2013 жылдың 23 тамызы күні мемлекеттік мереке – Конституция күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде мини-футболдан ведомстволық жарыстар өтті.
СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің ұжымдары арасында спорт шараларының өткізілуі дәстүрге қалыптасты деп айтуға болады. Өрт сөндіруші әрқашан өзін жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық матчтарда ұжым абыройын қорғау керек. Бұл, асырмай айтқанда, өртке қарсы қызметі жауынгерінің борышы да болып келеді.
    Мини-фудбол турнирынан Петропавл қаласының мамандандырылған жасағының офицерлер құрамы жеңімпаз атанды.
    Жарысқа қатысушылар құнды сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

Аман Әуесханов СҚО ТЖД «ӨС ж/е АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметінің баспа-хатшысы