Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1.Жалпы ережелер
1.«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі (Алматы қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) өрт сөндіру функцияларын жүзеге асыру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтиік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3.Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4.Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 қаулысына сәйкес құрылған.
5.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6.Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
7.Қызметтің атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям города Алматы Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
8.Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 050000, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 132.
2.Қызметтің заңды мәртебесі
9.Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10.Қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мемлекеттік мекеменің атауы бейнеленген бланкілері, мөрлері мен мөртабандары болады.
11. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемедегі ақша жеткіліксіздігі кезінде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
13.Қызметтің азаматтық-құқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша) мәмілелері, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің аумақтық-қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді.
14.Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3.Қызмет жұмысының мәні мен мақсаты
15.Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16.Қызмет жұмысының мақсаты елді мекен аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілірінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
17.Мақсатқа қол жеткізу үшін:
1) өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және олармен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру депосы ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман және басқа да мүлкті жөндеу, техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібін айқындау;
8) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
9) өртке қарсы бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындағанда олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) соғыс уақыты кезінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
11) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушілар мен мектепте дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады;
18.Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19.Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзіретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20.Қызмет бастығының (бұдан әрі – бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауапкершілікке шараларын қолдануға алып келеді.
4.Қызметті басқару
21.Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22.Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қызметке мүлікті бекітіп береді;
2) Қызметтің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министрлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қызметтің құрылымын, шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгіізеді;
5) Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын, Қызмет бастығының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді келіседі;
8) Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемесін айқындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23.Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттердің орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
24.Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзіретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетінше шешеді.
25.Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттері шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) Қызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыс және Қазақстан Респбуликасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
6) өз құзіреті шеңберінде барлық қызметкерлер мен өзге де жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымнан босатады;
8) өз құзіреті шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
9) өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10) гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;
11) төтенше жағдайлар аймағына шығуға және құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызмет күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
12) Жеке құрамды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді;
13) Өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстар және басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құрамалар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы құрал-жабдықтарды дер кезінде жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастырады;
15) өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады, осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
16) өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдықтың, байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдейді;
17) өрт сөндіру қызметінің объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және өзге де техниканы, өрт-техникалық жарақтарын, байланыс құралдарын, құрал-жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
18) жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді жинақтайды және талдайды, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасына, еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
19) жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника, байланыс және ақпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20) материалдық құндылықтардың есебін жүргізу дұрыстығына және нақты бар болу, сақтау және беру тәртібінің сақталуына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
21) Күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22) ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
24) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25) Қызметтің ерекше өзге түскен қызметкерлерінің мемелкеттік және ведомствалық награлдалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнаулы атақтарын беру бойынша Департаментке ұсыныстар енгізеді;
26) Қызметте бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27) Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастарыды;
28) Қызметтің аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;,
29) Өз құзіреті шеңберінде мемлекеттік сатып алу өткізуді ұйымдастырады;
30) Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті дер кезінде жасауды қамтамасыз етеді.
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытыл қарауды қамтамасыз етеді;
32) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын ұй-тұрмыстық,
қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшылық кұрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қос алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34) Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
35) Кызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Кызмет кызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
36) бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпты моральдық- психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыкқа қарсы іс- әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37) бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудығ әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа карсы шаралар қабылдайды;
38) дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39) Қазақстан Республикасының нормативтік құкықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
27. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
1) мемлекет оған тапсырған мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де каржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген каражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің каржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
34. Қызметтің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою шарттары
35. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.