Принтерге шығару

Қызмет бағыты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше
жағдайлар комитеті Қызылорда облысы Төтенше
жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қызылорда қаласы)» Мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
 
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Қызметтің атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қызылорда қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Кызылординской области (город Кызылорда) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 12000, Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі 105.
2.Қызметтің заңды мәртебесі
9.Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп,заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10.Қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері мен мөртабандары болады.
11. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемедегі ақша жеткіліксіздігі кезінде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
13.Қызметтің азаматтық-құқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің аумақтық-қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді.
14.Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3.Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
15.Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16.Қызмет жұмысының мақсаты елді мекен аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілірінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
17.Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлкті жөндеу, техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
8) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
9) өртке қарсы бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындағанда олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) соғыс уақыты кезінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
11) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушілар мен мектепте дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады;
18.Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19.Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзіретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың құынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20.Қызмет бастығының (бұдан әрі – бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға алып келеді.
4.Қызметті басқару
21.Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22.Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қызметке мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министрлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізеді;
5) Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
8) Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23.Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды Департамент жүзеге асырады.
24.Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
25.Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзіретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетінше шешеді.
26.Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттері шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) Қызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыс және Қазақстан Респбуликасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
6) өз құзыреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлер мен өзге де жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
9) өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10) гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;
11) төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға және құтқару мен шүғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
12) жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді;
13) өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақытылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастырады;
15) өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады, осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
16) өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдықтың, байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдейді;
17) өрт сөндіру қызметінің объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақтарын, байланыс құралдарын, құрал-жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
18) жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді қорытады және талдайды, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
19) жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника, байланыс және ақпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20) материалдық құндылықтардың есебін жүргізу дұрыстығына және нақты бар болу, сақтау және беру тәртібінің сақтау дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
21) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22) ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
24) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25) Қызметтің ерекше өзге түскен қызметкерлерінің мемелкеттік және ведомствалық награлдалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнаулы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
26) Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27)Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастарады;
28) Қызметтің аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
30) Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақытылы құруды қамтамасыз етеді;
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді;
32) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын ұй-тұрмыстық, қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшылық кұрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34) Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
35) Кызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Кызмет кызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
36) бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпты моральдық- психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыкқа қарсы іс- әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37) бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа карсы шаралар қабылдайды;
38) дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39) Қазақстан Республикасының нормативтік құкықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
27. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
1) мемлекет оған тапсырған мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де каржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген каражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің каржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
34. Қызметтің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою шарттары
35. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 
 

Басшылық

Ибрагимов начальник Азаматтық қорғау подполковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы
– Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы
Туған жылы: 20 сәуір 1977 жыл
Туған жері: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Білімі: жоғары
- Қызылорда академиялық экономика және құқық университеті 2002 жыл
- ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты 2010 жыл
Еңбек өтілі:
- 2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР ІІМ органдар жүйесінде
- Қызметін 2004 жылдан Қызылорда облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет Басқармасы №11 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып бастаған
Әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды:
- 2005-2006жж Қызылорда облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі филиалының Әскери-жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімінің аға инженері
- 2006-2012жж Қызылорда облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Әскери-жұмылдыру дайындығы және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы
- 2012-2014жж Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
- 2014-2016жж Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқарма бастығының орынбасары
- 2016-2017жж Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі бөлімінің бастығы
- 2018 жылдан бастан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығы
Марапаттары: 2013 жылы ведомстволық наградалармен ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», төс белгісімен «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ағын-2016» республикалық командалық-штабтық жаттығу өткізу барысында міндеттерді белсенді орындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Отбасы жағдайы: үйленген, 5 баланы тәрбиелеп отыр
 
Бякеев заместитель начальника Азаматтық қорғау подполковнигі Баекеев Әбділда Сәрсенбайұлы
- Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Туған күні: 22.01.1984 жылы
Туған жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Білімі: жоғары, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты 2005 жыл
Еңбек өтілі:
- 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР ІІМ органдар жүйесінде
- Қызметін 2005 жылдан Қарағанды облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің инженері лауазымынанбастап
Әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды:
- 2005-2008 жж – Астана қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
- 2008-2008 жж – Астана қаласы №7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары
- 2008-2009 жж - Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өрт сөндірушілерді дайындау бөлімінің бас маманы
- 2009-2011 жж - Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы
- 2011-2013 жж - Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Байқоңыр қаласы №15 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
- 2013-2016 жж - Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі
- 2016-2017 жж - Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы
- 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме бастығының орынбасары
Марапаттары: «Мінсіз қызметі үшін» ІІ және ІІІ дәрежелі медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен.
Отбасы жағдайы: үйленген, 2 баланы тәрбиелеп отыр.
 

Тарихы

Қызылорда облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің тарихтық жылнамасы:
kyzyl_istor1 1921 жыл – Арал ауданында тұңғыш өрт сөндіру бекеті құрылды.
kyzyl_istor2 1926 жыл – Қызылорда қаласында алғашқы өрт сөндіру командасы құрылды.
1964 жыл – Тереңөзек ауданының орталығында кәсіптік өрт бөлімі ашылған, құрамында 10 адам.
1964 жыл – Қармақшы ауданында 10 адамнан тұратын өрт командасы құрылды.
1972 жыл – Қызылорда қаласында өрттен қорғау инспекциясы құрылды.
1981 жыл - Өрттен қорғау бөлімі облыстық ішкі істер министрлігі қарамағына беріліп, Қызылорда қаласындағы алғашқы екі бөлім әскерилендірілді.
1994 жыл – Байқоңыр қаласында ҚР ІІБ-сы құрылуымен бірге өрттен қорғау бөлімі мен өрт сөндіру СЧВПО – 173 бөлімшесі құрылды.
1996 жыл - Өрттен қорғау бөлімі ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы болды.
kyzyl_istor3 1996 жыл – Байқоңыр қарамағына қаласының өрт бөлімі ӨІІБ жанындағы МӨҚҚБ-ы берілді.
1997 жыл – МӨҚҚБ-і ішкі істер министрлігі қарамағынан ҚР төтенше жағдайлар комитеті қарамағына берілді.
1997 жыл – Қармақшы ауданы №3 өрт бөлімі, Қызылорда қаласындағы №6, № 9 өрт бөлімдері әскерлендірілді.
1998 жыл – Қызылорда қаласы МӨҚҚ-і отряды құрылды.
kyzyl_istor4 1998 жыл – Арал ауданы №1өрт бөлімі әскерлендірілді.
1998 жыл – Қазалы, Жалағаш, Сырдария,Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы өрт бөлімдері әскерлендірілді.
2000 жыл – Қызылорда қаласындаға №12 бөлімі әскерлендірілді.
2005 жыл – Қызылорда облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметінің басқармасы «Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі»Қызылорда облысы бойынша филиалы және қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы болып құрылды.
2008 жыл – «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды
Қазіргі уақытта Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қарамағында 11 өрт бөлімі, 2 мамандандырылған өрт бөлімі, 2 бөлек қызмет орны, өрт бөлімінің техникалық қызмет көрсету орны, кәсіби дайындық мектебі.
2017 жыл - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Төтенше жағдайлардың қаупі туындаған кезде халыққа көмек көрсетудің тиімділігін арттыру» барысында Қызылорда облысы Арал қаласында 6 шығысқа арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды.
2018 жыл - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымовтың 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 12 бұйрығымен Арал ауданы №3 өрт сөндіру бөлімі мамандандырылған бөлім ретінде тағайындалды. 2018 жылғы 31 қаңтарында Арал қаласында Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қарамағында 10 өрт бөлімі, 3 мамандандырылған өрт бөлімі, 2 бөлек қызмет орны, өрт бөлімінің техникалық қызмет көрсету орны, кәсіби дайындық мектебі
kyzyl_istor5 kyzyl_istor6

Құрылымы

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ұйымдастыру-штаттық құрылымы

Басшылық Байланыс телефон Электрондық мекен-жай
Бастық Ибрагимов.Н.Ж

Қабылдау бөлмесі тел.

8 /7242/ 23-60-19,

8 /7242/ 23-64-63

55-10-87

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бастығының орынбасары

Баякеев.Ә.С

 

8 /7242/ 23-64-60

55-10-88

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бастығының орынбасары

Вакант

 

8 /7242/23-66-86

55-10-89

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КҚЖБО бастығы

Өндірей Ж.

55-10-93 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қала және аудандық бөлімшелер

Қызылорда қаласы № 1 МӨСБ

Калмаханов.Ж.М

8 /7242/ 22-12-09 spch_1_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қызылорда қаласы №2 МӨСБ

бастығы Бекбембетов Р.

8 /7242/ 23-60-19 spch_2_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Арал ауданы №3 МӨСБ

бастығы Тлеулиев Қ.

 

8 /72433/ 2-15-97,

 

ph_aral_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазалы ауданы №4 ӨСБ

бастығы  Ниеталиев Ғ.

8 /72438/ 24447 ph_kazaly_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қармақшы ауданы №5 ӨСБ

бастығы Қорықбаев Е.

8 /72437/ 2-12-85 pch_kar_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жалағаш ауданы №6 ӨСБ

бастығы Қиятов Н.

8 /72431/ 31-1-73 pch_zhal_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сырдарья ауданы №7 ӨСБ

бастығы Рахмет Ә.

8 /72436/ 2-14-64 pch_terenozek_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қызылорда қаласы №8 ӨСБ

бастығы Бисенбаев К.

8 /7242/ 21-58-01 pch_8_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Шиелі ауданы №9 ӨСБ

бастығы Шаймерденов С.

8 /72432/ 4-25-76 pch_shieli_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жаңақорған ауданы №10 ӨСБ

бастығы Нысанбеков М.

8 /72435/ 2-31-01 pch_08_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қызылорда қаласы №11 ӨСБ

бастығы Купешов М.

8 /7242/ 25-58-64 pch_11_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қызылорда қаласы№12 ӨСБ

бастығы Тайшықов С.

8 /7242/ 21-41-29 pch_12_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байқоңыр қаласы № 13 ӨСБ

бастығы Жолдасбаев Е.

8 /33622/ 5-26-75 -

Қызмет үздіктері

seilkhanov Азаматтық қорғау сержанты
Сейілханов Бауыржан Исатайұлы
1979 жылдың 20 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
1995 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №150 орта мектебін бітірген.
Қызмет жолын 2003 жылдың ақпан айынан Қызылорда облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы №11 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі лауазымынан бастаған. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы
ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Қызмет өткеру кезінде келесі медалдармен марапатталған:
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2015 жылғы 10 маусымдағы №153 бұйрығымен ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамыр №8999 Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен.
Отбасылы, 2 баланың әкесі.
 
 
 
 
 
 
 
111111 Азаматтық қорғау полковнигі Мақашев Ердәулет Еркінбекұлы
1972 жылдың 28 ақпанда туылған
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келген
- 1993 жылы ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін бітірді,
- 2005 жылы Кызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін бітірген.
1993 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қызылорда облысы ІІБ өрттен қорғау бөлімінің Жаңақорған аудандық ІІБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімшесінің инспекторы .
Қызмет ету барысында атқарған қызметтері:
09.1993-09.1994ж. - Қызылорда облысы ІІБ Өрттен қорғау бөлімінің Жаңақорған ауданының ішкі істер бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау бөлімшесінің инспекторы
09.1994-08.1996ж. - Қызылорда облысы ІІБ Өрттен қорғау бөлімінің Жаңақорған ауданының ішкі істер бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау бөлімшесінің аға инспекторы
08.1996- 01.1999ж. - Қызылорда облысы ІІБ МӨҚҚБ Жаңақорған ауданы №8 ӨСБ-ң аға инженері
01.1999-02.02.2005жж. Қызылорда облысы МӨҚҚ Жаңақорған ауданы №8 ӨСБ-ң бастығының орынбасары
Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ Жанақорған ауданы №10 өрт сөндіру бөлімі бастығы қызметін атқарып келеді.
Қызмет атқару барысында І-ІІ-ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталған, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» кеуде белгісімен марапатталған, «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Жанұялы, 2 ұл бала тәрбиелеуде.

Олардың есімдері ұмытылған жоқ

kyzyl_jakupov
Жакупов Кенжебай
1937-1965 ж.ж.
Жакупов Кенжебай 1937 жылы 13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Ішім ауданы, Бексейіт ауылында дүниеге келген. Петропавлдағы мектепті бітірген соң, Свердловскідегі өрт-сөндіру-техникалық училищесіне оқуға түседі. Училищені бітірген соң, 1958 жылы ол Солтүстік Қазақстан облысының Преснов поселкесінің өрт бөлімшесінде инспектор қызметіне тағайындалды. , 1964 жылы Петропавл қаласының мемлекеттік өрт сөндіру тексерісінің инспекция басшысы болып тағайындалды.
1965 жылы 17 сәуірде ҚазССР ІІД бұйрығымен Қызылорда облысының ІІБ өртке қарсы қызметтің бөлім басшысы болып тағайындалды.
Құтқару жұмыстары кезінде және мемлекеттік мүлікті қорғау кезіндегі көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ішкі қызметтің майоры Жакупов Кенжебай ҚазССР қоғамдық тәртіпті қорғау Министрлігінің бұйрығы бойынша ҚазССР қоғамдық тәртіпті қорғау Министрлігінің Құрмет кітабына енді (қайтыс болғаннан кейін), және Қызылорда облысының ІІБ жеке құрамының мәңгілік тізіміне тіркелді.
 
kyzyl_toleubaev
Толеубаев Арман Куанышбайұлы
1970-1997 ж.ж
Төлеубаев Арман Қуанышбайұлы 1970 жылы 26 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Калинин совхозында дүниеге келген. 1978 жылы №33 орта мектепке бірінші сыныпқа барып, оны 1988 жылы бітірді. Мамандандырылған-техникалық мектептегі бір жылғы оқудан кейін ол 1989 жылы Қаруланған Күштер қатарына шақырылды. Әскери борышын өтегеннен кейін өзінің еңбек қызметін қарапайым жұмысшыдан бастады. 1992 жылы Қызылордадағы №64 жауынгерлік өрт бөлімінің аға өрт сөндірушісі ретінде жұмысқа қабылданды. Сол жылы өзінің сүйіктісіне үйленеді, оның Алмасбек атты ұлы дүниеге келеді. Арман көп балалы отбасынан болғандықтан, ол отбасына көмектесе бастады, үлкені бола тұра, ол жастайынан еңбектене білді, ата-анасына қамқор болды, інілері мен қарындастарын қорғай білді.
1997 жылы 24 наурызда күн тәртібі күндегідей өтіп жатты. Сағат 11.25 минут орталық өрт сөндіру пунктіне «Көкөніс» АҚ қоймасында өрт болып жатыр деген қоңырау кеп түседі. Ең алғаш отты өзіне қабылдаған ол Арман болатын. Өрт сөндіру кезінде темір бетонды плиталардың құлау салдарынан, Арман қайтыс болады.
Өрт сөндіру кезіндегі ерлігі үшін Төлеубаев Арман Қуанышбайұлы қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен мадақталды. Қазіргі таңда Қызылорданың бір көшесі оның есімімен аталады, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында оған ескерткіш қойылды.
 
kyzyl_ashirbekov
Әшірбеков Арғын Қазыбекұлы
1973-1997 ж.ж.
Әшірбеков Арғын Қазыбекұлы 1973 жылы 4 ақпанда Қзылорда қаласында дүниеге келген. 1980 жылы №5 орта мектепке оқуға барады, кейін 6 ӨТУ дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқуын жалғастырады.
1991 жылы Қаруланған Күштер қатарына шақырылады. Отан алдындағы борышын өтеп болған соң, Арман туған қаласына қайтып оралады. Әкесі ішкі істер органының қызметкері болғандықтан, Арман әкесінің жолын кумакшы болады. Міне, оның арманы орындалды.
1994 жылы оны Қызылордадағы №63 жауынгерлік өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі ретінде жұмысқа қабылдайды.
1997 жылы 24 наурызда сағат 11.25 минут шамасында орталық өрт сөндіру пунктіне «Көкөніс» АҚ қоймасында өрт болып жатыр деген қоңырау кеп түседі. Өрт сөндіру кезінде темір бетонды плиталар құлайды. Үйіндінің астында қалған Арғын қайтыс болады.
Өрт сөндіру кезіндегі ерлігі үшін Әшірбеков Арғын Қазыбекұлы қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен мадақталды. Қазіргі таңда Қызылорданың бір көшесі оның есімімен аталады, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында оған ескерткіш қойылды.
 

Статистика

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы атқарылған жедел – қызметтік жұмысының қорытындылары бойынша талдауы
2018 жылы Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қызмет) өрт сөндіру бөлімдері дабыл бойынша 1380 рет шықты ( 2017 жылы 1443, -4,3) Оның ішінде:
- өртке – 471 рет (2017 жылы – 516 рет);
- авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге – 28 рет (2017 жылы 26);
- өртке жатпайтын жану оқиғасына – 880 рет (2017 жылы – 901);
- жалған шақыруға 1 рет (20176 жылы тіркелмеген).
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Қызметтің жеке құрамымен 21 адам құтқарылып, 420 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрттегі қауіпті жағдайларда 10 адам әр түрлі жарақат алып, 13 адам қаза болған, оның ішінде 1 жасөспірім.
 
Толығырақ... (Doc, 95,75  kb)
 
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылы атқарылған жедел – қызметтік жұмысының қорытындылары бойынша талдауы
2017 жылы Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қызмет) өрт сөндіру бөлімдері дабыл бойынша 1443 рет шықты, ал 2016 жылы 1305 рет шыққан, өткен жылмен салыстырғанда 138 шығысқа немесе 9,5% көбейіп отыр. Оның ішінде:

Толығырақ... (Doc, 107,7 kb)
 

2017 жылы Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қызмет) өрт сөндіру бөлімдері дабыл бойынша 1443 рет шықты, ал 2016 жылы 1305 рет шыққан, өткен жылмен салыстырғанда 138 шығысқа немесе 9,5% көбейіп отыр. Оның ішінде:

- өртке516 рет немесе 36%, (2016 жылы – 498 рет), өткен жылмен салыстырғанда 18 шығысқа немесе 3,5% көбейген;

- авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге 26 рет немесе 2%,  (2016 жылы 42), өткен жылмен салыстырғанда16 шығысқа немесе 38% азайған;

- өртке жатпайтын жану оқиғасына901 рет немесе 62%, (2016 жылы – 764), былтырғы жылмен салыстырғанда 137 шығысқа немесе 15,2% көбейген;

- жалған шақыруға тіркелмеген (2016 жылы - 1 рет).

Толығырақ... (Exls, 35kb)
 

Фотогалерея

kyzyl_foto1 kyzyl_foto1 kyzyl_foto1 kyzyl_foto1 kyzyl_foto1
kyzyl_foto1 kyzyl_foto1 kyzyl_foto1 kyzyl_foto1 FOTO gallery 1
FOTO gallery 2 FOTO gallery 3 FOTO gallery 4   Gallery 1   Gallery 3
Gallery 5 Gallery 8      
 
     Өрт –тактикалық жаттығу
 
PTU fore 1 PTU fore 2 PTU fore 3 PTU fore 4 PTU fore 5
PTU fore 6 PTU fore 7 PTU fore 8 PTU fore 9 PTU fore 10
Мероприятия
 
Meropriyatiya 1 Meropriyatiya 2 Meropriyatiya 3 Meropriyatiya 4 Meropriyatiya 5
Meropriyatiya 6 Meropriyatiya 7      
 

Байланыс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
120008, Қызылорда қаласы
Жеңіс көшесі, 105
тел.: 8 (7242) 55-10-95, факс: 8 (7242) 23-69-21
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 

ыыы