Принтерге шығару

Қызметі

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6.Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
7.Қызметтің атауы: мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Мангистауской области (город Ақтау) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қаласы, 23 ш/а.
2. Қызметтің заңды мәртебесі
9. Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның суреті және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері, мөртабандары болады.
11.Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі кезіңде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
13. Қызметтің азаматтық-құқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
14. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
15. Қызмет жұмысының мәні мен өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16. Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
17. Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
1. өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2. елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік
меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
1. жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
2. өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
3. өрттерді зерделеу және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
4. өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және де басқа техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөңдеу және техникалық қызмет көрсету;
5. күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
6. жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
7. өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдару дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
8. соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақытылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
9. бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
10. тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады.
11. Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19. Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемдекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуанымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20. Қызмет Бастығының (бұдан әрі – бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға әкеледі.
4. Қызметті басқару
21. Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1. Қызметке мүлікті бекітіп береді;
2. мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министрлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3. Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4. Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізеді;
5. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-Департамент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6. жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
8. Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымына босату негіздемелерін айқындайды;
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды Департамент жүзеге асырады.
24. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
25. Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетінше шешеді.
26. Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1. Қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2. өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3. шарттар жасасады;
4. сенімхаттар береді;
5. Қызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
6. өз құзіреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7. Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
8. өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
9. өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10. гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;
11. төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
12. жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді;
13. өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14. соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын өртке қарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастырады.
15. өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады, осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
16. өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдықтың, байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
17. өрт сөндіру қызметінің объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақтарын, байланыс құралдарын, құрал-жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
18. жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді қорытады және талдайды, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
19. жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника мен байланыс, ақпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20. материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және нақты бар болу, сақтау және беру тәртібінің сақтау дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
21. күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22. ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23. жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
24. жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25. Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөнінде Дапартаментке ұсыныстар енгізеді;
26. Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27. Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
28. Қызметтің аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
29. Өз құзіреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
30. Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақытылы құруды қамтамасыз етеді;
31. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді;
32. Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын үй-тұрмыстық, қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшылық құрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34. Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
35. Қызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
36. бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпта моральдық-психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37. бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
38. дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
1. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
2. Мемлекет оған тапсырған мүлік;
3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
32.Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
34. Қызметтің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою шарттары
35. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Тарихы

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құрылуының тарихы
Біздің облысымыздың өртке қарсы қызметі түп-тамырымен өткен жүзжылдықтың 20 жылдарынан бастау алады. 1930 жылы 24 шілдесінде Гурьев атқару комитетінің Президиумның мәжілісінде Өрттен қорғау басқармасының жергілікті шаруашылықтың аудандық бөлімінің өрттен қорғау базасын жасау туралы шешім қабылданады. Мұрағаттық мәліметтер – 30-шы жылдармен белгіленген, белгілі орындарда болған жағдайларды толық бейнелейтін құжаттар сақталған. Ат жетегімен өрт торабы, қол сорғыштары, ағаш баспалдақтар, балталар – сол уақыттағы қарапайым құрал-жабдықтар болып табылды.
Гурьев атқару комитетінің Президиумның мәжілісінде 1930 жылы 24 шілдеде 1-шақырылымында жергілікті шаруашылықтың аудандық бөлімінің өрттен қорғау жағдайы туралы баяндама тыңдалды. Сол 30-жылдарда өртке қарсы күресу шараларын күшейту мақсатында өрт командасы ат жетегінен авто күшіне ауыстырылады; облыс орталықтары мен аймақтар бойынша еркін өрт сөндірушілер жасағы ұйымдастырылады. Мекемелерді, кәсіпорындарды өрттен қауіпсіздендіру мақсатында шаралар қабылданады. Соғыстың алғашқы айларында Кеңес Одағының кәсіпорындарының айтарлықтай көп бөлігі Қазақстанда орналасқан, сондықтан сол жерде жөнделіп, өнімдерін шығарған. Жаңа кәсіпорындардың капиталды құрылысы да көп көлемде болды. Олардың барлығына сенімді өртке қарсы қорғаныс қажет болды. 1941 жылы 9 шілдесінде Маңғыстау облысының аудандық комитеті мен аудандық кеңестің атқару комитетінің мәжілісінде аудандағы колхоздар мен шахтер құрылысы кәсіпорындарында өртке қарсы жағдайлардың нашарлығы атап өтілді. Соғыстан кейінгі жылдарда өрт сөндірушілер өз міндетін орындай отырып және тұрғын секторларды, шаруашылық нысандарын оттан қорғай отырып, еңбекқорлықты, тұрақтылықты және табандылықты танытты. 1962 жылы қараша айынан бастап Маңғышлақтағы өрт сөндіру бөлімінің алғашқы тарихы басталады. Гурьев облыстық атқару комитетінің ІІБ бұйрығымен әскери өрт сөндіру бөлімі ұйымдастырылды, онда штаттық есепте жеке құрамның 83 бірлігі болды. Өрт сөндіру депосының ғимараты теміржол аумағында орналасқан және ӘӨСБ-1 қару-жарағында екі өрт сөндіргіш автоцистерналар мен бір жүк көлігі болды.
Сол уақыттарда өрт сөндірушілер жұмысын қаланың сыртында орналасқан полктің әскери құрылысшылары орындады.
1966 жылы Қазақ ССР Министр Кеңесінің №479 Қаулысына сәйкес көптеген министрлік пен ведоствоның өрт сөндіру бөлімшелері Ішкі істер министрлігіне берілді, сол арқылы атқару комитетінің ІІБ-ның өрттен қорғау бөлімінің қарамағына барлық қалалық және аудандық өрт сөндіру командалары, республиканың өндірістік нысандары берілді.
1973 жылы Маңғышлақ облысында жаңа мұнай және газ кен орындарының ашылуы, жартылай аралды тиімді меңгеру, өндірістік нысандардың құрылысы өрттен қорғау облыстық бөлімінің ұйымы пайда болуына үлкен себін тигізді, оның алғашқы бастығы Ю.Н.Тимофеенко болды.
Аумақтың облыстық дәрежеге жетуі алдымызда үлкег тапсырмалар қойды: облыстағы қызмет көрсетудің аумағының кеңеюі, материалдық базаның күшеюі, жаңа әскери өрт сөндіру бөлімдері мен өрт сөндіру депосының құрылыстары, жас мамандарды оқыту. Бұрынғы Кеңес Одағында астанадан және басқа да қалалардан Маңғышлаққа ең жақсы дайындалған мамандар жіберілді. Олардың арасында – Маңғышлақ облысының ІІБ өрттен қорғау бөлімінің бастығы болып тағайындалған подполковник В.В.Киреев, В.В.Полтарацкий, Б.А.Безрукавый, В.Н.Гусаров, А.Остапенко бар. Азғана уақыттың ішінде жартылай аралда кен орындардағы апат жағдайында ірі мұнайлы газ бұрқағын өшіру мақсатында әскери өрттен қорғау жасақтары және бекініс пункті жасалды.
Маңғышлақ облысында жоғарыда көрсетілгендей, ірі мұнай-газ кен орындарында апаттарды жоюға бір аумаққа ғана емес, сонымен қатар басқа да облыстарда қатысқан. Біз өрттен қорғаудың шығу тарихының алдында кім тұрғанын және алғашқы бұйрықты кім бергенін ризашылықпен еске аламыз.
Бүгінгі таңда облыстың өрттен қорғауды күшейту және жасауға айтарлықтай үлес қосқан басшылардың жұмысын үлкен абыроймен атап өтуге болады. Жартылай аралда энергетика, мұнай және газ өндірісінің нысандарында өрт сөндіру бөлімшелерін ұйымдастыру бойынша үлкен, көп еңбекті талап ететін жұмыс атқарған адамдарды айтуға болады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын жақсартуға ат салысқан, кәсіби ядро жасаған, материалдық-техникалық базаны күшейткен – олар:
- отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Тимофеенко Юрий Николаевич – ІІБ өрттен қорғау бөлімінің алғашқы бастығы;
- отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Намазбаев Урлеш Кобланович - ІІБ өрттен қорғау бөлімінің бастығы;
- отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Гусаров Владимир Николаевич - ІІБ өрттен қорғау бөлімінің бастығы;
- қордағы ішкі қызмет полковнигі Тлесов Айгали Акбергенович - МӨҚ бастығы;
- қордағы ішкі қызмет подполковнигі Каражанов Бактыгерей Сатыпович – 7-ӘӨҚБ-нің бастығы;
- қордағы ішкі қызмет полковнигі Аликберов Магомеднасир Урдиханович - МӨҚ бастығы;
- қордағы полиция полковнигі Маматов Хамит Абдуллович.
Сонымен қатар, «Өрт сөндіруші» филиалының 1999 жылғы алғашқы басшылары:
- қордағы ішкі қызмет полковнигі Ораков Машырык Байбулович;
- қордағы ішкі қызмет полковнигі Раимбеков Кадырбек Пансатбекович;
- қордағы ішкі қызмет подполковнигі Муханов Сейтмолда Муханович.
Олар қазіргі таңда лайықты демалыста болса да, өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, ақыл-кеңестерін айтып, салалық өрт сөндіру командаларында еңбек етуін тоқтатпады, барлық жаңа бастауларға қолдау көрсетіп отырды.
1997 жылы еліміздің отты майданында жұмысшылар үшін атаулы және бұрылыстық кезең болды. Дәл осы сәттен бастап өрт сөндірушілер өмірінде жаңа кезең басталады: 1997 жылы 22 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен республиканың өртке қарсы қызметі ІІМ-і құрылымынан Төтенше жағдайлар бойынша ҚР Комитетіне берілді. 2005 жылдың қараша айынан бастап ҚР-ның Үкіметінің Қаулысымен «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және ескерту, осы облыстағы басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы» мақұлданды, соның салдарынан мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өртті уақтылы және тиімді өшіру, төтенше жағдайларды жою және апаттық-құтқару жұмыстарын орындау барысында үнемі дайындықта болуын және әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыстар атқарыла бастады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай - Қызмет) қазіргі уақытта облыс аумағында елді-мекендерде және объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл-кідіріссіз авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 3 дана мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, 9 дана өрт сөндіру бөлімдері бар.

Басшылық

19 Maulenov «ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» ММ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Әмірұлы Мауленов
Ерлан Әмірұлы Мауленов - «ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» ММ бастығы
Азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Әмірұлы Мауленов азаматтық қорғау органдарында 2001 жылғы тамыз айынан бері қызмет етіп келеді. 2005 жылы Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2012 жылғы қыркүйек айында Көкшетау техникалық институтының қалалық және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшыларын оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсында білім алған. 2015 жылғы шілде айында Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты» ММ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша мамандар әзірлеу курсында білім алған.
15.08.2001ж.- 05.10.2005ж. – ҚР ТЖМ КТИ тыңдаушысы
05.10.2005ж. - 01.09.2006ж. – Маңғыстау облысының ТЖ бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Өртке қарсы және авариялық-құтқару бөлімдерінің қызметін үйлестіру бойынша қызметінің бас маманы.
01.09.2006ж.-01.09.2007ж. – Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің Ақтау қалалық өртке қарсы қызмет басқармасының инженері.
01.09.2007ж. – 25.01.2008ж. - Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің Ақтау қалалық өртке қарсы қызмет басқармасының аға инженері.
25.01.2008ж. – 22.09.2008ж. - Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің Мұнайлы аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінің бас маманы.
22.09.2008ж. – 24.03.2009ж. - Маңғыстау облысы ТЖД Мұнайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.
24.03.2009ж. – 28.09.2009ж. - Маңғыстау облысы ТЖД Мұнайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы.
28.09.2009ж. – 17.10.2012ж. - Маңғыстау облысы ТЖД Мұнайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
17.10.2012ж. – 27.09.2014ж. - Маңғыстау облысы ТЖД Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы.
27.09.2014ж. – 14.02.2015ж. - Маңғыстау облысы ТЖД Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медальімен және «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі медальімен марапатталған.
19.01.2017ж.. қазіргі уақытқа дейін- Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару ұйымының бастығы.
Үйленген, 4 балалы әке
 
19 Nurgali Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрғали Еркінбек Сұлтанғалиұлы
Нұрғали Еркінбек Сұлтанғалиұлы – 1979 жылдың қазан айының 14-жұлдызында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұшықұдық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары яғни 2002 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Кемелердің эенргетикалық қондырғылары және жабдықтары» мамандығы бойынша бітіріп, теңіз инженері мамандығын иемденді. 2008 жылы Көкшетау техникалық институтының «Өрт кауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітіріп, өрт қауіпсіздігі инженері мамандығын иемденді.
Өртке қарсы қызмет органдарында 2003 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін.
2004ж.-Маңғыстау облысының мемлекеттік өртке қарсы басқармасының шұғыл бөліміне аға инженер болып тағайындалды.
2008ж.-қыркүйек айында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2012 ж. - мамыр айынан бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқаруда. Қызмет барысында 11 көтермеленіп мадақталған.
Үйленген, төрт баланы тәрбиелеуде.
 
19 Amirbekov «ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Хаям Анверұлы Әмірбеков
Хаям Анверұлы Әмірбеков ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының күндізгі бөлімін 2005 жылы бітірді, институт бітіргеннен кейін және қазіргі уақытқа дейін әр түрлі лауазымда жұмыс істеді.
2014ж. қаңтар айында Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ облыс орталығында «ӨБ, МӨБ басшысы» санат бойынша; 2014ж. мамыр айында Алматы қаласы азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы «ӨБ, МӨБ басшысы» санат бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
17.01.2000ж.-27.06.2001ж. - Пластмасса зауыты авариялық-құтқару жасағының газ құтқарушысы (Ақтау қаласы пластмасса зауыты)
15.08.2001ж.-27.09.2005ж. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай Министрлігі Көкшетау техникалық институтының тыңдаушысы.
27.09.2005ж.-28.02.2006ж. - Маңғыстау облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жүмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы 1-ші мамандандырылған жасақ жедел кезекшісі – мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі.
28.02.2006ж.-01.09.2006ж. - Маңғыстау облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жүмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы №1 мамандандырылған жасақ жедел кезекшісінің көмекшісі.
01.09.2006ж.-25.09.2008ж. - кезекті ауысым бастығы, Маңғыстау облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жүмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы мамандандырылған жасақ жедел кезекшісі – мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі болып табылады.
25.09.2008ж.-01.06.2012ж. - кезекті ауысым бастығы, Маңғыстау облысы Төтенше жағдай департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жүмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы мамандандырылған жасақ жедел кезекшісі – мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі болып табылады.
01.06.2012ж.-13.11.2013ж. - Маңғыстау облысы Төтенше жағдай департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жүмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары.
13.11.2013ж.-19.01.2017ж. - Маңғыстау облысы Төтенше жағдай департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жүмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы №1 мамандандырылған өрт бөлімшесінің бастығы.
19.01.2017ж. – 23.04.2018ж. - Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару ұйымының бастығы.
23.04.2018ж. қазіргі уақытқа дейін - Маңғыстау облысы Төтенше жағдай департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары.
 
 

МӨББ құрылымы

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аппаратының құрылымы

Басшылығы Жұмыс телефоны Электрондық пошта

 Мекеме бастығы

Мауленов Е.А.

тел.: 30-32-01  

Бастығының орынбасары

Нургали Е.С.

тел.: 30-32-02

 

 
Құрылымдық бөлімшелер
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы тел.: 30-32-18  
Өрт сөндіру және жабдықтау бөлімшесі тел.: 30-32-10  
Кадрлық жұмыстар бөлімі тел.: 30-32-08 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі тел.: 30-32-06  
Өрт сөндіру бөлімшесі тел.: 30-32-34  
Өрт сөндіру кезекші қызметі тел.: 30-32-05  
Кәсіби даярлық мектебі тел.: 30-32-11  
Өрт талдау зертханасы тел.: 30-32-09  
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы тел.: 43-55-06  
Қаржымен қамтамасыз ету тобы тел.:30-32-04  
Заң тобы тел.: 30-32-19  
Тылдық қамтамасыз ету тобы тел.:30-32-14  
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы тел.: 30-32-12  
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы тел.: 30-32-31 (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.)
Әскери жұмылдыру жұмыстары тобы тел.: 30-32-18  
Техникалық қызмет және құлақтандыру тобы тел.: 30-32-07  
Өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімі тел.: 30-32-13  

Үздіктер

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ үздіктері.
Ақтау қаласы № 8 ӨСБ бөлімше командирі өртке қарсы қызмет прапорщигі – Мусаев Сакен Қыдырсықұлы «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісімен марапатталған.
Мұнайлы ауданы № 5 ӨСБ бөлімше командирі өртке қарсы қызмет аға прапорщигі – Байгобенов Бисенгали Серикович Дунга ЖШС «Маэрск Ойл» кен орнында өткізілген ірі ауқымды оттарды зерттеуде және сұйық көмірсутектер төгіліп сөндіру барысында өнеге тұтарлық өрт-тактикалық жаттығуларына белсенді қатысқаны үшін, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда мемлекеттік жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталған.
Өртке қарсы қызмет прапорщигі Саймаганбетов Кайрат Тилеужанович, Жану көлемі 1000 м2 құраған. Мұнайлы ауданы Баянды және Жаңа Дәулет ауылдарының арасындағы теміржол торабында орын алған ЖШС "Емир-Ойл" қарасты МАN м/н Н 0163/12 маркалы жанармай таситын автоцистерна мен теміржол құрамымен соқтығысып 17 мұнай ыдысын сөндіру барысында белсенді қатысқаны үшін "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төс белгісімен марапатталған.
Өртке қарсы қызмет прапорщигі Эминов Нуркиса Туркменбаевич, көптеген құтқару операцияларына белсенді қатысқыны үшін "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төс белгісімен марапатталған.
 

Статистика

Жауынгерлік іс-қимыл сараптамасы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 31 желтоқсан айына жедел-қызметтік жұмыстарына талдау бойынша баяндама. (Doc, 85,5kb)
 
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру  және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі 2017 жыл тоғыз айлық жауынгерлік әрекеттеріне талдау (Doc, 32 kb)
 
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі 2016 жылдың жауынгерлік әрекеттеріне талдау (Doc, 75 kb)
 
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың жауынгерлік әрекеттеріне талдау (Doc, 67 kb)
 

Фотогалерея

mangspi 1 mangspi 1 mangspi 1 mangspi 1 mangspi 1 mangspi 1