Қызмет бағыты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше
жағдайлар комитеті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі
1.Қызмет бағыты
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесін ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субьектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып табылады.
7. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 120000, Қызылорда қаласы, Жеңіс, 105.
8. Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.