Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментініңӨрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің регламенті
 
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ) осы регламенті Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне жүктелген функцияларын орындау үдерісінде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметінің жалпы ережесін белгілейді.
2. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Шығыс Қазақстан облысының аумағында өрттер мен өзге де төтенше жағдайларды жоюмен байланысты өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары саласындағы мемлекеттік функцияның жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесі болып табылады.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында құрылымдық бөлімшелері бар.
3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-ІІ, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентпен айқындалады.
«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың іс жүргізуін ұйымдастыру және іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қбпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ-сін Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі (бұдан әрі - Министр) лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының Департамент бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасымен келісу бойынша Министр лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын орынбасарлары бар.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы және бастығының орынбасарлары арасында міндеттерді үлестіру, сондай-ақ «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығының өзара алмасуы «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының бұйрығымен бекітіледі.
5. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ-де мемлекеттік және орыс тіліндегі толық атауы көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба бейнесімен фирмалық бланкілері, елтаңбалық мөрлері бар.
Елтаңбалық мөр қаржымен қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының бұйрығымен бланк өнімдерін есепке алу, сақтау және жою, сондай-ақ мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және жою үшін жауапты болып «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының лауазымды тұлғасы тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлер мен мөртабандарды есепке алу журналына сәйкес мөрлер мен мөртабандарды сақтау үшін жауапты басшылар немесе құрылымдық бөлімшелердің жауапты лауазымдық тұлғалары болып табылады.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының, ол болмаған жағдайда «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасарларының ҚР Елтаңбасы бейнеленген бланкілеріне қол қою құқығы бар.
2. Жұмысты жоспарлау
6. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметі Министрліктің Операциялық жоспарына сәйкес, Департаменттің жұмыс жоспарымен, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ гарнизондық іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ аталған жоспарларын «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы негізінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімімен әзірленеді.
7. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарлары «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығымен бекітіледі.
Жұмыс жоспарларының орындалуына «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жауапкершілік артады.
3. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу, қарау
8. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қарау мен өткізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалары).
9. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету тобының қызметкерлері кіріс хат-хабарларын жұмыс күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін қабылдайды.
Қалалық және аудандық бөлімшелерден басқа, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлеріне «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету тобында тіркелмеген құжаттарды қабылдауға тыйым салынады.
Қызметтік қажеттілікке байланысты қалалық және аудандық бөлімшелерден басқа, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері қабылдаған хат-хабар дереу «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету тобына тапсырылуы тиіс.
Түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері түскен хат-хабарларды «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт байланысының орталық пункті қабылдайды және міндетті түрде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету тобына тапсырылады.
10. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қағаз және электронды тасушыда келіп түскен құжаттар бірдей болуға тиісті.
Мемлекеттік органдардан келіп түскен құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланкіге мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) ресімделеді және мынадай міндетті деректемелері болуы тиіс:
1) шығыс нөмірі және күні;
2) бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы;
3) пошталық, электронды мекенжайы және факс нөмірі;
4) орындаушының тегі және оның телефон нөмірі.
Заңды тұлғалардан келіп түскен құжаттар заңды тұлғаның бланкілерінде ресімделуі немесе заңды тұлғаның мөрімен расталып, әрі мынадай міндетті деректемелері болуы тиіс:
1) шығыс нөмірі және күні;
2) бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы;
3) пошталық мекенжайы және факс нөмірі;
4) орындаушының тегі және оның телефон нөмірі.
Жеке тұлғалардан келіп түскен құжаттарда мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс:
1) тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты;
2) пошта мекенжайы, телефон нөмірі;
3) жеке тұлғаның қолы.
11. Құжаттамалық қамтамасыз ету тобына:
1) бектіліген талаптардың және осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген құжаттар және оған қосымшалар;
2) факсимилі бар, қолдан түзетілген жері немесе басқа да былғанышы бар, сондай-ақ тесілген, шимай қағазда орындалған құжаттар;
3) пошта арқылы хатқалтамен (конвертпен) түскендерді қоспағанда, дұрыс емес жолданған (ұйымның, лауазымның, басшының тегі, аты, әкесінің аты дұрыс емес) қабылданбайды.
12. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ тікелей жазбаша өтініш білдірген жеке тұлғаға, заңды тұлғаның, мемлекеттік органның өкіліне тіркелген күні және уақыты, өтінішті қабылдап алған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып белгіленген үлгіде талон беріледі.
13. Осы Регламентпен белгіленген тәртіпте қабылданған құжаттар нөмірі, күні және тіркеу мөртабанындағы парақтар саны көрсетіліп тіркеледі.
14. Тиісті түрде тіркелген, рәсімделген хат-хабарлар әдетте, оның «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ келіп түскен сәттен бастап екі сағаттың ішінде, ал шұғыл болса - дереу (кезектен тыс тәртіпте) «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының қарауына енгізіледі.
15. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы келіп түскен хат-хабарларды келіп түскен күні, ал шұғылын - дереу қарайды. Қарау қорытындысы бойынша бұрыштама түрінде ресімделген тиісті тапсырмалар беріледі.
16. Қаралған хат-хабарлар ресімдеу, бақылауға қою және одан әрі қол қойылып бөлімше бастығына (орындаушыға) беру үшін «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне жолданады. Орындалуы бірнеше құрылымдық бөлімшеге жүктелген құжат бір уақытта жіберіледі және құжаттың түпнұсқасы бұрыштамада бірінші көрсетілген орындаушыға жіберіледі.
17. Дайындалған шығыс құжаттары қол қою алдында ресімделуінің дұрыстығына «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету тобымен келісуге жатады.
18. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
19. Шығыс хат-хабарларына міндеттерді бөлуге сәйкес «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары қол қояды.
20. Шығыс құжаттарын орындаушылар «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету тобының қызметкерлеріне жібереді, олар оның дұрыс ресімделуін, негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың бар-жоғын тексереді. Талаптар бұзыла отырып ресімделген хат-хабарлар орындаушыға қайтарылады.
21. Қол қойылған құжаттар тіркеледі және қол қойылған күні немесе келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей адресатқа (адресаттарға) жіберіледі, ал телеграммалар мен телефакстер шұғыл түрде жіберіледі.
22. Егер құжат басқа ұйымға жіберілген болса, қайтарылуы керек, онда құжаттың бірінші бетіндегі оң жақ жоғары бұрышына мәтіннен бос жолға мөртаңба қояды немесе қайтару туралы белгі соғады, мұндай белгі тіркеу есепке алу нысанына (автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі электрондық деректер нысанына) да қойылады.
4. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының бұйрықтарын
дайындау, тіркеу және тарату тәртібі
 
23. Бұйрық жобаларын дайындауды және оларды «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығына қол қоюға ұсынуды құрылымдық бөлімше сәйкес жобада қозғалған мәселеге байланысты, бір уақытта мемлекеттік және орыс тілдерінде өз бетімен жүзеге асырады.
Қаржы мәселелері бар бұйрық жобалары міндетті түрде келісу және бұрыштама қою рәсімдерінен «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қаржымен қамтамасыз ету бөлімінде өтеді.
Бұйрық жобасында, белгіленген нысан бойынша, келісу туралы мәлімет көрсетілетін беттің екінші жағы толтырылады.
Бұйрық жобасы «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ заң тобында келісуден өтеді. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Заң тобы жобаның заңнамаға сәйкестігіне және заңдық техника бойынша жобаны баяндау ережелеріне сәйкестігіне құқықтық сараптама жасайды және жобаның жалпы немесе жекелеген ережелері бойынша өз көзқарасын баяндайды.
24. Жоба қаралғаннан кейін «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ заң тобы жоба қабылданғаннан кейін үш күннен кешіктірмей мына жауап нұсқаларының бірін ұсынады:
1) жоба ескертусіз келісілді (жобаға қол қойылады);
2) жоба ескертулермен келісілді (жобаға қоса берілуі тиіс ескертулермен қол қойылады);
3) жобаны келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
Бұйрық жобасы бойынша ескертулер түбегейлі болуы керек және келісімге белгіленген мерзімде жазбаша нысанда ұсынылуы керек. Жобаны әзірлеуші ескертулермен және осы ескертулерді нақты жоюмен келіскен жағдайда жоба қайтарылғаннан кейін жобаны қайтадан келісу бір күн ішінде жасалады.
Келісуге бас тартуға негіз болған ескертулер жойылғаннан кейін Заң тобы маманының қолы келісу бетіне қойылады.
25. Бұйрық жобасының сапалы әзірленуіне, келісуге, мәтінді баяндау стилінің талаптарын сақтауға әзірлеуші (құрылымдық бөлімше басшысы) жеке жауапкершілікте болады.
Жоба мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сәйкестігіне ШҚО «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жауапты.
26. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы қол қойған бұйрықтар тіркеледі, көбейтіледі және алушыларға қатаң түрде тарату тізімі бойынша жіберіледі:
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Құжаттамалық қамтамсыз ету тобы бұйрықтардың техникалық ресімделуін тексеруді, бұйрықтардың ресімделуін олардың тіркелуін және алушыларға қатаң түрде тарату тізімі бойынша жіберілуін жүзеге асырады:
Бұйрықтың мәтініне қол қойылғаннан кейін өзгерістер мен жөндеулер енгізуге рұқсат етілмейді.
Бұйрықтардың даналарын белгіленген тізімнен артық жасауға тыйым салынады.
27. Қол қойылған бұйрықтардың түпнұсқасы:
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Құжаттамалық қамтамасыз ету тобында сақталады.
Мемлекеттік немесе басқа заңмен қорғалған құпия мәліметтері бар бұйрықтар жариялауға жатпайды.
 
 
5. «ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметіне қажетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу тәртібі
 
28. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг ескірген құқықтық нормаларды анықтау, өзгерістер және толықтырулар енгізу бойынша дер кезінде шаралар қабылдау үшін жүргізіледі.
6. Орындалуын бақылау
29. Құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, Министрліктің Регламентіне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
30. Құжаттарды орындауды бақылауға құжатты бақылауға қою, орындау барысын реттеу, орындалған құжатты бақылаудан алу, орындалған құжатты іске жіберу, есепке алу, хабарлау және құжаттардың орындалу барысын және нәтижелерін талдау, басшылықты құжаттарды орындау жай-күйі туралы хабардар ету кіреді.
Бақылауға мынандай, соның ішінде құпия құжаттар алынады (одан әрі – бақылаудағы құжаттар):
1) «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ-ға қатысты тапсырмалары бар Министрлік алқасының, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша мемлекеттік ведомствоаралық комиссия қаулылары;
2) Министрдің, Министрлік аппараты басшысының, Комитет төрағасының, Комитет аппаратының, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, Департамент бастығының және оның орынбасарларының «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ-ға берілген орындау мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы “дереу”, “баяндалсын”, “ұсыныстар енгізілсін” бұрыштамалары бар тапсырмалар, сондай-ақ бақылауға алу қажеттілігі туындап тұрған тапсырмалар;
3) жауап қайтаруды, түсініктеме беруді, ұсыныстар енгізу туралы жазылған мемлекеттік органдардың хаттары;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығының тапсырмалары.
Мәселенің мән-жайы бойынша құжаттарды орындауды бақылау құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.
Құжаттардың орындалу мерзіміне бақылауды «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту қызметі жүзеге асырады.
31. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету тобы ай сайын, әрбір екінші дүйсенбіде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының аппараттық кеңестерінде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ атқарушылық тәртіптің жай-күйі туралы ақпарат береді, оны жетілдіру бойынша, қажет болғанда бақылаудағы құжаттардың мерзімін бұзған немесе сапасыз орындаған қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығына жартыжылдық, жылдық қорытындылары бойынша ақпаратты ұсынады.
32. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бақылау жүйесін мыналар құрайды:
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы жалпы басшылық ету және «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметіне бақылау жасауды, соның ішінде бақылауға алынған құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өздері басқарып отырған «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелеріндегі құжаттардың орындалуына бақылау жасайды, бақылауда тұрған құжаттардың мерзімін бұзған немесе оларды сапасыз орындаған өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ басшысы алдында өздері жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмысы үшін жеке жауапкершілік артады;
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы құжаттардың уақтылы тіркелуі мен бақылауға алынуын қамтамасыз етеді, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығының бұрыштама соғуын есепке алумен, олардың орындалу мерзімін белгілейді, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ атқарушы тәртіптің жай-күйіне мониторинг жасайды, басшылыққа келіп түскен бақылау тапсырмалары туралы хабарлайды, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оларды орындау мерзімінің (апта сайын) келгендігі туралы ескертеді, іс жүргізуді ұйымдастыру және Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының жұмысы үшін жеке жауапкершілік артады, өз функцияларын тиімсіз жүзеге асырған бөлімшелердің басшыларын, сондай-ақ бақылаудағы тапсырмалардың мерзімін бұзған немесе оларды сапасыз орындаған «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы өз құзыретінің шегінде басшылыққа ұсыныстар жасайды.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімі мен өтуіне бақылау жасайды. Орындалған құжаттардың бақылаудан алынуын, бақылаудағы тапсырмалардың тізбесін дайындау және олардың орындалу мерзімі туралы ескертудің жолдануын қамтамасыз етеді. Құжаттардың бақылауға дұрыс алынуы және оларды бақылаудан алып тастауға жауапкершілік артады.
33. Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы құжаттардың орындалуына кешенді және ішінара тексеру жүргізеді, ескерту сипаттағы шараларды қабылдайды, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы жанындағы шұғыл кеңесіне мәселелерді енгізеді.
7. Құпия іс жүргізумен жұмыс істеу
34. Құпия іс-қағаздарымен жұмыс істеу құпия тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру
 
35. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
 
9. Заңды даулы мәселелерді және Қазақстан Республикасы заңнамасын орындау рәсіміндегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша және жүйеге келтірілген тиімді жұмысты есепке алу
 
36. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы заңнамасының даулы кезеңі, заң көмегі қажеттілігі туындау және басқа да инстанциялар арқылы шара қабылдау барысында «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының атына қызметтік жазбада мәселенің мәнін дәлелді түрде баяндайды және бір мезгілде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Заң тобына көшірмесін жолдайды. Заң тобы «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы виза қойғаннан кейін 3 күн ішінде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелеріне көмек көрсету бойынша шара қабылдайды. Жыл қорытындысы бойынша «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Заң тобы қызметтік жазбалар негізінде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейіне бағалауды жүргізеді.
_________________________________________