15 ogon 1 26 қаңтарда Манаш Қозыбаев атындағы студенттiк қалашығының басты алаңында салтанатты түрде отты алау жағылды. Осылайша Петропавлда Универсиада-2017 Эстафета отынына бастау берiлдi. Эстафета отынынң жалпы маршруты 12 км. құрады. Спортшылар мен отандық спортқа үлес қосқан белгiлi адамдардың қатарынан 60 алау ұстаушы облыс орталығының көшелерiнде Универсиада алауын тасыды.
15 ogon 2 Алау ұстаушылардың бiрi Петропавл қаласы №4 өрт сөндiру бөлiмiнiң өрт сөндiрушiсi, жеңiл атлетика бойынша спорт шеберi Темiрлан Сүлейменов болды.
Темiрлан Есiл ауданы Сарман аулыныда дүниеге келдi, облыс орталығында орта бiлiм алып, М. Қозыбаев атындағы солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiне түстi, қазiрде «Жаратылыс ғылымдар және спорт» факультетiнiң сырттай бөлiмiнде оқиды. Бала кезден бастап Темiрлан жеңiл атлетика спорты келiп, 60, 100 және 200 метр қашықтағы жүгiру сияқты, тәртiптерде жетiстiктерге жеттi. Жеңiл атлетика бойынша Қазақстан Республикасы
15 ogon 3 Чемпионаттарының тұрақты қатысушысы 2012 және 2015 жылдары жеңiмпаз атанды.
Кiшi сержант Темiрлан Сүлейменов азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап қызметiн атқарады. Ол ҚР IIМ ТЖК республикалық жарыстарында облыс абыройын қорғайтын өрт сөндiру-құтқару спорты бойынша СҚО ТЖ департаментiнiң құрама командасының құрамына кiредi.
15 ogon 4 Сонымен бiрге Эстафета алауын сақтаушылар құрамына СҚО ТЖД Өрт қауiпсiздiк саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы халықты ақпараттандыру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Серiк Шәрiпов кiрдi. Барлық маршрут бойы оның тiкелей басшылығымен факелдердiң табыстау және жағу iске асырылды, алау ұстаушының қозғалысы бақыланды.
15 ogon 5 Шеру СҚМУ-дан А. Винокуров атындағы спорт сарайына дейңн жалғасыды, маршруттың аяқталысымен Серiк Нұрсайынұлы тасымадайтын шыны сауытта алау жағып Универсиада өтетiн Алматы қаласына жолын жалғасты.
Серiк Шәрiпов СҚО ТЖ департаментiнде 15 жыл қызметiн атқарып келедi, 2002-2011 жылға дейiн өрт сөндiру-құтқару спорты бойынша ведомствоның құрама командасына кiрдi. Бүгiнгi таңда ол СҚО ТЖД жеке құрамының спортық дайындығы мәселесiне жетекшiлiк етедi, футболмен шұғылданады. Азаматтық қорғау қызметкерлерiнiң жаттығулары мен спорт күндерiм оның басшылығымен өтедi. Сондықтан оның осындай тамаша оқиғаға белсендi қатысуында таңғалатын ештеңе де жоқ.
15 ogon 6 Алау эстафетасы шеруi сәттi өттi, — дейдi майор Шәрiпов, — менiң басты мiндетiм — алаудың сөнбеуiн бақылау болды. Үш сағаттың iшiнде бiз қаланың бiршама көшелерiнде жүгiрiп өттiк, алайда менiң сезуiмше бiр деммен, тез жүгiрiп шықтық. Барлық маршрут бойы үлкен жаупкершiлiк пен iс-шараның маңыздылығы мен оған қатысушылық сезiлдi. Бұл күнге бiз екi ай дайындалдық. Менiң ойымша, Универсиада алауын лайықты ұстап демеп шықтық!».
СҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
Мемлекеттiк тiл және ақпарат тобы