Қызметі

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Талдықорған қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
 
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-қутқару жұмыстары қызметі (Талдықорған қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ­– Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыга сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19шілдедегі №712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
7. Қызметтің атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Талдықорған қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Алматинской области (город Талдыкорган) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казакстан».
8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Талдықорған қаласы, Н.Алдабергенов көшесі, 86А.
2. Қызметтің заңды мәртебесі
9. Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазалған мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері, мөртабандары болады.
11. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі кезінде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
13. Қызметтің азаматтық-құқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
14. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
15. Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұгыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16. Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттеді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
17. Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстары жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдары тарту тәртібін айқындау;
8) жергілікті атқарушы орғандарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
11) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады.
18. Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19. Қызметтін жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдармен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті орғанының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орғанның не прокурордың қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20. Қызмет Бастығының (бұдан әрі-бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері
еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материялдық және өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға әкеледі.
4. Қызметті басқару
21. Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қызметке мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министірлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толақтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізеді;
5) Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-Департамент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7)мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
8) Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымынан – босату негіздемелерін айқындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды Департаментжүзеге асырады.
24. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
25. Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетінше шешеді.
26. Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) Қызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
6) өз құзыреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
8) өз құзыреті шегінде Қақақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
9) өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10) гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;
11) төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
12) жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді;
13) өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын өртке қарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастырады;
15) өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады, осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
16) өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдықтың, байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
17) өрт сөндіру қызметінің объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақтарын, байланыс құралдырын, құрал-жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
18) жол-көлік оқиғалар туралы мәліметтерді қорытады және талдайды, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
19) жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника мен байланыс, ақпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20) материялдық құндылықтардың есебін жүргізу және нақты бар болу, сақтау және беру тәртібінің сақтау дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
21) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22) ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
24) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25) Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
26) Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27) Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
28) Қызметтің аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
30) Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақтылы құруды қамтамасыз етеді;
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
32) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын үй тұрмыстық, қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшылық құрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34) Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
35) Қызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
36) бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпты моральдық-психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37) бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
38) дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
27. Қызмет мүлкінің бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
1) мемлекет оған тапсырған мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің қаржылық-шаруашалық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
34. Қызметтің жарғысына енгізілген мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою шарттары
35. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.