17 petr 1 Балалар мен үлкендердің қауіпсіздігі қоғамымыздың басымдықты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан өрт сөндіруші маманы – маңызды мамандардың бірі. Балалар мен жас өспірімдер клубтарының мұғалімдері мен ұйымдастырушыларына өз тәрбиеленушілеріне осы кәсіптің барлық ерліктері мен қиыншылықтарын көрсетуге мүмкіншілік тапты.
17 petr 2 Петропавл қаласының № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Қайсар», «Жеңіс», «Импульс», «Мұрагер», «Ровесник» балалар мен жас өспірімдер клубтарының жас өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жасақтары үшін «Өрт сөндіру десантында» спорттық ойын өткізілді.
17 petr 3 Іс-шараның мақсаты - өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын әйгілеу, өрт болған жағдайда балалардың тәртіп мәдениетін арттыру.
Балалар құтқарушылардың жұмыс күндеріне қуана кірісе кетті. Олар өздерін нағыз өрт сөндіруші ретінде сезіне алды, қоңырауды қабылдаудан бастап, шақыру орнына өрт сөндіру командасын жинаумен, өртті сөндіруге дейін барлық жұмысты жасап көрді. «Қайсар», «Искра» және «Цунами» атты үш команда қиын және қызықты эстафетаға қатысты. Олар кедергілер жолағынан ойдағыдай өтті. Дабыл сигналы бойынша уақытқа өрт сөндірушінің киімін киді, бұл оларға оңайға соқпады. Газқағарларды киіп, жасанды түтінге толы дәлізден өтті. Шұғыл жағдайда жарақан алған адамды алып жүруді көрсетті. Барлық конкурстар оңайлықпен өткен жоқ. Балаларға өрт сөндіргішпен отты сөндіру 17 petr 4 біршама қиынға түсті. Балалар осы жағдайда отты сөндіру оңай шаруа емес екенін түсінді. Балаларға өрт сөндіру жеңдерін қосуда және суды беруде бұдан да қиын тапсырмаға тап болды. Балалар телефон арқылы «Өрт сөндіру командасын шақыру» конкурсында көп қателіктер жіберді. Дүрбелеңде нөмірді қате терді, өрт шыққан мекенжайды дұрыс айта алмады, міне осындай қателіктер күнделікті өмірде кездеседі. Бұл туралы Петропавл қ. 3-МӨСБ бастығының орынбасары
17 petr 5 Әлімкин Данияр өрттің туындауына көбінесе балалардың себепші болатынын атап өтті.
Құрамында бөлімшенің қызметкерлері бар төрешілер жас өрт сөндірушілердің еңбектерін жақсы бағалады. «Цунами» командасы ең үздік болып атанды. Алайда, барлық жасақтар грамоталар мен құнды сыйлықтарға ие болды.
17 petr 6 Дәл осы күні өрт сөндіру бөліміне саяхат болды, онда балалар өрт сөндірушілердің күнделікті тұрмысымен танысты.
Балалар ойын барысында отпен күресудің барлық қиындықтары мен жауапкершілігін сезінгендіктен, олар енді отпен абай болады деп ойлаймыз.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы