Қызметі

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Петропавл қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызмет) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік өрт сөндіру функцияларын жүзеге асыру және өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қызмет «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына және «Ұйымдастыру-штаттық мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы 27 қазандағы № 737 бұйрығына сәйкес құрылған.
Қызметті мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр), Өртке қарсы қызмет комитетінің (бұдан әрі - Комитет) бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Уәкілетті органның бұйрықтарына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Қызметтің негізгі міндеттері: қоныстандырылған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.Қызметтің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Ғ.Мүсірепов к-сі 32 «А».
Қызметтің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Петропавл қаласы)» мемлекеттік мекемесі