Принтерге шығару

Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше
жағдайлар комитеті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар
департаментінің Өрт сөндіру және авариялықөқұтқару
жұмыстары қызметі (Қостанай қаласы)»
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қостанай қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қыызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызммет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
7. Қызметтің атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаметінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қостанай қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аврийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Костанайской области (город Костанай) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79а.
2. Қызметтің заңды мәртебесі
9. Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті және мемлекеттік және орыс тілдерінде жызылған мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері, мөртабандары болады.
11. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі кезінде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
13. Қызметтің азаматтық-құқытық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
14. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
15. Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16. Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
17. Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша ісөшараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
8) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарс қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
11) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) тұрғын сектордағы халық арасында өрртің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады.
18. Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19. Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле. Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілес, тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20. Қызмет Бастығының (бұдан әрі – бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғанын жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауакершілік шараларды қолдануға әкеледі.
4. Қызметті басқару
21. Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қызметке мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министірлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізеді;
5) Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде
тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
8) Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды Департамент жүзеге асырады.
24. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
25. Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетімен шешеді.
26. Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республика заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілдіктері шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады
4)сенімхаттар береді
5) Қызметтің іссапарлар,тағылымдамалар,демалыстар,қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
6) өз құзыреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданылады;
9) өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10) гарнизондық және карауылдық қызметті ұйымдастырады;
11) төтенше аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
12) жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілерін арттыруды қамтамасыз етеді;
13) өрт сондіру- тактикалық оқу – жаттығуларды,байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс – шараларды жоспарлауды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) соғыс уақыты кезеніңде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын өртке қарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақтылы жинақтауды, жаңартуды,сақтауды ұйымдастырады;
15) өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өрт шығу себеп болатын жағдайларды, орындарын себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады; осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс - шаралар әзірлейді;
16) өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт техникалық жабдықтық байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жәй-күйіне есеп жүргізеді, сондай –ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
17) өрт сөндіру қызметінң объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы , өрт – техникалық жарақтарын, байланыс құралдарын құрал –жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
18) жол – көлік оқиғлары туралы мәліметтерді қорытады және қамтмасыз етеді,автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қәуіпсіздік техникасының,енбекті қорғау және өрт қәуіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс – шараларды әзірлейді;
19) жедел – техникалық қызметті, ақпараттық – телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника мен байланыс акпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20) материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және нақты бар болу сақтау және бері тәртібінің сақтау дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
21) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмен гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22) ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларды әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық- техникалық жарақтандыру, салу,реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
24) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25) Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
26) Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27) Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
28) Қызметтің атестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
30) Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақтылы құруды қамтамасыз етеді;
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
32) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын үй-тұрмыстық қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы кіші және орта басшылық құрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34) Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
35) Қызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
36) бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпты моральдық-психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрғысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37) бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
38) дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
27. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
1) мемлекет оған тапсырған мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына жайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынсы бойынша жүзеге асырылады.
34. Қызметтің жарғысына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының занңамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастру және жою шарттры
35. Қызметті қайта ұйымдастру және жою Қазақстан Республикасының занңамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Басшылық

Жусупов Марат Серикович - «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтың ығының полковниғы.
11 Жусупов Марат Серикович, 1967 жылғы 18 ақпанда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тохтаров поселкісінде дүниеге келген.
1985 ж. – 1987 ж. Кеңес армиясы қатарында болған.
1997 ж. Қостанай ауылшаруашылық институтын;
2001 ж. Орталық-Азиялық университетін, біліктілігі «заңгер»;
2007 ж. ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын тәмәмдаған, мамандығы «өрт қауіпсіздігі», біліктілігі «өрт қауіпсіздігі инженері».
Еңбек жолы:
Қостанай облысы МӨҚҚ Қамысты поселкесі 11-ӨСБ кіші инспекторы, инспектор лауазымынан бастаған (1998-1999);
Қостанай облысы МӨҚҚ Қамысты поселкесі 11-ӨСБ бастығының орынбасары (1999-2003);
Қостанай облысы МӨҚҚББ Қамысты поселкесі 11-ӨСБ бастығы (2003-2005);
Қостанай облысы МӨҚҚБ Қамысты ауданы мемлекеттік қадағалау және бақылау бойынша бөлім бастығы (2005-2006);
Қостанай облысы ӨҚҚД Қостанай қ. Өртке қарсы қызмет басқармасы бастығы (2006-2008);
Қостанай облысы ТЖД Қостанай қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы (2008-2012);
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы - (2012 жылдың қазаныныан бастап қазіргі уақытқа дейін).
ҚР ТЖМ 2014 жылдың 5 тамызындағы №436 ж/қ бұйрығымен өртке қарсы қызмет полковнигі арнайы атағы берілді.
Мемлекеттік, халықаралық және ведомствалық марапаттары, сыйақы, құрметті атағы:
ҚР ТЖА Алғыс хаты;
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ және ІІІ дәрежелі медальдары;
«Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» ІІІ дәрежелі төс белгісі;
«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальі;
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальі;
«55 лет ДПО РК» медальі;
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медальі;
«Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған белгісімен марапатталды» медальі;
«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісі;
«Армия генералы С.Қ.Нұрмағанбетов» медалі.

Қызметтік  міндетерін адал орындаған  үшін Қостанай облысы әкімнін мадақтама  мақтау қағазы

Отбасы жағдайы – үйленген, үш бала тәрбиелеуде.
 
Полончук Дмитрий Сергеевич - «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтың ығының полковнигі.
polonchuk Полончук Дмитрий Сергеевич, 1977 жылы 4 шілдеде Қостанай облысы Феодоров ауданы Целинное с. дүниеге келген.
1997 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін бітірді «Өртке қарсы техникасын қорғау және ұйымдастыру» мамандығы бойынша, өрт технигі.
2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмәмдады «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша, өрт қауіпсіздігі инженері.
2007 ж. 03.12. – 2007 ж. 15.12. ҚР ТЖМ КТИ біліктілікті көтеру курсын өтті.
2014ж.11.03. – 2014ж. 14.03. Алматы қ. «Республикалық азаматтық қорғау оқу-әдістемелік орталығында» АҚ және ТЖ саласында біліктілікті көтеру курсын өтті.
2014ж. 02.06. – 2014ж. 13.06. Беларусь Республикасы ТЖМ Институтының «Қираған құрлыс конструкциялары аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу» біліктілікті көтеру курсын өтті.
Өз еңбек жолын 1997 жылы Қостанай облысы Лисаковск қ. 21-МӨСБ күзету бойынша қарауыл бастығы қызметінен бастады.
1999 ж. 11. – 2003 ж. 01. Қостанай облысы МӨҚҚББ Лисаковск қ. 21-МӨСБ бастығының орынбасары.
2003 ж. 01. – 2005 ж. 02. Қостанай облысы МӨҚҚББ Қостанай қ. 1-ӨСБ бастығы.
2005 ж. 02. -2005 ж. 12 Қостанай облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММФ Қостанай қ. ӨҚҚЖ 2-МӨСБ бастығы.
2006 ж. 01. – 2006 ж. 09. Қостанай облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММФ Қостанай қ. ӨҚҚЖ 7-ӨСБ бастығының Т және ӘҚЖ бойынша орынбасары.
2006 ж. 09. – 2007 ж. 09. Қостанай облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММФ ӨСКҚ өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары.
2007 ж. 09. – 2008 ж. 07. Қостанай облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММФ ҚКШБО батығының орынбасары.
2008 ж. 09. – қазіргі уақытқа дейін «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары.
2014 ж 30 сәуірінде ҚР ТЖМ №222 ж/қ бұйрығымен өртке қарсы қызмет полковнигі арнайы атағы берілді.
Марапаттары:
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III,II дәрежелі медальі;
«Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі;
«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісі;
«Қазақстан Республика Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты курсанттары мен тыңдаушыларының шығарылуына 15 жыл» меретойлық төс белгі.

Қызметтік  міндетерін адал орындаған  үшін Қостанай облысы әкімнін мадақтама  мақтау қағазы

Отбасы жағдайы - үйленген, үш бала тәрбиелеп өсіруде.
 
Агдавлетов Ерболат Сатыбалдинович – «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтың ығының полковнигі.
agdav Агдавлетов Ерболат Сатыбалдинович, 1977 жылы 26 қарашада, Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Камышное п. дүниеге келген.
1995 ж. – 1998 ж. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінде «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша, өрт қауіпсіздігі технигі тәмәмдады.
2001 ж. ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтында «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді.
2016 ж Зулхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік техникалық институтын тәмәмдады құқық бакалавры берілді.
2007 ж. 12.02. - 2007 ж. 16.02. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласында басшы құрам біліктілігін көтеру курсын өтті.
2011 ж. 06.06. - 2011 ж. 17.06. – Беларусь Республикасында ТЖМ қайта даярлау және біліктілікті көтеру институтында оқыды.
Өз қызмет жолын 1998 жылы Қостанай облысы ӨҚҚ оқу пункітінің оқытушысы лауазымынан бастады.
2005 ж. желтоқсанынан 2012 жылдың қазанына дейін Қостанай қ. ӨҚҚЖ 2-МӨСБ бастығы қызметін атқарды.
2012 ж. қазанынан бастап «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
РҚ Ішкі істер министрінің 2016 ж 30 маусымы № 180 бұйрығымен азаматтық қорғау полковнигі атағы берілді.
 
Марапаттары:
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III және II дәрежелі медальдары;
II дәрежелі «Қайсар» төс белгісі;
«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісі.
Қызметтік  міндетерін адал орындаған  үшін Қостанай облысы әкімнін мадақтама  мақтау қағазы
Отбасы жағдайы – үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Құрылымы

struktura_kaz

«ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Қостанай қаласы)» ММ аппаратының құрылымы 

 

Басшылық Байланыстары Электронды мекен-жайлары
Бастық М.С. Жүсіпов Қабылдау бөлмесі тел.: 53-25-97, 50-19-91 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бастықтың орынбасары Д.С. Полончук 54-45-15 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бастықтың орынбасары Е.С.Ақдәулетов 53-42-46 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Құрылымдық бөлімшелер

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Бастық М.Д. Нұрғалиев 

50-24-81 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесі 

Бастық М.П. Снесарь

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің өрт техникасы және жабдықтар бөлімшесі

Бастық А.А. Ракович

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Әскери-жұмылдыру жұмыстары бөлімшесі 

Бастық

Ж.Ж. Маусымбаев

54-66-48

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Техника қызметі және құлақтандыру тобы

Бас маман    А.М.Алпысбаев

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша топ 

Бас маман

Б.З. Дүйсебекова

54-66-48  

Кадр жұмысы бөлімі

Бастық

И.М. Такенов

53-27-30 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қаржылық қамтамасыз ету тобы 

Басшы З.Т. Накипова

50-13-31

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Заң тобы

Заңгер Г.А. Қалиева

53-42-47  

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 

Инспектор

С.А. Талғабекова

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы 

Инспектор  Ж.М.Маусымбаев

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Тылдық қамтамасыз ету тобы 

Инспектор

Ж.К. Жармағамбетова

50-25-29

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Күштер мен құралдарды шұғыл басқару орталығы Бастық  

В.Н. Киселевич

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Күштер мен құралдарды шұғыл басқару орталығы өрт сөндіру байланысының орталық пункті

Бастық И.С. Мерц  

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Талдау және компьютерлік өңдеу бөлімшесі

Бастық

Ә.Қ. Науразбаева 

53-42-47

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Тарихы

Қостанай облысы Өртке қарсы қызметінің қалыптасуы мен даму тарихы
Kost1
Күні кеше ғана өзін-өзі сәл де болса қадірлейтін кез келген қаланың белгісі ретінде өрт сөндіру каланчасы болатын. Әдеттегідей, ол қаланың орталығында орналасқан. Белгілі мақсатта пайдаланған әсем әрі сәулетті бұл құрылыс үйлердің төбелерінен әлде қайда биік тұратын. Бұдан биік тек қана құдай үйінің күмбезіндегі күн нұрымен таласқан ай биік тұруы мүмкін. Қостанай қаласында да қызыл тастан салынған осындай биік сәулетті каланча болған. Ол қала орталығындағы Советская (қазіргі Байтұрсынов) және Ленин (қазіргі Әл Фараби) көшелерінің қиылысында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің аумағында тұрған. Осының бәрін өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында, жетпісінші жылдарының басында бұзып тастаған және оның орнына компартия обкомының ғимаратын салған (осы күні бұл облыстық әкімдік ғимараты). Қаланың өткен күн бейнесінен көп жылдар бұрын қайратты өрт сөндірушілер еккен тек қана үлкен терек ағашы қалған. Ол да сол баяғы өрт сөндіру каланчасы сияқты биік.
Қостанайдың (Николаевск) өрттен қорғау күзеті туралы алғаш айтылуы 1895 жылы қала мәртебесін алуымен байланысты, сол уақытта «ішкі істер минстрлігі Қостанай қаласында қала сомасының есебінен өрт сөндіру командасы, өрт сөндіру жүгі мен жылқылары үшін орын салуға рұқсат берген» (Орынбор мемлекеттік мұрағатының жазбаларынан). Сол жылы жоспарланғандай, Қостанайда ресми түрде саны 25 адамнан тұратын өрт сөндіру командасы құрылды. Ілгекті бақан, балталар, ағаш сатылар – қаладағы алғаш өрт сөндіру бөлімшесінің барлық құрал-жабдықтары, бұл көп жағдайда сан алуан міндеттер атқарды: көше сыпыру мен иттерді аулау және мас адамдарды полиция участкілерінде басу. Сол уақыттарда өрт сөндіру бөлімі бойынша барлығы қалай жасалғанын анық айту мүмкін емес, бірақ сол кездегі өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресуі көп болмағанға ұқсайды. Өйткені мәселе мынада, сол уақытта біздің қаланы жоспарлап салған ақылды және дарынды сәулетші Вебель еуропа қалаларының өрттен болған қайғылы оқиғаларын ескеріп, біздің кең байтақ жерімізді пайдалана отыра қаланың үйлерін бір-біріне жақын салмай, керісінше көшелерін кең қылған, сол уақытта олар келушілердің назарын таң қалдырған. Сондықтан егер де өрт болған жағдайда, от көршілес үйлер мен көшелерге жетпеген. Қалай болған жағдайда, қандай да болмасын ғаламат өрт шыққаны қала тарихында болмаған.Kost2
Мысалы мұрағат деректерінен белгілі болғаны, қаһарлы 1914 жылы (Бірінші дүние жүзілік соғыстың басы) Қостанайда небәрі он сегіз өрт болған, онда жиырма үш құрылыс зардап шеккен. Осы өрттерден келтірілген шығын сомасы 9930 рубль – сол уақытта қомақты ақша. Неден жанған? Бес оқиға пештер мен мұржалардың дұрыс салынбағанынан болса, тағы алтауы – отпен абайсыз болу, 1 өрт қою салдарынан. Сол уақыттағы өрт сөндіру командаларының жасақталуы біздің өлшеммен алғанда өте қарапайым болған - өзгеге қала қазынасында ақша жетіспеген, және де техниканың да болғаны шамалы. Өрт сөндіру жүгі әдеттегідей жазда 21 жүріс және 25 жылқыдан, ал қыста 8 жүрістен және 22 жылқыдан тұратын. Өрт сөндіру командасында 18 ден 34 адамға дейін болған. Өткен ғасырдың басында қала билігі оны қаржыландыруға 10 мың рубль бөлген. Кәсіби өрт сөндіру командасымен қатар, қалада әлде қайда жақсы жабдықталған әрі өз құрамында үрмелі аспаптар оркестрі бар ерікті жасақ болған! Жабдықтары мынадай: екі өрт сөндіру машинасы (шын мәнісінде бұл жылқыға жегілген өрт сөндіру арнайы қондырғысы болған), бес бөшке, төрт саты, елу адамға арналған 25 балта.
1918 жылы «Отпен күресу мемлекеттік шаралар ұйымдастыру туралы» Декретке қол қойылғаннан кейін ғана Қостанайда және республика бойынша жаппай өрттен қорғау күзетіне айрықша көңіл бөліне бастады. Фабрикалар мен зауыттарды өртке қарсы қорғау туралы міндетті қаулысы қабылданып, өртке қарсы қадағалауды ұйымдастыру ережесі қолданысқа енгізілді, өртке қарсы іс-шараларға арналған жәрдемақы, ссудалар беру үшін арнайы қор құрылды. Жоспарлы тәртіпте өз іс-әрекетін үйлестіретін өрт сөндіру командасының штаттық саны екі есеге ұлғайды. Бірақ өртке қарсы қызметінің дамуы белгілі себептермен тежеліп қалды: азаматтық соғыс, соғыстан кейінгі күйреу мен аштық жылдары.
1918 жылдың соңында республикада өрт сөндіру ісін басқару ВСНХ өрттен-сақтандыру бөліміне жүктелді. 1919 жылдың желтоқсан айында Қостанай халық шаруашылығы уезі кеңесінің құрылымында өрттен-сақтандыру бөлімі ұйымдастырылды, ол Николаевский мен Гоголь көшелерінің бұрышында орналасты (бұрынғы горхоз).
1936 жылы қаланың өрт сөндіру командасы 36 жауынгерден тұрды: брандмейстер, оның екі көмекшісі, он алты атқосшы, тоғыз балташы, жеті құбыршы, бір ұста. Наряд бойынша тиісті сегіз сағаттан тәулік бойы кезекшілік атқарды. Егер ауысым уақытында өрт болмаса ешкім қол қусырып отырмады. Бірі ауланы тәртіпке келтірсе, екіншісі жылқыға қарап, тағы бірі әбзел дұрыстады. Қостанайдың жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы өрт сөндіру жүгі отыз жылқыға дейін ұстаған, шығарылмалы жеңдері бар бес машина мен 10 өрт сөндіру бөшкесі болған. Сонымен қатар міндетті түрде өрт сөндіру командасының өз ұстақанасы жұмыс істеген. Өз жүгінің жылқыларын, кемінде бір үйір жылқыны азықпен қамтамасыз ету үшін, өрт сөндірушілер өз қолдарымен қырық ондыққа дейін сұлы еккен. Ал өрт сөндіру бөлмелерін пешпен жылыту үшін бір қысқа жиырма мыңдай тезек отынын дайындаған. Өрт сөндіру үшін су алатын жер болмаған. Сондықтан әр бөшкені Тобылдан шелектеп толтырған.
1941-1943 жылдары ірі кәсіпорындарда әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдері құрыла бастаған соң өрт қауіпсіздігі нығая түсті. Ұлы Отан Соғысы қызметтің жұмыскерлері үшін таңдаған ісінің адалдығына, отан сүйгіштікке, төзімділікке, рухының мықтылығына сын болды. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен бүкіл әлемге танымал жауынгерлер Егоров және Кантариямен қатар Семиозер (қазіргі Әулиекөл) ауданының тумасы, өртке қарсы қызметінің қызметкері Сьянов Илья Яковлевич Совет Одағының Батыры жоғары атағына ие.
Kost31941 жылдың қараша айында Қостанай қаласында құрылған 151-ші атқыштар бригадасының құрамында, көбіне еріктілер ретінде майданға аттанған өртке қарсы қызметінің көптеген қызметкерлері соғысқан. Олардың ішінде Абылтаев Төлеміс Қанашұлы, Якунин Александр Васильевич, Ыбыраев Сәлімгерей, Образцов Михаил Матвеевич, Вороненко Яков Васильевич, Дейнега Михаил Дмитриевич, Панченко Иван Тимофеевич, Сейілов Кенжебай Сейілұлы, Иванова Елизавета Трофимовна, Фоменко Сергей Васильевич, Скнарь Борис Петрович және тағы басқалары.
Қостанайда өрттен қорғау күзетінің қалыптасудағы өзіндік белесі тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары болды. 1954 жылдың ақпанында Қостанай станциясына Россиядан, Украинадан, өзге республикалардан Одақтың үлкен-кішілі деревняларынан еріктілердің алғашқы эшелондары келді. Облыс мықты техникалық күш алды. Қаланың өртке қарсы қорғалуының техникалық жағдайы жақсарды, жаппай қоныстанған жерлерде өрт сөндіру құрамалары құрыла бастады.Kost4
Облыстың ІІБ ӨҚБ өрттен қорғау күзет инспекциясының басшылары Абылтаев Төлеміс Қанашұлы, Вороненко Яков Васильевич тың игеру жылдары өртке қарсы қызметінің қалыптасу ісіне баға жетпес үлес қосты.
Еңбек ардагерлері Евсин Павел Ивановичті, Малинин Василий Ивановичті жылы еске алады, өйткені олар есте қаларлық 60-шы жылдары пайдалы қазбалар өндіру жөнінен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының белсенді құрылысын жүргізу мен оны іске қосу кезеңінде қызметті басқаруда болған.
Сарыбай, ал кейіннен геологтар ашқан Соколов кен орнының базасында қуатты кен байыту комбинаты салына бастады. 1957 жылы ел картасында Рудный жаңа қаласы пайда болды. 1965 жылы (белгіленген мерзімнен 2 жыл бұрын) «Соколоврудстрой» трест құрылысшыларының және Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты ұжымының бірлескен күшімен кәсіпорын жобалық қуаты – 26,5 млн. тонна таза кен шикізатын өндіруге шығарылды. Сонда алғаш рет елімізде Рудный қаласында темір кен окатыштарының өндірісі игерілді. 1965 жылы құрылыс материалдарының алғаш көшбасшысы ретінде Жітіқара асбест комбинатының бірінші кезегі енгізілді.
Кейіннен Қашар КБК, Арқалық боксит кен басқармасы, Қостанай мәуіті-шұға комбинаты, дизель қозғалтқыштарының жоғары технологиялық зауыты және тағы басқа ірі құрылыстар болды. Аталған тарихи кезеңде жұмыс істеп жатқан химиялық талшық зауыты, «Большевичка» тігін фабрикасы өз өндірістік қызметін кеңейтті.
Сол күндерге сай аймақта өртке қарсы қызметі нығая түсіп дамып жатты, ведомстволық күзет жасақтары құрылып жатты, облыс гарнизонына жаңа жоғары білікті кадрлар мейлінше келіп жатты.
1967 жылдың желтоқсанынан 1976 жылдың мамыр айына дейін облыстың ІІБ өрттен қорғау күзет бөлімін ішкі қызмет полковнигі Шустиков Николай Яковлевич басқарды, кейіннен ол республика ІІМ өрттен қорғау күзеті басқармасы бастығының орынбасары болды. Құрметті демалыста бола тұра Николай Яковлевич өмірінің соңғы күндеріне дейін облыстың өртке қарсы қызмет гарнизоны мен қала өміріне белсенді араласты, ол көп жылдар бойы қызметте тырнақтап жинаған кәсіби және өмірлік тәжірибесін жастарға аянбай бере білді.
1966 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 479 Қаулысымен көптеген министрліктер мен ведомстволардың өрт сөндіру бөлімшелері Ішкі істер министрлігінің қарамағына берілді, осылайша қалалардың аудан орталықтарының және республика өнеркәсіп объектілерінің барлық өрт сөндіру командалары облыстық атқару комитеті ІІБ өрттен қорғау күзеті бөлімдерінің бағыныстылығына берілді.
Облыстың өртке қарсы қызметінің қалыптасуына 1960-1990 жылдары өрттен қорғау күзеті бөлімін басқарған Зайцев Анатолий Тимофеевич пен Качанов Андрей Емельянович зор үлес қосты.
Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқан біздің жерлесіміз Леонид Петрович Телятников Қостанайлықтардың мақтанышы болды, ол бейбіт уақытта қаһармандық жасап Совет Одағының Батыры жоғары атағына ие болды. Леонид Петрович Телятников Қостанайда орта мектепті, ал кейін Свердлов өрт-техникалық училищесін бітірді. Алғаш лауазымы – мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау инспекторы. КСРО ІІМ жоғары инженерлік өрт-техникалық мектебінде оқыды. 1978 жыл мен 1982 жыл аралығында Қостанай қаласының № 69 әскерилендірілген дербес өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеді. Апат уақытында Чернобыль АЭС өрт сөндіру бөлімін басқарды.
1981 жылы облыста өрттен қорғау күзетін әскерилендіру үрдісі басталды, мұнда күштерді үйлестіру, қомақты қаржы, ал ең бастысы – қызмет жарғысына жаңа талаптар енгізу қажет болды.
Осы уақытқа облыста мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мықты ұжымы қалыптасты. Дәстүр қалыптасып, тарихтың осынау даму тұсында жұмыстың орныққан әдістері мен түрлері жаңа бағыттар ала бастады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет гарнизоны қала мен облыстың қоғам өміріне белсенді араласты. Облыстың өртке қарсы қызметінің құрама командасы әртүрлі жарыстарда бірнеше рет жеңіске жетті, ал Владимир Тараевтың, Анатолий Вороненконың, Валерий Сияновтың, Максим Жученконың есімдері Қостанайлықтарға танылған спорт шеберлерімен қатар аталып жүрді. Сол жылдары облыстың өртке қарсы қызметінің құрама командасын Кенжебай Кеншінбаев пен Виктор Андреевич Адлер басқарды. Қазіргі уақытта жоспарлы түрде облыстың өртке қарсы қызметінің қалалық, аудандық бөлімшелері арасында қолданбалы-өрт сөндіру спорты бойынша жарыстар өткізіледі.
Өртке қарсы қызметінің материалдық-техникалық базасының дамуымен қатар жеке құрамды қалыптастыру үрдісі жүріп, оның кәсіби шеберлігі мен жауынгерлік әзірлігін арттыру жөніндегі жұмысы белсенді болды. Облыстың ІІБ өрттен қорғау күзеті бөлімі жауынгерлерінің, қатардағылардың және бөлімшелер мен инспекция басшыларының дайындық деңгейі туралы өрт сөндіруге қатысулары бойынша бағалауға болатын еді. Жоғары үкіметтік наградаларға – «За отвагу на пожаре» медаліне Андрей Емельянович Качанов, Владимир Абрамович Шеффер, Валерий Викторович Сиянов ие болды.
1996 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында құқықтық қарым-қатынастарын реттейтін болды. Аталмыш Заңды қабылдау бүтіндей өртке қарсы қызмет органдарының, өрт сөндіруде тынымсыз еңбектеніп және тұрмыстың барлық салаларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқан әр қызметкердің мәртебесін айқындады. Заң Қазақстан Республикасының барлық өртке қарсы қызметінің және де жеке алғанда Қостанай облысы өртке қарсы қызметінің дамуында маңызды белестердің бірі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылғы 22 сәуірде республиканың өртке қарсы қызметі Ішкі істер министрлігінің құрамынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетіне берілді. Өртке қарсы қызметіне профилактикалық жұмыс пен өрт сөндіруді жүргізу мен қатар авариялық-құтқару жұмысы да жүктелді. Облыста мамандандырылған жасақтар мен өрт сөндіру бөлімдері пайда болды. 2000 – 2004 жылдар аралығында облыстың өртке қарсы қызметінің саны 236 қызметкерге ұлғайып, өрт сөндіру бөлімшелері 100 пайыз әскерилендірілді.
1997 – 2002 жылдар аралығында Қостанай облысының Өртке қарсы қызмет басқармасын ішкі қызмет полковнигі Алпысов Әміржан Алпысұлы басқарды.
«Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығымен өртке қарсы қызмет органдарының Туы бекітілді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Туы көгілдір түсті мата (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының түсіндей) деп айтылған бекітілген сипаттамада. Тудың оң жағының ортасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы кестелеп тігілген. Елтаңба үстінен тудың жоғарғы тұсында алтын түсті «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жазуы кесетеленген. Елтаңба астынан тудың төменгі тұсында алтын түсті «ӨРТТЕН ҚОРҒАУ ҮШІН» ұраны жазылып кестеленген.
Тудың теріс жағының ортасында жер шарының стильдік нұсқасы бейнеленіп кестеленген, оның ішіне халықаралық азаматтық қорғаныс белгісі (қызыл сары түсті шеңбер ішіндегі көгілдір үш бұрыш) мен «желдің бағыты» жазылған. Тудың жоғарғы тұсының шетінен «МІНДЕТ, ӨЖЕТТІК, ЕРЛІК!» ұраны алтын түспен кестеленіп жазылған. Тудың төменгі тұсының шетінен «ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» аумақтық органының атауы алтын түспен кестеленіп жазылған.
2000 жылдың желтоқсан айында өртке қарсы қызмет органының Туы Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасы ТЖА төрағасының орынбасары Петров В.В. мырза Қостанай облысының өртке қарсы қызмет гарнизонына табыс етті. Табыс ету кезінде гарнизонның барлық жеке құрамы, облыс әкімінің бірінші орынбасары, Қостанай қаласының әкімі, қызмет ардагерлері, облыстың құқық қорғау органдарының өкілдері мен қонақтар болды. Бұл оқиға кеңінен БАҚ арқылы жарияланды. Осы уақыт ішінде Ту бірнеше рет өртке қарсы қызметінің жеке құрамы алдына салтанатты іс-шаралар, сап түзеу тексерістері, Ант қабылдау мен тағы да басқа жағдайларда шығарылды.
Қазақстан Республикасы ТЖА төрағасының 2002 жылғы 20 ақпандағы № 91 бұйрығымен Қостанай облысының Өртке қарсы қызмет басқармасы Қостанай облысының Өртке қарсы қызмет бас басқармасы болып қайта құрылды. Облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері осы кезеңде өрт сөндіру және өзге техникамен, өрт-техникалық жабдықтармен, байланыс құралдарымен, оргтехникамен жарақталды. КАМАЗ, ЗИЛ автомобильдерінің базасындағы осы заманғы автоцистерналар сатып алынды. Жеке құрамның кәсіби шеберліктерін арттыру үшін Қостанай қаласының 2-МӨСБ аумағында оқу-жаттығу мұнарасы мен жылу-түтін камерасы салынды.
2002-2005 жылдар аралығында Қостанай облысының МӨҚБ басқармасын ішкі қызмет полковнигі Ким Юрий Геннадьевич басқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы қысқартылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігін құрды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы басты басқару органының мәртебесін көтеру барлық қызметкерлер алдында өрт сөндіру мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу кезінде қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін арттырып, сөзсіз ірі және күрделі міндеттер қояды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 53 қаулысымен Қазақстан Республикасы ТЖМ өртке қарсы қызметінің қайта ұйымдастырылуы өткізілді, нәтижесінде Қостанай облысының МӨҚБ басқармасынан Қостанай облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (аумақтық орган) және Қостанай облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы құрылды. Облыстық МБҚБ-ға өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін, қауіпті өнеркәсіп объектілерінде еңбекті қорғау қауіпсізідігін, өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалауды, тау-кен қадағалау мен азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қадағалауды, өрт сөндіруді ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы мен өрт туралы істер бойынша анықтауды қамтамасыз ету саласында біріңғай саясатты іске асыру жүктелген болатын. «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалына өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу функциясы жүктелді. Қостанай облысының МБҚ басқармасын Сембиев Нұрлан Мықтыбекұлы, ал Өрт сөндіру қызметін ішкі қызмет полковнигі Қартбаев Жанат Нарымбайұлы басқарды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысымен ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті өрт қауіпсіздігі саласында бақылау, өрт туралы істерді анықтау мен өрт сөндіруді ұйымдастыру функцияларын ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне беру және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында бақылау мен азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау функцияларын ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитетіне беру арқылы бөліну жолымен қайта ұйымдастырылды. Аталған қайта ұйымдастыру нәтижесінде таратылған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» ММ-нен Қостанай облысының Өртке қарсы қызмет департаменті бөлінді.
Облыстың өртке қарсы қызмет ұжымы өрттің алдын алу мен сөндіру, жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру, бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Облыс гарнизонының құрамында өз ісіне адал жоғары білікті адамдар жұмыс істейді.
Осы кезең ішінде мемлекеттік наградаларға бір қатар қызметкерлер ұсынылды. Мысалы, «Ерлігі Үшін» медалімен өрт сөндірушілер: Голубев В., Науменко А., Тайжанов А. марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 217 Жарлығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қайсарлығымен ерлігі үшін Қостанай қаласының 2-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы ішкі қызмет сержанты Ашубаев Ринат Асылбекұлы (қайтыс болғаннан кейін) және Қостанай қаласының 2-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы ішкі қызмет кіші сержанты Нұрбаев Сәбит Алдажанұлы (қайтыс болғаннан кейін) ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
vruchenie_zn
chestvovanie_veteranov
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 «ҚР ТЖМ кейбір мәселелері» қаулысымен Қостанай облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрамына кірді, Қостанай облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне қайта құрылды.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментін Танабаев Муса Турманович басқарған, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесін өртке қарсы қызмет полковнигі Жусупов Марат Серикович басқарды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы ел Президентінің біздің қызметке қойған міндеті, бізді өртке қарсы қызметінің жауынгерлік әзірлігін арттыру және шаруашылық объектілерінде профилактикалық жұмысты жақсарту жөнінен пәрменді шаралар қабылдауға көздейді. Біздің міндетіміз өз шеберлігімізді арттыру, адам денсаулығы мен өмірін сақтауға саналы түрде басын қатерге тіккен жақсыларға теңелу. Бізге құрметті әрі жауапты міндет – адамдардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін, Отанымыздың ұлттық байлығы мен меншігін қорғау жүктелді.
2000 жылдың желтоқсан айында өртке қарсы қызмет органының Туы Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасы ТЖА төрағасының орынбасары Петров В.В. мырза Қостанай облысының өртке қарсы қызмет гарнизонына табыс етті. Табыс ету кезінде гарнизонның барлық жеке құрамы, облыс әкімінің бірінші орынбасары, Қостанай қаласының әкімі, қызмет ардагерлері, облыстың құқық қорғау органдарының өкілдері мен қонақтар болды. Бұл оқиға кеңінен БАҚ арқылы жарияланды. Осы уақыт ішінде Ту бірнеше рет өртке қарсы қызметінің жеке құрамы алдына салтанатты іс-шаралар, сап түзеу тексерістері, Ант қабылдау мен тағы да басқа жағдайларда шығарылды.
golubaev
Өздерін отты ауыздықтаушылар деп санайтын батырлар.
Өрт туралы кез келген әңгіменің басты кейіпкері өртті ауыздықтайтын адам, яғни өрт сөндіруші. 1998 жылы «Ерлігі үшін» медалімен наградталған ішкі қызмет аға прапорщигі Владимир Александрович Голубев әлдеқашан зейнеткерлікке шыққан. Владимир аға өрт сөндіруші болып «Өрт күзетінің озаты» төсбелгімен марапатталған. Осыдан соң он екі жылдан кейін ішкі қызмет аға прапорщигі Голубев 1997 жылдың қарашасында түнгі өртте біліктілік пен батырлығын танытты, Қостанай қаласы Таран көшесі бойынша орналасқан бес қабатты үйдің жертөлесінде болған пәрменді өрт 3, 4 және 5 қабаттардың тұрғындарына от құрсауы болды. Объектілік бөлімдер су тасуды жүзеге асырған. Екі подъездің қою түтінге орануы тұрғындарға тұншығу қаупін тудырды.
Осы кезде көп көрген өрт сөндірушінің тәжірибесі пайдаға асты: адамдарды уақтылы, сауатты көшіргеннің арқасында қатты зардап шеккен ешкім жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 қазандағы №4125 Жарлығымен Голубев «Ерлігі үшін» медалімен наградталған. Голубев Владимир Александрович өз өмірінің ширек ғасырын өрт ісіне арнады. Оның үш ұлы бар: үлкені Владимир өзінің өртпен күресу қызметін жаңа бастаған кезінде туды, кішісі жақын арада он жетіге толады.
 
НАҒЫЗ ОТТЫ АУЫЗДЫҚТАУШЫ!
2007 жылы болған өрт ішкі қызмет прапорщигі Кенесбаев Марат Елемесовичтің арқасында ойдағыдай сөндірілген өрт болды, ол өзінің батыл іс-әрекеттерінің арқасында «Қостанай су» мекемесінің аумағында бензовоздың жануын оқшаулап жоюын қамтамасыз етті. Өрт ортақ күшпен сөндірілді, дегенмен осы өртті сөндіру барысында Кенесбаевтің орны ерекше болды. Ветеринарлық оқу орнын бітірген соң он сегіз жастағы жігіт Марат Кенесбаев КСРО Қарулы Күште kenesbaev р қатарына шақырылып Мәскеу қаласына түсті. Осында 1981 жылы оны Одинцово қаласында орналасқан 79 Әскери өрт мектебіне оқуға жіберілген, осы оқу орнында кіші өрт сөндіруші-мамандарын даярлаған! Жарты жыл бойы үздіксіз, шаршататық жаттуғылар Кенесбаевтан ӨРТ МАЙДАНЫНЫҢ ЖАЫНГЕРІН тәрбиеледі. Содан сол Кенесбаевты Владимир облысының Усат станциясындағы, Ұлы Отан соғысы уақытынан қалған ескірген қару-жарақ сақталған қоймасын күзету бойынша әскери өрт бөліміне жіберді, онда: «сорокопятка» танкіге қарсы қару, қарабиндер, қол және станок пулеметтері сақталған. Жарты жыл қызмет ішінде бір де өрт болмады. 1999 жылдан бастап Кенесбаев Қостанай облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны техникалық бөлімінің старшинасы лауазымында қызмет атқарды. Өрт жарыстарында жемісті қатысқанның нәтижесінде ол көптеген бағалы сыйлықтардың иегері: шашки, шахматы, столүстілік, қабырғадағы және қол сағаты, ұсақ-түйек әшекейлер.
2007 жылы 27 маусымда 14 сағат 22 минутта өрт орнына өрт сөндіру жұғыл штабын ұйымдастыратын және басқаратын Қостанай облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММФ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Уақбаев Айдар Болатұлы келді. Тыл бастығы болып майор Шишкин Сергей Владимирович тағайындалды. Қоршаған ортаның жоғары температурасынан, күн сәулесі қуатынан жанар майы бар сыйымдылықтың жарылу қаупі туындады, осы сәтте шағын ЖҚС адырына (әрқайсысы 25 куб.метр төрт сыйымдылық) бензин төгіліп, ашық жалынмен жанып жатты, ол төменнен жанар-жағармайы бар цистерналарды қыздыра түсті. Шұғыл штабпен: бензовозды ЖҚС-нан қауіпсіз ара қашықтыққа итеріп шығару, үйінділер астынан бензовоздың жанармай ағып жатқан шлангасын суырып алып шығу туралы шешім қабылданды. Жазу оңай, ал оны орындау тәуекелге бел буумен тең. Өртке қарсы қызмет прапорщигі Кенесбаев шапшаң түрде жылу шағыстыратын костюмді киіп, жанып жатқан автомобиль - бензовозға жақын келіп, тіркеу ілгегіне сүйрету тросын ілді. Бензовозды қауіпсіз ара қашықтыққа сүйретіп шығарғаннан кейін жану ошағына жақын жерде тұрса да Кенесбаев баграның көмегімен бензин ағып жатқан бензовоз шлангасын шағын ЖҚС адырынан шығарып алды.
№1 жауынгерлік участоктың бастығы лейтенант Солдатов өзінің жауынгерлерімен бензовозды сөндірді, №2 жауынгерлік участоктың бастығы Ж.З. Кудебаев жанармайлары бар резервуарларды суытты, ал үшінші жауынгерлік участокта төгілген бензинды сөндіріп жатты. Барлығы қырық бес кубометр су – тұтас және бүркіп шашылған су төгілді. Өртте алты АЦ-40 және штабтық автомобиль жұмыс істеді. Өрт 14 сағат 53 минутта оқшауланды, сол уақытта Кенесбаев ерлік көрсетті. Өртті сөндіру уақыты 15 сағат 09 минут.
Республиканың Тәуелсіздігі Күні қарсаңында қостанайлық өрт сөндіруші Марат Кенесбаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі және батылдығы үшін ҚР Президентінің 04.12.2009 ж. № 898 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. «Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері өз әріптестерін мақтан тұтады.
nevskoh
Ішкі қызмет аға прапорщигі Невских Владимир Леонидовичқызмет етудің үлгісі болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 485 «Мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достықты және ынтымақтастықты бекітуге қосқан айрықша үлесі үшін» Жарлығының негізінде «Ерлігі үшін» медалімен наградталған.

nev2

Аға прапорщик Невских Владимир Леонидович Өртке қарсы қызметтің Қостанай гарнизоны өрт сөндіру бөлімдерінің жарағында тұрған негізгі және арнайы автомобильдердің барлық түрлерін жөндеу және қызмет көрсету дағдыларын жетік меңгерген және зерделеген. Владимир Леонидович Невских МТЛБ – 076 қондырғысын және оны жүргізу тәсілін жетік білетін жалғыз маман болып табылады.
Владимир Леонидовичтің cекілді барлық өрт сөндіру автомобильдерін меңгерген сауатты, тындырымды және тәртіпті қызметкердің қызметі, ол тек адамның – екі бала тәрбиелеген жақсы отағасының бір ғана қыры, оның балалары – ұлы Виталий және қызы Елена. Владимир Леонидович ата болғалы міне осымен үш жыл. Сондай-ақ біздің аға прапорщик көркемөнерпаздар үйірмесінің сәні де болып табылады, аккордеонда қалай ойнайды, қандай өлеңдер орындайды десеңізші! Тыңдағанның құлақ құрышын қандыратын әндер. Міне, ерекше көзге түскен ОТПЕН КҮРЕСУШІЛЕРДІҢ тыныс-тірішілігі мен қызметі осындай!

Қызмет үздіктері

   

2015 жылға «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының грамотасымен марапатталған қызмет үздіктері

morash

Мораш Владимир Александрович Қостанай қ. №3 өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау капитаны - 2015 жылғы қорытынды жұмыстарының жақсы көрсеткіштері және қызметтік іс-әрекетті тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін облыстың қалалық бөлімшелері арасында 1 орынға ие болды. Сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметін тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін және «Бөлімшелерде газ-түтіннен қорғау қызметін ең үздік ұйымдастырған» байқау-конкурсының нәтижесі бойынша 3 орынға ие болды.

jarmagambetov

Жармагамбетов Талгат Смидович Қостанай қ. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау подполковнигі - 2015 жылғы қорытынды жұмыстарының жақсы көрсеткіштері және қызметтік іс-әрекетті тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін облыстың қалалық бөлімшелері арасында 2 орынға ие болды.

agatai

Ағатай Азамат Әміржанұлы Рудный қ. №1 мамандандырылған жасағы бастығы азаматтық қорғау подполковнигі - 2015 жылғы қорытынды жұмыстарының жақсы көрсеткіштері және қызметтік іс-әрекетті тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін облыстың қалалық бөлімшелері арасында 3 орынға ие болды. Сондай – ақ газ-түтіннен қорғау қызметін тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін және «Бөлімшелерде газ-түтіннен қорғау қызметін ең үздік ұйымдастырған» байқау-конкурсының нәтижесі бойынша 1 орынға ие болды.

tockii

Тоцкий Андрей Павлович Сарыкөл ауданы Сарыкөл п. №16 өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры -2015 жылғы қорытынды жұмыстарының жақсы көрсеткіштері және қызметтік іс-әрекетті тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін аудандық бөлімшелер арасында 1 орынға ие болды. Сондай –ақ газ-түтіннен қорғау қызметін тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін және «Бөлімшелерде газ-түтіннен қорғау қызметін ең үздік ұйымдастырған» байқау-конкурсының нәтижесі бойынша 2 орынға ие болды, тактико-арнайы даярлығын тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін және «Ең үздік оқу классы» байқау-конкурсының нәтижесі бойынша 1 орынға ие болды.

serkibaev

Серкибаев Сапаш Жумабаевич Денисов ауданы Денисов п. №8 өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты - 2015 жылғы қорытынды жұмыстарының жақсы көрсеткіштері және қызметтік іс-әрекетті тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін аудандық бөлімшелер арасында 2 орынға ие болды.

murzabekov

Мурзабеков Нурлан Сабитович Қамысты ауданы Қамысты п. №9 өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры - 2015 жылғы қорытынды жұмыстарының жақсы көрсеткіштері және қызметтік іс-әрекетті тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін аудандық бөлімшелер арасында 2 орынға ие болды.

bataev

Батаев Нурлан Степанович Қостанай қ. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты– қызметтік және тактико-арнайы даярлықта жеткен жетістіктері үшін кезекші ауысымның ең үздік басшысы (қарауыл бастығы) болып танылды.

bekishev

Бекишев Марат Искакович Қостанай қ. №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі - қызметтік және тактико-арнайы даярлықта жеткен жетістіктері үшін ең үздік бөлімше командирі болып танылды.

boguryan

Богурян Иван Дмитриевич Жітіқара ауданы Жітіқара қ. №5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау прапорщигі - қызметтік және тактико-арнайы даярлықта жеткен жетістіктері үшін ең үздік жүргізуші болып танылды.

duisenbaev

Дүйсенбаев Айбек Науырызбекұлы Қостанай ауданы Затобол п. №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты - қызметтік және тактико-арнайы даярлықта жеткен жетістіктері үшін ең үздік өрт сөндіруші болып танылды.

bakova

Бакова Рая Талсаевна күштер мен құралдарды шұғыл басқару орталығының өрт сөндіру байланыс орталық пунктінің радиотелефонисті азаматтық қорғау прапорщигі - қызметтік және тактико-арнайы даярлықта жеткен жетістіктері үшін күштер мен құралдарды шұғыл басқару орталығы өрт сөндіру байланыс орталық пунктінің ең үздік радиотелефонисті болып танылды.

bugaenko

Бугаенко Светлана Николаевна Рудный қ. №1 мамандандырылған жасақтың диспетчері азаматтық қорғау прапорщигі– қызметтік және тактико-арнайы даярлықта жеткен жетістіктері үшін облыстың ең үздік радиотелефонисті болып танылды.

balacko

Балацко Дмитрий Евгеньевич Қостанай қ. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты– Спорттық іс-шараларға белсенді қатысқаны және жеткен жетістіктер үшін ең үздік спортшы болып танылды.

skachkov

Скачков Александр Михайлович Лисаков қаласы № 18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры - Тактико-арнайы даярлығын тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін және «Ең үздік оқу классы» байқау-конкурсының нәтижесі бойынша облыс бөлімшелер арасында 1 орынға ие болды.

orazalina

Оразалина Айнур Тулеутаевна кадр жұмыс бөлімінің бас маман-психологы азаматтық қорғау капитаны Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де моральды-психологиялық аһуалды нығайту бойынша алдын алу іс-шараларды, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Статистика

"Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ бөлімшелерінің 2017 жылдың жартыжылдық жауынгерлік жұмыс Жинақ кестесі.
Толығырақ... (Doc, 35kb)
"Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ бөлімшелерінің 2016 жылдың жауынгерлік жұмыс Жинақ кестесі.
Толығырақ... (Doc, 35kb)
"Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ бөлімшелерінің 2015 жылдың жауынгерлік жұмыс Жинақ кестесі
Толығырақ... (Doc, 35kb)

Фотосуреттер

1. Тарих
1is1 1is1 1is1 1is1
1is1 1is1 1is1  
2. Ардагерлер
2vet01 2vet02 2vet03 2vet04
2vet05 2vet06 2vet07 2vet08
2vet09 2vet10 2vet11 2vet12
2vet13 2vet14 2vet15 2vet16
2vet17 2vet18 2vet19 2vet23
2vet21 2vet24 2vet266 2vet27
2vet29 2vet288 2vet300 2vet366
2vet33 2vet34 2vet35 2vet32
3. Олар Қостанай облысының өртке қарсы қызметін басқарды
3ryk01 3ryk02 3ryk02 3ryk02
3ryk02 3ryk02 3ryk02 3ryk02
3ryk02 3ryk02 3ryk02 3ryk02
4. Жауынгерлік даңқ мұражайында
4muzei1 4muzei1 4muzei1 4muzei1
4muzei1 4muzei1 4muzei1  
5. Қаза болған өрт сөндәрушілер есте сақталады
  5p 3 5p_1 5p_1  
5p_1 5p_1 5p_1
6. Жеңіс күні
6p01 6p01 6p01 6p01
6p01 6p01 6p01 6p01
6p01 6p01 6p01 6p01
6p01  
7. Басшылар
7p1 7p1 7p1 zhunusov
polonchuk 7p1 7p1  
8. Ант қабылдау
8p1 8p1 8p1 8p1
8p1 8p1  
9. Өрт –тактикалық жаттығу
  9p01 9p01 9p01
9p01 9p01 9p01 9p01
9p01 9p01 9p01 9p01
9p01 9p01 9p01 9p01
9p01 9p01 pozhar01 pozhar02
pozhar03 pozhar04 pozhar05 pozhar06
pozhar07 pozhar08 pozhar09 pozhar10
pozhar11 pozhar12 pozhar13  
10. Авариялық – құтқару жұмыстары
  10p01 10p01 10p01
10p01 10p01 10p01 10p01
10p01 10p01 10p01 10p01
10p01 10p01 10p01 10p01
10p01 10p01 po  
11. РКШЖ
  11rk01 11rk01 11rk01 11rk01
11rk01 11rk01 11rk01 11rk01
11rk01 11rk01 11rk01 11rk01
   
12. Байқаулар – конкурстар, семинарлар
12cm01 11rk01 11rk01 11rk01
11rk01 11rk01 11rk01 11rk01
11rk01 11rk01 11rk01 11rk01
11rk01 11rk01 11rk01 11rk01
11rk01 11rk01 11rk01 12cm20
12cm21 12cm22 12cm23 12cm24
12cm25 12cm26 12cm27 29smort1
29smort2 29smort3 29smort4 29smort5
29smort6    
13. Өрттер
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozhar01 pozhar01
pozhar01 pozhar01 pozharaaaa1 pozharaaaa2
pozharaaaa1 pozharaaaa1 pozharaaaa1 pozharaaaa2
pozharaaaa1 pozharaaaa8 pozharaaaa1  
14. Жылу түтін камерасы
  14pr1 14pr1 14pr1 14pr1
14pr1 14pr1    
15. Кәсіби дайындық мектебі
15pr01 15pr01 15pr01 15pr01
15pr01 15pr01 15pr01 15pr01
15pr01 15pr01 15pr01 15pr01
15pr01 15pr01 15pr01 15pr01
15pr01 15pr01 15pr01 15pr01
15pr01      
16. Ашық есік күндері
16p01 16p01 16p01 16p01
16p01 16p01 16p01 16p01
16p01 16p01 16p01 16p01
16p01 16p01 16p01 16p01
16p01 16p01 16p01 16p01
16p01      
17. Суреттер байқауы
17pr1 17pr1 17pr1 17pr1
17pr1 17pr1 17pr1 17pr1
29konk1 29konk2  
18. Іс-шаралар
  18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 18pr01 18pr01
18pr01 18pr01 29merop01 29merop02
29merop03 29merop04 29merop05 29merop06
29merop07 29merop08 29merop09 29merop11
29merop12 29merop13 29merop14 29merop15
29merop16 29merop17 merop01 merop02
merop03 merop04 merop04 merop04
merop04 merop04 merop04 merop04
merop04  
19. Өрт құтқару спорты
19p01 19p01 19p01 19p01
19p01 19p01 19p01 19p01
19p01 19p01 19p01 19p01
19p01 19p01 19p01 19p01
19p01      
20. Спорттық өмір
  20pr02 20pr02 20pr02
20pr05 20pr02 20pr02 20pr02
20pr02 20pr02 20pr02 20pr02
20pr02 20pr02 20pr02 20pr02
20pr02 20pr02 20pr02 20pr02
20pr02 20pr02 spzh1 spzh1
spzh1 spzh1 spzh1 spzh1
   
 
 

Байланыс

Мекен - жай: Қостанай қ., Гоголь көшесі,79а.
Қабылдау телефоны 8 (7142 ) 53-25-97
Кеңсе телефоны 8 (7142) 50-45-60
Өрт сөндіру кезекші қызметі телефоны 8 (7142) 53-42-47
Орталық өрт байланыс пункіті 8 (7142) 53-42-47, 53-42-69 (факс)
Бірыңғай сенім телефоны 1402
Қауырт желі 8 (7142) 50-36-24, 8 (7142) 54-66-48
Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.