Қызметі

Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
 
Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрттерді сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактика оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-тактикалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
8) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруғы тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құрылымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақытылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
11) Бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
12) тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын-алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады.
Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Қызмет Бастығының (бұдан әрі - бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға әкеледі.