2014 жылдың 28 тамызы күні мемлекеттік мереке – Конституция күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде волейболдан ведомстволық жарыс  өтті.
СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің ұжымдары арасында спорт шараларының өткізілуі дәстүрге қалыптасты деп айтуға болады. Өрт сөндіруші әрқашан өзін жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық турнирда ұжым абыройын қорғау керек. Бұл, асырмай айтқанда, өртке қарсы қызметі жауынгерінің борышы да болып келеді.
Волейбол турниры бойынша  Мағжан Жұмабаев ауданының 12-ӨСБ жеңімпаз атанды.
Жарысқа қатысушылар құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

   

Аман Әуесханов
    СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
    баспасөз қызметінің баспа-хатшысы