Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысыТөтенше жағдайлар департаментініңӨрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі(Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесінің құрамына 27 бөлімше (үш мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 24 өрт сөндіру бөлімі және Ақсай қаласындағы арнайы пост) кіреді. Сегіз өрт сөндіру бөлімдері облыс орталығында, он екі өрт сөндіру бөлімдері аудан орталығында, жеті өрт сөндіру бөлімдері елді мекендерде орналасқан. Өрт сөндіру бөлімі мен өрт сөндіру арнайы бекеті Ақсай қаласын, Қазақстан Республикасының Қарашығанақ және Чинарев ірі мұнайгазконденсат кен орындарын «Өрт сөндіруші» АҚ қорғайды.