Принтерге шығару

Қызметі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті
төрағасының
2014 жылғы 11 қарашадағы
№31 бұйрығына
10-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесінің жарғысы
 
1. Жалпы ережелер
 
  1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
  4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 қаулысына сәйкес құрылған.
  5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
  6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
  7. Қызметтің атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Карагандинской области (город Караганда) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
  1. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 25.
2. Қызметтің заңды мәртебесі
 
  1. Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның суреті және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері, мөртабандары болады.
  3. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі кезіңде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
  5. Қызметтің азаматтық-құқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
  6. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
 
  1. Қызмет жұмысының мәні мен өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
  2. Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
  3. Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
  4. өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
  5. елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
  6. жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
  7. өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
  8. өрттерді зерделеу және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
  9. өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және де басқа техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөңдеу және техникалық қызмет көрсету;
  10. күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
  11. жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
  12. өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдару дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
  13. соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақытылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
  14. бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
  15. тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады.
  16. Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
  17. Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемдекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуанымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  18. Қызмет Бастығының (бұдан әрі – бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға әкеледі.
4. Қызметті басқару
 
  1. Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
  2. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  3. Қызметке мүлікті бекітіп береді;
  4. мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министрлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
  5. Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
  6. Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізеді;
  7. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-Департамент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
  8. жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
  9. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
  10. Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымына босату негіздемелерін айқындайды;
  11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  12. Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды Департамент жүзеге асырады.
  13. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  14. Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетінше шешеді.
  15. Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  16. Қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  17. өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
  18. шарттар жасасады;
  19. сенімхаттар береді;
  20. Қызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
  21. өз құзіреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  22. Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
  23. өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
  24. өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
  25. гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;
  26. төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
  27. жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді;
  28. өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
  29. соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын өртке қарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастырады.
  30. өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады, осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
  31. өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдықтың, байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
  32. өрт сөндіру қызметінің объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақтарын, байланыс құралдарын, құрал-жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
  33. жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді қорытады және талдайды, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
  34. жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника мен байланыс, ақпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
  35. материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және нақты бар болу, сақтау және беру тәртібінің сақтау дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
  36. күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
  37. ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
  38. жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
  39. жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
  40. Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөнінде Дапартаментке ұсыныстар енгізеді;
  41. Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
  42. Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
  43. Қызметтің аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  44. Өз құзіреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
  45. Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақытылы құруды қамтамасыз етеді;
  46. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді;
  47. Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын үй-тұрмыстық, қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
  48. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшылық құрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
  49. Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  50. Қызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
  51. бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпта моральдық-психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға дербес жауапты болады;
  52. бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
  53. дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
  54. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
 
  1. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
  2. Мемлекет оған тапсырған мүлік;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптасады.
  4. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  5. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
  6. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
  7. Қызметтің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
 
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
 
  1. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
  2. Қызметтің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою шарттары
 
  1. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Тарихы

Қарағанды облысы
өртке қарсы қызметінің тарихы
1929 жылы ХШЖК Президиумы Қарағандыда мемлекеттің үшінші базасын құруға қаулы етті. Cол жылы Қазақ құрылыс көмір тресті ұйымдастырылды, шахталарды, сонымен қатар тұрмыс және қоғамдық ғимараттарын құрастыруға кірісті (әрі қарай бұл трест Қарағанды құрылыс көмірге атын ауыстырды). Ертеде салынған шахталардан біреуі ғана болды – Герберт шахтасы (ағылшын - қожайынның аты). Жергілікті халық тұратын, жиырма шақты бір этажды саманн ғимараттары, негізінде барақтардан тұратын, сонымен қатар соша киіз үйлер осы шахтаның қасында орналасқан, тұрғылықты ауыл. Бұл уақытта ескі және жаңа Қарағанды болмаған. Шағын тау-кеншілер ауылында, киіз үйлерімен екі мың адам да болмайтын. Ауылдың ар жағында кең дала.
Жұмыс істеп жатқан шахтаны, сонымен қатар тұрмыс және қоғамдық ғимараттарын өрттен қорғау үшін, 1931 жылы Қарағандыда «Қарағанды құрылыс көмір» трест бірінші ведомстволық өрт командасы құрылды. Осы мерзімнен Қарағанды қаласының өрт күзетінің тарихы басталады.
26 жеке құрам адамдары, 3 жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегімен өрт торабы және 6 ат жүретін топты өрт командасы деп атауға болмайды. Қиын өртті айтпағанды, жай жаңа ғана басталып жатқан өртті де кейде өшіре алмайтын.
50-60 шелек суды жұмасам, атты өрт командасының жауынгері суға үш шақырым жүріп, су әкелетін болатын. Шахта құдығына барып, бөшкеге суды шелекпен құйылатын. Өрт болған ауданда (жеті шақырым жерде күзетілетін ауылда кішкентай Букпа өзені өтетін) жақын жерде су болмайтын. Әрине, жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегіндегі бөшкені толтырғанша, болып жатқан өрт одан сайын жанатын, немесе барлығы толығымен жанып кететін.
Өрт командасын шақырту үшін (телефон, дабылдаушы) техникалық құралдар болған емес. Өрт командасына жүгіріп келетін адамдардан естіп, немесе таңертен өрт бақылайтын каланчадан көрсе баратын. Бірақ көбінесе, өртті сөндіру керек жоқ жағдайда өрт болған туралы ертеңгі күні білетін.
Болған өрттер есепке алынбайтын. Жолдамаларды ешкім толтырмайтын, өйткені оларды толтыратын адам болған емес. Бастық пен бастық орынбасарынан басқа, өрт күзетінің қызметкерлері сауатсыз болатын. Өрт бақылайтын каланчадан өрттін мекенін нақты көру қиынға соғатын.
Бірінші өрт командасының бастығы И.П.Шумилов өткенде Азаматтық майданының партизаны болатын, сауатты және жігерлі адам, жақсы ұйымдастырушылық қабілетілігімен, жеке құрам және нысандардын бастықтары арасында беделді болатын. Арнайы дайындығы болмаса да, ол өрт жұмысын тәжірибеде жақсы қолдана білетін.
Бірінші уақытта өрт командасында ешқандай оқу құралдары болмайтын, сонымен қатар жарғылар мен нұсқаулар болмайтын. Жауынгерлік дайындық, өрт тактикасы бойынша теориялық сабақтар болмайтын. Ал қиын емес өрт сөндіру жаттығулары жергілікті өрт болған кезде болатын.
Барлық өрт жұмыстары төрт ауысымнан өрт қорасында (өрт депосы деп айтуға болмайтын бөлме) және алдын ала сақтандыру жұмыстарын өткізетін күзетілетін нысандарда өтетін.
Әр жауынгер, бөлімше командиры және қарауыл бастығына белгіленген учаскесі бөлінетін. 12 сағат өрт командасында кезекшілікті атқарып, келесі күні профилактикалық жұмыстарын атқару үшін өз учаскілеріне баратын.
Ол кездегі барлық профилактикалық жұмыстар нысандарда өртке қарсы тәртібін қатаң сақталуын үнемі бақылауды болатын. Күрделі шығындар шығаратын сұрақтарды, өрт күзетімен қарастырылып шешілмейтін. Профилактикалық жұмыстарын өткізгеннен кейін жеке құрам екі тәулін демалатын, содан кейін өрт командасының кезекшілікке қайта кірісетін. Қызмет атқару және профилактикалық жұмыстарын өткізу тәртібі бірнеше жыл қолданды.
Уақытша берілген бір қабатты қорада, үстінен қарап тұратын өрт бақылайтын каланча, үш атты-бөшкелі жауынгерлігі, ат қора, жемшөп қоймасы және шағын кезекшілік бөлме. Мұнда өрт күзетінің жауынгерлері қызмет атқарып демаламын. Бұл қарауыл бастығының кабинеті де болатын. Қыста қатты боран болған күндері, жауынгерлер бірнеше күн бойы өртке шыға алмайтын.
Отбасылы және жалғыс басты адамдар өрт командасының қызметкерлері 30 метрлік жерде тұрған саманн барақтарында тұратын. Дабыл болған жағдайда, қызмет атқарудан бос адамдар, өрт қорасына жүгіріп келіп кезекшілік етіп жатқан қарауылмет бірге өртке шығатын. Тұрмыстық жағдайға байланысты (өрт командасында ішетін су да болмайтын, қыста адамдар қармен пайдаланатын), жауынгерлер өз міндеттерін адал атқаратын, тапсырмаларын уақытылы және дұрыс орындайтын.
Құрылыс өсіп, қала өсіп сонымен қатар 1932 жылы өрт күзетінің жеке құрам саны 54-ке дейін өсті. Жауынгерлік есепке тағы екі жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегін қосты, оларды орналастыру үшін ғимарат өрт сарайына тағы бөлме қосты және ат қораны кеңейтті. Сонымен басқа, 18 адам жеке құрамымен өрт посты № 2 шахтасының ауданында ұйымдастырылды. Қолды өрт сорабымен үш жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегі жауынгерлік есепте тұрды. Сондай өрт посты 1933 жылы жаңа құрылған қаланың ауданында ұйымдастырылған. Өрт-техникалық құралдарын сақтауы және қызмет атқаруы, екі постта уақытша берілген ағаш қорасында орналасқан.
1934 жылы өрт командасының есебіне бірінші өрт автосорабы АМО-3 түсті. Бұл керемет оқиға және күрделі алға басуы болды. Осы уақыттан бастап жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегі орнына Қарағандыға сол уақытқа, күшті, отандық өрт автотехникасы келді.
Келген өрт автокөлігіне ғимарат қорасына қосып бір көлік шығатын уақытша бөлме салынды. Өрт командасының штатына төрт шопыр кіргізді, бірақ толық бұл штатты жинақтауға мүмкіндік болмады, өйткені жаңа техниканы білетін мамандар Қарағандыда болған жоқ. 1934 жылғы 1 маусымына өрт командасының және екі өрт постында он бір жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегі қолды өрт сорабы және АМО-3 өрт автокөлігі жауынгерлік есебінде болды.
Жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегімен көпке дейін айырылысқысы келмеді. Өртті сөндіру үшін бірігіп өрт көлігі және жауынгерлік су тасымалдайтын ат жетегі бірге баратын. Бір көлікке онша сенбейтін, өйткені ол жиі сынатын. Шопырлардың тәжірибеліксіздігі болып табылатын. Сонымен қатар, қысқы мерзімде қармен жолды алып қалған, өрт орнына уақытылы келе алмайтын, сол жағдайда су тасымалдайтын ат жетегі құтқаратын, олар қардан жақсы өтетін. (1946 жылы өрт командаларынан су тасымалдайтын ат жетегі жауынгерлік есептен шығарылды).
1938 жылға Қарағанды бір қалалық өрт командасымен және «Қарағанды көмір» үш ведомстволық комбинат командасымен күзетілетін. ІІХББ өрт күзетінің облыстық инспекциясы мемлекеттік өрт күзетін басшылыққа алатын. Оның құрамына төрт адам кіретін.
Жұмыс ауылдарда өртпен күресу жолдарын қиындататын жолдың жоқтығы және шахтада сумен қамтамасыз етудің жоқтығы, содан соң нысандарда профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінетін.
Е.М.Скоробогатько бірінші уақытта инспекцияны басқаратын. Облыстық АБСБ бастығының көмекшісі лауазымында болды. Петропавл қ. 1936 жылға дейін Қарағанды облысының отралығы болатын.
1938 жылы ІІХК аудандық штаттарына аудандық өрт сөндіруші инспекторлары еңгізілді, инспекторлар профилактикалық жұмыстарын, сонымен қатар өз еркінді өрт сөндірушілер дружинасымен бірігіп ауылда болған өрттерді жоятын. Инспекторларға бір атты арба мен ат бекітілген. Бір бірінен 60-100 километр жерде орналасқан колхоздарды, совхоз бен комендатураларды осындай көлікпен қызмет ететін. 3-4 сынып бітірген, Қызыл Әскерде борыштарын өтегендер аудандық өрт инспектор міндеттерін атқаратын. Өзіндерінің жұмыстарына өрт-техникалық тексерулерімен шектелмей, өрттерді тергеу, оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғау, барлық процессуалды әрекеттерін орындау, куәгерден сұраудан бастап айыпты тігуімен аяқталады, міне осындай шамалы білімдері бар адамдар өз жұмыстарын адал ниеттерімен атқаратын.
1940 жылы Никита Евсеевич Скоробогатькода арнайы өрт дайындығы болмағандықтан ІІХК басқармасына шаруашылық жұмыстарына ауыстырылды. Куйбышев атындағы ӘӨК Ленинград мектебінің түлегі – техник-лейтенанты В.М.Дорохин инспекция бастығының міндеттерін Скоробогатькодан кейін атқарды.
Аудандық орталығынан бір қолхозға бару үшін бір тәулік уақыт кететін. Жол уақытында бір-екі рет атқа жем беру керек, сондықтан аудандық өрт инспекторы өзінін міндетінен басқа, атшы мен көшір ролін атқаратын.
Аудандық инспектор, 3-4 бастауыш сыныбының білімдері болатын, ал кейбіреулері мүлдем сауатсыз болатын. Мысалы, қол қою ғана білетін Шет ауданында Шакир Ормамбетов бірнеше жыл өрт инспекторы болып істейтін. Барлық іскер құжаттарды оның сөздерінен оқушы-балалары толтыратын. Әрине, мұндай құжаттардың сапасы қандай болатынын ойланыздар.
Ұлы Отан соғыс кезінде біздің еліміздің мындаған өрт сөндірушілер қолдарына қару алып майданда күресетін, сонымен от мыңдағандар аянбай тылда еңбек еткен. Қарағанды облысының өрт сөндірушілері ержүректіктерін және батырлықтарын көрсетті. ҰӨС жылдарындағы 32 мың өрт сөндіру қызметкерлері, олардың ішінде, Василий Васильевич Цымбал, Александр Романович Марыкин, Георгий Афанасьевич Любимов, Сабиргали Кусенович Кусенов, Владимир Михайлович Дубинин, Александр Корнилович Рыбак, Азол Садыкович Садыков, Дмитрий Мартынович Ходяков, Тимофей Иванович Муравьев, Утегали Ахметжанов, Алексей Федорович Ильинский және тағы көптеген ҰОСА және тылдағы еңбеккерлер мемлекеттік марапатқа ие болды.
1943 жылы Қарағанды облысы бойынша ІІХКБ ӨСК бастығы капитан Василий Анисимович Гачков тағайындалды, ол 1957 жылға дейін еңбек етті (Көкшетау облысы ІІБ ӨСК бастығы ішкі қызмет полковнигі атағында еңбек жолын аяқтады).
Қарағандының зауоды синтетикалық каучугі - КСРО Министрі Кеңесінің жарлығына сәйкес 1951 жылы әскерленген №7 өрт сөндіру бөлімі жарылуға қауіпті нысанды күзету үшін ұйымдастырылды.
Экономикалық жағдайы көтерілген кезде 1952 жылы Қарағанды қаласындағы өрт сөндіру күзеті әскерленді. 3 бөлек әскерленген өрт командасы құрылды (1-БӘӨК бастығы - Г.П.Юрченко, 2-БӘӨК ескі қала – Габбасов, 3-БӘӨК жаңа қала - Г.Н.Дуплянкин).
Алматыдан А.Ф.Ильинский, У.А.Ахметжанов, А.П.Кожевников, Оралдан С.К.Кусенов, Гурьевтан Г.М.Малянов, А.И.Полторабатько және т.б. 1952 жылы осы бөлімшелерді ұйымдастыру үшін келді.
Сол жылы Ерубаева көшесі, 25 төрт көлік шығатын типтік өрт депосы салынып бітті.
1956-1958 жылдары осы бөлімшелер Қарағанды қаласының ӘӨСК жасағына біріктіріп, ҰОС қатысушысы майор Василий Михайлович Забора басқарды.
1957 жылы облыстық ІІБ ӨСКБ Бакинскідегі өртке қарсы гарнизонынан келген ішкі қызмет майоры Владимир Федорович Дмитриев басқарды. Балқаш және Жезқазған, Қарағанды қаласындағы 5, 7, 15-ӨСБ өрт депосының ғимаратын оның кезінде салынған. Аудандық орталықтарда жеңіл түрде өрт деполары салыннып кәсіби өрт сөндіру бөлімдері ұйымдастырылды. Барлық қалаларды, аудандық орталықтарды өз еркімен өрт сөндіру қоғамдары құрылды, олар көлемді өртке қарсы жұмыстарын орындауды ұйымдастырды. 1953 жылы облыстық ӨЕӨСҚ Павел Степанович Грезин басқарды. Өртке қарсы қызметінің үгіт-насихат жұмысыстарын, өрт сөндіру бөлімдерін ұстау және өз еркімен өрт сөндіру қоғамдарын нығайту жұмыстарына ӨЕӨСҚ қаражатынан бөлінетін.
1961 жылы Қазақстандағы қиын өнеркәсіп флагманы құрылып жатқан – Қарағанды металлургия комбинатын күзету үшін ӘӨСК жасағы құрылды. ҰОС қатысушы ішкі қызмет подполковнигі Яков Федорович Белеменко басқарды, одан кейін оны ауыстырған полковник Иван Петрович Бондаренко. Владимир Иванович Избяков, Олег Петрович Головницкий, Геннадий Владимирович Рудык үлкендердің эстафетасын жалғастырған. ҚР ІІД ӨСБ бастық орынбасары полковник Г.А. Васютинский, Қарағанды облысы МӨҚҚ бастығы ішкі қызмет полковнигі Н.П.Поздин, Торғай және Павлодар облыстарының ІІБ ӨҚҚБ бастығы ішкі істер полковнигі С.В.Басакевич, Жамбыл облысының бастығы ішкі істер полковнигі Ю.И.Цыплаков, Қарағанды облысы ІІБ ӨҚҚБ және Алматы қаласының бастық орынбасары полковник В.И.Избяков Қазақстандық Магниткасында шынықтыруын өткен.
Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған ірі өнеркәсіптерін сақтау үшін соғыстан кейінгі құрылыс өнеркәсіпті даму үшін берік фундаментін Новиков, Сударкин, Чабан, Данилов, Цыплаков, Сидоренко, Тихонов және т.б. орнатқан.
Мемөртсөндіру надзорындағы аппаратпен жұмыс істеуге тәжірибе болмағандықтан облыстық совхоздарда тын және шоғыр жерлерді меңгеру, өрттен алдын-алу жұмыстарын өткізу кезінде, бидайды жинау және азықтарды дайындау кезде өрттер шығатын. Адамдар аянбай өртпен күресетін. Нұра ауданындағы «Щербаковский» ауылында бидайды өрттен қорғау үшін қаза таппқандар «отты трактористер» Владимир Котешиков және Николай Грибов қаһармандары мәңгі есте қалады.
А.П.Замниус, В.П.Даниленко, А.А.Платонов, П.П.Верховский, А.В.Дите басқарған, технологиялық барысын, өрт қауіпті заттарын зерттейтін, сараптаманы жүргізу, өртті тергеу жұмыстарын өткізу сапасын көтеру үшін 1964 жылы өрт-сынау станциясы ұйымдастырылды.
Белов, Д.М.Хоздяков басқарған, 1966 жылы өрт бөлімшелерінің кадрларын дайындау үшін ӨҚҚК штаты есебінен оқу пункті құрылды.
Владимир Петрович Шишкин басқарған, 1967 жылы өрт техникасын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери өрт техникалық қызметінің бөлімі құрылды.
1967 жылы ІІБ Қарағанды облисполкомының өрт күзетінің басқармасы құрылды. КСРО Министрі Кеңесінің жарлығына сәйкес ведомстволық өрт сөндіру күзеті ІІД құрамына нңгізілді. Сол жылы Қарағанды облисполкомы ІІД ӨСКБ құрамына еңген, Қарағандыда, спутникті-қалаларда, Жезқазғанда, Балқашта күшті ведомстволық өрт сөндіру бөлімшелері болған, Р.У.Хутим, И.Д.Лазарев, Д.П.Нелезенко, Бычковский, С.И.Бердалин, Б.Е.Алифанов, И.А.Миночкин басқарған. ІІД ӨСКБ мемлекеттік өрт надзорының бөлім бастығы Р.У.Хутим болып тағайындалды.
Василий Сидорович Новиков, Галим Ибраевич Ибраев, Данил Федорович Дронов, Яков Федорович Ходяков, Яков Федорович Белененко қызметтің нығайтуына үлкен үлес қосқан.
1989 жылының 27 қарашасынан Қарағанды облисполкомының бұйрығымен 27.11.1989 ІІД ӨСКБ Қарағанды облисполкомының ІІД ӨСКБ Қарағанды облисполкомының Өрт сөндіру бөліміне аты ауыстырылды.
1992 жылдың 11 желтоқсанын № 909 бұйрығымен бекітілген ІІД ӨСКБ Қарағанды облисполкомынан ІІД Қарағанды облисполкомы өрт сөндіру басқармасына ауыстырылды.
Рамазан Урсубиевич Хутим 1975 жылдан 1993 жылға дейін қызметті басқарған. Валентин Иванович Избяков, Анатолий Петрович Замниус, Михаил Иванович Шероварин оның бастық орынбасарлары болған.
Василий Сергеевич Чернокожев, Андрей Васильевич Керхер, Алексей Иванович Слипченко ІІД Жезқазған облысында құрылған ӨСБ басқарды.
1996 жылдың 11 сәуірінен № 189 бұйрығымен бекітілген ІІД ӨСКБ Қарағанды облисполкомынан Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік өртке қарсы қызметіне ауыстырылды.
1997 жылдың 1 шілдесінен № 123 Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитетінің төтенше жағдайлар МӨҚҚБ бұрығы Қарағанды облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметіне ауыстырылды (Басты басқармасының құқығында).
1987 жылы өрт-техникалық білімдерін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін өрт-техникалық көрме ұйымдастырылды, өрт-техникалық орталықты қызмет ардагері ішкі қызмет подполковнигі Владимир Мефодьевич Мащицкий басқарды.
Қарағанды қ. ӨБОП «01» желісі 10 жетті, 50 тікелей өрт сөндіру бөлімдерімен телеграфтық желілер орнатылды.
1988 жылы 125-МӘӨСБ базасында авариялық-құтқару, ірі өрттерді сөндіру үшін мамандырылған өрт сөндіру бөлімі құрылды. Бөлімшені құру жұмысын В.М.Козлов ұйымдастырды.
Облыстық ӨҚҚБ-ӨҚҚБ ұжымдары арасында республикалық жарыстарда сол жылдары облыстық ІІД ӨҚҚБ үнемі жүлделі орындарға ие болатын.
1993 қиын жалдары ІІД ӨҚҚБ Николай Павлович Поздин басқарды. Ұзақ уақыт еңбек ақысын алмай, ЖЖМ жоқтығы, көліктерге қосалқы бөлшектердің жоқтығы кадрлардың кетуіне себеп болды. Нысандарды өрттен қорғау үшін облыста төлем ақымен ғана жүргізілетін болды, өртке қарсы қызметінің жауынгерлік қабілетін сақтау үшін жауынгерлік есебінің саны қысқарылды. Облыстық әкімнің қолдауымен Н.П.Поздин сол істерге барды. 1996 жылы облыстық ІІД ӨҚҚБ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің статусын алды. 1997 жылы ҚР ІІД МӨҚҚ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша Мемлекеттік комитетіне тапсырылды.
Ішкі қызмет майоры Р.С.Якубов басқарған, 1997 жылы МӨҚҚ техникалық жасағы құрылды.
2002 жылдың 24 маусымынан №491 ҚР Төтенше жағдайлар агенттік бойынша Қарағанды облысы МӨҚҚ (Басты басқармасының құқығында) Қарағанды облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бақсқармасына ауыстырылды.
2011 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың ақпанына дейін Қарағанды облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ішкі істер қызметінің полковнигі Виктор Михайлович Козлов басқарды.
2005 жылдың ақпан айында МӨҚҚ қайта құрудан өтті.
2005 жылдың 1 ақпанынан 74 к ҚР ТЖМ Қарағанды облысының МӨҚҚ бас басқармасынан мекемені қайта құру бойынша Қарағанды облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» Мемлекеттік мекемесінің филиалына ауыстырылды.
Төтенше жағдайлар облысындағы мемлекеттік бақылау және надзорын басқармасын ішкі қызмет полковнигі Олег Владимирович Мащицкий басқарды.
Ішкі қызмет полковнигі Айдар Нургасимович Кылдыбаев «Өртке қарсы қызмет және авариялық-құтқару қызметі» ММФ және 2005 жылдың қыркүйек айында құрулуымен және өртке қарсы қызмет органдары қайта құрылуына байланысты, Қарағанды облысы Өртке қарсы қызмет департаментін басқарды.
2006 жылдан 2008 жыл аралығында «Өртке қарсы қызмет және авариялық-құтқару қызметі» ММФ өртке қарсы қызмет полковнигі Д.А.Розанов басқарды.
1998 жылдың 20 ақпанында Қарағанды қаласындағы АОЗТ «Каргормаш» әкімшілік ғимаратындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Тілеуғабылов Қайрат Сартайұлының – ӨСҚК ӨСБ аға көмекшісі, 2006 жылдың 1 қарашасынан Қарағанды қалалық маслихатының № 15 шешімі және 2007 жылдың Қарағанды қаласының №22/2 әкімшілік қаулысына сәйкес, «Кунгей» ықшам аудынындағы көшесіне аты берілді.
2008 жылдың 19 шілдесінен ҚР Үкімет қаулысына сәйкес 2008 жылдың 25 қыркүйегінен ҚР ТЖМ ӨҚҚК Қарағанды облысы бойынша «Өртке қарсы қызмет және авариялық-құтқару қызметі» ММ филиалы ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД «Өртке қарсы қызмет және авариялық-құтқару қызметі» ММ қайта құрылды. Қызмет бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі М.Ж.Айтжанов тағайындалды.
2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы ТЖД «Өртке қарсы қызмет және авариялық-құтқару қызметі» ММ өртке қарсы қызмет полковнигі В.Э.Магамадов басқарып отыр.
Г.А.Васютинский, В.И.Избяков, С.А.Басаневич, В.И.Горбунов, А.Д.Евтушенко, М.Г.Баграмов, Ю.И.Цыплаков, В.И.Малинин жұмыстағы үздік көрсеткіштері үшін өртке қарсы қызмет қызметкерлері басқа гарнизонға басқарушы лауазымдарына жіберілді.
Басқа қызметкерлер облыстық ІІД басқару лауазымдарына ұсынылды. Олардың ішінде: О.П.Головницкий, П.П.Верховский, В.К.Погорелов, С.В.Петраков, В.Н.Зябкин, А.П.Глазков, В.Н.Мазин.
70-жылдары ҚР юстиция Министрі Рашит Толеутаевич Тусупбеков 1-ӨСБ қызмет атқарған.
Соғыс жылдары және соғыстан кейіңгі құрылысты кәсіби өрт сөндіру бөлімдерінің ұжымдары және өртке қарсы күреске ардагер - әйелдер Д.Е.Филатова, С.Г.Кравченко, Г.П.Балдина, Е.С.Журавлева, Л.П.Труфганова, Л.Е.Ускумбаева, В.В.Хальзова, В.В.Сигова, К.Т.Лукьянченко және т.б. басқаратын.
Қазіргі таңда Қарағанды облысының гарнизоны Республикадағы өртке қарсы қызмет бойынша ең үлкен гарнизон болып табылады.
Атаулы оқиғалар
1931 – «Қарағнды көмір құрылыс» бірінші ведомстволық өрт сөндіру трест командасы ұйымдастырылды
1934 – бірінші АМО-3 автосораб құралы түсті
1935 – өрт депосының бірінші күрделі ғимараты салынды
1952 – бірінші екі әскерленген өрт сөндіру командасы құрылды
1964 – өрт-сынау станциясы құрылды
1967 – Қарағанды облисполком ІІД өрт күзетінің басқармасы құрылды
1980 – 31-ӨСБТҚ бірінші өрт сөндіру бөлімінің техникалық қызметі құрылды
1986 – оқу пункті құрылды
1987 – өрт-техникалық орталығы ашылды
1988 – 125-МӨСБ бірінші мамандырылған өрт сөндіру бөлімі құрылды
1996 – кәсіптік өрт сөндіру бөлімдерінің әскерленуі
1997 – ІІМ құрамынан Қазақстан Республикасының ТЖ Мемлекеттік комитетіне өрт сөндіру күзетін тапсыру. Қарағанды және Жезқазған облыстарындағы өрт күзеттерін біріктіру
1999 – РММ «Өрт сөндіруші» құру
2001 – Қарағанды облысына Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің туын тапсыру
2001 – Қазақстан Республикасының 10-жылдық Тәуелсіздігіне орай, өрт-қолданбалы спорт бойынша халықаралық жарыстар өткізу
Республики Казахстан
Өртке қарсы қызметінің басшылары
Н.Е.Скоробогатько, мемлекеттік қауіпсіздігінің аға сержанты, 1936 – 1940 жылдар аралығында Қарағанды облысының ІІКХБ өрт күзетінің инспекция бастығы
В.М.Дорохин, лейтенант-технигі, с 1940 - 1943 жылдар аралығында – Қарағанды облысының ІІКХБ өрт күзетінің инспекция бастығы. Өрт-техникалық білімімен бірінші басшысы
В.А.Гачков, ішкі қызметінің майоры, 1943 - 1957 жылдар аралығында Қарағанды облысының ІІМБ өрт күзетінің бөлім бастығы
В.Ф.Дмитриев, ішкі қызмет полковнигі, 1957 – 1975 жылдар аралығында Қарағанды облисполком ІІБ өрт күзетінің бөлім бастығы
Р.У.Хутим, ішкі қызмет полковнигі, 1975 - 1993 жылдар аралығында Қарағанды облысының ІІБ өрт күзетінің басқарма бастығы
Н.П.Поздин, ішкі қызмет полковнигі, 1993 – 2001 жылдар аралығында Қарағанды облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бастығы
В.М.Козлов, ішкі қызмет полковнигі, 2001 - 2005 жылдар аралығында Қарағанды облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бастығы
А.Н.Кылдыбаев, ішкі қызмет полковнигі, 2005 - 2006 жылдар аралығында Қарағанды облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММФ бастығы
Д.А.Розанов, өртке қарсы қызмет полковнигі, 2006 - 2008 жылдар аралығында Қарағанды облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММФ бастығы
М.Ж.Айтжанов, өртке қарсы қызмет полковнигі, 2008 - 2009 жылдар аралығында Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ бастығы
В.Э.Магамадов, өртке қарсы қызмет полковнигі, 2009 жылдан осы күнге дейін Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ бастығы.
И.Г. Комаров, азаматттық қорғау подполковнигі, 2016 жылдан осы күнге дейін Қарағанды облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі" ММ бастығы
 

Басшылық

rukovidel Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесі бастығы. Өртке қарсы қызмет подполковнигі Иван Геннадьевич Комаров, Қарағанды қаласында 1976 жылдың 5 маусымында дүниеге келді. 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін, 2004 жылы Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдады.
Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысының Қарағанды қаласындағы МӨҚҚ 3-жасақтың 5-өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастаған.
Қарағанды облысы МӨҚҚ 2-жасақтың 5-өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндірушісі, Қарағанды облысы МӨҚҚ 2-жасақтың 5-өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы, Қарағанды облысы МӨҚҚ ММ Қарағанды қаласының МӨӨКБ 5-өрт сөндіру бөлімінде бастықтың орынбасары болып істеді.
2005 жылы Қарағанды облысы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММФ 5-өрт сөндіру бөлімінде бастық орынбасарына тағайындалды. 2006 – 2008 жылдары - Қарағанды облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ 5-өрт сөндіру бөлімінің бастық орынбасары. 2008 жылдың ақпан айынан бастап Қарағанды облысы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММ Мамандырылған жасақтың бастық орынбасары лауазымына тағайындалды. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 2010 жылдың желтоқсанына дейін Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Мамандырылған жасақтың бастығы.
2010 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылдың 7 желтоқсанынан № 680 ж/қ бойынша бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастық орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қызмет атқарған уақытта ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.
Үйленген, екі ұл мен екі қыз бала тәрбиелеп отыр.
 
IMG 7514 Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Сүлеймен Набиевич Бимағамбетов Қарағанды облысы Бұқар-жырау ауданы Токаревка кентінде 1972 жылдың 3 ақпанында дүниеге келді. 1997 жыды Қарағанды металлургия институтын бітірді.
С.Н.Бимағамбетов өзінің өртке қарсы қызметіндегі еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысы Теміртау қ. «Өрт сөндіруші» РМК Қарағанды филиалының 1-жасақ 11-өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші лауазымынан бастаған. Осы бөлімшеде бөлімше командирі, қарауыл бастығы лауазымында қызмет етті. 2003 жылы Қарағанды облысы МӨҚҚ ММ Теміртау қ. 23-ӨСБ тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2005 – 2006 жылдар аралығында Қарағанды облысы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММ Теміртау қ. филиалында 4-жасақ 22-мамандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы.
2006 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 4-жасақ бастығы.
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастықтың орынбасары лауазымына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрдің 2013 жылдың 13 тамызынан № 546 ж/қ бұйрығымен тағайындалды.
Қызмет атқарған уақытта ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен және ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.
Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Жұмыс телефоны: 8(7212)41-30-06
 
 
 
9 samat «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастықтық орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жақыпбеков Самат Есентайұлы. 1980 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды облысы. Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген.
Білімі: жоғары.
2002 жылы Көкшетау техникалық институтының «Өрт қауіпсіздігі» мамандығын тамамдаған, «Өрт қауіпсіздік инженері» - біліктілігі.
Өртке қарсы қызметінде 1998 жылдың тамыз айыннан бастап еңбек етеді.
2002 жылдың қазан айынан бастап Қарағанды облысы МӨҚҚ Басты басқармасының №46 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау тобының инспекторы (аға инженер лауазым есебінен) болып жұмыс істей бастады.
2004 жылы Қарағанды облысы МӨҚҚ Басты басқармасының Қарағанды қаласы МӨҚҚ басқармасы №5 өрт сөндіру бөлімінің МӨБ тобының инспекторы болып тағайындалды. 2005 жылдың ақпан айынан бастап Қарағанды облысы ТЖ облысында Қарағанды қаласы ТЖ облысында МҚББ Қазыбек би ТЖ облысында мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің инженері қызметінде жұмыс істеді. 2006 жылдың шілдесінде Қарағанды облысы «ӨСЖАҚЖҚ» ММ №4 ӨСБ қарауыл бастығы болса, осы жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММФ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің аға инженері болып қызмет істеді.
2007 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММФ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің бас маманы лауазымына отырды.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі (Қарағанды қаласы)» Мемлекеттік мекемесі Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы лауазымында 2014 жылдың 7 наурызынан бастап жұмыс істеді.
Қызмет атқарған уақытта «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» II, III дәрежесі, Қазақстан Республикасы төтенже жағдайлар Министрінің «Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі саласындағы төтенше жағдайлар мен алдын алу және жою жұмыстарына сондай-ақ мемлекеттің дамуы мен нығайуына белсенді ат салысқаны үшін» мадақтама грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» төс белгісімен марапатталды.
Отбасы жағдайы: үйленген, үш ұлдың әкесі.
Жұмыс телефоны: 8 (7212) 41-08-04
 
9 rudavin «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастықтың орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Рудавин Константин Владимирович 1969 жылы 8 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1993 жылы
Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтында пайдалы жерасты қазба кенорындарын әзірлеу мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы қазан айында Қарағанды облысы ішкі істер Басқармасының, өрт сөндіру күзеті Басқармасы №23 мемлекеттік әскерилендірілген дербес өрт сөндіру бөлімінің өрт қадағалау инспекторы.
1994 жылы сәуірде Қарағанды облысы ішкі істер Басқармасының, өрт сөндіру күзеті Басқармасы №9 мемлекеттік әскерилендірілген дербес өрт сөндіру бөлімінің өрт қадағалау инспекторы.
1996 жылы наурызда Қарағанды облысы ішкі істер Басқармасының, өрт сөндіру күзеті Басқармасы №9 мемлекеттік әскерилендірілген дербес өрт сөндіру бөлімінің өрт қадағалау инспекторы.
1997 жылы қаңтарында Қарағанды облысы ішкі істер Басқармасының, өрт сөндіру күзеті Басқармасы №15 мемлекеттік әскерилендірілген дербес өрт сөндіру бөлімінің өрт қадағалау аға инспекторы болып сайланды.
Тамыз айынан бастап Қарағанды облысы ішкі істер Басқармасы №15 өрке қарсы қызметі мемлекетттік басқармасының бастығының орынбасары болып тағайындалды.
1998 жылы маусым айынана бастап Қарағанды облысы ішкі істер Басқармасы №15 өрке қарсы қызметі мемлекетттік басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2017 жылдың мамырында «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ» бастықтың орынбасары болып тағайындалды.
Қызмет атқарған уақытта «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ дәрежелі , «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісімен, «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І дәрежелі медальімен, «Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтой медальімен марапатталған.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі ұлдың әкесі.
Жұмыс телефоны: 8 (7212) 41-18-60.

Құрылымы

Структура каз
Басшылық Байланыс Электронды      мекенжай

Бастық

азаматтық қорғау подполковнигі Комаров Иван Геннадьевич

41-30-03

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Бастықтың орынбасары

азамааттық қорғау полковнигі Бимагамбетов Сүлеймен Нәбиұлы

41-30-03

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Бастықтың орынбасары

азамааттық қорғау  подполковнигі

Жакыпбеков Самат Есентайұлы

41-30-03

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Бастықтың орынбасары

азамааттық қорғау полковнигі

Рудавин Константин Владимирович

41-30-03

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Бастықтың орынбасары

азамааттық қорғау полковнигі

Мұсабеков Бауржан Такишұлы

98-72-10 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бастықтың орынбасары

азамааттық қорғау подполковнигі

Кұдайбергенов Бектемір Есбергенұлы

76-17-16 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Құрылымдық бөлімшелер

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Бастық  Бархонаев Беслан Юсикович

 

41-30-12 pasr_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өрт техникасы және жабдықтары  бөлімшесі

Бастық Жапаров Ержан Сағынайұлы

 

42-53-39

 

 
Әскери-жұмылдыру жұмыстары Бөлімі
Бастық Кесиков Еркен Армиевич
41-30-28  

Техникалық қызмет және құлақтандыру тобы

Зайцев Олег Юрьевич

41-30-09

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кадр жұмысы бөлімі

Бастық Габбасов Қайрат Болатұлы

41-17-50
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 

Өрт сынақ зертханасы

Бастық

Носырев Юрий Владиславович

 

45-00-96  

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Баспасөз хатшысы

Кенжехан  Нұрайым Саятқызы

517223 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құжатпен қамтамасыз ету тобы

Басшы Абишева Сания Галимовна

 

41-22-87 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қаржымен қамтамасыз ету тобы

Басшы Нем Анна Александровна

42-01-77

41-30-21

 
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы

Бастық   Янцен Евгений Иванович

 

 

41-18-50

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кәсіби дайындық мектебі

Бастық Мусралимов Гиният Аукенович

25-50-52 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Өрт сөндіру бөлімшелер    

 

Техника және жабдықтау

Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ техникасы туралы ақпарат
 
22 SPiASR Kar da 1 Бүгінгі күнде Қарағанды облысының гарнизонында 323 бірлік техника бар, оның ішінде:
негізгі - 179 бірлік;
арнайы – 34 бірлік;
қосалқы – 110 бірлік.
Қарағанды облысының гарнизонында толық жетекті 163 бірлік техникасы бар, оның ішінде толық жетекті өрт сөндіру техникасы – 89 бірлік (5 бірлік КУНГ (АОАП) ГАЗ-66 жинынтығындағы – 4 бірлігі және бір бірлік ЗИЛ-131 және МТЛБ – 3 бірлік).
5 КАВЗ, ТАВЗ, қайта жабдықталған автобустар газ-түтіннен қорғау қызметі астында - 1 бірлік және жеке құрамын тасымалдау үшін - 4 бірлік.
22 SPiASR Kar da 2 2018 жылғы мамыр айында ҚР ІІМ ТЖ комитеті республикалық бюджеттен Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ балансына МАЗ жиынтығындағы АӨК-32 бір бірлік өрт иінді автокөтерілуі берілді.
2018 жылғы қазан айында ҚР ІІМ ТК комитеті республикалық бюджеттен Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ балансына Камаз жиынтығындағы 10 бірлік автоцистернасы (оның 5 бірлігі 4х2, 6х6 дөңгелек формулалы) берілді.
2018 жылғы қараша айында Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ балансына 2 бірлік техника берілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сатып алынған, бір бірлік инженерлік техника - Камаз жиынтығындағы жүк көтергіштігі 25 тонна автокран және бір бірлік өрт сөндіру АЦ-5,5 автоцистернасы.
 
 

Еңбек үздігі

Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында ең батыл жауынгерлер қызмет етеді. Олардың көбісі өрт сөндіру кезінде бірнеше ерлік жасаған. Бұл туралы жастардың төсін әшекейлеген марапаттары дәлелдейді.
 
Жоғарғы мемлекеттік марапат
aibyn 6 мамыр күні, Отан Қорғаушылар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қарулы күштер, құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар табыс етті.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің «Өрт сөндіру және аварияық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 45 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абдилбек Айтбаев мемлекет басшысының қолынан III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Салтанатты аша отырып, Қазақстан Президенті, мемлекеттік марапаттар біздің мемлекетіміздің ең лайықты азаматтарына марапатталатынын атап өтті.
Сіздердің барлықтарыңыз өздеріңіздің жанкешті еңбектеріңізбен және мінсіз қызметтеріңізбен ерекшелендіңіздер. Сіздердің ең басты міндеттеріңіз – халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мен, Сіздер өздеріңіздің қызметтеріңізбен Отанға деген берілгендік, патриотизм мен қажетті іскерлікті одан әрі көрсететіндеріңізге сенімдімін. –деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Абдилбек Айтбаев 2013 жылдың 15 ақпанында, Балқаш қаласында тұрғын үйлердің бірінде орын алған өртті сөндіру кезінде ерлік көрсетті.
14-нен 15 ақпанға қараған түн, сағат 3.55 минутында Мұхамеджанова, 20 «А» мөлтек ауданы мекен –жайы бойынша телефон қоңырауы шалынды.
default Тұрғын үйдегі өрттің сөндірілуіне № 45-МӨСБ-і келесі құрамда шықты: бөлімше командирі Н.М.Шаймерденов, аға өрт сөндіруші-құтқарушы А.А.Айтбаев, аға өрт сөндіруші–құтқарушы С.О.Абилкасымов және жүргізуші Б.Б.Өскибаев. Сонымен қатар өрт оқиғасы болған жерге № 59-ӨСБ КФ АО «Өрт сөндіруші» бөлімшесі жіберілді.
Өрт оқиғасы болған үй жартылай қаңыраған. Тұрғындар үйдің кейбір подъездерінде ғана тұрады. Барлау өткізу барысында, өрт сөндірушілер өрттің себебі сол үйдің қаңыраған жағында болғанын анықтады, бірақ түтін тұрғын үйлерге тарап кетті. Тұрғындар терезелер мен балкондарда тұрып, қорқыныштан айқайлап тұрды. Өрт сөндірушілер топтарын көріп, көмекке шақыра бастады: «Құтқарыңыздар! Біз мұндамыз! Көмектесіңіздерші!». Әсіресе үшінші қабаттағы әйел кішкентай үш баласын құшақтап алып қатты айқайлап тұрды.
№ 45-МӨСБ-нің бөлімше командирі 4-нші подъезд тұрғындарын баспалдақ арқылы көшіруді және өрт сөндіруге оқпанды беріп тұру үшін бойды бір уақытта жаюды ұйғарды.
Н.М.Шаймерденов аға өрт сөндіру-құтқарушы А.А.Айтбаевпен бірге адамдарды құтқару операциясымен айналысуды бастады, ал аға өрт сөндіру-құтқарушы С.О.Абилкасимов №59-ӨСБ-нің қызметкерлерімен жалынның таралуын тоқтатуды қолға алды.
Бірінші, олар үш тізелі сатыны үйдің 3-нші қабатына шығарды, ол жерде көп балалы отбасы болатын, өрт сөндірушілер балаларды түтін басқан баспалдақ маршымен шығаруды тәуекел етпеді.
«Мен пәтер балконына үш тізелі саты арқылы шықтым» - деп Абдилбек Айтбаев есіне түсірді. – Балконда ең бірінші көргенім – аналарына жабысқан балалардың үріккен көздері. Мен қолымды ең кішентай балаға создым. Ол сол арада менің мойныма мықтап жабысып алды, сосын көзімен анасын іздей бастады. Анасы көзіндегі жасын тоқтаусыз сүртіп, сәбиге ақылын айтты: «Ағатайды мықтап ұста, қорықпа, анаң сенімен бірге».
Мен дірілдеген сәбиді жұбата отырып, астыға мұқиятпен түсе бастадым. Кішкентай қыз баламен сөйлесе отырып, жерге түстім. Ол жерде мені бөлім командирі тосып тұр екен. Ол менен баланы алды. Ізінше тағы екі баланы құтқардық. Оларды тоңып қалмас үшін сол арада өрт сөндіру машинасына отырғызды. Сол түні термометр -20 градус суықтықты көрсетті».
Ересек адамдарды өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы көшірді. Өрт сөндірушілерге қарт әйелді құтқару барысы қиындық туғызды. Себебі, апа балдақ арқылы ғана қозғалатын.
«Мен сонда да тәуекелге баруды ұйғардым» - деді аға өрт сөндіру-құтқарушы Абдилбек Айтбаев, - Зейнеткерді подъезд арқылы шығару. Орамалды сулап, дымқыл матаны апаның бетіне жаптым, содан соң адымдай отырып, қарт әйелмен қоса сыртқа қарай жылжи бердім. Мен түтіннің көзді ашытатынын және ішке кіретінін сездім. Бірақ өз өзімді ұстадым, бірнеше баспалдақ аралықтарынан кейін бізді құтқаратын таза ауа тосып тұрды».
Абдилбек апаны далаға шығарып, біраз демалып алып, өртті жылдам сөндіру үшін жолдастарына көмекке аттанды. Өрт алаңы 40 шаршы метрді құрады. Жер төленің өзі өртті сөндіру үшін қиын болып келеді. Шексіз жықпылдар мен қуыстар, құбырлар мен қоқыстар – бұның барлығы өртті сөндіру процесін қиындатты. От аз материалды зияндармен өрт сөндірушілердің оперативті және біріккен әрекеттері арқасында сағат 5-те, 7 минутта сөндірілді.
Бірнеше айдан соң, қарағандылық өрт сөндірушінің ерлік әрекеті жайында атақ Қазақстан Республикасының Президентіне де жетті. Нұрсұлтан Әбішұлы ерліктің зейінсіз қалмауын санады және өрт сөндіруші-құтқарушыны орденмен марапаттады.
Абдилбек Айтбаев әлі күнге дейін мемлекетіміздің Президентінің қолынан алған марапатын алған сәттегі толқудан өз-өзіне келе алмай жүр.
«Менің тегімді айтқан кезде, ойларымның барлығы есімнен шығып кетті. Аяғымды бүкпей, саппен үкімет басшысына бардым. Нұрсұлтан Әбішұлы маған орденді тапсырды, қол алысты және жұмыста табыстар тіледі. Сол мезеттегі сезімдерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мен тек өзімді байсалды ұстауды және Президенттің көрсеткен құрметі үшін алғыс айту жайында ойлап тұрдым.
Үкіметтің біздің қызметімізді және бізді – қарапайым өрт сөндірушілерді бағалайтынын сезіну өте тамаша. Марапаттың лайықты екенін және оның тек менікі ғана емес барлық күзеттің, біздің барлық бөліміміздің марапаты деп санаймын».
Бұдан да үлкен марапат Абдилбек Айтбаевтың сөздері бойынша оған және оның қызметтестеріне олар құтқарған отбасылар, тұрғындардың алғыстары болып табылады.
«Біз, Мұхамеджанова, 20 «А» үйінің тұрғындары өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне уақытында келгендеріне, өртті сөндіріп бізді құтқарғандарына алғыс білдіреміз!»
Тиыштықбаевтар, Қайрутдиновтар, Салықбаевтар әулеті.


Министрдің қолынан
knyshev_nagr Қарағанды қаласы Мамандандырылған Жасағының бөлімше команирі Андрей Кнышев ҚР ТЖ Министрі Владимир Божконың қолынан алынған өрт сөндіру жұмысында көрсеткен ерлігі мен қажырлығы үшін «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.
Өртке қарсы қызмет аға сержанты Андрей Кнышев өртке қарсы қызмет мекемесінде 11 жыл қызмет атқарады. Осы жылдар бойы мыңнан астам өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарына қатысып, ондаған адам өмірін құтқарды. 2010 жылы Андрей тасқын жағдайларын жою үшін Батыс Қазақстанға бағытталған бөлімшені басқарды. 2012 жылы Приозерск қаласында болған төтенше жағдайдың алдын-алу жұмыстарына қатысып, қыстың қақаған аязында жылусыз қалып, топ құрамымен қатар жұмыс істеді.
knyshev 12 шілде күні Құрылысшылар даңғылы 22 үйден пәтердің жанып жатқаны туралы мәлімет келіп түсті. Үйдің ауласында А.Кнышевтің қол астындағы бөлімше өрт сөндіру мен адамдарды құтқару және іздеу жұмыстарын жүзеге асырды. Кіре берістегі қатты түтінденудің салдарынан, тұрғындар өз бетімен құтқарыла алмады. Үйдің үшінші қабатындағы бір пәтерде төстен шығарылмаған нәресте қалды, анасы оның өмірі мен денсаулығы үшін өте қатты алаңдаған болатын. Кнышев дұрыс шешім қабылдап, зардап шеккендерді құтқару мен іздеу үшін бөлімшеге бағыт берді. Тұрғындардың әрекет етуімен бірге, үйдің жанындағы қалың ағаштардың өсуінің салдарынан көлікті қою мен үшбуынды сатыны орнату мүмкіндігінің болмағандығынан, шабуылшы сатының көмегімен бөлімше командирі үшінші қабатқа жетті. Әйелдің қолынан нәрестені алып, Кнышев шабуылшы сатымен екінші қабатқа түсіп, құтқарушы арқанның көмегімен бесікті көршілерге төмен түсірді. Сол уақытта кіре беріс жақтан сыртқы есіктен ГТҚҚ звеносы да әйелді құтқару үшін келіп жетті.
Андрей бірнеше рет өртке қарсы қызметінің жасақ басшылығымен өзінің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін мадақтанған. «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» атты үшінші дәрежелі медаліне ие болды. Енді оның арсеналы мемлекеттік марапаттармен толықтырылды.
Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында ең батыл жауынгерлер қызмет етеді. Олардың көбісі өрт сөндіру кезінде бірнеше ерлік жасаған. Бұл туралы жастардың төсін әшекейлеген марапаттары дәлелдейді.
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің үшеуіне Қазақстан Республикасы Елбасының атынан ҚР ТЖ бойынша министрі В.К.Божконың қолынан Үкіметтік марапат ұсынылды.
Қарағанды өрт сөндірушілеріне мемлекеттік марапаттар тапсырылды
Елдің ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге едәуір үлес қосқан әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары және ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен марапатталды. Мемлекеттік марапаттарға лайықтылардың қатарында – адам өмірлерін құтқарумен байланысты қысыл-таяң жағдайларда ерлік пен қайсарлылық танытқан Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері.
Андрей Куликов, 1-ӨСБ өрт сөндірушісі жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды. 2011 жылғы 31 тамызда облыстық орталықтың көп қабатты тұрғын үйінде өрт болды. Жанған пәтер орналасқан қабаттағы баспалдақтық алаң және пәтердің өзі қатты түтінденген болатын. Қатты түтіндену көруді минимумға дейін төмендетті және алдыға жылжуды қиындатты. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан өртке қарсы қызмет кіші сержанты А.В.Куликов буын құрамында пәтерде шолу жүргізді, соның нәтижесінде арғы бөлмеде пәтер иесі табылды. Ер адамның 1 топ мүгедектігі бар және өз бетімен қозғала алмады. Андрей Куликов шапшаң жәбірленушіні таза ауаға алып шықты, онда оған медициналық көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, қалған пәтерлер тұрғындары уақытылы шығарылды. Жедел және жаттыққан әрекеттер арқасында адам өлімі жіберілмеді, ал өрт минималдық материалдық шығындармен қысқа уақытта жойылды.
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 1-ӨСБ аға өрт сөндірушісі өртке қарсы қызмет сержанты Андрей Владимирович Куликов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Рустем Тоқантай, Сәтбаев қ. 44-ӨСБ аға өрт сөндірушісі жану аймағынан баланы шығарды. Сәтбаев қаласының тұрғын үйіндегі өрт 2011 жылғы 9 қаңтарда болды. Жанып жатқан бөлмеде тағдыр жазуымен он жасар бала болды. Өз өмірін тәуекелге қоя отырып, Рустем Тоқантай жанып жатқан үйден баланы құтқарды.
Содан кейін, газ-түтіннен қорғау қызметі буыны басында аға өрт сөндіруші жауынгерлік участокте өрт сөндіру жұмысын жалғастырды. Жоғары температура және қатты түтіндену шарттарында өрт сәтті жойылды.
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-жасақ 44-ӨСБ аға өрт сөндірушісі өртке қарсы қызмет сержанты Рустем Амантайулы Тоқантайға «Ерлігі үшін» медалі тапсырылды.
2012 жылғы 7 мамырда Астана қ. К.Байсеитова атындағы опера және балет театрында батырларға марапаттарды Қазақстан Республикасы ТЖ вице-министрі генерал-майор В.Петров тапсырды.
 
Өрт сөндіруші қолының ісі
Әр адам кәсіпке әр түрлі келеді: біреу ата-ананың кеңесімен, біреу шебер үгіттеу көмегімен, біреу ата-бабаның жолын жалғастырса, ал Седов Юрий ешқандай жұмыс болмағандықтан өрт сөндірушіге келген, егер осылай айтуға келсе. 2000 жылы әскерден келген ол біраз уақыт жұмыс таба алмайды. Юрий – жұмыскер жігіт, тек жұмыс берушілерге не білім керек, не жұмыс өтілі керек, жалпы айтқанда, барлық жерде «қақпадан бұрылыс» берді.
Әр уақытта Седовтардың жанұясының мүшелері, әр түрлі дәрежедегі туысқандары өртке қарсы қызмет органдарында қызмет еткен. Сондықтан, ағаларының бірі, немере інісінің бітпейтін қиыншылығын көріп жүріп өрт күзеті кадр бөліміне кіріп шығуды ұсынды. Юрий кеңеске құлақ асты.
Сөйтіп Қарағанды қ-Сортировка теміржолы ауданын күзететін 16-ӨСБ өрт сөндірушісі болды.
«Сол уақытта менде әртүрлі кәсіп бойынша түсінік болған,-дейді Юрий,-бірақ шындығында кезіккенім, ойлағанымнан кішкене өзгеше болды. Алайда, өрттен жаңа ғана құтқарған үйдің алғыс айтушы тұрғындарынан қарапайым адамдық «рахмет» деген сөзді естігенде, аз еңбекақы мен еңбектің қысылтаяң жағдайы екінші жоспарға кетеді.
Әрине, өрт сөндірушілерге ұрсатын кездер де болады. Бірнеше рет сөгіс естуге де тура келді. Бірақ, бұл көбінесе біз білетіндей шақыруға тез келе коймайтын, энергия қызметінің келуін күтпей,біз өзіміз электр қуатын өшіріп, үйді тоқсыздандыруға мүмкіндігіміз болған кездері болады. Әлбетте, бұл күту минуттарында от «күш жинап» одан әрі үлкен алаңға таралады. Өрт сөндірушілер апатшыларды күткен уақыттарында еріксіз әрекет етпейді, көз алдарында адамдар жане олардың заттары опат болады. Сондықтан өртенгендердің сезімін түсініп, олардың бізге айтылған ызалы сөздерін ақтауға болады,-деп түсіндіреді Седов. Мен оларға өкпелі емеспін. Олардың орнында болудан құдай өзі сақтасын».
Міне еді 5 жыл, Седов Юрийдің Қарағанды қ. орталық өрт сөндіру бөлімінің біріне ауысқанына. 1-ӨСБ шығу аудандары күзету аймағы бойынша кішкентайы болса да, өте тығыз салынған, сонымен қатар айтарлықтай саны бар көп адамдар келетін объектілер (сауда, денсаулық сақтау т.с.с.). Сонымен бірге, бұл бөлім өзінің орналасу күшіне қарай, гарнизондағы нағыз «шығушы». Бұған қарамастан, Юрий өзінің кәсібін таңдауда, осы бөлімге ауысқанына еш өкінген жоқ.
«Ылғи да адамдарға бірнәрсе үшін пайдалы екеніңді жете түсіну қажет»,-дейді ол.
Өртке қарсы қызметіндегі осы 10 жыл ішінде өзінің қатысуымен жойылған өрттердің санын Юрий есептеген емес.
«Бұлардың барлығы қалай болса да өмірге қауіп төндіреді,-деп есептейді Юрий. Бірақ соның ішінде біреуі ғана есімде қалды. Сол өртте шынында маған қорқынышты болды.
Жаздың шуақты күні. Сортировкадағы екі қабатты үйлердің бірінде өрт болды. Пәтердің біреуінде заттар мен жихаздар жанып жатты…
«Біз пәтерге кіргенде, - деп әңгімелейді Юрий, - екі ұйықтайтын бөлме жанып жатты, ас үй мен зал бөлмесінде жану байқалмады. Сөндіруге кірістік. 20 минут өткен соң жауынгерлердің бірі келіп ас үйде ашық жалынмен газ балонының жанып жатқанын естігенде. Сол кезде шынымен қорықтым. Менің қорқыныштан құтымды қашырған, өрттің басталғанына жарты сағаттың өтуі... Маған бұлай ешқашан қорқынышты болған емес. Сол кезде баллонды салқындатып, жанған мекемеден қолымызды созып алып шықтық. Құдайға шүкір ешкім жәбірленген жоқ».
Юрий Седовтың батылдығы мен ер жүректілігін көрсеткен ақырғы өрт 2010 жылғы 5-қаңтарда Ержанова көшесі, 20 үй мекен-жайында болды.
Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан, екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтер жанды. Жанудың қарқындылығы сонша, сырттай тез таралған жанудан, жоғары қабатта тұрғындарға қауіп төнді. Подъездге шығып, баспалдақпен түсіп көшеге шығуға мүмкүндік болмады. Тұрғындарға бұл жол кесіліп қалды. Балконға шығып терезені ашып, өрт сөндірушілердің көмегін күту ғана қалды. Осыны тұрғындар істеді.
Өрт қарауылы шақыру орнына келген уақытта, Ю.В.Седов басқарған бөлім тез арада адамдарды құтқару мен көшіруге жіберілді. Седовқа жанып жатқан үйдің маңайында жиналған тобырдың ішінен ер адам жақындады. «Ана жақта, үйдің ар жағынан бесінші қабаттағы балконда жас әйел баласын құтқаруды өтінді. Ол тұншығып қала ма деп қорқады,-деді ер адам.
Қарама-қарсы жақтан автобаспалдақты орнатқан Юрий 5-қабаттағы пәтерге көтерілді.
Анасының қолынынан баланы жайлап алып, Юра баламен бірге абайлап түсті. «Тек қана сүрініп кетпесем, мүлт кетпесем»,- деп ойлады ол баланы кең кеудесіне қысып. Бала биіктен шошымасын деп, Юра оның бетін өзіне қаратып алды. Балаға бұл ұнамады, сондықтан жылай бастады. «Тыныш, тыныш кішкентай, - деп тыныштандырды оны өрт сөндіруші баспалдақпен түсіп келе жатып,-жылама. Бәрі жақсы болады. Біз түсейін деп калдық», - деп сөйлесті ол, дауысын баланы тыныштандырады деп үміттеніп. Игілігі, Юрийдің балалармен сөйлесу тәжірибесі болды. Көп немере қарындастары мен немере інілері, достарының балалары ылғи ағасымен сөйлескенді жақсы көретін.
Жерде Юрий баланы туысқандарының қолына берді, ол бірден көрші подъездге алып кетті. Баланың жағдайы орнына келгенін көрген бөлімше командирі басқаларға көмектесуге асықты. Сол күні ол автобаспалдақтың жүргізушісімен бірге жанып жатқан бөлмедегі 4-қабаттағы пәтерден 7 жасар баланы, 3-қабаттағы пәтерден сәбиді құтқарды.
Барлау жасағанда, баспалдақтық торда жауынгерлер жас қызды тауып алды. Көршілерінің айтуы бойынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан үйдің бесінші қабатындағы туысқандарының тағдыры үшін қорқып, ол подъездге жүгіріп кірген. Улы газбен тыныс алып, пәтердің табалдырығында есінен танып талып қалған сияқты. Қызды жақын маңайдағы емханаға апарды.
Қабылданған амалдармен өрт жайылмай қысқа уақытта жойылды. Ешқандай азамат зардап шеккен жоқ.
Өз қарауылында Юрий Седов талассыз беделге ие. Бұл бос сөздер емес. Мұндай қорытындыны бөлімде анкета өткізген психологиялық қызмет берді.
«Юра сияқтылармен тобеге де, подвалға да барлауға бару қорқынышты емес, - дейді қызметтестері. Еркек ұжымы-бұл әйелдердікі емес. Бәрінен бұрын бұл жерде сенімділік пен адалдық бағаланады. Юра Седов қиын жағдайда көмектесуге дайын және өзінің жігіттік мойнын төсеуге әзір. Бірнеше жылдар бойы «Мамандығы бойынша үздік» байқау-конкурстарының жүлдегері бостан –босқа болған жоқ.
Батыл әрекеттері үшін Ю.В.Седов Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Бұдан басқа бірнеше жылдар бойы Юрий Седов облыстық байқау-конкурсы «Мамандығы бойынша үздік» атағын жеңушісі болды.
Отпен бетпе-бет
«Восток-3» ықшамауданының орталығында орналасқан №18 үйін тығыз жамылғы түтін қоршап алды. №114 пәтердің есіктері мен терезелерінің кішкентай саңылауларынан тұншықтыратын қара газ кіріп жатты. Біраз тұрғындар өрттің иісін сезіп, аулада баспалдақтық алаңда жинала бастады. Біраз көршілерде «Бала!» деген найзағайдай ой жылт ете қалды. Пәтер иесі жұмысқа кеткенде 4 жасар баласын күні бойы үйде қалдыратынын біразы білетін. «Тез арада өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңдар»,-деп бірнеше ер адам жанып жатқан үйдің алтыншы қабатына ұмтылды.
№7 өрт сөндіру бөлімінде бұл кезде нормативті өңдеумен айналысып жатқан болатын. Оқу процесін қорқынышты дабыл бұзды. Шақыру 2008 жылғы 4-маусымда 12 сағат 25 минутта түсті. Сол арада қарауыл кезекшісі оқиға болған жерге шықты.
Жолда келе жатып, қарауыл бастығы Ердос Калиякпаров от ошағында қауіпте жатқан бала туралы білді. Біраз минут өткен соң машина қажетті үйге жақындады. Ішкі қызмет аға лейтенанты алыстан балконнан түтін ғана емес, жолындағы бар нәрсені жұтатындай қорқынышты жалынмен жамылған сырғауыл ағаштардың да құлап жатқанын көрді. Басына ары қарай қалай әрекет ету керек деген жоспар түсті:
«Бірінші звено аппаратқа қосылыңдар! Екінші звено – электр қуатын өшіріп, аппаратқа қосылыңдар! Балконға автобаспалдақты орнатыңдар!»
Противогаздағы бірінші звено Ердоспен бірге төртінші қабатқа қарай ұшты. Сол жерде бірнеше минут нәтижесіз әрекеттен кейін көршілердің есіктерін сындыруға кірісті. Оларға жауынгерлер қосылды. Ердос есікке жақындап тыңдауға кірісті. Есіктің ар жағында бала жылап тұрды.
«Кішкентай жылама», - деп айғайлады қарауыл бастығы, - еденге жат, ал біз қазір сені құтқарамыз».
«Ағалар мені қалдырмаңыздаршы! – деді жүректі шаншыған, көзге жас келтіретін жіңішке шаршаған дауыспен,-маған қорқынышты, айналамның бәрі жанып жатыр,-деп жылады бала. Тағы да жұбататын біраз сөз айтып, Ердос далаға қарай ұмтылды. Бұл уақыт аралығында тым-тырыс нүкте орнынан қозғалмады, темір есік ықпалға түспей, жалғыз ғана жалпы күшпен қол жеткізгеніміз, – кішкене саңылау пайда болып, содан күшті түтін шығып жатты, бұл жағдай үйдің түтінмен толып тұрғанын көрсетті. Ал есік тым-тырыс тұрды. Аулада тағы бір түңілу күтіп тұрды-балконға атобаспалдақты орнату мүмкін болмады: қаулап өскен ағаштар бөгет болды.
Терең ойлауға уақыт болмады. Екі баланы тәрбилеп отырған Калиякпаров көмек сұраған баладан басқа ештеңені ойлай алмады. Екінші звеноның көмегімен Ердос штурмовканы орнатып, төртінші қабатқа шығуға тырысты. Төменгі жақта Медеу Камалиденович Маденов сақтан деп айқайлап жатты. Бірақ қарауыл бастығы өз мақсатына батыл қозғалды. Шындығында екінші қабаттағы шыныны сындыруға тура келді, бірақ ол адам өмірімен салыстыруға келмейді. Жерден бағандарды беріп жалындарды өшірді. Ердос пәтерге кіріп, бірнеше секундтардан соң қайта балконға шықты. Демалып алып, сол уақытқа дейін су берген кезде суланып қалған каскасының астындағыны шешіп, бетін жауып, еңбектеп жүріп пәтерге кірді.
Оны тыныштық жайлап алды, басына бірінен-бірі өткен қорқынышты ойлар келді, сонда да Ердос баланы шақырды. Жауап болған жоқ. Ол қаттырақ айғайлады. Бала кері шақырды. Бала өрт сөндірушіден бір жарым метр алыста тұрды, ер адамды көріп, бірден мойнына асылып, кішкентай қолдарымен мойнын қысып алды. Қолындағы бағалы жүкті мықтылап ұстап алып, Калиякпаров баланы балконға алып шықты. Ол жерде оны Маденов қолына алып, өрт сөндірушілердің салмақты бауы арқылы жерге түсірді. Сергей есінен танып тұрды, бірақ қуанышқа орай бала зардап шеккен жоқ.
Арқасынан бір ауыр жүк түскендей болды. Ары қарай қарауыл бастығы жеңіл жүрекпен пәтерді қарауға кірісті. Барлық тірі жандар құтқарылмаған екен. Кішкентай күшік қорқып бұрышқа тығылып, жай қыңсылап тұр екен. Өзінің құтқарылуымен ол да Калиякпаров Ердосқа борышты.
Бұл уақыт аралығында кезекші қарауыл отпен күресіп жатты.
Біраздан соң тергеушілер жанудың балконнан басталғанын, ал өрттің себебі балалық тентектіктің кесірінен болғанын анықтайды...
Ерлігі үшін 7-ӨСБ қарауыл бастығы ішкі қызмет аға лейтенанты Калиякпаров Ердос Мырзаханұлын наградаға ұсынатын шығар.
Біздің батыр бұрынғы Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданында туды, ер жетті. 1990 жыл мен 1992 жыл аралығында әскерде қызмет етті, сосын кәсіптік өрт сөндіру бөліміне қызметке тұрды. 1998 жылы бөлімді әскери қылды. Кәсіби тәжірибесі 10 жылды құрайды. Ішкі қызмет аға лейтенанты Калиякпаров Е.М. қызмет атқарған уақытында адал, орындаушы қызметкер ретінде көрсетті. Өрт сөндіру уақытында батыл, әрі шешімді қимылдайды. 35 өртті сөндіруге қатысты, оның ішінде 30 өрт сөндіруде тікелей бірінші жетекшісі ретінде қатысты. Түтінденген бөлмелерде бірнеше рет ТМЖҚҚ қолданумен жұмыс істеді.
Атап өту керек, оның өртте адамдарды құтқаруы бірінші рет қана емес. Ақтоғайда тұрғын үйдегі өртте өзін құтқарушы ретінде көрсетті. «Ол кезде противогаз болған жоқ, - деп әңгімелейді Ердос. – Осы жолғыдай касканың астындағыны сулап алуға тура келді. Отқа қарай адымдадық. Тірекумен қозғала отырып, адамға соқтықтық. Біз оны көшеге алып шығып көршінің қолына таспсырдық. Барлау іс-шараларын жалғастырдық. Түтіннен адасып, алдында келе жатқан өрт сөндіруші тағы да бір нәрсеге соқтығысты. Қозғалыссыз қалған денені көтеріп алып, далаға алып шықтық. Бұл жерде тағы да сол адамды құтқарғаны анықталды. Үй иесі мас күйінде бірінші құтқарудан кейін, көршілерден кашып, өз күшін есептемей, мүлкін құтқаруға жүгірген, улы газды жұтып, есінен танып қалған. Ал біз тағы да соған соғылып қалғанбыз. Осы жолы біз оны милиция мен дәрігерлердің қолына тапсырдық, ал өзіміз үйді сөндіруге кірісітік,-деп аяқтады әңгімесін Калиякпаров.
Бес «қара бала»
Тұншықтыратын қалың түтін екпінмен пәтерді толтырды. Алексей ауа жетпегендіктен оянды. Төсектен атып тұрып, бөлмеден-бөлмеге түтіннің шығып жатқан жерін іздеп сенделе бастады. Таңғы 7, бірақ пәтерге терезеден жарық астына көтеріліп жатқан түтіннен түспеді. «Тағы да төртінші қабаттағы көрші бірнәрсе лақтырды»,-деп ойлады ер адам. Түтін жамылғысы балконға жолды кесіп тастады. Алексей кіретін есікке қарай жүгірді, бірақ ол жол да кесіліп қалды- қол созым жердің өзі көрінбеді. Уақытты алмай ол өртке қарсы қызметтің номерін терді, содан кейін жанұясын: әйелін, балаларын, немере інілерін оятты. Біраз уақыт бұрын Алексейдің туысқандары олардың кішкентай балаларына қарайласа салуды тапсырған болатын. Олар жөндеу жұмыстарын жасап, балалар бояу иісімен тыныс алмас үшін туысқандарына жіберген болатын. Кім ойлаған олардың одан зорғы уландырғыш заттармен демалатынын.
Сонымен, бұл қатерлі таңда Алексейдің пәтерінде 7 адам болатын: ол өзі, әйелі және (!!!) бес 2 мен 6 жас аралығындағы кішкентай балалар.
Оянған балалар ұнамсыз бірнәрсенің болғанын сезді, сол арада қорқыныштан жылай бастады. Алексей қолынан келгенше жанұясын жұбатып, оларды алдын-ала дымқыл орамалдармен орап кішкене ғана түтінденген бөлмеге алып кетті. Осы жерде Шостак жанұясы көмекті күтті. Барлық жанұя мүшелері дымқыл мата арқылы демалып отырды.
Қарағанды қ. мамандандырылған жасақ жауынгерлерінің көмегі көп күттірмеді. Степной-4, 12 үй, 72-пәтер мекен-жай бойынша шақыру 27-мамырдың 7 сағат, 24 минутында болды. 5 минуттан соң бөлім өрт сөндірушілері орнында болды.
Қарағанды қаласы МЖ жедел-құтқару қызметінің бастығы Канат Елюбаевич Мамажановтың айтуы бойынша, олар келгенде өрт лаулап жанып жатты. Түтіндену сенбейтіндей жағдайда болды. Қалың жамылғыдағы улы газ бес қабатты үйді қоршап алды. Бес қабатты үйдің төртінші қабатында ашық жалынмен екі бөлмелі пәтердің зал мен ауыз үйдегі жихаздар, бөлмедегі заттар, терезелік, есіктік жақтаулары жанып жатты.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден тұрғын үйдің иесі әйел адамды тапты. Оны жартылай есінен танған күйінде далаға алып шықты. Ол жауынгерлерге пәтерде ұлының қалып қойғанын хабарлады. Ер адамды зал бөлмесіндегі диваннан тауып алды. Оны далаға таза ауаға алып шыққан кезде ол әлі демалып жатты. Жедел жәрдем дәрігерлері жәбірленушінің өмірі үшін жарты сағат күресті, бірақ дәрігерлердің ары қарай өмірі үшін күрескен үй иесінің ұлының қанының құрамындағы аттың сыбағасындай алкоголь дозасы, берген дәрілерінің әрекетін тоқтатып тастады. Ер адам улы газбен уланып, медициналық қызметкерлердің қолында, анасының көзінше қайтыс болды.
Бұл уақытта өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері подезъдегі тұрғындарды құтқарып жатқан болатын. Бесінші қабатта жанып жатқан бөлмеге қарама-қарсы орналасқан пәтерден өрт сөндірушілер Андрей мен оның жанұясын тауып алды. Балаларды бірден көрпеге орап бірінен кейін бірін далаға шығара бастады. Соңынан ата-анасын шығарды. Беттеріне қалың күйе жағылғаны сонша, балалар негрдің балаларына ұқсап қалды. Қараудан кейін, дәрігерлер балалардың өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ екендігін айтты. Олардың жағдайы қанағаттанарлық болып бағаланды.
Өрттің өзі 27 минутта жойылды.
Ойдан шығарылмаған оқиғалар
«Мадина, маған қорқынышты, - деп кішкентай Нұрсұлтан өзінен үлкен әпкесін қатты қысуға ұмтылып.
«Қорықпа, Нұрсұлтанчик», - деп бауырын жұбатып, бізді міндетті түрде құтқарады.
Екі сәби бала бастарын көрпемен жауып зал бөлмедегі диванда отырды. Пәтерде түтіннен барлық жер қараңғы болды, ағаш жихаздар жанып «шытырлады», «төбенің» жанған кесектері құлады.
«Одан да мектепке баруымыз керек еді», - деп ойлады Нұрсұлтан, есін жоғалтып жатып…
Қыстың аязды күндерінің бірінде термометр тілі, соңғы уақытта – 300С дейін төмендеп көрсетіп жүрді. Мектептегі сабақты тағы да тоқтатып тастады. «Балаларды үйде жалғыз қалай қалдырам?», -деп 8 жастағы Нұрсұлтан мен 10 жасар Мадинаның анасы басын «ауыртты». Жанұялық кеңесте балаларды 88 жастағы әлі де ширақ әжесі қарайтын, ағасы мен тәтесінің үйіне жіберу шешілді.
Туысқандарына балаларды алып келіп, Нұрсұлтан мен Мадинаны бетінен сүйіп, өзі жұмысқа кетті. Таң тыныш өтті. Немерелерін тамақтандырып, әжесі ұйықтайтын бөлмеге барып жатты. Балалар залда ойнап жүрді. Қиындыққа ұшырау байқалмады.
Егде әйел ащы түтіннің өкпесіне кіргенінен оянды. Әже жөтеліп қалды. Минут сайын немерелеріне айғайлап, әлсіреген аяғымен ол кіре беріс есігіне жақындай берді. Балалар жауап бермеді.
Әже есікті ашып баспалдақтық торды ашып, алаңға шықты. Қабаттағы көршілерінің есіктерін нәтижесіз қағып, көшеге шығу үшін төмен түсе бастады. Бір ғана аралыққа түсіп, бесінші қабат пен төртінші қабаттың ортасында ол есінен танып қалды. Сол жерден оны өрт сөндірушілер тауып алды.
Жезқазған қ. Анаркулова көшесіндегі №4 үйдің тұрғындары түс кезінде подъезде түтін иісін сезді. Түтін ақырын бесінші қабатта орналасқан №60 пәтер есіктерінің саңылауларынан шығып жатты. Улы субстанция төменгі қабаттарға тұман болып жайыла бастағанда, көршілер дабыл беріп, өрт қызметін шақырды.
Осы уақытта өрт есебі шақыру орнына келгенде, үйдің айналасына ерігіп жүрген адамдар мен үй тұрғындары тобыр болып жиналып қалды.
«Пәтерде кәрі апа бар»,-деп асығып айта бастады ер адамдардың бірі, - «және бүгін оған немерелері қонаққа келген»,- деп толықсып аяқтады сөзін.
«Мен оларды балконда екі минут бұрын көрдім», - деп қосты көршінің бірі.
Жезқазған қ. 42-МӨСБ аға инженер-ауысым жетекшісі Дархан Конуршинов, өзінің серіктестері: бөлімше командирі Сагадула Кылышев пен аға өрт сөндіруші-құтқарушы Жансерик Мажитовпен ТМЖҚҚ (тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдары) қосып подездге кірді. Бесінші қабат пен төртінші қабаттың аралығынан өрт сөндірушілер егде әйелді тауып алды.
«Бұл 60-пәтердегі кемпір болуы мүмкін»,-деп ойлады Конуршинов екінші бөлімнің жауынгерлерінің қолына беріп жатып, -«ал балалар қайда?».
Дархан серіктестерімен жоғары көтеріле бастады.
Пәтерге жақындаған сайын түтін қоюлана берді. Үй есігі ашық болды. Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің табалдырыған аттай бергенде, олардың назарын өрттің дыбысына жатпайтын бөтен шу аударды. Таңқалған достарының көзқарасынан Дархан олардың да озі сияқты ойлап тұрғанын байқады: поезд жақындап қалғандай болды. Сандырақ.
Күтпеген жерден аяқ астынан судың дыбысы естілді. Қарап тұрып, жауынгерлер еденнен будың көтеріліп жатқанын көрді. Осы жерде ерекше шудың себебі анықталды: жылыту жүйесі жарылған. «Парадокс», - деді ауысым жетекшісі жымиып, - «еденде су, қабырға және төбеде «от қыдырып жүр».
Өрт сөндірушілер бір бөлмеден, екінші бөлмеге кіріп шығып ештеңе таппады. Бірақ ұйқтайтын бөлмеден өрт ошағы-розетканың астыңғы жағы жанып, айналасындағы заттар мен жихаздар жанды.
Өрт сөндірушілер барлық бала тығылады деген жерлердің бәрін қарап шықты. Бірақ балалар ешқайда болмады.
«Мүмкін көршілер қателескен шығар, шынымен ешқандай бала болмаған шығар...-деп ойлады Конуршинов, - иа тығылатын жер бұл жерде жоқ».
Осы жерде Дарханның қолы тағы бір есіктің тұтқасына тиді. «Мына жерде тағы бір есік!», - деп айғайлады ол. Бұл жерде өрт сөндірушілер өздерінің қателіктерін түсінді: көрінудің шектеулігінен, олар пәтер бір бөлмелі деп ойлапты!!! сол кезде ғана олар кірген кездегі қабырға басында көрінгеніндей тұтас емес екен.
Осы бөлмеде диванда көрпе астында денелердің пішіні көрінді. Дархан көрпені көтерген уақытта қыз бала шошығандықтан айғайлап жіберді. Ұл баладан керісінше өмірдің белгілері көрінбеді. Балаларды қолына алған жауынгерлер ащы түтін жас ағзаға кірмес үшін беттерін жауып алып шықты.
Бесінші қабаттан бірінші қабатқа дейін қыз бала жылады. «Демек, тірі», - деп өрт сөндірушілер терең дем алды, баланы жұбатып тұрып. Баланың өмірі бұдан гөрі мазаны алды. Бірер минутқа баланы құтқара алмаймыз деген ой келіп қалды…
Аулада жедел жәрдем «күймесі» келіп тұрды. Балалар мен апаны медициналық қызметкерлердің қолына тапсырып, Дарханның бөлімшесі өз міндеттері өртті жоюға қайтып келді.
Жарты сағаттан кейін отты сөндіріп үлгерді.
Кейіннен тергеушілер өрттің шығу себебі ұйықтайтын бөлмедегі біраз уақыт бойы ауыстырылмаған электр тоғының қысқа тұйықталуы болды.
Бөлім айналасында сол күнгі батырлар телефонның жанында тобырланып қалды, үшеуі де құтқарылған жанушылардың тағдырын білуге шыдамады. Емханада барлық жәбірленушілер аман қалды. Екі балада психологиялық шок алып, улы газбен уланып қалды. Олардың апасы да жеңіл дәрежедегі жанған заттармен уланып калды.
«Менің балаларымды құтқарыңдар»
«Құтқарыңдар! Құтқарыңдар менің балаларымды!», -деп айғайлады есінен танған әйел, үшінші қабаттың баспалдақтық торында орналасқан барлық көршілердің есіктерін қаға.
Юля жұмыстан кешкі 9 шамасында келді. Үйінде оны 6 жастағы ұлы мен 14 жастағы қызы қарсы алды. Біраз уақыттан кейін ұлын төсекке жатқызып, ол кешкі тамақты дайындауға кірісті. Күтпеген жерден телефон шырылдады. Ар жағынан Юляның ескі досы Наташа досын Наташасының туған күніне арналған кешке шақырып қоймады. Юля басында қарсы болды, бірақ дос қызы машинаның шығып кеткенін 10-15 минутта барып алып кететінін айтты. Юля асығыс жинала бастады. Макияжын жаңартып, келетін киімін киіп, Юля балалар бөлмесіне кірді. Балалар Марина мен Богдан өз төсектерінде тәтті ұйқыда жатқан болатын. Оларды сүйіп, ол көшеге шықты.
Түнгі сағат 2
Баспалдақпен көтеріліп келе жатқан Юля сумкадан пәтердің кілтін іздеп келе жатты. Сәтсіз. «Мүмкін үйде ұмыттым, - деп ойлады Юля, - енді қызымды оятуға тура келеді».
Пәтердің есігіне жақындаған Юля есіктің маңайындағы саңылаулардан қара түтіннің шығып жатқанын көрді. Әйелді үрей жаулап алды. Бірінші кезекте балалар үшін қорықты. Басына найзағайдай ой жарқ ете қалды: «мен плитада кастрюлмен түшпара қалдырдым ғой». Басына тек қана ең жаман ойлар ғана кіре берді, ал елестер қорқынышты суреттер сияқты болды. «Құтқарыңдар», - деп сыбырлады бақытсыз әйел жансыз еріндерінмен. Алайда, өзін қолға алып, көршілерінен көмек сұрауға жүгірді.
2 сағат 30 минут
Мамандандырылған жасақтың жауынгерлері Язева көшесінің №21 үйінің тұрғындарынан қоңырау түскеннен кейін, орынға 6 минут өткен соң келді. Пәтерде балалардың барлығы туралы ақпарат телефонмен айтылғантын, сондықтан 2 звено аппартқа қосылып балаларды құтқаруға ұмтылды. Бірінші звено авто баспалдақты орнатып балкон арқылы пәтерге кіруге ұмтылса, екіншісі подездъ арқылы кірмекші болды.
Берік Омаров пен Рафаэль Мартьянов балконның жақтауларындағы терезелерді сындырып, бірінші болып түтінденген бөлмеге кірді.
Пәтердегі түтін төбе бойымен жайылып, бөлме жартылай улы отқа толып тұрды. Бір бөлмеден өрт сөндірушілер балаларды тауып алды. Олар ұйықтап жатты. Берік қолына ұлды алып, алдын-ала көрпемен орап алды. Оның өзі де Богданмен жасты ұл өсіріп отырғандықтан, әке сияқты ұл үшін қатты уайымдады. Рафаэль, көрпемен жауып қызды қолына алды. Жауынгерлер балаларды пәтерден алып шықты. Ол уақытта бірінші звено есікті ашып, түтінденуді шығарған жанып кеткен түшпармен кастрюлді далаға шығарды. Балаларды қарама-қарсы тұратын көршінің үйіне апарды. Пәтерде ағасы мен інісі оянды. Алты жастағы бала қуанғанынан қол шапалақтады. Әрине, өрт сөндірушілер, полиция, жедел жәрдем қаншама машина, адам бәрі сол үшін. Марина керісінше өзіне байланысты көтерілген шудан сасқандықтан, көзін ұялып тыға берді. Бақытқа орай, балалар жәбірленген жоқ. Бірақ олар шу естімегенімен, ұйықтап жатқанда улы газбен тыныс алғандары анық.
Балалар жедел қызметтің көмегін қажет етпеді, бірақ олардың аналары басынан өткен стрестен талып қалды.
Берик көршілерінен су сұрап, күшінен айрылған әйелге жүгірді. Бетіне су сеуіп өрт сөндіруші жай беттерінен шапалақтады. Юля өзіне келе бастады. «Балалар…», - деп үлкен көздері үмітпен өрт сөндірушіге қарады. «Уайымдамаңыз, балалар жақсы, - деп мамасын асыға жұбата бастады Берик, - қазір мен сізді соларға алып барам». Сенімді болу үшін, тағы да әйелге ауыр болмас үшін, дәрігерлер Юляға корволол ішкізіп, нашатыр спиртін мақтаға сіңіріп берді.
Бұл уақытта өрт сөндірушілер пәтердегі түтінді шығарумен айналысты. Көршілер пәтерлеріне тарады.
Біраз күн өткен соң «Огненная полоса» газетінің редакциясына өрт сөндірушілер балаларын құтқарған Юля қоңырау шалды.
«Айтып жіберіңізші, өтінемін менің құтқарушыларымды қалай көріп, алғысымды айтуға болады?». Біз әйелге Қарағанды қ. мамандандырылған жасақтың жауынгерлерін шақыратынымызға уәде беріп, бізге шақырдық. Юля келді. Жүрегімен, әр құтқарушыны құшақтап, тағы да балаларын құтқарғаны үшін алғысын айтты: «Мен білмеймін, егер оларды жоғалтсам маған не болатынын. Менің өмірім соларда. Үлкен рахмет сіздерге!». Жас ана редакцияда сол күнгі жанұясының аянышты оқиғасын сипаттаған алғыс хатын тастап кетті, сонымен қатар «ӨСжАҚЖҚ» басшылығына өтінішпен көңіл аударды.
«…Өрт сөндіру қызметінің басшылығынан өтінемін, МЖ жауынгерлері Омаров Берік пен Мартьянов Рафаэлді өртте көрсеткен ерлігі, батырлығы үшін марапаттауды өтінемін! Солардың арқасында менің балаларым тірі!».
Николаева Юлия Викторовна.
Кез-келген бағамен құтқару
Жауынгерлік киімнің жағасынан ақырын аққан тер арқаны жағымсыз тоңазтты. Әр қадам сайын ыстық көтеріліп жатты, бірақ Куаныш Мукашев баспалдақпен жігермен көтеріліп бара жатты. «Егер маған қазір ыстық болса, онда айғайларына шашалған, 2 қыз жүрген, 10 қабаттағы үйдің балконында қандай температура екен»,- деп ойлады 4-ӨСБ өрт сөндірушісі. - «Тек астыңғы жаққа секірмесе екен, тек жетсем екен».
- Эй, – деп шақырды Куаныш балаларды, - Атың кім?
- Настя, - деп жауап берді біреуі.
- Ал сіңілің? – деп жалғастырды диалогты Куаныш.
- Злата.
- Настя, Злата, айғайламаңдар! Көрдіңдер ме, мен сендерге жақындап қалдым. Тек секірмеңдер жарай ма?
-Иа, - деп жасқанып балалардың дауысы шықты, бірақ оларда басындағы дауыс болмады.
-Үйде тағы біреу бар ма?
-Екі інім және кішкене сіңілім – деп жауап берілді.
Куаныштың зәресі ұшты. Ол білді, пәтерге подездъ жағынан кіру мүмкін еместігін. Бәрі отта. Балкон да түтінде, ал бір жерлерде пластиктік жақтаулар еріп жатты. Демек, барлық пәтер отпен қоршаулы. «Бұл жерде не болды?», - деп түсінбеді өрт сөндіруші.
Іс материалдарынан:
7-тамызда 00.17 өртке қарсы қызметіне ұялы телефоннан Театральная көшесі бойындағы 58 үйдегі өрт туралы хабар түсті. Қоңырау шалған ер адам, «Дует» тұрғын комплексінің жанынан өтіп бара жатып, тоғызыншы қабаттың терезесінен жалынның тілдері шығып, түтіндеп жатқанын байқағанын айтты.
Бірер минуттан кейін бөлім өрт сөндірушілері екінші ранг бойынша шақыруға шықты. Өрт болған жерге 00.22 автотехниканың 9 бірлігі мен 1,4,5 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 35 адам барды. Келген уақытта өрттің ауқымы 100 ш. м.құрады. Бөлмедегі температура 10000С жетті. Өртке қарсы қызметтің күшімен 00.27 уй тоқтан ажыратылды. Бөлімшелер тұрғындарды көшіріп, пәтерді подездъ жақтан сөндіруге кірісті. Барлығы 15 адам құтқарылды, оны 5 бала.
Өрт шыққан кезде ата-аналар үйде болмаған. Пәтерде бес бала қалған: 2 ұл 2-3 жас шамасында, 3 қыз бала екі егіз 8 жаста, 4 айлық сәби. Бір сағат бойы жалынды жайылдырмай, жоюға тура келді. 1.32 өрт сөндірушілер еденнен екі ұл баланы тапты. Өмір белгілері олардан көрінбеді. В 1.46 қатты жанып кеткен 4 айлық сәбидің денесі табылды.
Өрттің алғашқы себебі – ашық от көзін абайсыз қолдану. Анықталғандай балалардың әкесінің айтуынша, ер адам кіші қызының бөлмесінде май шам жағып дүкенге кеткен. Түтіннің иісінен оянған үлкен қыздары әкелеріне ұялы телефонға қоңырау шалған. Ер адам үйіне қайтып келген. Пәтердің есігін, жолда басқа бөлмелердің есіктерін ашқан әкесі пәтерге амалсыздан ауа кіргізіп, оттың қатты жайылуына әкеп соқтырды. Ер адам басында өз бетімен жануды жоймақшы болды. Ол қолынан келмегендіктен, пәтерден көмек сұрап атып шықты.
Куаныш автобаспалдақтың соңына дейін жетті. Ауладағы автотранспорттардың тұрғандығынан өрт техникасы дұрыс орынға тұра алмағандықтан, балкон плитасы мен баспалдақтың ортасында бір метрдей ойық пайда болды. «Бұл ара қашықтық өмір мен өлімнің ортасы. Жақсысы жел жоқ», - деп ойлады Куаныш, 30 м қашықтықтағы «тұңғиықты» теңгере отырып. Ол бір аяғын балконның қалқасына салып, бір аяғын баспалдаққа қойып тұрды. Қозғалысын абайлап, ол бір қыз баланы қолына алды. «Тек құлатып алмасам екен», - деген өрт сөндірушінің басына ой келді. Қыз бала өз құтқарушысының мойнынан қатты қысып ұстап алды.
«Осылай кішкентай, осылай», - деді Мукашев, баспалдақпен түсіп келе жатып, ол жерде бөлімше командирі Александр Ивко күтіп тұрған болатын. Бала серіктестің қолына сәтті өтіп, ал Қуаныш екінші бала үшін кетті. Екінші баланы жерге түсіргенде ғана Куаныш Мукашев терең жеңіл дем алды. Бірақ аз уақытқа. Бірнеше минуттардан кейін бөлімше құрамында ол отты сөндіруге кірісті.
Куаныш бөлімде ғана, өткен оқиғаны ойланды. Қаза болған балалар үшін жүрегім қатты ауырды, бірақ жүрегімді екі баланы құтқардым деген ой ғана жандырды...
Өрттегі батырлық әрекеттері үшін 4-ӨСБ аға өрт сөндірушісі Куаныш Мукашев Үкіметтік «Ерлігі үшін» наградасымен марапатталды.
Өрт сөндіру істерінің қиындықтарына қарамастан, осы батырлардың бірі де кәсіпті таңдағанына өкінбейді.
Адамдарға бірнәрсеге болсын пайдан тиетінін ылғи жете түсіну қажет.
Құрмет тақтасы – кеңес уақытында – өндіріс озаттарының аттарымен және фотографияларымен безендірілетін стенд. Ол кең қалқан сияқты, қызыл матамен тартылған, ұйым ғимаратының холлында орналастырылған. Құрмет тақтасы «Ішкі тәртіп еңбек ережелерімен» қарастырылған. Одан басқа, қалалық, аудандық, облыстық, өлкелік және республикалық құрмет тақталары болған.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін қызыл бұрыштар өздерімен едәуір мұнды көріністі құрады: бұрышта – тозығы жеткен міндетті Ленин бюсті, көптен сырланбаған еден, қабырғаларда сұр сылақ, бос құрмет тақтасы.
Құрмет тақталарының бір жақсы жері болып, ол жұмыскерлердің моральді рухын нығайтып, оларды одан әрі қызмет етуге ынталандырды.
Осыған орай ҚР ТЖ министрлігінде ұмытылған әдістерді қайта жаңдандыруға шешім қабылданды. ҚР ТЖМ 2007 жылдың 25 желтоқасанындағы №29 бұйрығына сәйкес, тәрбилік жұмысты жетілдіру мақсатында, ҚР ТЖ министрлігі жүйесі қызметінің беделін көтеруге арттыруға, сонымен қатар қызметкерлердің жоғары моральдік, іскерлік және рухани жоғары қасиеттерінің қалыптастыруға, қызметтік міндеттерін зерделі және адал атқаруға дағдыландыруға, қызметтік және еңбектік әрекеттілікте ерекше көзге түскендерді моралді түрде ынталандыруға, Министрліктің бөлімшелерінің холлдарында Құрмет тақталары красуются.
Олар өздерінің бұрыңғы ізашарларынан әлде қайда өзгеше. Қазақстан Республикасының туының түсіндей көгілдір түсте, Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ құрмет тақтасында, қызметтік әрекеттің жоғары деңгейіне, функционалдық міндеттерді және қойылған міндеттерді сапалы және жедел орындағанына, қызметтік тәртіпті мінсіз сақтағанына, келесі қадірлі қызметкерлердің фотолары орналастырылған:
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 28- өрт сөндіру бөлімінің ГТҚҚ шебері өртке қарсы қызмет аға прапорщигі Головин Максим Борисовичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 4-жасағының 23- өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі өртке қарсы қызмет аға прапорщигі Попов Юрия Владимировичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 40- өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі өртке қарсы қызмет прапорщигі Аменов Алтынбек Өмірзақұлының;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 38- өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі өртке қарсы қызмет прапорщигі Аристов Михаил Михайловичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 30- өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі өртке қарсы қызмет прапорщигі Варнавский Павел Алексеевичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-жасағының 43-жеке постының старшинасы өртке қарсы қызмет прапорщигі Ицкович Елена Леонидовнаның;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 7- өрт сөндіру бөлімінің аға өрт-сөндірушісі өртке қарсы қызмет прапорщигі Карибжанов Талгат Нагаметовичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 1- өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі өртке қарсы қызмет прапорщигі Жерновков Сергей Анатольевичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 15- өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі өртке қарсы қызмет прапорщигі Шарыкин Виктор Александровичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2- өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі өртке қарсы қызмет старшинасы Кох Виктор Александровичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 25- мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі өртке қарсы қызмет старшинасы Кожатаев Ержан Амиралиевичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 5- өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі өртке қарсы қызмет старшинасы Каптан Виктор Дмитриевичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-жасағының 42-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі өртке қарсы қызмет аға сержанты Кылышев Сагадолла Кылысовичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 45-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы өртке қарсы қызмет аға сержанты Сыздыкбеков Бауыржан Мадетовичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 4-жасағының 22-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы өртке қарсы қызмет аға сержанты Касьян Александр Петровичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 3-жасағының 8-өрт сөндіру бөлімінің ӨСТжҚ жөндеуі бойынша технигі өртке қарсы қызмет сержанты Хапов Максим Владимировичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 16-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі өртке қарсы қызмет кіші сержанты Мейрханов Еркин Маратовичтың;
- Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-жасағының 44-өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы өртке қарсы қызмет кіші сержанты Сафронова Татьяна Юрьевнаның.
Чапая қылығы
Байболатов Чапайдан өзінің ерлігі туралы айтып берші деген сұрауға - «Мен тек өзімнің азматтық борышымды ғана орындадым», деп жауап береді.
Толығырақ...
Қуаныштың көз жасы, баласының аман қалғаны...
27 2017 жыл 19 сәуірде уақыт 10:12 минутта №17 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне орталық өрт сөндіру пунктінен мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Көгілдір тоған шағынауданы, 13 үй, 55 пәтерден өрттің шыққаны жайлы және онда балалардың бары туралы хабар келіп түсті.
10 сағат 12 минутта оқиға орынына алғаш болып №17 МӨСБ бастығының орынбасары, өрт сөндіру басшысы азаматтық қорғау майоры А.Б. Кокушевтің басқаруымен №17 МӨСБ автоцистерні келді.
Көршілерден сұрастыру барысында өрт 9 қабатты үйдің 4-ші қабатындағы екі бөлмелі пәтердің ас бөлмесінен шығып жатқаны анықталды және үйде үлкендердің қарауынсыз екі баланың барын білдік.
№17 МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Билялов Е.Н., өрт сөндіру басқарушсының нұсқауынан кейін газтүтінненқорғауды дайындап, керек-жарақтарымен 4-ші қабатқа көтерілді. Үйде балалардың барын біле тұра – бірден өрт сөндірушінің сүйменімен есікті ашуға кірісті. Бір минуттан кейін Ернар оны ашқаннан соң, есік артында жылап жатқан балалардың дауысы естілді. Оны естігеннен кейін, Билялов Е.Н екінші есікті ашуға тырысты, дегенмен минуттан соң үй иесі Фадеев келіп, кілтті берді. Ернар кілтпен есікті дереу ашып, пәтер ішінен қою түтіннің арасында балалардың көмек сұрап жатқан дауысын естіді. Практикалық тәжербиенің нәтижесінде бөлімше командирі Билялов Е.Н. жәй қимылдауға болмайтынын түсініп – ол және әріптестері еденге еңкейіп, зал бөлмесіне қарай беттеді, сол жерден 3 жастағы және 4 жастағы қыз бала мен ұл баланы тауып алды. Ернар екеуін көтеріп алып шығар есікке беттеді. Қауіпсіз жерде (в подъезде) ол балаларды жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстап, өзі өртті сөндіруге кірісті. Медицина қызметкерлері қарағаннан кейін – әкесінің сүйемелдеуіменен балаларды Қарағанды қаласының облыстық балалар ауруханасына «газдан уланған» деген диагноз бойынша алып кетті. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жір қалыпты және өмірлеріне келер еш қаіп жоқ.
Балалар бірінші өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі келгеннен соң 7 минуттан кейін құтқарылды.
Өрт ас үй жиһаздары мен техникасы жанған аумағы 2 шаршы метрді құрайды. Өрт керекті құралдармен 10:33 сөндіріліп, 10:36 жойылды. Өрттің аумағы үлкен болмаса да пәтерде қара қою түтін пайда болды, №17 ӨСБ қызметкерлері пәтердегі және подъездегі түтінді жою үшін түтінді жоятын құрылғымен қатар жұмыс атқарды.
Е.Н. Биляловтің батыл әрі сауатты әрекет етудің нәтижесінде, уақытылы медициналық көмек көрсетіліп құтқарылды.
Жұмыстан жүгіріп келген анасы (Елизавета, қуанышты көз жасымен, балаларының амандығын көріп, өрт сөндіруші қызметкерлерге және басшылығына үлкен алғысын білдірді. (Ол өзінің алғысын «ӨСжАҚЖҚ»ММ басшылығына жазған хатында білдіртті)

Ардагерлер

Қарағанды облысының өртке қарсы қызметіндегі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жауынгерлерге және қызмет ардагерлеріне тынымсыз қамқорлық жасалуда. Қызметкерлер өздерінің қамқоршы батырларын ұмытпайды, және біздің әке, аталарымыздың ерліктерін қадір тұтады. Жыл сайын біздің мемлекеттің президенті өзінің халыққа жолдауында аға ұрпақтың батырлық, ерліктерін есімізге салады.

В.В. Хижняк Василий Андреевич Хижняк

Василий Андреевич Хижняк 1931 жылы 7 қарашада Көкшетау облысы, Зеленков ауданында дүниеге келді. 1941 жылы 22 маусымда соғыс басталды. Әкелер мен колхоздың басқа ерлерін майданға шақырды. Ерлер отанды қорғауға аттанды, ал колхозда шаруаға кірісу, егін салу, мал ұстау шаруашылық жүргізу, балаларды өсіру керек болды. Мұның бәрі әйелдің иығына түсті. Әйелдер майданға кеткен ұлының, жұбайының, әкесінің орнында болды.

«Анамыз бар күшімен біздің барлығымызды киіндіріп, тамақтандыра білді,- дейді Василий Андреевич. Күзге дейін қалай да төзіп бақтық, ал қыркүйекте картопты қазу уақыты келді. Анамыз екі өгізді қатар жекті, ал мен өгіздердің артынан жүріп отырып, анам маған берген картопты шелекке жинадым. Бұл күздегі жұмыстар қарашаға дейін жалғасты. 7 қарашадан бастап, мектепте сабақ басталды. Екі жыл оқып, содан кейін оқуды қойып, отбасыма көмектесу үшін жұмыс істеуге тура келді. Негізінде біздің колхоздың көптеген балалары солай етті. Солай мен тек жалпы білім беретін мектепте 2 сыныбын аяқтадым. Көктемде бригадамен бірге бардым. Егін ектім, шаптым, ересектермен қатар қандай жұмыс істеу керек болды, соның бәрін орындадым...

Әйелдер диірмен тартты, жинады. Ал мен астық басуға апардым. Астық басуға тырыстым, бірақ бойым аласалау болды. Жеткізуші болып және басқа жұмыс істеуге тура келді. Мысалы, шашылған бидайды күрекпен диірменге тастау. Бір күнде 3 рет 1,5 тоннадан диірменге жібердік: таңертең, түсте және түнде. Түнгі сағат екілер шамасында бидай суаратын, ұшыратын машинаға оралып, сағат 3.00 –үйге, ал таңертең қайта жұмысқа бару керек болды. Ұйықтауға уақыт жоқ. Барлығынан жұмыста тәртіп пен толығымен ұйымшылдық талап етілді.

Бірақ бір рет мен өгіз үстінде ұйықтап қалыппын. Ол уақытта , мен, әдеттегідей диірменге бидай апардым. Түннің ортасы болатын. Өгіздер тоқтап қалғаннан ояндым. Көзімді ашып, қайда екенімді түсінер емеспін. Өгіздерді итерем, олар қозғалмайды. Жан-жағыма қарасам, біз тереңдігі 3-4 м. шұңқырдың жанында тұрмыз. Сол уақытта мен құдай өлімнен сақтады.

Ал аяқ киіміміз қандай болды... Егер өгіз ауырға шалдықса, ақсап немесе кәріліктен жүкті көтере алмаса, оны етке сойды, ал терісін аударып аяққа тігіп немесе созып кидік. Ол табанға ұқсап кетті. Оны күні бойы киіп жүресің, аяқты қысады, қажайды.Сосын біз батпақпен жүгіріп, аяқтарымызды сулап, және оны еске түсірудің өзі қиын. Кешке қарай денеміз қайта қақсады.

Бөлінген азық-түлік біздіңатқарған жұмысымызға байланысты болды. Қара бидай шапсақ, демек, бізді қара бидай ботқасымен және қара бидайдан пісірілген нанмен тамақтандыратын. Бидай піссе – түскі асқа бидай ботқасын күтуге болады. Тамақпен қамтамасыз ету мәселесі колхоздықтар карточка алмағандықтан, күшейе түсті. Олар майдан әскерлерін, тылшыларды және өз-өздерін тамақтандыру керек болды. Астық бойынша жоспады орындағаннан кейін колхозда жиналған өнімнен картопта та қалмады. 1942 жыл ең аштық жылы болды.

Астықты басып, дайындадық, сонда да аштықта өмір сүрдік, бір уыс алуға да болмайтын. Алқаптан астық ұрлаған үшін, элеватордан және ұн ұрлаған үшін – адамдарды соттады. Әсіресе жұбайлары майданда болған көпбалалы аналарға қиын болды, ал үйде ашыққан балалардың тобы тұрды. Қорықтық, бірақ балаға деген аяушылық күшейе берді, сондықтан аяқтан тізеден жоғары байлам орап, сонда астық тығып алатынбыз. Басқалары соқаның артынан жүріп, масақтарын шелекке жинайтын, ал оларды сол үшін қамшылайтын. Жасалған істердің бәрі текке жоғалатын.

Колхозда мынадай оқиға болды, бес балалы жұмысшылардың кейбіреуі 1 кг астық алды. Оны сол үшін 5 жылға соттады.

Қыс ортасында, көктемге қарай нан табу қиын болатын. Картоптың тұқымын отырғызып, жартысын кесіп алатын. Қалған бөлігі қабығымен тамаққа кететін. Егістен кепкен картопты күзден жинадық: «қарасын» тазартып, ал «ағын» кептірдік, ұн тартып, жұқа нан пісірдік. Ашықпас үшін не жемедік.

Сол 1942 аштық жылдары колхозда көп малдар қырылып қалды. Аязды жыл болды. Қазір есімде, біз бір табын малды шықырлаған аязда ойылған мұзды жермен суатқа әкелдік. Жануардың әрқайсысы бірінші болып ық жерге жетуге асықты. Бір-бірін итеріп, кедергі жасады. Соңында, біреуі суарылды, басқасы арам өлді. Сосын оларды соятын жерге апарып, керосин құйып, өртейтін. « Аштықта тұру жоқ» көп тұрғындар сол етті үйге алып кетіп, жейтін. Олардың қатарында мен де болатынмын. Үйде бір картоп пен 20г нан болғанда асқаша тір қалудың жолы қайсы? Ал отбасы болса, үлкен – алты адам, анамыз жетінші, және әжемізді әкелді.

Көктем – күз кездеріндегі жұмыс күндері он бес сағатқа созылғандықтан, шаруалар алқапты тұрақта өмір сүрді. Алқапты тұрақтың орта шенінде ұзын көлемді үстел тұрды, ал жан-жағында шөп жайылған тақтай төсек тұрды, біз сонда түнедік. Өзімізбен бірге не болды, соны жамылдық. Тұрақта жылу болмады, көктем-күз түндері тоңдық, ал жазда шыбын-шіркейден құтыла алмадық.

Майдандағы кейінгі жаңалықтарды біз біліп, барлық ауыл зорайтқыш дауыста жиналдық. Осындай дүркіндерден кейін адамдар өздерінің пайдалы екендерін сезіп, алқапта үлкен қызығушылықпен еңбек етті. Барлығы соғыс, майдан үшін!

Біздің арамызда немістерге көмектескен адамдар да болды. Оларға бомбалау кезінде дабылмен көрсетіп, белгі беретін.

Соғыстан кейін мен үйлендім, өз колхозымызда тракторист болып жұмыс істедім. 1961 жылы біз отбасымызбен жұбайымның денсаулығына байланысты Қарағанды облысының Осакаров ауданына көштік. 1978 жылы мен өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналастым, онда 12 жыл қызмет еттім. №37 өрт сөндіру бөліміндегі ғимаратында, мен ұйымдастыру жағына өзім көмектестім», - деп Василий Андреевич Хижняк өз сөзін аяқтады.

даниленко Мария Павловна Даниленко

Мария Павловна Даниленко: «Егер мені есіне алса, шақырады, құттықтайды, демек, мен әлі өмір сүремін, ал егер ұмытса – демек, мен жоқпын»,- дейді. Мария Даниленко өзін бақытты әйел атайды, өйткені ол соғысты жеңді ғой, өзінің жарымен ұзақ әрі бақытты өмір сүрді, қыз баласын өсірді, немересін өсірді және нәтижесінде оның сүйікті жұмысы бар.

Мария Павловна Даниленко 1931 жылы 2 наурызда Воронеж облысы, Байчуровск ауданында, Горелка қаласында дүниеге келген.

«Ұлы Отан соғысы басталған кезде, мен 11 жаста едім,- дейді Мария Павловна. – Бұл үрейлі соғыс еді. Воронеж облысында күшейген бомбалаулар біздің жаққа бір жарым жыл шабуылдаудан кейін басталды. Бізден бірден Борисоглебск қаласындағы торапты станция Погориноға көшірді. Бірақ бұл жерде де «неміс» бізді жайымызға қалдырмады, ұрысқа дайын әскерлерді, темір жолды бомбалауды жалғастырды. Әкем теміржолда жұмыс істегендіктен, біз шамамен вокзалдан 5 метрдей жерде тұрдық. Менің әкем азаматтық және құрамдық соғыстан өтіп, онда жарақат алды, сондықтан оны майданға алған жоқ, бірақ оны теміржолды күзетуге қалдырды, өйткені ол маңызды стратегиялық аймақ болып табылады. Бас тартуға болмайды – атып тастайды. Жұмыс өте ауыр болды. Жау десанты және өз қатарындағы сатқындарды үнемі рельстегі жолға бұру тетігінің бұрандасын бұруға қойды. Біз балалар, шамамыз келгенше көмектестік. Түндерді ұйқысыз өткіздік, жау әрекеті туралы ата-анамызға хабарлау үшін шатырда отырдық, бақыладық. Үнемі ауадан бомбалады. Оқтар құрамға түскенде, вагонды әскерлер 3-4 км-ге ұшты. 16-17жастағы балалар мыңдап өлді. Мұның бейнесі өте қорқынышты болды. Біздің мектептің 5-6 сынып оқушылары топпен: көптеген ұл балалар, аздаған қыз балалар әскердің дене бөлігін жинаумен жүрді. Кезкелген қыз бала бұл бейнені көруге төзе алмады. Бірақ ең бастысы, әскердің жеке тұлғасын ажырату үшін киімдерінің қалтасынан құжаттарын алды. Күтіп жүрген анасы, жарысы бар ғой. Құжаттарын біз мұғалімдерге тапсырдық, ал олар оны әскеркоматқа жіберді. Қаза тапқандарды жалпы бейітке қойды.

Жиі бізден тыс эшалондар мен тұтқынға түскен еврейлер мен итальяндықтар өтіп жатты. Станцияларда оларды мал жүктеген вагонға тигендіктен, оларға перронға шығуға және таза ауамен тыныс алуға рұқсат етілді. Анам айналып жүріп тұтқындарға сүт берді. Сол үшін олар киімдерін шешіп, бізге бәтеңкелерін, шәрпілерін берді. Мен бірнеше жыл итальяндық бәтеңкеде жүргенім есімде.

Бомбалауға енді төзу мүмкін болмағандықтан, әкем бізді станциядан 12 км қашықтықта ауылға жіберді. Күндіз малды асырау үшін алқаптан шөп тасыдық, ал түнде майданға жылы киімдерімізді алдық: шұлық, қолғап, шәрпі.

Қыста біз жұмыстан кешкі сағат 5 те қайттық. Қараңғы. Кешкі асымызды іштік, ылғи кешкі аста ыстық су болтын. Анамыздың қасымызда аздаған уақыт жатып, демалып, қайта жұмысқа кетеміз. Таңғы сағат 3-ке дейін тоқыма бізбен отырып, Ал сағат 9.00- да қайтадан жұмысқа барамыз. Жазда – жүгері, қызылша салу. Күзде - өнімді жинау. 1944 күзінде есімде, мен бірғана қыз бала алқаптан 50-килограмдық қапты астық диірменін, ал кері ұнымен тасыдық. Жалықтырды, аяқтан тік тұра алмай шаршадық. Бізге, балалар үшін, кейде комбаинның (бұрын комбайндар станционарлы, қозғалмай тұрып астық басатын) қасында жарты сағат ұйықтауға рұқсат етілді. Сосын бізді оятатын. Бізсіз жұмыс жүрмейтін. Біз кішкентай болсақ та, үлкен көлемді жұмыстар орындайтынбыз. Соғыс аяқталды., бірақ аштық жалғаса берді.

1945 жылының өнімінен кейін маған 14 жас қыз балаға бір қап ұн мен бір бидон сұйық май берді. Үйге әкеліп, тізесінен отырып, жылапсырап: «Рахмет саған қызым, өмір бойы мені асырадың», - дейді.

Әкем жараланып, қаза болды. 1949 жылы біз анаммен Ресейден Қазақстанға Жезқазған қаласына үлкен әпкемізге көшіп бардық. Мен алдымен мыс қорытатын өндіріс комбинатына жұмысқа тұрдым, ал ол жерден жарты жылдан кейін МҚК жұмысқа жіберді. Тұрмысқа шықтым. Қыз балаға кішкентайлы болдым. Ал одан кейін, Қарағандыға МҚК жіберіліп, жұбайыммен көшірілдік.

Осы уақыттан бастап, біздің отбасы үшін өртке қарсы қызметпен байланысты өмір басталды.

Ең алдымен өрт сөндіру күзетіне диспетчер болып менің жұбайым Владимир Петрович Даниленко орналасты. Одан кейін хатшылыққа мені де шақырды. Бірнеше уақыттан кейін жұбайым жедел күзетшілікке тұрды, содан кейін тегеуші болдым, ақыры сынау зертханасын басқардым. Ал мен госпожнадзорға ауыстырылдым. Солай, 27 жаста өрт сөндіру күзетінде қызмет атқардым.

Өрт сөндіру күзетінің басқармасының бастығы болған Роман Ильич Хутим менің жұмысыма риза болды. Егер Министрлікте мәселе туындаса, ол ылғи мені шақырды және мәселелік жағдайлардың жоғары басқармасын анықтауды бұйыратын. Мәскеуден хабарласқаннан кейін (ҚББ одақтық республикаға тәуелді ішкі істер Министрлігі) маған сыйақы мен ризашылық білдіруін бұйырды. Мен мақтанышпен айтамын, тыл енбекшісі медалінен басқа Кеңестік еңбек Екпіндісі шені және көптеген мақтау қағаздар мен жүлделерге, сонымен қатар «Ішкі істер бөлімінде ұзақ жылдар адал еңбек еткені үшін» жүлделерге ие болдым.

Жұбайымды да кәсіби сапалылығы үшін өте жоғары бағалады. ІІБ бастығы ауыр өрттерге барғанда, Владимира Петровичті өзімен алып жүрді. Ол бірде-бір тергеуші менің жұбайым секілді өртті «анықтай» алмайды. Оны тіпті Шерлок Холмс деп атады. Мен әрине Шерлок Холмстің жары болдым»,- деп күледі менің әнгіме айтушым.

Қызым өскенде, политехникалық институтты аяқтағаннан кейін, өрт сөндіру күзетіне жұмысқа орналасты. Ольга инспектор болып орналасқан жердегі Мемлекеттік өрт сөндіру надзор бастығы онымен әңгіме өткізді., бірақ ата-анасының керемет атағы болса да, басшы жағынан жеңілдік болмайтынын ескертті: «Егер жауапсыз жұмыс істесеңіз, жұмыстан шығарамын». Бірақ қызым меңгеріп алды. Алдымен инспектор бөлімінде, одан кейін диспетчер болып қызмет атқардым.

Светлана немерем Педагогикалық училищені аяқтады. Мамандығы бойынша жеке меншік мектебіне оқытушы болып жұмысқа орналасты. Бірақ аздан соң оқу орнында қиындық туып, білім беру мекемесі жабылды. Сол сәтте жұмыссыз қалып, ол уақытша демалыс алған қызметкер орнына өрт сөндіру қызметінің кадрлық аппаратына уақытша жұмысқа тұруға шешім қабылдады. Келді және ұзаққа қалды.

Жалпы алғанда,- деп әзілдейді өртке қарсы қызметтің еңбегі сіңген ардагері,- біздің отбасының өртке қарсы қызмет бөлімінде және ТЖД-ғы еңбек тәжірибесі 100 жылдай болады»

 

 

Н.А. Сапоцкая Надежда Александровна Сапоцкая

Сапоцкая Надежда Александрованың өртке қарсы қызметтегі жалпы  еңбек тәжірибесі-35 жыл құрайды.  

«Менің ата-анам Қарағандыға 1956 жылдың қаңтар айында  көшіп келді, - дейді Надежда Александровна. Мен 6 жаста едім. Бір жылдан кейін мен Ақтас орта мектебіне бардым. Ол уақытта мектеп түлектеріне оқумен қатар, қосымша орта техникалық немесе ортакәсіби білім алуға мүмкіндік болды. Мен балалармен, және де кіші жастағы- бастауыш сынып балаларымен  жұмыс істеуді таңдадым. « Бастауыш сынып педагогы» білімін алып, мен балабақшада жұмыс істедім. Аталған орында 1973 жылға дейін қызмет атқардым. 

Бір күні ата-анама п.Ақтасқа МӨСБ-2 басшысы қонаққа келді. Маған қарап тұрып: «Маған өрт сөндіру профилактикасында нұсқаушы керек, маған өрт сөндіру бөліміне келесің бе?»,- деді. Менің міндетіме күнделікті тұрмыста өрт сөндіру қауіпсіздік ережесіне тұрғындарды үйрету болып табылды.  Маған бұл жұмыс ұнады. 1973 жылдың 15 тамызынан бастап, мен өртке қарсы қызметтің құрамында жұмыс істедім. 5 жылдан кейін бөлім бастығы кетті.  МӨҚҚББМ басшысы, ол уақытта басшы орнында как Роман Ильич Хутим деген «адам» болды,  маған бөлім басшысының міндеттерін уақытша  қабылдауды бұйырды. Ол уақытта мен 28 жаста ғана едім. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, егер менің айналам зейнеттік жасқа жақындаған ағалар тұрғанда, мене қандай  басшы. Бірақ мен бөлімді қабылдап алдым. Алғашқы уақытта мен үшін  ең қиыны  әкем секілді адамдарға бұйрық беріп, олармен сапқа тұру дайындығын өткізу, алмастыру еді, «Сап түзе!» «Тік тұр!» және т.б

Алғашқы уақытта тіпті бөлімше бастығының жұмыс ерекшелігін, өрт сөндіру көліктерінің техникалық әдістерін де білмедім.  Міне менің бөлім бастығы ретінде өмірім былай басталды:

Менде жасы үлкен тәжірибелі аға жүргізуші болды. Ал ол адам көңілді, әзілқой болатын. Бірде ол маған келіп: «Александровна! Бізге өрт сөндіру көлігіне мынадай бөлшегі керек. Өтініш жазып басқармадан ал»,- дейді. Ол уақытта менде МАЗ-205деген бірден бір керемет көлігім болды.

Бұл дизельдік көліктің дауысы қатты болғаны соншалық, Ақтаста кетіп бара жатсақ- Қарағандыда естілетін! Жүргізушінің  сөзінің кейін өтініш жазып, Қарағандыға жол тарттым.  Өтінішке Басқарма бастығы міндетті түрде қол қою керек болатын. Мен Роману  Ильичқа кіріп келіп, өтінішті үстел үстіне қойып: « Маған мына қосалқы бөлшектер керек»,- деймін. Ол қағазды оқып шығып, бір түрлі маған қарап, сұрақ қойды:

-          Ал бұл қосалқы бөлшек саған қайда керек?

-          Қалай қайда? МАЗ-205-ке.

-          Саған кім кеңес берді?

-          Мен аға жүргізушімін.

-          Болашақта есіңде болсын Маз-да мұндай бөлшек жоқ.

Мен  өрт сөндіру көліктерінің техникалық тактикасын игермегеніме қатты ұялдым, ал МАЗ-дан басқа менде ЗИЛ-130, ЗИЛ-131болды ғой.  Содан кейін мен өрт сөндіру көліктерінің модификациясы жөнінде кітаптарды үйге алып, ұйықтар алдында оқып жүрдім.Аға жүргізушінің сөзіне одан кейін сенбедім. Егер ол өтінішпен келсе, мен: « Қосалқы бөлшек керек пе? Бар да шеш, мен көрейін, содан кейін өтініш жазамыз», немесе, өрт сөндіру көліктері туралы кітапты ашып, «Осыдан бұл қосалқы  бөлшекті тауып көрсет»,-дейтінмін.

Сонымен қатар кадрдың комплектациясына бөлімшенің бастығының міндеті де кірді. Жұмысқа тұрған адамның реакциясын көз алдыңызға елестете аласыз ба. Жасы үлкен тұлғалы жігіт кіріп: « Сәлеметсіз бе, маған басшы керек еді». Мен сондай кіп-кішкентай, нәп-нәзік, үлкен сталиндік үстелден тіпті онша көрінбеймін, «Мен басшымын! Сізді тыңдап тұрмын!» деп жауап беремін. Кейбір таң қалушылықпен маған қарап, жайлап жұмыспен келуші бейнесіне енеді. Әрине, кезкелген адам мұндай жағдайда есінен айырылады. Қарапайым адам, өрт сөндіру күзетінде көбінде ер адамдар жұмыс істейді деп ойлайды, ал мұнда әйел адамдар аздай, жап-жас әйелдер жұмыс істейді. Сөйлесу кезінде менің шынымен басшы екенімді түсінді. Егер адам маған жұмыспен келсе, мен оның жұмысқа рәсімдедім. Әдеттегідей, ол далаға шыққанда, жеке құрамнан: «Шынымен сіздердің басшыларыңыз әйел ма?»,-деп сұрады.

Маған ең қиыны жеке құраммен сапқа тұру дайындығы бойынша сабақтар жүргізу болды. Бас басқармаға келіп, мен өрт сөндіру штабына кіріп, жай ғана жігіттерден сұрадым («жеделтобын»): « Әскери киім қалай дайындалып, қойылады, және 38 секунд ішінде қалай «үздік» киюге болады. Жоспарын, әдістемесін алып, қайта үйреттім.

Біраз уақыттан кейін мен бөлім бастығы ретінде бұйрық берілген дауыстың әсерінен бейімделіп, үйрендім. Бірақ, дегенмен, мен ішімнен бұл менің ісім емес екенін түсіндім. Маған бұл лауазымда емес, өрт сөндіру күзетінде жұмыс істеген ұнады. Бөлімшеге бұйрық беру қалай дегенмен, ер адам болуы керек. Сондықтан әрқашан МӨҚҚББМ кеңесі аяқталғанда, Роман Ильичқа кіріп, сұрайтынмын: «Менің орныма адамды жақында табасыз ба?  Роман Ильич, бұл менің ісім емес! Мен -әйелмін!» Ол сұраққа ол былай жауап берді: «Шыда, тыныс алайық, жібереміз!».

Жұмыстың бірінші жылының аяғында бөлімнің бастығымен біз депо, гараж, қызмет мекемелері ғимаратының ағымдағы косметикалық жаңаруын және қайта құруын бастадық. Міне, маған кезекті құрылыс материалдары, сонымен қатар, автотехникаға қосымша бөлшектер керек болғанда, мен келіп, талап ете бастадым.  Роман Ильич өзінің орынбасарын шақырып алып: «Сен өзің тыңдап көр, ол қалай бұйрық береді, жақында ол менің үстелімді жұдырықпен соғатын болады»,- деді. Өтінішіме қол қойып: «Сонымен құрметті Надежда Александровна енді және алдағы уақытта сіз бөлімшенің бастығы болып қала бересіз»,- деді. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, орныңызға басқа адамды іздемеймін де. Қаласаң, дәлізге шық та жылап кел, бірақ бөлім бастығы болып сен қаласың».

Осылайша, КӨСБ-2 мен 18 жыл, 1996 жылдың желтоқсанына дейін қызмет атқардым.

90-шы ж.ж, қайта құру басталғанда, В 90-е гг., когда началась перестройка, тегіс ыдырау өртке қарсы қызметте де орын алды.  Қаржыландырудың жоғынан менің бөлімімде ( мен оны ылғи «менің» деп атаймын), басқа санаулы бөлімшелермен бірге жойды

1997 жылы 1 қаңтарда мені МӨҚҚББМ басшысы өзіне шақырды. Ол уақытта Николай Павлович Поздин  басқарды. Ол айтты: « Білесіз бе, барлық өрт сөндіру бөлімдерінің жойылуымен байланысты, жұмыссыз қалатын, оған көзіне қарауға ұялатыным жалғыз адам –Сіз! Мен сізге тек Саран қаласындағы  ӨСБ-28 инспектор лауазымын ұсына аламын.  Келісесіз Бе?».

Ол уақытта мен 46 жаста едім. Арнайы білімім болмағандықтан, ондай жағдай да тумағандықтан, мені аттестаттауға мүмкіндік болмады, дегенмен, мен өрт сөндіру күзетінде қызмет еткенде өртке қарсы қызметтің оқу мекемесінде екі рет кәсіби шеберлікті арттыратын курстан өткен едім. (қазір КДМ). Ал басқа құрылым мен кәсіпорындарда жас аралық цензі, ереже бойынша 35 жасқа дейін. Не оның қызметтегі ерекшелігі, не еңбектегі жетістігі қажет емес, тіпті еңбек кітапшасына да қарамайды. Сондықтан мен келістім. Инспекторлық жұмыс маған таныс еді, бірақ, үйрену керек те болды.   Бұрынғыдай, әдістемелік жоспарлар, мемлекеттік өрт сөндіру надзор жұмыстары бойынша нұсқамалар және бұйрықтар менің «үстелді кітаптарыма» айналды. 2003 жылдың қараша айына дейін кіші инспектор лауазымында қызмет атқардым. Содан кейін мені ӨСБ-15 радиотелефоншы жұмысына ауыстырды.

Бұл ауысым көптеген себептерге байланысты. Бірінші кезекте тұрғын үймен байланысты. Ақтас өзін  жойды, МӨҚҚББМ басшысы маған ведомствалық тұрғын үймен көмектесті. Екіншіден,... ол уақытта мен 53 жасқа толдым, ал ол – айтарлықтай жас мөлшері.

35 жылғы өртке қарсы қызметімде, өртке мен не дегенмен үйрене алмадым. Оған үйрену мүмкін емес, егер бұл құрылымда ұзақ жұмыс атқарып, адам  бейімделеді, «қалыңтерілі» болып кетеді деген өтірік. Өтірік! Өйткені әр өрттің артынан қайғы мен адамдар өмірі қиылып жатады.  Әсіресе, кеселге ұрындыратын өрттер және оның артынан қандай салдар болуы мүмкін екенін білгенде. Мен бөлім басшысы болғанда, Ақтаста кезкелген уақытта болған барлық өртке қатысуға тырыстым. Менде тіпті «дабылды» киімі дайын тұрды.  Мен 6 секундте киініп шығып, «дабылды» бума қағазды алып, шақырылған жерге ұшып баратынмын. Тіпті қазір, ӨСБ-15 радиотелефонист қызметінде, хабар алсам, қарауыл басшысы өрттің жойылғанын хабарлағаншы уайымдаймын және күйгелектенемін. 

 

 

С.Н. Гусейнова Симзар Нагдалиевна Гусейнова

Өте байсалды,  паң, келбетті, шығыстың қараторы қызы Симзар Нагдалиевна Гусейнова Өртке қарсы қызметке бірден Қарағанды Политехникалық институтын бітірісімен келді. Жобалы институттың сызба жұмысында бес жылғы еңбек тәжірибесіне ие 27-жасар Сима орталық өрт сөндіру байланысының тетігіне орналасты.  Енді оның «қаруы» телефон тұтқасы және қарындаш болды. 13 жылдай аға диспетчері Симзар өзінің шынайы қатысуымен және тағдырына шынайы алаңдаумен көп адамға көмектесті, адам тағдырына араласты, Бұл қасиеті ақылды және мейірімді әйелдің барлық ерекшелігін көрсетті, кім-кімнің қызметпен қарым-қатынас жасауына және оның досы атануына негіз болды. Ол адамнан ылғи кішіпейілділік пен жылылық байқалады.    

Келесі 7 жылда Симзар Нагдалиевна аға инженер және Өртке қарсы қызметтің баспасөз орталығының жетекшісі қызметін атқарды.  2004 жылы ол Мемлекеттік өрт сөндіру надзор Басқармасы заңдылығын тексеру және  бөлімде бақылауды есепке алу қызметін орындады. Соңғы қызметі – Қарағанды облысының ТЖ аймағында МБНБ жоспарлау және талдау бөлімінде бас маман болып табылады. 

Симзар Нагдалиевна осы уақыт аралығында Қылмас пен үгіт-насихат бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Облыстық радио хабарларда теледидар сюжетімен радиосұхбат циклын, күнделікті бұқаралық  ақпарат құраладарымен баспасөз конференциясын, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырды. Бұдан басқа, ол осы бағытта жұмыс бастаған мамандарға әрқашан өзінің ақыл-кеңесін айтып, іс жүзінде де көмегін көрсете білді. Оның ізін басқан оқушылары (Г.Горшенева, Н.Ланкова, С.Погибелко, И.Владимирова, О.Павленко, В.Рожкова) ризашылығын білдіріп, тәлімгерлік әрекетін жүрек тебіренісімен еске алады.  

Әрқашан өнегелі, әрі байсалды. Кейін сән үлгерімен киінетін. Ал оның қаншама әйелдік нәзіктігі, әдемілігі бар! Ол бәріне үлгерді: жұмыс істеді де, балаларын да өсірді, үй шаруасын да атқарды, жұмыста әріптестерімен де жақсы қарым-қатынас жасай алды. Симзар Нагдалиевна міне бақытты некеде 30 жылдай өмір сүріп келеді. Осы уақытқа дейін ол сенім, мейірімділік және махаббат есетін керемет отбасын құра алды.  Қазір, оның үлкен балалары Полад пен Эсфира Астанада тұрады, сол қалада жұмыс істейді. Бірақ, күн сайын олар анасын керемет тәрбие бергені үшін, үлкен ризашылықпен және қамқорлықпен еске алады. 

Ішкі қызмет подполковнигі Гусейнова зейнетке  қызметін іштей қимай шықты. 20 жылдай жұмыс атқарған, ал бұл өртке қарсы қызметтегі өмір бойғы еңбегі ғой.   

Ол үйде лайықты демалысын алып, рахатқа бөлене алмады, екі жылдан кейін «туған жеріндей жерге» техникалық өрт сөндіру орталығына қайта оралып, экскурсия жетекшісі лауазымдық қыметін атқарды. 

Енді жұмыскерлер мен қызметкерлер, оқушылар мен студенттер оның дауысын  естіді. Ол өртке қарсы қауіпсіздіктің  келушілерге шынайы көрменің бейнесін  түйініне де жете меңгертті.   Кіші дәрісхана ең алғысшыл, сонымен қатар өрт сөндіру мағынасында  потенцалды қауіпті болып табылады.

Симзар Нагдалиевна  экскурсияға мұқият дайындалады. Әрбір көрмеге келушілер үшін және жас ерекшелігіне байланысты,  қажетті көркем сөздерімен өзінің дәрісін жүргізеді.

 Лазарь Ефимович Черепеничев

27 lazer 2

Міне бүгін Ұлы Жеңіске 72-жыл. Бұл – тарих беттерінде үлкен орын алатын қайғылыда, қуанышты күндердің бірі. Бірақ совет кезіндегі батырлардың фашистік германияны жеңгені ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалатын естелік.
Біз, кейінгі ұрпақ соғыстың не екенін білмесек те, соғысқа қатысқан ардагерлерімізді ұмытпай ұлықтауымыз қажет.

 Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастықтығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д. Күлшімбаев және «Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар ардагерлер Кеңесінің» төрағасы Есентаев Мукатай Сұмағұлұлы Черепеничев Лазарь Ефимовичті барлық жеке құрам атынан келе жатқан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап,- «Біз әр солдаттың ерліктерін келешек ұрпаққа мақтанышпен айтамыз. Және ұзақ өмір, денсаулық және бақытты ғұмыр кешуіңізді тілейміз!» - деді өз сөзінде.

 Лазарь Ефимович 1926 жылы Вологод облысында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл әскер құрамына шақырылады.
1943-1950 жылдары шекарны Қиыр Шығыс майданының, 2-ші Қызыл әскерінің, 40-шы жекеленген байланыс батальонының, 8-ші атқыштар полкінің құрамында күзеткен.

 Демобилизациядан кейін Қарағанды қаласының шахтасында шахтер болып жұмыс істей бастады, онда бөлімше бастығының орынбасары лауазымына дейін қызмет етті. Сосын 30 жыл бойы Мемлекеттік тау-кен және техникалық қадағалау органында өрттер мен апаттарды жою инспекторы болып жұмыс істеді.

 Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Жапониядағы жеңісі үшін» медальдарымен марапатталған. 2015 жылы «Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына – 20 жыл» медалімен марапатталды.

М.С. Есентаев Мұқатай Смағұлұлы Есентаев

Мұхатай Смағұлұлы 1964 жылы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Мұхатай Смағұлұлы Есентаев азаматтық қорғау органында қарауыл бастығы, әскериленген өрт сөндіру бөлімінің аға нұсқаушысы, Мемлекеттік өрт сөндіруді бақылау инспекцияның бастығы, ерікті әскериленген өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өрт сөндіру штабының бастық көмекшісі, өрт сөндіру штабы бастығының аға көмекшісі, өрт сөндіру штабының бастық орынбасары ретінде әр түрлі лауазымдарда 1965 жылдан бастап 1997 жыл аралығында жұмыс істеді, онда өзін білікті қызметкер ретінде танытты.
   Лауазымдарда жұмыс істеу кезінде күрделі және ірі өрттерді сөндіруде белсенді қатысты. Бағыныштыларының әрекеттерін шебер басқарды, қысқа мерзімдерде қысыл-таяң жағдайларда бөлімшенің келу кезінде олар қабылдаған мөлшерде адамдарды құтқару мен өрттерді сөндіруде қамтамасыз ете отырып, дұрыс шешімдерді қабылдады.
    Ішкі істер басқармасының өртке қарсы басқармасы азаматтық қорғаныс және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы лауазымына жылжытылды, онда құжаттарды сауатты және нақты дайындауын және жұмылдыру резервтерінің дұрыс сақталуын қамтамасыз етті.  Оның басқарған бөлімшесі Республикасы бөлімшелерінің жедел-қызметтік әрекетіндегі жоғары көрсеткіштері үшін ҚР ІІ Министрінің бұйрықтарымен бірнеше рет жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Барлық 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарімен, «ІІМ үздігі», «Үздік өрт сөндіруші», «Ішкі істер органының құрметті ардагері», кеуде белгілерімен марапатталды.

 Ардагер және жас мамандардың тәлімгері ретінде ол жас ұрпақты тәрбиелеудебелсенді қатысады. 2002 жылдан бастап облыстың Өртке қарсы қызмет Ардагерлері кеңесінің төрағасы, ал 2007 жылдан бастап областың ТЖД Ардагерлер кеңесін басқарады.

 
 

Өрт және АҚЖ

Өрт – біздің өміріміздегі ең қорқынышты және қауіпті құбылыс. От аяусыз және жауыз.Адамдардың өртте қаза тапқандағы қорқыныштан үлкен қорқыныш жоқ. Содан басқа өрт өте үлкен материалдық шығынға апарады. Қарағанды облысы аумағында уақыт өте келе 2,3 типті 4 ранг күрделілігі анықталатын өрттер болып тұрады.
Қарағанды қаласы, көшесі .
Жамбыл 33 мекен-жайында орын алған
өрт бойынша ақпарат
 
plamya1 plamya2 2015 жылы 20 мамырда уақыт 19:09 өртке шығу кестесі бойынша №1 ӨСБ 2 автоцистерні мен 10 кезекші адам жіберілді. 101 желісіне келіп тұскен қоңыраулар санын шектеусіз болғандықтан, оны ескере отырып, оқиға орынана қосымша өртке қарсы қызметкерлеі мен қосымша күштер жіберілді.
Оқиға орынына 19:13 барған соң (№1 ӨСБ) екі иесіге тиесілі жеке меншік үйдің шатыры жанғанын байқайды. Кезекші бастығына бірден жоғарғы №2 дәрежелі өрттің болғанын баяндады. Оттың шығуы тоқ көзінің тұйықталуынан болған, 380 Вольттық күшке қарсы тұрып, өрт сөндіру мүмкін емес болды. Сондықтан энергия қызметкерлерінің келуін күтіп, үй ішінде тінту жұмыстары жүргізілді.
19 сағат 25 минуттан соң энегияқызметі келгенен соң нысан барлық тоқ көзнен ажыратылды, содан соң өртті өшіруге 7 стволдан су жіберілді. Тоқ көзінен ажыратылғанша өрттің аумағы 390 квадтар метрге жетті. 59 минуттан кейін қабылданған шаралар 20 сағат 48 минутт толық өшірілді.
Өрт сөндіруге 13 бірлік өрт сөндіру техникасы және 50 жеке құрамдағы қызметкерлер тартылды. Өрт сөндіруге 7 ствол «Б» , 1 звено газ-түтіннен құтқару жұмылдырылды. Отты өшіруге жақын маңдағы гидрант, сумен қамтамасыз етілді. Өрттің шығу себебі қаралу үстінде.
 
Қарағанды облысында темір жолда болған ірі өрт сәтті жойылды

2013 жылдың 20 тамызында 16 сағат 12 минутта Қарағанды облысының өртке қарсы қызметіне жүк таситын поезд вагоны «Қараған - Өзек» станциясында жолдан түсіп кеткені туралы хабарлама түсті. Авария орнында бір вагонда өрт пайда болды.
Бірінші өрт сөндіру бөлімі хабарлама түскеннен кейін 7 минуттан соң келді. Авария орнына келген кезде, ТЖ орнында жолдан түсіп кеткен ЖЖМ таситын 21 вагон мен цистерна қырына түсіп кетіпті. Бензин төгіліп, өрт шықты. Цистерна және вагондар, сонымен бірге темір жолға қарайтын жер аумағы, түйілген құрғақ желілер, ағаш шпалылары мен тіреулер отпен жамылған. Өрт 800 ш.м. жайылған.
Басшылардың ұйғарымымен өрт орнына облыстық орталық және жақындағы қаладағы бөлімшелерінен қосымша күш пен құралдар жіберілді. Өртке үшінші ранг қиындығы берілді.
Екі сағат бойы Қарағанды облысының өрт сөндірушілері өрт апатымен күресті. Цистерналарды суыту үшін су оқпандары берілді. Өртті әрі қарай жайылмау үшін өрт сөндірушілер «Пурга-5» және ГПС-600 көбік оқпандар мен генераторларды қолданды. 17 сағат 50 минутта орынға өрт поезді келді.
18 сағат 10 минутта өрт жойылды. Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ аппарат басқармасы, Қарағанды, Шахтинск, Саран, Абай қалаларының бөлімшелерінен 19 бірлік техника және 75 жеке құрам қызметкерлері жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта авария орнын қалпына келтіру жұмыстары «Қазақстан Темір Жолы» АҚ күшімен істеліп жатыр.
«Акация» мейрамханасы
2012 жылдың 1 ақпанында Қарғанды қаласының бір аумағындағы «Акация» мейрамханасы шатырының жанғыш құрылыстарының жануы болды.
Өрт туралы хабарлама КҚЖБО ӨБОП 18.20 тусті. Өрт орнына жақын тұрған өрт бөлімдерінің кезекші қарауылдары жіберілді.
Бірінші келген өрт бөлімшесі туындаған жағдайдың барлық күрделілігін анықтады: ғимарат шатырының ашық жануы болды, шатырдың күрделі беткейі сөндіру жұмыстарын тікелей өрт ошағында жүргізуіне мүмкіндік бермеді.
Өрт пайда болғанда мейрамханада адамдар болған жоқ, нысан әкімшілігі өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта өздігімен далаға шықты, сонымен адам өміріне қауіп төнген жоқ.
Өрт сөндіруге қиындық басқа жақта болды. Сол күндегі күрделі ауа райының жағдайы өрт сөндіру жұмыстарын өте қиындатты. Термометр бағанасы 2012 жылдың 1 ақпанында Цельсия бойынша – 35 градусты көрсетіп және одан да төмен түсе бастады. От 2 қабатты мейрамхананың шатыр обрешеткасының және аражабқыштың 400 шаршы метрді алды.
Өрттегі туындаған жағдайды ескере отыра шақыру рангі үшінші рангіге дейін көтерілді. Өрт жою жұмыстарына барлығы Қарағанды облысы ТЭЖ «ӨСжАҚЖҚ» ММ 89 жеке құрам адамы және 23 автотехника қатыстырылды. Бірақ бір кезде аяз автотехниканы істен шығара бастады.
Өрт автоцистернаның сорғыштары қата бастады. Жауынгерлік есептегі жылытқыштар да құтқара алмады. Төмен температура үштік тармақталуларды және оқпандарды қатырып тастады. Өрт жеңдерде су қата бастады. 5-10 минутқа қысқа үзіліс су көзіндегі көліктерге су алуға мүлдем мүмкіндік бермеді. Радиостанциялар қатып қала бастады, байланыста үзілістер пайда бола бастады. Соңғы шыдам автосатылармен қиындық туғанда таусылды. Өртте жұмыс істегеннен кейін механизм қайта жиналмады.
Оның бәрі жеке құрам туралы айтпағанда. Өрт кезінде өрт сөндірушілерді жылыту үшін арнайы тағайндалған АСА-20 автокөлігі шақырылды.
4 сағат өткеннен кейін өрт жойылды. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби және жан аямай әрекеттері өрттен болатын күрделі материалдық шығындардың болмауына мүмкіндік берді.
Пилорамада тілсіз жау
2011 жылдың аяғында Қарағанды қаласында тағы бір №2 рангі бойынша үлкен өрт болған.
08 сағат 29 минутта 16-ӨСБ байланыс пунктына «Белашицкий» ЖК ағаш өңдеу цехы территориясындағы пилораманың жануы туралы хабар тусті.
Өрт орнына келген уақытта өрт бөлімшесінің жауынгері пилораманың 500 шаршы метр ауданында ашық жалынды жануы байқады. Сонымен қатар от пилорамаға қатыстырып салынған шаруашылық ғимараттарға таралды да, биіктігі 4 метр жиналған домалақ ағашқа таралу қаупі туындады.
Өртте барлық күш пен құралдар жұмылдырылғаннан кейін жарты сағат өткен соң өрт тоқтатылды, ал 10 сағат 35 минутта толығымен жойылды. Өрт ауданы 650 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруде пилорама ара жабындысы 300 метр шаршы метр ауданында қирады.
Өрт сөндіру жұмыстарына 7 техника бірлігі, 47 адам жеке құрамы қатыстырылды. Өртте 5 ГТҚҚ буындары жұмыс істеді.
Пожар в сельском клубе
2011 жылдың 11 қазанда Доскей ауылындағы «Ақ құдық» клубында өрт болды.
Клуб әкімшілігі өртті көрген уақыттан бастап өртті өз бетімен жоюына талпынып ұзақ уақыт бойы өртке қарсы қызметіне хабарламады.
Нәтижесінде бірінші келген өрт бөлімшесінің сәтінде өрт 500 м2 ауданын алды. Котельная, жаттықтыру залы, тренер бөлмесі мен клуб вестибюлі үстіндегі шатырдың жаңғыш құрылыстарының қарқынды жануы болып жатты, сонымен қатар шатыр асты бөлмелерді қалын түтін басты. Кейбір жерлерде шатырдың қирауы болды.
Өрт сөндіру жұмыстарына ауыл мекеніне жақын орналасқан облыс орталығының бөлімшелері 3 рангі бойынша қатыстырылды.
Қолданылған іс-шаралармен 700 шаршы метр ауданында өрт жойылды.
Өрттің себебі темір түтін құбырдың жаңындағы ағаш құрылыстардың тұтануы болды, және де клуб пешінің қарқынды жануы әсерінен темір түтін құбырдың қатты қызған бетінің басқа жанғыш заттарға жылулық әсері себебінен.
Балалық емес өрті
2011 жылдың 31 тамызда КҚЖБО ӨБОП Қарағанды қаласы,, 17 ш..а. 47 үй мекен жайындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан «Балалар әлемі» дүкенінің бір бөлімі жануы туралы хабарлама түсті. Өрт орнына автоматты түрде №2 жоғары рангі бойынша күш пен құралдар жіберілді. Өрт орнына бірінші келген бөлімше дүкенді қалын түтін басқанын байқады. 30 шаршы метр ауданында 3 бөлімдегі халық пайдаланатын тауарлардың жануы болып жатты. 200 метр шаршы ауданында ілмелік төбенің (армстронг) кейбір жерлерде құлауы болды. Нысан әкімшілігі далада болды, сол сәтте дүкенде адамдар болған жоқ.
Жану өнімдері ғимарат қабаттарына таралып, пәтерлерді және сатыларды түтін баса бастады да, негізгі қауіп ғимараттың тұрғын бөлігіндегі адамдар өмірі мен денсаулығына төнді. Ғимараттың жоғары қабаттарынан өртке қарсы қызмет қызметкерлерімен 80 адам, оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тепловизордың көмегімен өрт ошағын және оның таралу жолдарын іздеу уақыты қысқарды, нәтижесінде өрт сөндіру уақытының қысқаруына апарды. Өрт сөндіру жұмыстарына Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 49 жеке құрам адамы және 10 бірлік арнайы және негізгі автотехника қатыстырылды.
Өрттің себебі дүкен төбесінің деңгейінде орналасқан күндізгі жарық лампасының авариялық жұмысы болды.
Тоңазытқыштардағы
2011 жылдың 30 шілдеде Жезқазған аумағының өртке қарсы қызмет гарнизонының өрт сөндірушілеріне өртті жоюға 15 сағат керек болды, өрт бұрынғы ет комбинатында күндіз сағат бірдің кезінде болды. Бұл өртке үшінші ранг күрделілігі берілді.
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2 жасақ ӨБОП хабарлама 12 сағат 18 минутта түсті. Хабарлаушы келесі ақпаратты берді, Жезқазған қаласы, Степная көшесі, 1 мекен-жайы бойынша бұрынғы ет комбинатының істемейтін тоңазытқыштардың жануы болып жатыр. Өртке қарсы қызметінің күш пен құралдар келгенде от 2 мың шаршы метр ауданынан аса үлкен ауданды алдыда, ғимарат ішінде қарқынды таралды.
Өртке қарсы бөлімшелерінің іс-әрекеттерімен өрт 21 сағат 41 минутта тоқтатылды, ал толығымен тек келесі күннің 3 сағат 41 минутта жойылды. Өрт сөндіру жұмыстарына Жезқазған аймағының өртке қарсы қызмет күш пен құралдары саны 10 бірлік авттехника және 36 адам жеке құрамы қатыстырылды, өрт сөндіру барысында жиын бойынша шақырылған жеке құраммен ауыстырылуы жүзеге асырылды.
Алдын ала қойылған өрт себебі бойынша дәнекерлеу жұмыстары салдарынан өрт пайда болды.
«Цирк күмбезінде»
Қарағанды цирк ғимараты, онда 2010 жылдың 2 шілдеде өрт болған, қала тұрығының уақытында қоңырау шалғаны және өрт сөндірушілердің ұқыпты іс-әрекеті көмегімен сақталып қалған.
16.18 Нурлан Бейсенбекович Тойболдин цирк ғимараты күмбезінен түтін шығып жатқаны туралы өрт байланысының орталық пунктына хабарлады. Қала тұрғыны өз үйінің балконында үй маңайын бақылап жатқанда түтін шыққанын байқады.
Алғашқы келген өртке қарсы қызмет бөлімшелері цирк төбесінде өрт сөндіргіш және су көмегімен өздігімен өртті сөндіріп жатқан жұмыскерлерді байқады. Сол төбеде дәнекерлеу аппараты мен электродтар жатты. Өрт аз уақыт ішінде қауіпті түрге айнала бастады, бірақ нысан әкімшілі және жұмыскерлері 101 телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне бір де бір қоңырау шалған жоқ.
Өртке №3 ранг күрделілігі берілді. 14 сағат 40 минутта өрт сөндіру орнында қажетті күш пен құралдар жұмылдырылды: 18 техника бірлігі, сонымен қатар 11 негізгі, 5 арнайы және 75 адам жеке құрамы қатыстырылды.
Биіктіктегі қаңылтырмен қапталған «OSB» плиталары жануымен өрт сөндіру жұмыстары қиындатылған. Басында қол қол аспаптары арқылы (балта, лом), кейіннен АСА-20 арнайы автокөлігінің электр аспаптары (электро аралар, «болгаркалар») арқылы қаңылтыр қаптамаларды шешіп астына оқпандар арқылы су берілді. Бір уақытта от сөндіргіш құралдарды күмбез асты аралыққа енгізді. Цирк күмбезіне от сөндіргіш заттарды беру үшін мамандырылған жасақтың 50-метрлік автосатысы, авариялық-құтқару көлігі, байланыс және жарықтану автокөлігі қатыстырылды.
Өрт сөндірушілер қимылы алғашқы келген уақытта өрт алған ауданында өртті тоқтатуға мүмкіндік берді.
Өрт сөндіру нәтижелері бойынша көзге аса түскен қызметкерлер ҚР ТЖМ ведомстволық марапаттаумен марапатталды. Қарағанды циркіндегі өрт сөндіру жұмыстарына қатысқан басқа қызметкерлер Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының құқығымен марапатталды.
«ВиДный» өрті
2009 жылдың 11 қазанында өрт байланысының орталық пунктына Қарағанды қаласы, Степной-2 шағын ауданында орналасқан «ВиД» сауда орталығының жанында қоқыстың жануы туралы хабарлама түсті. Өрт орнына мамандырылған жасақтың екі АЦ кезекші қарауылы шықты. Кейін азаматтардың көп мөлшерде өрт туралы хабарламалар түсуі салдарынан КҚЖБО ӨБОП диспетчерлік құрамымен шақыру орнына күш пен құралдарды №2 рангі бойынша жіберу туралы шешім қабылданды. Шақыру орнына келген ауысым бастығы қоқыс емес, сауда үйдің шатыры жанып жатқанын байқады.
Бөлімше жедел жауынгерлік қанат жайып, оқпаншыларды орын - орындарына қойды, бірақ су 30 минуттық кешігумен берілді, өйткені өздігімен нысанды тоқтан ажырату мүмкіндігі болмады, ал энергоқызмет қызметкерлері уақытында өрт орнына келмеді. Туындаған жағдайды ескере отыра ранг үшіншіге дейін жоғарылатылды. Өртке ӨСЖ бұйрығымен тағы үш автосаты мен АСА-20 жіберілді.
Өртті сауда орталығының ішіне жібермеу басты тапсырма болды. Осыған сәйкес жедел кезекші күш пен құралдарды реттеген, екінші қабаттың қорғанысы ұйымдастырылды, автосатылар шатырға қойылып оқпаншылар орындарына қойылды.
01 сағат 00 минутта өрт орнында 9 АЦ, 3 АЛ, АСА, АГДЗС көліктері жұмылдырылды. Жану 350 шаршы метр ауданында жойылды, екінші қабатқа өрт таралмады.
«Ануар» сауда үйі
2009 жылдың 30 мамырда 02 сағат 04 минутта Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ КҚЖБО ӨБОП Қарағанды қаласы, Восток 2 ш.а. 5 үй мекен-жайы бойынша «Ануар» дүкені ғимаратында өрт туралы хабарлама түсті. Дүкен көп қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Үрей басқан үй тұрғындары балкон есіктері мен желдеткіштері арқылы кірген түтін исін сезді. Бірнеше минут өткеннен кейін дүкеннің оң жақ қанаты ашық жануымен жанды.
02 сағат 05 минутта өрт орнына автоматты түрде №2 рангі бойынша 7-ӨСБ 2 АЦ-40, 1 АЛ және 11жеке құрамы, 2-ӨСБ 2 АЦ-40 9 жеке құрамы, МЖ АЛ-50, КҚЖБО ӨСКҚ АШ-5, 3 қызметкерлері.
7-ӨСБ бөлімшесінің келген сәтінде орталық кіру есігінен сол жағынан қарай ашық жану болып жатты. Өрттің ауданы шамамен 600 метр шаршы ауданында болды. 2 сағат 13 минутта өрт рангі №3 дейін жоғарылады. Шақыру орнына 4-ӨСБ, 1-ӨСБ, 15-ӨСБ, 16-ӨСБ бөлімшелерінен 6 АЦ қосымша бағытталған. Сонымен қатар МЖ АСА-20.
03 сағат 24 минутта №4 ранг жарияланды.
Алғашқы келген бөлімшелер тұрғын үй тұрғындарының қауіпсіз жерге шығарылуын жүзеге асыра бастады. Өрт орнына медициналық қызмет, энергоқызмет және полиция қызметкерлері шақырылды.
Тұрғын үйден 80 адам шығарылды. Зейнеткерлердің қоғалу мүмкіндігінің шектеулігінен бірнеше адамды үйден шығара алмады. Олардың қасында жедел жәрдем қызметкерлері болды.
Алғашқы кезде өрт сөндіруге үш «Б» оқпаны терезе ойықтары арқылы берілді. Күш пен құралдардың келуіне қарай 9-ға дейін еселенген.
Қолданылған іс-шаралармен 04 сағат 51 минутта өрт тоқтатылды, ал 05 сағат 05 минутта жойылды. Өрттің ауданы 800 ш.м. алды. Нәтижесінде сауда бутиктер құрылыстары және тауарлар отпен зақымдалған.
Өрт сөндіру жұмыстарына 10 АЦ-40, 1 АЛ-50, 1 АЛ-30, 1 АСА-20, 1 АШ-5, 1 АГДЗС, 7-ӨСБ, 2-ӨСБ, 1-ӨСБ, 4-ӨСБ, 15-ӨСБ, 16-ӨСБ, МЖ, ӨСКҚ және «ӨСжАҚЖҚ» ММ басқарушы құрамы және жеке құрамы қатыстырылды. 9 ГТҚҚ буындары қатыстырылған, 2 «А» оқпаны және 7 «Б».
Қоймалардағы салақтық
2008 жылдың 19 тамызда Қарағанды қаласы, Ипподромная көшесі, 5 үй мекен жайы бойынша өрт туралы хабарлама түсті. Өртке қарсы қызмет бөлімшереі өрт орнына келген кезде терезе және есік блоктары, жиһаз, қойма шатырының ағаш обрешеткасы жалпы ауданы 100 ш.м., тасымалдау лентасы материалы 40 ш.м. ауданында жаны болып жатты. Қызмет көрсету персоналы қойма бөлмелерінен өртке қарсы қызмет кызметкерлері келгенше далаға шықты. Өрт сөндіру жұмыстарына барлығы 42 адам жеке құрамы және 10 автотехника бірлігі жұмылдырылған. Өртке 3 ранг күрделілігі берілді.
Өмірлері құтқарылған…
2008 жылдың 14 тамызда КҚЖБО ӨБОП Қарағанды қаласы, Н. Абдиров көшесі, 47-2 мекен-жайы бойынша 8 қабаттық тұрғын үйдің балкондары жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт бөлімшесі шақыру орнына келгенде 6 қабаттан бастап 9 қабаттар аралығындағы балкондардың жануын байқады. Өрт орнына қосымша күш пен құралдар жіберілді. Өртке қарсы қызмет жеке құрамымен 2 адам құтқарылған, сонымен қатар 1 адам автосаты арқылы және 24 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқару жұмыстарымен қатар үйдің әртүрлі қабаттарында орналасқан №31, 37, 49 пәтерлерде 60 ш.м. жалпы ауданында өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт сөндіру жұмыстарына барлығы 30 адам жеке құрамы мен 8 автотехника бірлігі қатыстырылды.
«Родина» отта
2007 жылдың 13 қазанда 10 сағат 57 минутта өрт байланысының орталық пунктына қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 53-А мекен-жайы бойынша орналасқан «Ақжолтай» (бұрынғы атауы «Родина») киім базарында өрт туралы хабарлама түсті. 10 сағат 58 минутта өрт орнына №3 рангі бойынша автоматты түрде күш пен құралдар жіберілді.
Алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері сәтінде өрт ілмелі төбедегі ашық жерлер мен бутиктердегі киім арқылы 400 ш.м. ауданына таралып әрі қарай таралып жатты. Қалын түтін барлық бөлмелерді қарауға мүмкіндік бермеді.
500 адам саны қызметкерлер мен сатып алушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Полиция қызметкерлері территорияны қоршап алды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
11 сағат 32 минутта Қарағанды қаласының өртке қарсы қызмет жеке құрамының жиыны жарияланды.
Өрт болған күні қалалық су құбырда авария болып, өрт гидранттарын пайдалану мүмкіндігі болған жоқ. Сондықтан жақын тұрған нысандардағы сыртқы өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздері пайдаланды: «ЦУМ» ЖШС өрт су қоймасы, Н.Абдиров атындағы спорт комбинатының скважинасы. Сонымен қатар үздіксіз өрт орнын сумен қамтамасыз ету мақсатында өрт орнынан 800 метр жерде орналасқан орталық паркідегі көлден су алынды. Ол үшін ПНС-110 өрт-насос станциясы қолданылды. Сонымен қоса қаланың коммуналды қызметінің 16 су тасытын көліктер қатыстырылды.
Барлығы өртке 160 жеке құрам адамы, 21 АЦ-40, 1 ПНС, 4 АЛ, АСА, АР, ӨСКҚ, 73 ГТҚ адам, сонымен қатар Теміртау қаласының №23, Саран қаласының №28 және Абай қаласының №30 өрт сөндіру бөлімдері, Қарағанды қаласының жедел құтқару жасағы қатыстырылды. Ранг төртіншіге дейін көтерілді.
Өрттің жалпы ауданы 1100 ш.м. ауданын алды.
Кейін анықталды, нысан әкімшілігі өртті өз бетімен сөндірем деп ешкімге хабарламады. Нәтижесінде жағдай қадағалаудан шығып зардап шеккен кәсіпкерлерге апат болды.
Өрт сөндіруші - құтқарушылардың жұмысына авариялық – құтқару жұмыстарына шығуын қарастырады. Олардың ішінде негізгілері қалын қарда қалып қойған адамдар мен техниканы құтқару, жол-көлік оқиғалардың салдарын жою.
2012 жылдың 10 наурызында Алматы – Екатеринбург трассасында 963 шақырымда жол-көлік оқиғасы болды. «Ауди-80» және «Хонда» екі автокөлігі қақтығысты. Оқиға орнына Қарағанды қаласының мамандырылған жасақ кезекші қарауылы авариялық-құтқару көлігімен шықты. Қақтығыс қайғылы болды. «Хонда» көлігінде жолаушы қаза тапты, ал жүргізушінің жағдайы ауыр болды. Зардап шеккен және қаза тапқандар, екеуі де, сиденье мен автомобильдік панель арасында қысылып қалды. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да қатты зардап шеккен. Өртке қарсы қызметінің жауынгерлері гидравликалық және қол аспаптары арқылы зардап шеккен мен қаза тапқанды алып шықты, кейін зардап шеккенді апат орнына келген жедел жәрдем алып кетті. Кейін «Хонда» жүргізушісі қаза тақаны туралы белгілі болды. Авария нәтижесінде екі адам қаза тапты. «Ауди» автокөлігімен келе жатқан екі адамның өмірі үшін дәрігерлер әлі күресуде. Олар реанимацияда өте ауыр күйде жатыр.
2011 жылдың 30 желтоқсанда «101» желісіне Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы аулынан 100 шақты шақырым жерде қалын қарда адамдар қалып қойды деген хабарлама түсті. Төтенше жағдай орнына өртке қарсы қызметінің автономиялық тұру жедел автокөлігі жіберілді. Шақыру орнына келгенде қалын қарда үш автокөлік тұрғаны байқалды. 12 адам, олардың ішінде екі баланың өміріне қауіп төнді. Келген жедел автокөліктің көмегімен адамдар Қарағанды облысының Ақшоқы ауылына қауіп-қатерсіз жеткізілді.
2011 жылдың 11 қазанында Қызылорда – Павлодар жолында Жезқазған қаласынан 18 шақырым жерде «Мазда» және «Мерседес» маркалы автокөліктерінің тура қақтығысы болды. ЖКО нәтижесінде екі автокөліктің жүргізушілері өз көліктерінде қысылып қалды. Хабарламаны қабылдағаннан кейін авария орнына Жезқазған қаласының 42-ӨСБ кезекші қарауылы, авариялық-құтқару втокөлігі мен АЦ жіберілді. Шақыру орнына келгенде қысылған екі адам авариялық-құтқару аспаптары арқылы шығарылды да, келген жедел жәрдем қызметіне ауруханаға жіберілді.
2010 жылдың 15 наурызында Алматы-Екатеринбург жолында қалын қардың салдарынан жол бітелді де, 14 жүк және жеңіл автокөліктің қозғалысы тоқталды. «Қар тұтқынында» көліктерімен қоса 77 адам қалды. Жолдағы қар басқан жерлерді өтуін көмектесу үшін Қарағанды қаласының МЖ МТЛБ шықты. Нәтижесінде қозғалысы тоқтаған көліктердің барлығы жолдың қалыпты жеріне шығарылды да, өз бетімен әрі қарай жүруін жалғастырды.
Қарағнды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ аппаратының және бөлімшелердің басшысы құрамымен 2011 жылы облыстың өрт қауіпі бар объектілерінде 818 өрт сөндіру –тактикалық жаттығулар және сабақтар (45-ӨСТЖ, 773-ӨСТС). Соның ішінде 503 (30 ӨСТЖ и 473 ӨСТС) көпшілік халық болатын объектілерінде (мәдени ойын-сауықтық, емдік, білімдік, саудалық), 66 (2 ӨСТЖ и 64 ӨСТС) өмірді қамтамасыз ететін объектілерінде.
2011 жылғы Қарағанды облысындағы ең ауқымды жаттығу болып, әрине «Қыс-2011» РКШЖ саналады. Жаттығудың өту барысын ҚР ТЖ министрі В.К.Божко жеке өзі бақылаған болатын.
 

Спорт өмірі

2016 жылғы «ӨСжАҚЖҚ» ММ спорттық іс-шаралар өту туралы ақпарат.
7 sportkrg 16 1 2016 жылдың 4 ақпанында Узенка кентінің саябағында Қарағанды облысының өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің арасында шаңғы жарысы бойынша жарыс өткізілді.
2016 жылдың 29 наурызында «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 ӨСБ Қарағанды облысы ның өртке қарсы бөлімшелерінің арасында мемлекеттік мереке «Наурыз мейрамы» қарсаңында волейболдан жарыс өткізілді.
2016 жылдың 15 сәуірінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының қаза тапқан өрт сөндірушілерін еске алуға арналған футзал бойынша облыстық жарыс өтті
2016 жылдың 21 сәуірінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында Қазақстан халқтарының бірлігі мерекесіне арналған баскетбол бойынша жарыс өтті.
2016 жылдың 31 мамырында «Шахтер» стадионында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында Ұлы Отан соғысының 71 жылдық жеңісіне жеңіл атлеткадан жарыс өткізілді.
2016 жылдың 15 маусымда, № 15 өрт сөндіру бөлімінің спорт алаңында, Астана күніне арналған өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында облыстық жыл сайынғы өрт сөндіру-құтқару спортық жарысы өткізілді
7 sportkrg 16 2 2016 жылдың 18 менен 23 шілде аралығында қаласының «Шахтер» стадионында Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша XXIII жазғы чемпионаты және Қазақстан Республикасының әйелдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша ІІІ жазғы чемпионат өткізілді.
2016 жылдың 4 тамызынды «Шахтер» стадионы алаңында Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ басқару аппараты ғимаратында және Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионының спорт алаңында шағын-футбол, гір көтеру қос сайысы, шахмат бойынша Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында жарыстар өтті.
Жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының Конституция күніне» арналған 2016 жылдың 25 тамызында «ӨСжАҚЖҚ» ММ 15-ӨСБ базасында облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Үздік қарауыл» атағына жарыстардың соңғы кезеңі өтті.
7 sportkrg 16 3 Жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған 2016 жылдың 15 қыркүйегінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ 5-ӨСБ базасында облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Үздік ГТҚҚ звеносы» және «Қауіпсіздік бекетінің үздік бекетшісі» атағына байқау-конкурстардың соңғы кезеңі өтті.
2016 жылы 21 қыркүйекте №8 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелердегі жүргізушілер арасында «Жылдамдықта орағыз бойынша үздік жүргізуші» көрме жарысы өткізілді.
2016 жылдың 5 қазанында «Шахтер» стадионындаҚарағанды облысының өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің арасында Президенттік көпсайыс бойынша командалық жарыс өткізілді.
2016 жылы 17 қарашасында «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 ӨСБ спорттық кешенінде «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті» күніне орай Қарағанды облысы өртке қарсы қызметі бөлімшелері арасында үстел тенисінен жарыс өткізілді.
2016 жылы 30 қарашасында «ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамның кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында «Кәсібі бойынша үздік» көрме-сайысының соңғы кезеңі өтті.
2016 жылы 14 желтоқсанда «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 ӨСБ спорттық кешенінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Қарағанды облысының өртке қарсы қызметі бөлімшелері арасында футзалдан жарыс өткізілді.
7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4
7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4
7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4 7 sportkrg 16 4
 
2015 жылғы «ӨСжАҚЖҚ» ММ спорттық іс-шаралар өту туралы ақпарат.
 
sorevnovaniya1 sorevnovaniya2 2015 жылдың 19 ақпанында Қарағанды қаласының Узенка кенті саябағының шаңғы жолында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында шаңғы жарысы бойынша жеке - командалық жарыстар өтті.
2015 жылдың 18 наурызында «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Наурыз мейрамы» мемлекеттік мерекесіне арналған волейбол бойынша жарыс өтті.
2015 жылдың 14 сәуірінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының қаза тапқан өрт сөндірушілерін еске алуға арналған футзал бойынша облыстық жарыс өтті.
2015 жылдың 5 мамырында «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында Қазақстан халқтарының бірлігі мерекесіне арналған баскетбол бойынша жарыс өтті.
2015 жылдың 3 мамырында Жеңіс мерекесіне арналған «Индустриальная Караганда» газетінің сыйлығына 70 жеңіл атлетикалық эстафетасы өтті. Жеңіл атлетикалық эстафетада «ӨСжАҚЖҚ» ММ құрама командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынды жеңіп алды.
sorevnovaniya3 sorevnovaniya4 2015 жылдың 6 маусымында мәдениет және демалыс орталық саябағында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында жеңіл атлетикалық кросс бойынша командалық және жеке жарыстар өтті.
2015 жылдың 24-25 маусымында 15-ӨСБ спорт алаңында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында Ұлы Отан соғысының 70 жылдық жеңісіне арналған өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша жеке және командалық жарыс өткізілді.
2015 жылдың 16 шілдесінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ басқару аппараты ғимаратында және Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионының спорт алаңында шағын-футбол, гір көтеру қос сайысы, шахмат бойынша Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында жарыстар өтті.
Жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының Конституция күніне» арналған 2015 жылдың 27 тамызында «ӨСжАҚЖҚ» ММ 15-ӨСБ базасында облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Үздік қарауыл» атағына жарыстардың соңғы кезеңі өтті. sorevnovaniya6 sorevnovaniya5
Жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған 2015 жылдың 23 қыркүйегінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ 5-ӨСБ базасында облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Үздік ГТҚҚ звеносы» және «Қауіпсіздік бекетінің үздік бекетшісі» атағына байқау-конкурстардың соңғы кезеңі өтті.
2015 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионында жеңіл атлетикалық эстафета бойынша Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында жарыстар өтті.
2015 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Қарағанды облысының ІІД дәне «Динамо» ДШСҚ волейболдан Қарағанды облысының құқық қорғау органдары және күш құрлымдары арасында біріншілік өтті. Қарағанды облысының ТЖД құрама командасы жалпыкомандалық 1 орынға ие болды. sorevnovaniya8 sorevnovaniya7
2015 жылдың 15 желтоқсанда «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында футзал бойынша облыстық жарыс өтті.
2015 жылға дене тәрбиелік-көпшілік, сауықтыру іс-шаралар және, негізгі Республикалық және Халықаралық Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК жарыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2015 жылдың 26 мен 30 мамырында VIІ жазғы спартакиадасы өтті. Осы спартакиадада барлық облыстар, Астана және Алматы қалаларының ТЖД ҚР ІІМ ТЖК КТИ құрама командалар қатысты. ҚР Құрамалар спорттың екі түрінен сайысқа түсті, атап айтқанда: қазақ күресі, гір көтеру қос сайысы. Қарағанды облысының құрама командасы гір көтеру қос сайысынан жалпыкомандалық есепте 2 орынға ие болды.
2015 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММ спорттық іс-шаралар өту туралы ақпарат.
sport_kar1 2014 жылдың 5 наурызында Қарағанды қ. Узенка кенті саябағының шаңғы жолында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында шаңғы жарысы бойынша жеке - командалық жарыстар өтті.
2014 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Наурыз мейрамы» мемлекеттік мерекесіне арналған волейбол бойынша жарыс өтті.
2014 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының қаза тапқан өрт сөндірушілерін еске алуға арналған футзал бойынша облыстық жарыс өтті.
2014 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында Қазақстан халқтарының бірлігі мерекесіне арналған баскетбол бойынша жарыс өтті.
2014 жылдың 23 мен 26 сәуір аралығында Қарағанды облысының ТЖД шағын – футбол құрама командасы ҚР ҚК құрылуының 22 жылдығына арналған 2014 жылғы Қарағанды гарнизонының шағын – футбол бойынша чемпионатына қатысып, 3 орынға ие болды.
2014 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс орталық саябағында Өндірістік ұйымдар арасында жеңіл атлетикалық кросс бойынша командалық жарыс өтті, «ӨСжАҚЖҚ» ММ құрама командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынды қанжығасына байлады.
2014 жылдың 3 мамырында Жеңіс мерекесіне және Қарағанды қаласына 80 жылдығына арналған «Индустриальная Караганда» газетінің сыйлығына 69 жеңіл атлетикалық эстафетасы өтті. Жеңіл атлетикалық эстафетада «ӨСжАҚЖҚ» ММ құрама командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынды жеңіп алды.
sport_kar2 2014 жылдың 29-30 мамырында 15-ӨСБ спорт алаңында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында Ұлы Отан соғысының 69 жылдық жеңісіне арналған өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша жеке және командалық жарыс өткізілді.
2014 жылдың 2 маусымында мәдениет және демалыс орталық саябағында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында жеңіл атлетикалық кросс бойынша командалық және жеке жарыстар өтті.
2014 жылдың 25 шілдесінде Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ басқару аппараты ғимаратында және Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионының спорт алаңында шағын-футбол, гір көтеру қос сайысы, шахмат бойынша Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында жарыстар өтті.
Жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының Конституция күніне» арналған 2014 жылдың 28 тамызында «ӨСжАҚЖҚ» ММ 15-ӨСБ базасында облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Үздік қарауыл» атағына жарыстардың соңғы кезеңі өтті.
Жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған 2014 жылдың 11 қыркүйегінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ 5-ӨСБ базасында облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Үздік ГТҚҚ звеносы» және «Қауіпсіздік бекетінің үздік бекетшісі» атағына байқау-конкурстардың соңғы кезеңі өтті.
2014 жылдың 10 желтоқсанда Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-ӨСБ спорткешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында футзал бойынша облыстық жарыс өтті.
sport_kar3 2014 жылға дене тәрбиелік-көпшілік, сауықтыру іс-шаралар және, негізгі Республикалық және Халықаралық Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК жарыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2014 жылдың 13 мен 16 ақпанында ҚР ТЖМ шығыс аймағы бойынша VI қысқы спартакиадасы өтті. Осы спартакиадада келесі құрама командалар қатысты: ҚР ТЖМ орталық аппарат құрамасы, № 52859 әскери бөлімінің құрамасы, Павлодар, Шығыс – Қазақстан және Қарағанды облыстарының құрамалары. Құрамалар спорттың төрт түрінен сайысқа түсті, атап айтқанда: шаңғы спорты, волейбол, шахмат және үстел теннисі. Қарағанды облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте 2 орынға ие болды.
2014 жылдың 12 нен 15 маусым аралығында Павлодар қаласында ҚР ТЖМ шығыс аймағы бойынша VI жазғы спартакиадасы өтті. Осы спартакиадада келесі құрама командалар қатысты: ҚР ТЖМ орталық аппарат құрамасы, Павлодар, Шығыс – Қазақстан және Қарағанды облыстарының құрамалары. Құрама командалар спорттың төрт түрінен сайысқа түсті, атап айтқанда: шағын – футбол, жеңіл атлетика, гір спорты және қол күрес. Қарағанды облысының ТЖД құрама командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болып, ҚР ТЖМ жазғы спартакиадасының финалдық айналымына шықты.
2014 жылдың 27 мен 30 шілде аралығында Өскемен қаласында ҚР ТЖМ VI жазғы финалдық спартакиадасы өтті. Финалдық спартакиадада келесі құрама командалар қатысты: Атырау облысының ТЖД құрамасы, Астана қаласының ТЖД құамасы, Оңтүстік – Қазақстан облысының және Қарағанды облысының ТЖД құрамалары. ҚР ТЖМ орталық аппарат құрамасы, Павлодар, Шығыс – Қазақстан және Қарағанды облыстарының құрамалары. Құрама командалар спорттың төрт түрінен сайысқа түсті, атап айтқанда: шағын – футбол, жеңіл атлетика, гір спорты және қол күрес. Қарағанды облысының ТЖД құрама командасы төртінші жыл бойы жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.
 
Өрт сөндіруші үшін спорттың үлкен маңызы бар. Өйткені оның барлық элементтері қиын және қауіпті еңбектегі шеберлікті, ептілікті, төзімділікті тәжірибеде қолданумен тығыз байланысты. Өрт сөндіру – құтқару спорт шеберлерінің ішінде көп адам отпен арпалыс аса қиын жағдайында өздерінің батырлығын көрсетуі тегін емес.
Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында өрт сөндіру – құтқару спортына маңызды роль бөлінеді. Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің қатарында спортшылар аз емес.
Федор Суслов, Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 22-МӨСБ аға өрт сөндірушісі-құтқарушысы. Өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша спорт шебері. ӨСҚС бойынша ұлттық құрама командасының құрамына кіреді. Өрт сөндіруші үшін басты спорт түрі бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың тұрақты қатысушысы.
Евгений Кошевец, Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Теміртау қаласының 4-жасақ аға инженері. Өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша спорт шеберіне кандидат. Қарағанды құрамасының құрамында жауынгерлік қанат жаю бойынша Қазақстан Республикасының рекордшысы. 2010 жылы Тараз қаласында ол Қарағанды облысы командасының құрамында жаттығуды 32,48 сек орындады. Осы күнге дейін бірде бір қазақстандық командалармен бұл рекорд орындалған жоқ.
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ командасы 2011 жылы ҚР ТЖМ Қысқы және Жазғы спартакиадасының абсолютті жеңімпазы.
ҚР ТЖМ Қысқы спартакиадасы
ҚР ТЖМ Қысқы спартакиадасының соңғы бөлігі 2011 жылдың наурыздың 2 мен 4 аралығында Қостанай қаласында өтті. Қарағанды құтқарушылары спартакиада аясында өткізілген барлық спорт түрлерінен үздік болып шықты: шаңғы жарысы, волейбол, үстел үстіндегі теннис және шахматы. Ақтық ойындарда Қарағандының қарсыластары болып Астана қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖД командалары болды.
Алғашқыда қарағандықтарды ешкім шындап қабылдамады. Жарыстардағы жеңісті ШҚО командасына жорамалдады, өйткені оның «арсеналында» спортшылар көп болды. Бірақ ойындардың бірінші күнінен кейін жағдай күрт өзгерді.
Қарағандылық шахматшы Мақсат Оразбеков қарсыластарының барлығын шахмат тақтасында «құрғақ» жеңіп шықты. Осының арқасында, Қарағанды облысының шахматшылары бірінші орынға ие болды.
Үстел үстіндегі теннис бойынша турнир Қарағанды облысы ТЖД командасы өкілінің аса толқыды, өйткені шығардың алдында теннисшілердің арасында алмасу болды (қатысушылардың біреуі ауырып қалды). Бірақ, осыған қарамастан, біздің команда бұл спорт түрінен бірінші болды.
Шаңғы спорт түрлерінде біздің спортшылар «Біріншілік пальмасын» ұтып алды. Мұнда теміртаулық Дмитрий Иванов өзінің қарсыластарын артта қалдырып, үлкен айырмашылықпен бірінші келіп көзге түсті. Өзінің тобында Иван Якутинде тәуір алға шықты.
Екінші күні біздің команданың қатысушылары, өз күштеріне сенгені соншалық, олар «үздік» атау құқығын өздеріне қалдырып шаңғы спорт түрлерін еңбексіз аяқтады. Қарағанды облысының ТЖД спортшылары ұпай бойынша үлкен айырмашылықпен «фиништік түзуге» жетті. ТЖМ ІІІ Қысқы спартакиадасының финалдық бағдарламасын волейбол бойынша жарыстар аяқтады. Мұнда біздің команда, атап айтқанда, «атында болды». Ойындардың нәтижесінде ешкімнің күмәні болған жоқ. Қарағанды облысы волейболшылары барлық облыс командаларын жеңді және еңбегіне лайық тұғырдың жоғарғы баспалдағына орналасты.
Нәтижесінде, ең көп ұпай жинап, Қарағанды облысының ТЖД құрама командасы бірінші рет ТЖМ Қысқы спартакиадасының чемпионы атанды.
ҚР ТЖМ Жазғы спартакиадасы
2011 жылдың шілденің 20-нан 23-ші аралығында өткен ақтық жарыстардан алты кубок, алты диплом және бір медаль – осыншама марапат, ал бастысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған, ҚР ТЖМ ІІІ Жазғы спартакиадасының жеңімпазы атағын, Қарағанды облысының ТЖД командасы Талдықорған қаласынан алып келді.
Қарағанды облысының ТЖД құрама командасы Алматы облысына нақты жеңіп алу мақсатымен шықты.
Жеңіске күресу үшін Талдықорған қаласына аймақтық спартакиада жеңімпаздары - Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының ТЖД және Астана қаласының ТЖД командалары келді.
Командалар келесі спорт түрлерінен жарысты: жеңіл атлетика, армрестлинг, шағын-футбол, гір көтеру сорты, өрт сөндіру-құтқару спорты.
Жарыс түрлерінің әрқайсысына өткізудің сәйкес орындары белгіленді. Спортшылар үшін «Жетісу» стадионы, «Жастар» және «Өркен» спорт кешендері өз есіктерін жарқын жүзбен ашты. ӨСҚС бойынша өзіндік жарыстар түрлері Алматы облысының ТЖД спорт аланында өтті.
Жеңіл атлетика бойынша жарыстарда қарағандылықтар үш бірінші орынға ие болды.
Гір көтеру спортында сондай-ақ 1 орын еңбегіне лайық Қарағанды облысына тиесілі.
Ал армрестлинг спорт түрінен, біздің командаға әлі өрістеуіміз алда екенің мойындау керек. Басқа облыстардың қарсыластары өте күшті болып шықты. Қонақжайлы Астана қаласы спортшыларының «Қол қысысуы» ең мықты, 2-орын Шығыс Қазақстан облысында, біздің команда тек 3-орында, және 4-орын Қызылорда облысының командасында.
Шағын-футбол бойынша жарыстарда ең тартысты өтеді, өйткені осы түрден жеңіс үшін ең көп ұпай беріледі.
1-орынға қарсыластарын күйретіп Қарағанды облысының командасы ие болды, 2-орын – Шығыс Қазақстан облысы, 3-орын – Астана қаласының ТЖД және 4-орын – Қызылорда облысының командасында.
Өрт сөндіру-құтқару спортында Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысушыларына теңі болған жоқ, олардан Қарағанды облысының командасы сәл артта болды, 3-орында – Астана қаласының командасы және 4-орында – Қызылорда облысының командасы. Бірақ, екінші нәтижеге қарамастан, біздің жігіттер кейбір спорт түрлерінен теңесіп қана қоймай, басқа облыс спортшыларынан - ҚР ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрама команда қатысушыларынан алға шықты. Ал бұл көп нәрсе туралы айтады. Қарағанды командасының қатысушылары әсіресе «өрт сөндіру эстафетасы» және «кедергілерімен 100-метрлік жолды өту» түрлерінен жақсы нәтиже көрсетіп бірінші орындарға ие болды.
Нәтижесінде Қарағанды облысының ТЖД командасы табан тірескен күресте ҚР ТЖМ Жазғы спартакиадасының ақтық кезеңінде жеңімпазы атанды – жалпы командалық бірінші орынға ие болды. Бұл ретте облыстың ТЖД командасы республиканың спорттық ұжымдары арасында күштірек атағына, спортшылардың үлкен деңгейдегі дайындығының, олардың жеке жан тәнімен берілуі және жігерлігі арқасында жетті. Біздің құрама команда өткен жылмен салыстырғанда өз көрсеткіштерін айтарлықтай көтерді және 100% атқарылды.
Бір облыстың командасы қысқы да, және де жазғы да Спартакиадалардың ақтық жарыстарында бірінші орындарға ие болу, ҚР ТЖМ тарихында болмаған.
Жылсайын Қарағанды облысы ТЖД өртке қарсы қызмет гарнизонында көп таралған спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2011 жылы осының оңы бойынша облыстық спорттық жарыстар ұйымдастырылды және өткізілді: шаңғы жарысы, волейбол, кросс, өрт сөндіру-құтқару спорты, шағын-футбол, гір көтеруден қос сайыс, шахмат, үстел үстіндегі теннис, футзал.
Жыл сайын Қарағанды облысы ТЖД өртке қарсы қызмет гарнизоны: «Үздік қарауыл», «Үздік ГТҚҚ звеносы», «Жылдамдықта орағыту бойынша үздік жүргізуші», «ГТҚҚ үздік бақылау бекеті», «ГТҚҚ үздік базасы», «Мамандығы бойынша үздік», «Үздік өрт сөндіру бөлімі» атағына байқау-конкурстар өткізіледі.
Міне ҚР ТЖ Министрлігі екі жыл республикалық конкурсты ұйымдастырады, онда қазылар алқасы елдің «Үздік өрт сөндіру бөлімін» анықтайды. Екі жыл қатарынан Қарағанды облысы озат үштікке кіреді.
«Қарағанды – мықты гарнизон!»
«Үздік өрт сөндіру бөлімі - 2010» байқау-конкурсының бірінші кезеңін өткізу туралы жарияланғаннан кейін, біраз әбігерге түсу керек болды, негізінен жеке құрамды нормативтер бойынша қуалау. Министрлік бірнеше бағалау критерийлер қойды: өрт сөндіру депосы бөлмелерін, өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт сөндіру бөлімдеріндегі өрт-техникалық жарақтарды ұстау сапасы, сонымен бірге жедел-қызмет әрекетінің, тәртіптік жағдайдың, бөлімшелердегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының көрсеткіштері ескерілді. Міне осы критерийлер бойынша қазылық жүзеге асырылды және ұпайлар берілді.
Байқау-конкурстың бірінші кезеңін ұтып, Қарағанды қаласының мамандандырылған жасағына 2-ші кезеңде республика астанасында өз бөлімінің ғана емес, сонымен бірге жалпы қарағанды облысы гарнизонының абыройын қорғау керек болды. Жалпы, иықтарына үлкен жауапкершілік жатты.
2-ші кезең барысында конкурсқа қатысушылары таныстыру материалдарын көрсетті және нормативтік-құқықтық актілерді білуге тестілерден өтті.
2010 жылдың 20 тамызында Өртке қарсы комитетінде байқау-конкурстың қорытындысын шығарды.
Конкурстық комиссияның төрағасы ҚР ТЖ Вице-Министрі Жанболат Амангелдіұлы Смаилов өткізілетін конкурстың барлық Министрлік үшін және жеке әр қайсысы қызметкер үшін маңыздылығын атап өтті. Осыдан кейін оларға конкурс нәтижелері жарияланды, осыған сәйкес Қарағанды қаласының мамандандырылған жасағы лайық бірінші орынға және «Үздік өрт сөндіру бөлімі - 2010» атағына ие болды.
2011 жылда 13 облыстың және Алматы және Астана қалаларының ТЖД бөлімшелерінің арасындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «ҚР ТЖМ үздік өрт сөндіру бөлімі» атағына ІІ Республикалық байқау-конкурста Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ мамандандырылған жасақ 3-орынға ие болды.
Жылдамдық тәртібінде
«Жылдамдықта орағыту бойынша үздік жүргізуші» атағына конкурс жарыстардың қызықтыларының бірі болып табылады.
Бәсекеге жыл сайын «ӨСжАҚЖҚ» ММ және «Өрт сөндіруші» АҚ ҚФ 30 астам өрт сөндіру бөлімшелері қатысады.
Өткізілетін жарыстар алдына бірнеше мақсат қояды: жүргізуші құрамының кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру; қауіпсіздік техникасын қадағалаумен өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу ептілігі; бөлімшелердің жүргізушілерін жауынгерлік техникадағы апатсыз жұмысты қамтамасыз ету бойынша әрекетті белсендіру және бөлімше құрамының жауынгерлік дайындығын арттыру; өрт сөндіру техникасын пайдаланудағы озық тәжірибені зерделеу және тарату.
Байқау-конкурсты өткізу үшін Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында техникалық қызмет өрт сөндіру бөлімі базасында арнайы полигон құрылған.
Жарысқа қатысушылар 16 қиын жаттығулардан өтуі қажет: «Старт (өрлеу)», «Үңгі жол қақпа», «Сегіздік», «Алдынғы жүріс иреңі», «Артқы жүріс иреңі», «Аула», «Шеңбермен эстафета», «Оң жақтағы бокс», «Кендір», «Тұраққа кіру», «Соқпақ», «Боксқа кіру», «Оралым», «Суды сору», «Нысана», «Финиш».
Бәсеке екі кезеңнен өтеді: біріншіде – жолдардағы қиын жағдайларды талдаумен жол қозғалысының ережелерін білу, өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының жұмысы және техникалық жабдықталумен жүргізушілер жаттықты, екіншісінде, тәжірибелікте, өздерінің барлық шеберлігін, байсалдылығын және апатсыз жылдамдық тәртібін көрсетті. Қатысушылар финишке барынша тез жету, ашық су көзінен су алу және оны оқпаннан беріп допты құлатуы керек.

Ерлігі ұмытылмайды

Қарағанды облысының өртке қарсы қызметінің болуынан бастап, 10 қызметкер қыметтік парызын орындауда өз өмірін қиды. Біздің қаза тапқан азаматтар - әртүрлі жаста, әртүрлі ұлт өкілдері, әртүрлі лауазымда орын алды, бірақ барлығынбір нәрсе біріктірді, олар өрттегі біздің әріптестеріміз және өмірдегі достарымыз болды, ола рөз қызметтік парызын абыроймен атқарды.
АНАТОЛИЙ ТРОФИМОВИЧ МИЩЕНКО, ішкі қызмет капитаны, Теміртау қаласының әскерленген өрт күзетінің №2 әскериленген өрт бөлімінің қарауыл бастығы. 1968 жылдың 21 қыркүйегінде қаза тапты.
Теміртау қаласынында тұрғын үйдің түтінделген жертөлесінде оқпанмен жұмыс істегенде, Анатолий есінен айрылып құлады. Ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
 


ВАЛЕРИЙ НИКОЛАЕВИЧ ПЕШКОВ, ішкі қызмет прапорщигі, Қарағанды қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. 1997 жылдың 22 сәуірінде қайтыс болды.
Оның бөлімшесі Қарағанды қаласының №26 кәсіптік-техникалық мектебінің өндіріс бөлмелерін өрттен кейін барлауын өткізді. Түтіннен көріну салдарының төмендігінен, Валерий Пешков істен шыққан лифт шахтасына құлау себебінен қайтыс болды.


ИГОРЬ ПЕТРОВИЧ БЕЛОВ, ішкі қызмет аға сержанты, Қарағанды қаласының №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
Игорь Белов электр қуатынаан жарақат алып қайтыс болды. 1997 жылдың 3 қыркүйегінде Қарағанды қаласының тұрғын үйінде өрт болған. Өрт тез жаулап алғанның нәтижесінде, электр жеткізу желісінің тірегі жанып құлады. Өрттің ошағында оқпанмен жұмыс істеген, Игорь Белов су ағысы арқылы өмірге сымайтын зақым алып қайтыс болды.


ҚАЙРАТ САРТАЙЕВИЧ ТЛЕУГАБУЛОВ, ішкі қызмет капитаны, Қарағанды қаласының өрт сөндіру қызметінің кезекші өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 12 қазанындағы жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
Қарағанды қаласының «Каргормаш» әкімшілік ғимаратында болған өрт, ауа райының қолайсыз жағдайында болды. 1998 жылдың 20 ақпанында ауа райы -280С болды. Қатты жел, сондай-ақ жеке құрамның жетіспеушілігіне байланысты өртті сөндіру оңайға соқпады. Ғимараттың мұз болып қалған шатырындағы өрттің ең қиын жауынгерлік учаскесін, Қайрат өз басшылығына алды. Жауынгерлік мақсатын орындау барысында, шатырдан құлап кетті.


ВАСИЛИЙ ПЕТРОВИЧ ЗАХАРЮТА, ішкі қызмет прапорщигі, Қарағанды қаласының № 1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1999 жылдың 14 желтоқсанынан «Ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
1998 жылдың 13 қарашасында Қарағанды қаласындағы тұрғын үйдегі трансформатор және электр желісіндегі өрт сөндіру учаскесін Василий Захарюта басқарды. Өрт сөндіру барысында Василий электр қуат күшінен жарақат алып қаза тапты.


РУСЛАН КАРИМОВИЧ АБИЛЬДИНОВ, ішкі қызмет сержанты, Жезқазған қаласының №42 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
2004 жылдың 14 қыркүйегінде жауынгерлік оқу кезінде, Руслан Абильдинов құтқарушы жеңмен 12 метр биіктіктен түсіп келе жатқанда құлап кетті.


ДМИТРИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ ГРЕВЦОВ, ішкі қызмет кіші сержанты, Қарағанды қаласының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.
2005 жылдың 17 маусымында Қарағанды қаласында тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстары жанғанда, өрттен кейін өрт-техникалық жабдықтарын жинап жүргенде, үйдің қожайыны өз бетінше электр қуатын қосқан. Су болған киімінің салдарынан, Дмитрий электр қуат күшінен жарақат алып қайтыс болды.


Артем Михайлович Новиков, ішкі қызмет сержанты, Қарағанды қаласындағы Мамандырылған жасақтың аға өрт сөндірушісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2008 жылдың 24 сәуірінен 3 дәрежелі «Айбын» орденімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
2007 жылдың 26 маусымында Артем Қарағанды қаласындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтердегі өрт орнына барлау жүргізген. Пәтердегі оттың тез және қарқынды жайылуы шығу жолдарын жауып тастады. Новиков Артем өміріне үйлесімсіз жарақаттар алып, сол жерде қайтыс болды.
 
balabashin РОМАН ОЛЕГОВИЧ БАЛАБАШИН, Қарағанды облысы Теміртау қ. «Өрт сөндіруші» филиалының 1- жасақ №14 ӨСБ қарауыл бастығы. 1980 жылдың 14 қыркүйек айында туған. 2012 жылдың 15 мамырында «Арселор Миттал Темиртау» АҚ аглоөндіруші агломероционный цехта болған өртте, үлкен көлемдегі қалың түтінді өрттің ішінде, адамдардың өмірін құтқару үстінде, өмірге қауіпті қатты күйік алды. Емханада қайтыс болды.
 
 
 
 
 
 
upbaev ТҰЯҚ СОЦИАЛҰЛЫ УПБАЕВ, Қарағанды облысы Теміртау қ. «Өрт сөндіруші» филиалының 1- жасақ №14 ӨСБ аға өрт сөндірушісі. 1972 жылдың 21 қаңтар айында туған. 2012 жылдың 15 мамырында «Арселор Миттал Темиртау» АҚ аглоөндіруші агломероционный цехта болған өртте, қызметтік міндеттерін атқару барысында, адамдардың өмірін құтқара үстінде батырлықпен қайтыс болды.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 5 желтоқсанындағы № 444 жарғысы, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін, заңдық және құқықтық түрде, Балабашин Роман және Упбаев Тұяқ қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі Үшін» медалімен марапатталды.


Батырдың атына берілген көше
2007 жылы Қарағанды қаласының әкімшілігі №22/2 қаулысы бойынша және Қарағанды қалалық маслихатының 2006 жылдың 1 қарашасынан № 15 шешімімен ДСПТ өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі, Қарағанды қаласы АОЗТ әкімшілік ғимаратында өрт сөндіруде 1998 жылы 20 ақпанда қаза тапқан Тілеуғабұлов Қайрат Сартайұлының атына «Күнгей» ықшам ауданынының бір көшесі берілді.
Қайрат Тілеуғабылов құрметіне берілген, Күнгей ықшам ауданы көшесінің салтанатты ашылуы болып, 2007 жылы 17 сәуірде батырдың бейнесі бейнеленген құрмет тақтасы қойылды.
Қаза тапқандардың жақындары, Қарағанды облысының ӨҚҚД жетекшілері, Қарағанды облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «Өрт сөндіруші» РМК ҚФ, қалалық әкімшілік пен Қазыбек би атындағы әкімшілік, Қарағанды облыс бөлімшелерінің жеке құрамы бұл күні жиналып, өрт сөндіру ісінің жауынгер ерлігіне құрмет етті.
2009 жылы ТЖД Қарағанды облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ фасадында барлық қаза тапқан өрт сөндірушілерге мемориал қойылды.
Олардың ерлігі ұмытылмайды.
Қарағандыда қаза тапқан өрт сөндіруші мемориалының ашылуын көптен күтті. Тек осындай оқиға ерекше салтанатты талап етті.
2009 жылдың 2 желтоқсанында салтанатты іс-шараға қатысу үшін ҚР ТЖ Министрлік аппаратының басшысы Оқасов Сейітқажы Қажыкенович келді.
Қаза тапқандардың туғандары мен жақындары, ардагерлер, сонымен қатар Қарағанды облысы ТЖ бойынша Демартамент қызметкерлері бұл күні мемориал жанында қаза тапқандарға тағзым етіп, өмірдегі адамдарға құрмет көрсетті.
Архитектуралық құрылым идеясы, Қарағанды облысы өртке қарсы қызметте қаза тапқан өрт сөндірушілерді мәңгі есте сақтауға негізделеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша Минстрі В.К.Божко, Қарағанды қаласына бір келгенде, отставкадағы генерал-майор Я.Б Дуда біздің қалада осындай естелік құрылымды жарыққа шығару қолданысқа енгізілуі туралы өтініш жасады. Министр бұл пікірін қолдап, жәрдем көрсетуге уәде берді. Ұсыныс Қарағанды қаласы әкімшілігінде орын алды. Монумент орналастыру кезінде өрт сөндірушілерге «ӨСжАҚЖҚ» ММ ғимаратына жақын жер бөлінді.
Бюджет құралдарынан қаза тапқан өрт сөндірушілерге мемориал құру қаралмағандықтан, өрт сөндірушілердің күшімен ,ТЖБ және ЖҚЖ қызметкерлері 2 415 799 тенге жинады. Негізінде, Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет органында жұмыс істейтін, қызметкерлердің әрқайсысы қадірлі іске өз үлестерін қосуды өз парызы деп білді. Қаза тапқан өрт сөндірушілердің жақындары да қатардан қалмай, қаза тапқан Артем Новиковтің әжесі 25 мың теңге ұсынды.
Монументті дайындауға (эскиздің жасалуы және тастан іске асуы) 2 100 000 тенге жұмсалды. Іргетасын қара мрамордан қалауға және оны кесуге 105 000 тенге, Тротуарлы плиткасын қалауға және сатып алуға 84 400 теңгеге бағаланды. Қылқан жапырақты ағаштарға (қарағай, шырша), мемориалды аймаққа игілендіру ісіне, 139 700 тенге жұмсалды. Бұл қызмет ережесіндегі жеке құрам мен қызмет басшысының шешімімен, басқа шығындарын қоспай, ұсақ заттарды есептегенде солай болды.
Біздің қала азаматтарына қысқа мерзім ішінде өз ынталықтарымен жеке уақыттарын есептемей, монумент эскизін құруға және оның дайындалуына, сонымен қатар, сол аймақтың безендірілуіне: М.М.Мубараков, Н.А.Кравченко, Г.Г.Балашов және т.б. белсенді қатысқандары үшін үлкен ризашылығымызды білдірмесек болмас. ҚР ТЖ Министрі В.К.Божко атынан алғыс хат берілді.
Батырлар құрметіне.
Бірнеше жылдар бойы, сәуірде, өрт сөндіру күзеті күні, Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет гарнизоны «өрт майданынан» тірі қайтпаған өз батырларын еске алады. Қаза тапқандардың жақындары назарсыз қалмайды, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері отбасыларымен байланыста болып, барлық қажетті көмек пен жәрдемдер көрсетті.
ӨС-2 спорттық кешенінде жыл сайын батырдарды еске алуда Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің гарнизонында футзал бойынша облыстық жарыстар өтіледі.
Салтанатты рәсімде ТЖД Қарағанды облысының басшылығы мен «ӨСжАҚЖҚ» ММ, сонымен бірге өртке қарсы қызмет органының еңбек сіңірген ардагерлері мен сыйлы қонақтары қатысты.

Статистика

«ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің 2018 жылғы жауынгерлік жұмысының талдауы

Толығырақ... (Doc, 17,82 kb)

2017 жылдың 6 айға арналған «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жауынгерлік жұмысының ТАЛДАУЫ

Толығырақ... (Doc, 35kb)

2016 жылдың 25.06. арналған «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жауынгерлік жұмысының ТАЛДАУЫ

Толығырақ... (Doc, 35kb)

2016 жылдың 1 қаңтарына арналған «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жауынгерлік жұмысының ТАЛДАУЫ

Толығырақ... (Doc, 35kb)

2015 жылдың 1 қаңтарына арналған «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жауынгерлік жұмысының ТАЛДАУЫ
Толығырақ... (Doc, 35kb)
 
 

Байланыстар

Мекен-жай: Қарағанды қ., Ерубаев көшесі, 25
Электрондық мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қабылдау бөлімнің телефоны 8 (7212) 41-30-03
Канцелярия телефоны 8 (7212) 42-00-87
Кезекті өрт сөндіру қызметінің телефоны
8 (7212) 41-30-31
Өрт байланысының орталық пунктінің телефондары
8 (7212) 41-19-19, 41-30-30
Сенім телефоны 8 (7212) 41-17-50