Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызмет мүлкіне қатысты кұқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Қызметтің атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области (города Павлодар) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар қаласы, 1 Хромзавод кіреберіс жолы, 10 үй.
2. Қызметтің заңды мәртебесі
9. Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, занды тұлганың құқықтарына ие болады.
10. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес тенгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері, мөртабандары болады.
11. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның кұрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай каражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі кезінде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік- аумақтық бірлік жауапты.
13. Қызметтің азаматтық-кұқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
14. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
15. Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16. Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-кұтқару жұмыстарын жүргізу
болып табылады.
17. Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен кұралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бакылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс кұралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
8) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Кызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
11) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады.
18. Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19. Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Казақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық кұзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20. Қызмет Бастығының (бұдан әрі - бастық) және ол болмаған кезде оның әдеттерін атқаратын тұлганың жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға
әкеледі.
4. Қызметті басқару
21. Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қызметке мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке каржыландыру жоспарын Министірлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгегістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қызмет мүлкінің сақталуына бакылауды жүзеге асырады;
4) Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізеді;
5) Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) бастыгының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
8) Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
9) Қазақстан Республикасынығ зағнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел- қызметтік жұмысын басқаруды Департамент жүзеге асырады.
24. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады жэне оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
25. Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айкындалатын кұзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетінше шешеді.
26. Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Кызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5)Кызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазакстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
6) өз құзыреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
арттыруды қамтамасыз етеді;
8) өз кұзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет кызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
9) өз (оздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10) гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;
11) төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен кұралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабыллайды;
12) жеке кұрамды даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды Қамтамасыз етеді;
13) өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын өртке қарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастырады;
15) өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады, осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
16) өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдықтың, байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
17) өрт сөндіру қызметінің объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақтарын, байланыс құралдарын, құрал- жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық кызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
18) жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді қорытады және талдайды. автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады жэне қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау және өрт кауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
19) жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника мен байланыс, ақпараттандыру кұралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20) материалдық кұндылықтардың есебін жүргізу және нақты бар болу, сактау және беру тәртібінің сақтау дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
21) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы кызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22) ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
24) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет белгілері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25) Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
26) Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27) Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
28) Қызметтің аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
30) Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уактылы құруды қамтамасыз етеді;
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды камтамасыз етеді;
32) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын ұй-тұрмыстық,
қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33)мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшылық кұрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қос алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34) Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
35) Кызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Кызмет кызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
36) бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпты моральдық- психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыкқа қарсы іс- әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37) бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудығ әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа карсы шаралар қабылдайды;
38) дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39) Қазақстан Республикасының нормативтік құкықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
27. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
1) мемлекет оған тапсырған мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де каржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген каражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің каржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Кызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
34. Кызметтің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою шарттары
35. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.