Қызмет бағыты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызмет) Астана қаласы аумағында мемлекеттік өрт сөндіру қызметтерін жүзеге асыру және өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құрылған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр), Өртке қарсы қызмет комитетінің (бұдан әрі - Комитет) бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Уәкілетті органның бұйрықтарына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Қызмет заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады, ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген бланкілері, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары бар.
4. Қызмет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Қызмет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Қызмет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Құрылымы Министрдің бұйрығымен, Қызметтің штат санының лимитi ҚР Үкіметімен бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қ. Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 4.
9. Қызметтің толық атауы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Қызметтің құрылтай құжаты
болып табылады.
11. Қызметтің қызметiн қаржыландыру егер басқа заңнама актілерімен белгіленбесе тек қана мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Қызметке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қызметтің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Миссиясы: Қызмет - мемлекеттік өрт сөндіру функцияларын жүзеге асыру және өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.
14. Міндеті: қоныстандырылған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
15. Функциялары: өрттерді сөндірудің ұйымдастыру негізі және олармен байланысты алғашқы авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, апат, су тасқыны, жер сілкіну және басқа да ерекше жағдайлар салдарын жою, жеткілікті қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, қажет болған жағдайда үрей тудырмайтын іс-шараларды жүзеге асырумен техникалық тәсілдер мен құралдармен адамдарды, мүліктерді құтқару және қауіпсіз жерге көшіру.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) Өрт сөндiру үшiн өртке қарсы қызметтiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
2) Өрттi сөндiру және жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауiптi аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшiруге нұсқау беруге;
3) Өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
4) Өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшiн азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісiз кiруге;
5) Қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндiруде кедергi болатын құрылыстарды бұзып ашуға құқылы.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. Қызмет басшылықты қызметке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады
18. Қызмет бастығы лауазымына Комитетпен келісілген өкілетті органның ұсынымы бойынша Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Қызмет бастығының Комитетпен келісілген өкілетті органның ұсынымы бойынша Министр қызметке тағайындап,қызметтен босататын орынбасарлары бар.
20. Қызмет бастығының өкілеттігі:
1) Гарнизон және қарауыл қызметін ұйымдастырады;
2) Өрт сөндіруге, өрттерді және басқа да төтенше жағдайларды сөндірумен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындықты қамтамасыз етеді;
3) Кәсіби шеберлікті жетілдіру және төтенше жағдайлар аймағына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты дайындықта ұстау шараларын қолданады:
4) Кәсіби дайындық мектебі базасында жеке құрамды дайындауды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді;
5) Өрт-тактикалық жаттығулар мен өрттен құтқару спорты бойынша жарыстарды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
6) Мүдделі ұйымдардың келісімі бойынша өрттерді сөндіру, дүлей зілзалалардың салдарлары мен ірі өрттерді жою үшін Қызмет бөлімшелерін жұмылдыру тәртібін, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды;
7) Арнайы құрамалар үшін өрттен қорғау жабдығын, өрт сөндіру техникасын дер кезінде жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастырады;
8) Өрттердің таралуы мен сөндіру барысын зерделеуді ұйымдастырады және осы негізде жауынгерлік дайындықты арттыру мен жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
9) Өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдығының, байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің бар-жоғының және техникалық жай-күйінің есебін жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
10) Өрт сөндіру және өзге де техниканы, өрт-техникалық қару-жарағын, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті пайдалануды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
11) Жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді қорытындылайды және талдайды, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасына, еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
12) Жедел-қызметтік жұмыстардың ерекшелігін ескере отырып, жедел және арнайы техниканың, байланыс құралдарының, өрт-техникалық және басқа да мүліктің тиістілік тізімдерін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) Сенімді ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені, радио мен желі байланысын қамтамасыз етеді;
14) Материалдық құндылықтардың есебін жүргізу дұрыстығына және нақты бар-жоғына, сақтау және беру тәртібінің сақталуына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
15) Өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
16) Өзінің өкілеттілігі шегінде барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қызмет атынан өкілдік етеді;
17) Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымда қарастырылған арнайы атақтардан бір саты жоғары арнайы атақтарын беру бойынша Уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;
18) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Қызметтің қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
19) Бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
20) Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
21) Қызметтің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
22) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу өткізуді ұйымдастырады;
23) Еңбек қатынастары мәселесі жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа Қызметтің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымнан босатады;
24) Облыс ішінде іссапарға жіберу, демалыстар беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді. Облыс және Қазақстан Республикасы шегінен тыс іссапарға шығу Уәкілетті органның және Министрдің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
25) Өз құзыреті шегінде Қызмет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
26) Қызметтің жыл сайынғы жұмыс жоспары мен оның жұмысының нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және уәкілетті органға бекітуге береді;
27) Белгіленген нысанға сәйкес Комитетке есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
28) Әлеуметтік дамыту, Қызмет қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлердің тұрғын үй, қызметтік-шаруашылық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
29) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет майорына дейін қоса алғанда кезекті арнайы атақтар береді;
30) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде қарастыруды қамтамасыз етеді;
31) Жұмылдыру дайындығы мен өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар пайда болған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру шараларын әзірлейді, Қызметтің жұмылдыруға ұдайы даярлығын қамтамасыз етеді;
32) Уәкілетті орган мен Комитетке Өрттердің және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою міндеттерін шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
33) Уәкілетті орган мен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
34) Оған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және осы Жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21. Қызмет бастығы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
22. Қызмет Аппараты бастықпен тағайындалады, лауазымға Комитетпен келісілген өкілетті органның ұсынымы бойынша Министр
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Қызмет мүлкi
23. Қызмет мүлкi заңнамада көзделген
жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Қызметтің мүлкі мемлекет берген мүліктің есебінен және негізгі қорлар мен айналымдағы қаржыдан, сондай-ақ құны Қызметтің теңгерімінде көрсетілген өзге де мүліктерден құралады.
24. Қызметке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қызметтің,
өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 
 
5. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
____________________________