Құрылу тарихы

Ақтөбе қалалық өрт сөндіру командасы өз жұмысын 1918 жылдың 17 сәуірінен бастады. 1935 жылға дейін жеке құрылымдық бірлік ретінде қызмет етіп, қала аумағында өрт сөндіру қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік саясат жүргізуге міндетті болды.
Қазақстанда Кеңес үкіметі орнаған кезеңде қарауында 20 бөшке мен 6 арба болды және оны М.Г. Юдин басқарды.
1921-1925 ж.ж. халық шаруашылығының қайта орнауы қиын-қыстау кезеңінде өртке қарсы күзет органын Ақтөбе МҚБ исполкомының жалпы бөлімі басқарды, ал өртке қарсы күзет органына А.И. Пятников басшылық етті. Штат құрамы небәрі 8 адамнан құралды. Ал оның қарауында 8 жылқы мен 4 арба болды.
1926-1933 ж.ж. штат құрамы 18 адамға дейін өсіп, 10 жылқы, 5 бөшкемен жарақтандырылды. Сол уақытта өрт сөндіру командасын
Ю.Б Колесников басқарды.
Ұжымдастыру кезеңінде өрт сөндіру күзетінде 20 адам қызмет етті және 3 ауысымдық кезекшілік ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілерде 10 жылқы, 5 бөшке және АМО-Ф-15 автокөлігі болды. Ол кезде команда бастығы М.С. Котешов болды.
1936 жылы ССРО одағы ОАК мен ХКК «Мемлекеттік өрт сөндіруді қадағалау және қалалық өрт сөндіру күзеті туралы» қаулысына сәйкес қалалық өрт сөндіру топтары ІІҰК құрамына енгізіліп, 1997 жылға дейін ІІМ жүйесінде болды.
ІІБ қалалық өрт сөндіру тобы дербес жедел-шауашылық бірлік болып, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.
1934-1938 ж.ж. топ саны 60 адамға жетті. 3 жауынгерлік өрт сөндіру авто цистерналарымен жарақтандырылды: ЗИС-5, ЗИС-11, ЯГ-5. Өрт сөндіру тобын Е.А. Люткевич басқарды.
Соғыс алдындағы жылдары және ҰОС кезінде Ақтөбе қалалық өрт сөндіру тобына В.П. Макренко басшылық етті. Өрт сөндіру күзетінде 67 адам еңбек етті. Қарауларында сол баяғы 3 авто цистерна болды. Бейбіт құрылысқа өту кезеңінде штат 64 адамнан тұрды. Профилактикалық қызмет, материалдық-техникалық жабдықтау және саяси даярлық бойынша қысқартылған орынбасарларды есептемегенде құрылым бұрынғыдай болып қалды. Өрт сөндіру командасы 3 өрт сөндіру автокөлігімен ПМЗ-6,ПМЗ-9,ПМЗ-10 жабдықталды.
Соғыс жылдарынан кейін ұжымды қалалық еңбекшілер депутат кеңесіне екі рет депутат болып сайланған және республикалық кәсіподақ комитеті президиумының мүшесі А.Д. Пикалов басқарды.
1964 жылға дейін мемлекеттік өрт сөндіру қызметі құзырында 3 ведомстволық ӨҚӨСБ – АФЗ, ӨҚӨСБ-Әуежай, ӨҚӨСБ-Темір жол кәсіби өрт сөндіру күзеті болды.
Бірінші өрт сөндіру бөліміне топ басшысының орынбасары А.Д. Пикалов басшылық етті. Бөлім құрамында 43 адам, 3 МАЗ 205 өрт сөндіру автокөлігі болды.
Екінші бөлімді И.М Киселев басқарды. . Оның тобында 42 адам қызмет етті, қарауында 2 ПМЗ-27 автокөлігі және автомеханикалық баспалдақ болды.
Үшінші өрт сөндіру бөліміне В.Я Усиков басшылық етті. Топ құрамы 43 адамнан тұрды және ПМЗ-63, ПМЗ-27 автокөліктерімен жарақтандырылды.
1971 жылға дейін кәсіби өрт сөндіру күзетінің жиынтық тобын А.В. Попов басқарды, кейін билік тізгінін С.Я.Казаковский алды.
Қалалық әр алуан кәсіпорындарда объектілік өрт сөндіру командалары пайда болды, көптеген ерікті өрт сөндірушілер дружиналары құрылды. Өрт сөндіру автокөліктері тек қана өрт сөндіру бөлімдерін ғана емес сонымен қатар АФЗ объектілік топтарын да жарақтандырды.
Өрт сөндіру күзетінің жағдайының жақсаруы жөніндегі түбегейлі өзгерістер ССРО мен Қазақ ССР министрлер кеңесінің арнайы қаулысынан кейін болды. 1964 ж. бастап аудан орталықтарында жеке құрамы 11 адамнан 15 адамға дейін тұратын кәсіби өрт сөндіру топтары пайда болды. Бұл бөлімдер бір, ал кейбір аудандар (Алға, Шалқар, Хромтау) екі өрт сөндіру көліктерімен жабдықталды.
Мемлекеттік сақтандыру қаражаты есебінен кейбір аудан орталықтарында өрт сөндіру ДЕПО құрылысы басталды. Облыс орталығының ІІБ өрт сөндіру күзетінің жүйесі де жандана бастады: құрамы 40 адамнан тұратын ІІБ өрт сөндіру күзеті бөлімінің ӨҚТ құрылды. Топ бастығы болып А.В. Попов тағайындалды.
1962-1975 жылдар аралығында Ақтөбе ІІБ-ның ӨҚКБ Құрманов Сәдуақас Жанғалиұлы басқарды.
Аудан орталықтарында мемлекеттік өртке қарсы қадағалау инспекциялары пайда болды. Жергілікті топтардың жеке құрамы 12 адамға дейін өсті. ӨҚКБ басшының орынбасары, инженер, анықтаушы лауазымдары енгізілді. Өрт сөндіру күзеті енді тек өрт сөндірумен ғана емес, сонымен қатар өртке қатысты қылмыстық істерді тергеумен де айналысты.
1992-1995 ж.ж. ІІБ-ғы өрт сөндіру күзеті бөлімін В.Н. Попов басқарды. «Жаңа жол» кен орнын күзетуге байланысты АӘӨСБ-5, ӘӨСБ-55 және ӘӨСБ-113 қалалық өрт сөндіру бөлімдері әскерлендірілді.
1992-1995 ж.ж. облыстық өрт сөндіру күзеті бөліміне Баетов Туылдық Баетұлы басшылық етті. Бестамақ ауылында №5 ӨСБ ашылды.
1995-1996 жылдары өрт сөндіру күзет бөлімінің басшысы болып В.С.Казаковский тағайындалды. Одан кейін ӨСКБ С.Ж. Иманбаев басқарды. 1997 жылдан бастап мемлекеттік өртке қарсы қызметі ІІМ жүйесінен бөлініп, ҚР ТЖ бойынша мемлекеттік комитет құрамына енгізілді.
1998 жылы Ақтөбе облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет гарнизоны халықаралық өрт-қолданбалы спорты бойынша чемпионат өткізді. Бұл сайыста Ақтөбе спортшылары екінші командалық орынды иеленді.
1998-2005 жылдар аралығында Ақтөбе облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет гарнизонын Ж.С. Еспаев басқарды. 2005 жылы мемлекеттік өртке қарсы қызметі қайта құрылып Ақтөбе облысының ТЖ бақылауындағы және қадағалауындағы мемлекеттік басқарма пайда болды және оған Н.А. Адилов басшылық етті.
2006 жылдың қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысының ТЖ бойынша МБҚБ қайта құрылғаннан кейін С.М. Алтаев басқарған Ақтөбе облысының Өртке қарсы қызмет департаменті ашылды.
Қазіргі уақытта мекеменің толық атауы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ.
2008-2010 жылдары Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысы Б.Ж.Нұрғалиев болды.
Қазіргі уақытта Қызметке өртке қарсы қызмет полковнигі А.А.Омаров басшылық жасайды, ол ӨҚҚО-да 1989 жылдан бастап, қазіргі атқарып отырған лауазымында 2010 жылғы шілдеден бастап қызмет атқарып келеді.
Қазіргі таңда «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрамындағы білікті кадрлармен, заманауи техникамен, ауқымды оқу базасымен қамтылған қуатты жедел қызмет болып табылады. Облыс аумағында 15 өрт сөндіру бөлімі, 3 өрт сөндіру посты және 1 техникалық қызмет бөлімі, сондай-ақ 11 объектілік өрт сөндіру бөлімі бар. Облыс орталығын өрттен 3 өрт сөндіру бөлімі қорғайды, оның біреуі бастапқы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі.
Қызметтің қарамағында 82 өрт техникасы бар, оның 53-і негізгі, 8-і арнайы және 21 көмекші өрт техникасы.
Жүріп өту мүмкіндігі жоғары 16 негізгі техника бар.