Қызметі

Қазақстан Республикасының Конституциясына және өрт қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес, Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметі келесі негізгі қағидалардан тұрады:
- өрт қауіпсіздігі саласында адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлт байлығын және қоршаған ортаны қорғау;
- өрт сөндіруді, алғашқы авариялық-құтқару жұмысын жүргізуге міндеттілігі.
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімдері қоныстаған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерде және өмірді қамтамасыз есетін мемлекеттік меншіктегі объектілерде өртті сөндіру.
Ақмола облысы өртке қарсы қызметі гарнизонының жеке құрамы саны 1265 адам. Жыл сайын өртке қарсы қызмет қатарлары Көкшетау техникалық институтының түлектерімен толықтырылады .
Елді мекенде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, табиғи және техногендік сипаты төтенше жағдайлар болғанда Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ уақытында әрекет етуін көздейтін жұмыс жоспар бойынша өткізілуде.
Астана өңірінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртті бастапқы сатысында жою үшін (бұл облыстық бөлімдердің алыс орналасқандығынан мүмкін болмады, ең жақыны бөлім 60 км орналасқан), астана айналасында өртке қарсы белдеуін құру мақсатында, ММ Целиноград ауданының ауылдық округтарында екі өрт сөндіру посты ашылды, Қабанбай-батыр ауылдық округында және Максимовка ауылдық округында. Қазіргі уақытта Софиевка ауылдық округында өрт сөндіру бөлімін ашу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық орталығы Көкшетау қ. өртке қарсы қорғанысын 3 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етеді. Бөлімдердің шығу радиусі нормативтік талаптардан 2-3 рет асады. Бұл мәселені шешу үшін 6 шығысты жаңа өрт сөндіру депосын салу үшін инвест жобаны жасау бойынша жұмыс істелді, және барлық қажетті сараптамалар өткізілді (экологиялық, мемлекеттік архитектура, санитарлық-эпидемиялық сараптама, салалық баға алынды).
Щучье-Бурабай курорттық аумағының өрттен қорғауын қамтамасыз ету үшін Щучье қаласында және Бурабай ауылында үш жаңа өрт сөндіру депосы ашылды.
Бөлімше жеке құрамның кәсіби, дене тәрбиесі және моральдық-психологиялық дайындығына ММ үлкен көңіл бөледі. Өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкес барлық бөлімдерде жеке құрамның мамандық дәрежесін көтеру үшін жауынгерлік және қызметтік дайындық өткізіледі, ай сайын бекітілген кесте бойынша өмірді қамтамасыз ету, адамдар көп шоғырланатын объектілерде және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар және өрт-тактикалық сабақтар өткізіледі.
Жыл сайын Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ базасында «Кәсібі бойынша үздік» байқау-конкурсы келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік өрт сөндіруші», «Үздік бөлімше командирі» , «Үздік өрт сөндіруші автомобилінің жүргізушісі», «Үздік бөлім бастығы, кезекші ауысымның жетекшісі».
Өрт сөндіру техника паркін жаңартып, нормативті санға дейін жеткізу мақсатында, жыл сайын ММ үшін негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасы бөлінеді.
Өрттегі тыныс алуға жарамсыз ортада жеке құрамның жұмыс сапасын және тиімділігін жоғарылату үшін, гарнизонның газ түтіннен қорғау қызметін дамыту, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен бөлімшелерді жабдықтау бойынша ММ жоспарлы жұмыс жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтақру жұмыстары қызметі» ММ алдында екі негізгі басымдылық тұр: өрт сөндіру сапсын арттыру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, соның нәтижесінде өлім мен зардап шеккендер санын азайту, сонымен қатар бөлімшелердегі жеке құрамның дайындық деңгейін арттыру және қазіргі техникалармен және жабдықтармен толықтыру.