Басшылық

18 Derbisov IUKO Дербісов Нұрболат Бекболатұлы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі
2018 жылғы 5 шілдеден бастап Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы лауазымына тағайындалған.
Азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов 1974 жылы 15 ақпанда ОҚО Төлеби ауданында дүниеге келген.
1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық құқық университетін, 2010 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. Білімі бойынша «өндірістік және азаматтық қорғаныс құрылысы», «құқықтану», «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бар. Азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет атқарып келуде.
Қызмет атқару кезеңінде кіші және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарында болған. Н.Б.Дербисов қызмет жолын мемлекеттік өрт бақылау инспекторынан бастап, ОҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары, кейін осы департаменттің бастығы лауазымына дейін жетті.
Өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыс барысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін бірнеше рет ОҚО ТЖД «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасының ТЖ министрінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
25.04.2011 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесіне орай ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен арнайы «азаматтық қорғау подполковнигі», 08.12.2016 жылы ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «азаматтық қорғау полковнигі» шендері мерзімінен бұрын берілген. 2012 жылы «Ерікті өрт сөндіру қоғамдарының одағына 55 жылдығына» орай медальмен марапатталған. 2013 жылы «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» ҚР ТЖМ медалімен, «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» облыс әкімі атынан медалімен, 2015 жылы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 20 жылына байланысты мерейлі медалімен, 2017 жылы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Өрт-құтқару спортының дамуына қосқан үлесі үшін 2018 жылы Қазақстан Республикасы Спорт Федерациясының 10 жылдығына орай мерейлі медалімен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
 
17 Bahaev Бахаев Ерғали Жарасбекұлы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник
Бахаев Ерғали Жарасбекұлы 1973 жылы 08 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Техникалық-құқықтық сараптау» мамандығы, «инженер-сарапшы-құқық танушы» біліктілігі бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органында 2016 жылдың шілдесінен бері қызмет атқарып келеді. 2017 жылдың желтоқсанынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
ҚР Қарулы Күштер қатарындағы қызметін 1991-1993 жылдары «42642» әскери бөлімінде бастаған. 1998 жылдан 2005 жылға дейін «28237» әскери бөлімінде взвод командирі лауазымынан материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі лауазымына дейін қызмет атқарды. 2005-2006 жылдары - ҚР ТЖМ 942 азаматтық қорғаныс жеке полкі материалдық техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі болды.
ОҚО ТЖ департаментінде 2006-2007 жылдары «азаматтық қорғаныс, аумақты және халықты қорғау бөлімінің» аға офицері; 2007-2008 жылдары осы департаментте «жүйелік талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің» бастығы; 2008-2016 жылдары – «төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы; 2016-2017 жылдары - «Азаматтық қорғаныс басқармасының» бастығы лауазымдарын атқарды.
«ҚР Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалімен, ҚР ТЖМ «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, «ТЖ алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін» ҚР ТЖМ медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Полициясына 25 жыл» мерейлі медальдарымен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
--------