Қызмет бағыты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі - Қызмет) комерциялық емес ұйым заңды тұлға болып табылады, Қостанай облысы аймағындағы өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға байланысты өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының мемлекеттік қызметін жүзеге асырады.
2. Қызмет «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы ІІМ Кейбір мәселелер туралы» 2014 жылдың 15 тамыздағы №938 Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысына және «Ұйымдастыру-штаттық мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы 27 қазандағы № 737 бұйрығына сәйкес құрылған.
3. Қызметтің мемлекеттік басқарма органы болып, Қазақастан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті болып саналады.
4. Қызмет Конституцияға сәйкес және Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірі (одан әрі- Министр),Төтенше жағдайлар комитетінің бұйрықтарымен (одан әрі-Комитет), басқа да нормативті құқықтық актілермен, және де Уәкілетті органдардың бұйрықтары және осы Жарғыға сәйкес өз қызметін атқарады.
5. Қызметтің құрылымы мен штаттық лимит саны Министрмен бекітіледі.
6. Қызметтің заңды мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 79а, байланыс телефондары 53-42-47, 53-42-69.
7. Қызметтің толық атауы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі
Қызметтің негізгі міндеттері мен құқығы:
1. Қызметтің негізгі міндеттері: қорғау бойынша қызметті және селитебті аумақтардағы, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандар мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарындағы өрттерді сөндіруді қамтамасыз ету, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін құқығы бар:
2.1. өрттерді сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалды-техникалық құралдарын жұмылдыру;
2.2. өрттерді сөндіру мен жою барысында цехтар мен нысандар жұмысын тоқтату, қажет болған жағдайда қауіпті аймақтан адамдар, материалдық құндылықтарды эвакуациялау;
2.3. өрт кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелер, аумақтар, ғимараттардың бөлмелеріне азаматтардың кіруіне шектеу қоюға немесе уақытша тиым салу;
2.4. өрт кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтарды құтқаруға бағытталған шараларды қабылдау, оттың тарауына жол бермеу және өртті жою үшін дипломатиялық иммунитетті шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа азаматтардың тұрғын және басқа да орын-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер телімдері, аумақтар мен орын-жайларға кедергісіз кіру;
2.5. қажет болған жағдайда адамдарды құтқару және өрттерді сөндіру үшін жабық есіктер мен терезелерді, жабатын конструкцияларды ашып кіру құқығы бар.