байланысты)
24.08.1999 - 31.07.2001 - Алматы қ. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы
31.07.2001 - 27.05.2002 - Алматы қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Мемлекеттік бақылау басқармасы Өртке қарсы нормалау және лицензиялау бөлімінің инженері
27.05.2002 - 06.08.2002 - Алматы қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Бас басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы
06.08.2002 - 15.03.2005 - Алматы қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы (ұйымштаттық өзгерістерге байланысты)
15.03.2005 - 01.06.2005 - Алматы қаласы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы
01.06.2005 - 13.07.2005 - Алматы қаласы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау қызметі бастығының уақытша міндетін атқарушысы (ұйымштаттық өзгерістерге байланысты)
13.07.2005 - 01.09.2006 - Алматы қаласы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау қызметінің бастығы
01.09.2006 - 27.03.2007 - Астана қаласы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
27.03.2007 - 02.05.2007 - Астана қаласы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме филиалы Күштер және құралдар басқару жедел орталығының аға инженері
02.05.2007 - 25.07.2008 - Астана қаласы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме филиалы № 11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
25.07.2008 - 03.11.2009 - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме жасағы № 13 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
03.11. 2009 - 30.11.2010 - Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алатау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
30.11.2010 - 29.12.2011 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алатау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
29.12.2011 - 27.10.2014 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жетісу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
27.10.2014 - 06.01.2015 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жетісу аудандық төтенше жағдайлар бөлім бастығының міндетін атқарушы
06.01.2015 - 09.11.2017 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жетісу аудандық төтенше жағдайлар бөлім бастығы
09.11.2017 - 06.12.2017 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Біріңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы
06.12.2017 - Осы уақытта - Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Қызмет өткерген кезеңінде:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалімен, «Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызметіне 10 жыл», мерейтой медалімен, «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III деңгейлеріндегі медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтой медалімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтой медалімен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы министрінің грамотасымен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.

Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр.
 

Құрылымы

sturktura dchs pvl222kaz
sturktura dchs pvl kaz

Павлодар облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

Басшылық Байланыс нөмірі Электрондық адрес

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

 

Темірбаев

Абай Аскарович 

Қабылдау бөлмесі

 53-71-61

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

 

Асаинов

Самат Талгатович

 

 32-28-99 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

 

Двинянин

Алексей Игоревич

 

 

 

53-27-15

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Құрылымдық бөлімшелер

 Департамент штабы

бас маман

Бондаренко Наталья Владимировна

 

32-70-34 

 

 

 Павлодар облысы Төтенше жағдайлар  департаментінің Ардагерлер кеңесі

Төр аға

Аскарова Какима Хайрулловна

 

 

 

53-79-20

 

                       өзіндік  қауіпсіздік тобы

Каргасеков Талгат Байясханович

53-94-19

39-12-88

39-12-80

 

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сыздыкова Гаухар Орналиевна

53-96-17

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ps_pavl @mail.ru

кадр жұмысы  бөлімі

бөлім бастығы

Насырова Асемгуль Кабылбариевна

53-69-82

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

техникалық қызмет және құлақтандыру тобы

 

бас маман

Нигматулин Зиннур Галиетдинович

32-62-74

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 ақпараттық-талдау бөлімі

бөлім бастығы

 

КәкімовАсхат Слямбекович

60-21-45

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасы

бастық

Омаров Аскарбек Каирбекович

20-71-12 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

төтенше жағдайлардың алдын алу  

бөлім бастығы

 

Сытник Сергей Геннадьевич

53-69-65

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

азаматтық қорғаныс басқармасы

бастық

Алябьев Дмитрий Александрович

70-37-98

 

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімшесі

бөлімше бастығы

Мурзабаев Зейнет Бекболатович

53-63-98

 

 

ТЖ жою бөлімі

 

Чернов Сергей Александрович

53-96-49

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

бақылау және профилактикалық қызмет және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқармасы

басқарма бастығы

Искаков Серік Ардакович

70-37-94   

қаржылық қамтамасыз ету бөлімі

бөлім бастығы

 

Усумбаева Лаура  Анатольевна

 

32-62-72 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

тылдық қамтамасыз ету тобы

бас маман

Каскенева Сауле Аскаргалиевна

53-58-82 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

құжаттамалық қамтамасыз ету тобы  

бас маман

Камбарова Кульжиян Жалеловна

53-66-49

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

мемлекеттік құпияларды қорғау тобы

 

главный специалист

Буркутбаева  Сания Жумабаевна

53-64-39

 

 

заң тобы

 

главный специалист

 

Жунусова Гүлстан Тимуровна

53-94-07

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 

Жабдықтау

 Оснащение Павл ДЧС kz

«Олардың есімдері ұмытылмайды»

Олардың есімдері ұмытылмайды!
pvl_mosin Мосин Сергей Николаевич 1961 жылдың 22 желтоқсанында Талдықорған облысы Көк-су станциясында дүниеге келген. 1977 жылы орта мектепті бітірді және жол құрылысшысы мамандығы бойынша Омбы техникумына түсті. Бұдан әрі техникумда БКЛ ЖКК мүшесіне қабылданды. 1981 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Демобилизациядан кейін Екібастұз қ. №63 жол-құрылыс басқармасында қызметін бастады. Осы ұжыммен С.Мосин 1984 жылдың қаңтарында ІІБ жұмысқа жіберілді. өзінің қызметін Екібастұз қ. МӘӨСБ-112 бөлімше командірі лауазымынан бастады.1984 жылдың 25 тамызында 18 сағат 15 минутта Строительная 70 көшесіндегі тұрғын үйдің төбе жабындысында өрт пайда болды. Өрт орнына бөлімше командирі С.Н. Мосинмен басшылықта, 1 бөлімше құрамында кезекші қарауыл жәберілді. өрт сөндірушілер келген кезде өрттің аумағы 70 шаршы метрді құрады.18 сағат 20 минутта кенеттен өрт аумағының 350-400 шаршы метрге дейін ұлғаюға себепкер болған жабын элементтерінің толық жанбауы орын алды. С.Н.Мосин қауіпті аймақта болып, нәтижесінде адамды өлтіретін термиялық күйіктер алды. Ерлігі үшін ішкі қызметтің кіші сержанты С.Н.Мосин қаза болғаннан кейін «Өрттегі ерлігі үшін» медальмен марапатталған.Сергей Мосин туралы жарқын естеліктер біздің жүректерімізде мәңгі сақталады.МӘӨСБ-112 жалпы жиналысының шешімімен бөлімшенің үздік қызметкеріне «С.Н.Мосин естелігінің көшпелі вымпелі» бекітілді.
 
pvl_zinatullin Зиннатулин Рашит Расихович – 1955 жылы 31 қазанда Татар АКСР, Нижнекамск қаласында дүниеге келген.Өзінің еңбек жолын Нижнекамск өрт сөндіру бөлімінде бастады. Ауыстыру тәртібінде Екібастұз қ. МӘӨСБ-112 бөлімше командирі лауазымына тағайындалды, 1990 жылдың шілдесінде Екібастұз ГРЭС-1 қорғау бойынша ӘӨСБ-51 бөлімше командирі болды.1990 жылдың 12 қыркүйегінде 11 сағат 10 минутта Екібастұз ГРЭС-1 бесінші турбогенераторында өрт пайда болды. Өрт жойылған уақытта аумағы 8500 шаршы метрді құрады. Көлік залында өртті сөндіру кезінде, бөлімше командирі Зиннатулин Рашит Расихович қарауыл бастығы М.А.Махамбетовтан өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісін төбе жабындысының құлдарау аумағынан техниканы алып тастауды ескерту үшін ГРЭС-1 көлік залынын 10 белгісінен нөлге түсу туралы тапсырманы алды. Төменге түсу кезінде сутектің жарылысы болды. Осының нәтижесінде төбе жабындысы конструкциясының құлдырауы орын алды және өрт сөндірушінің өліміне әкеп соқты. Осы өртті жою кезінде жасалған ерлігі үшін ішкі қызмет сержанты Зиннатулин Рашит Расихович қаза болғаннан кейін «Қызыл жұлдыз ордені» жоғары үкімет марапатымен марапатталды.Олардың ерліктері жас өрт сөндірушілерде отан сүйгіштікті тәрбиелеуге үлгі болады, олар ағаларының жолын қуып, ауыр қызмет жолын таңдайды. Қаза болу қауіпі алдында қорықпаған, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің осындай ерліктері арқасында олар жүздеген адамдарды құтқарып қалады.
Их было двое. Одетые в боевке.
У всех противогазы за спиной.
Они ведь знали – будет бой нелегким,
Пока огонь встает в пути стеной.
И знали, где-то рядом люди,
Которые надеются и ждут,
Поэтому, хоть как трудно будет,
Пока не победят – не отойдут.
И, натянув резиновые маски,
Они шагнули в дым, за другом друг,
Как богатыри из старой сказки,
Которым чужд и незнаком испуг.
Они шагнули… И ушли на вечно,
Как жизнь их оказалась быстротечной.

Фотогалерея

foto_pavl02 foto_pavl01 foto_pavl02 foto_pavl02
foto_pavl02 foto_pavl02 foto_pavl02 foto_pavl02
foto_pavl02 foto_pavl02 foto_pavl02 foto_pavl02
  foto_pavl02 foto_pavl02  
 
{morfeo 150}

Байланыс

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ
Мекенжайы: Павлодар қ., Мир көш., 14 үй, Инд:14000. Код: 8(7182)
Қабылдау бөлімі: тел. 32-62-73, кеңсе: тел./факс 53-66-49
Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
ТЖД БКДҚБ жедел кезекшісі: тел./факс 32-36-92, тел. 53-57-49