DSC_1777

Өткен аптаның 24 тамызында Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында спорт саласындағы қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған Денсаулық күнін атап өтті. Іс – шараны салтанатты түрде Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Фархат Қуанғанов ашты. Ол әр солтүстік қазақстандықтың спортпен айналысуға мүмкіндігі бар екендігіне назар аударды, қатысушыларға мықты денсаулық, бейбітшілік пен сәттілік, жоғары жетістіктерге және жеңіске жетулеріне тілек білдірді.
Әр жастағы топтардан құралған мемлекеттік қызметшілер, Петропавл қаласының әр түрлі мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері сайысқа түсті.  Ұйымдастырушылар мереке бағдарламасына 4х60 қол жалғау, 60,100 метрлік қысқа қашықтыққа жүгіру, Президенттік миляға жүгіру және  ұзындыққа секіру бойынша жазғы президенттік көпсайысты қосты.
Жарыста жеңіл атлетика бойынша 100 метрге жүгіруде Николай Белоусов ең үздік нәтиже көрсетіп, СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ камандасының қоржынын бірінші алтын медальмен толықтырды, 1500 метрге жүгіруде екінші нәтижені спортшы Петропавл қ. 4-ӨСБ өрт сөндірушісі Жанат Дәулеткереев көрсетті. Қыздар арасында 60 метрге жүгіруде екінші орынды 3-МӨСБ радиотелефонисті Юлия Придворная жеңіп алды; 60 метрге жүгіруде және ұзындыққа секіруде екі күміс медальді каманда қоржынына КҚЖБО диспетчері Екатерина Белоусова әкелді. Мекемеміздің қоржынын күміс және қола медальдармен толықтырған біздің спартакиядаға қатысушы қызметкерлеріміз Бахыт Кәрімовты, Марат Мұратовты, Елена Ремигайлоны, Райхан Нұтпаеваны айтпай кетуге болмайды. Жарыс қорытындысы бойынша өртке қарсы қызмет өкілдері 18 медальді иеленді: 1 алтын, 15 күміс және 2 қола. Жиналған балдар сомасы  бойынша жалпы командалық I орынды СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ,  екінші орынды – экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің командасы, үшінші орынды – салық департаменті иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежелеріне қарай медальдармен және дипломдармен марапатталды.


СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Баспасөз қызметі