32 1 Мемлекеттiк мереке — Наурыз мейрамы күнi қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi арасында облыстық спартакиада өттi.
Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұжымдары арасында спорттық шараларының өткiзiлуi бұрыннан келе жатқан мейрiмдi дәстүрге қалыптасты деп айтуға болады. Өрт сөндiрушi әрқашан өзiн жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық турнирда ұжым абыройын қорғау керек. Бұл, асырмай айтқанда, өртке қарсы қызметi жауынгерiнiң борышы да болып келедi.
32 2 Жарыс қатысушылар алдында мерекенiң ашылуын өрт сөндiру қызметiнiң бастығы азаматтық қорғау полковнигi Ғабит Ыбыраев сөз айтты. Барлық қатысушыларды айрықша күнмен құттықтап спорттық жетiстiктермен жеңiс тiледi.
Өңiрлiк жарыстардың төрт жеңiмпаз құрамалары үстел тенисi, нард, волейбол және 2,5-5 шқ. қашықтыққа шаңғы жарыс түрлерi бойынша жүлделi орындарға бәйгеге түстi.
32 3 Үстел тенисiнде шеберлiктi Ақжар ауданының Талшық с. №8 өрт сөндiру бөлiмiнiң спортшылары, Серiк Жақыпов партия кезегiмен ойнап және ең жоғары ұпай жинап Шығыс өңiрiнiң командасы жеңiмпаз болып атанды.
Нард жарысында Солтүстiк өңiрiнiң құрама командасы I орын алды, Қызылжар ауданының Бескөл а. №13 өрт сөндiру бөлiмiнiң өкiлдерi Айдос Хамзин және Алмас Тiлеужанов ойын тақтасы алдында таңдаулы болып өз командасына «алтын» әкелдi.
Волейбол турниры бойынша команда құрамасына облыс орталығының өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi кiрген Орталық өңiрiнiң командасы жеңiмпаз атанды.
Шаңғы жарыстың нәтижелерi бойынша 1 жас тобында (20 жастан 30 жасқа дейiнгi) 1 орынды Петропавл қ. 1-ӨСБ жүргiзушi-қызметкерi азаматтық қорғау кiшi сержанты Алексей Никишин иелендi. 2 жас тобында (30 жастан 40 жасқа дейiнгi) 1 орынды Қызылжар ауданының Бескөл а. №13 өрт сөндiру бөлiмiнiң өрт сөндiрушiсi Солтүстiк өңiрiнiң өкiлi Михаил Гераськин иелендi.
Спартакиада қорытындысы бойынша үздiк нәтиже көрсетiп жалпы командалық I орнына Орталық өңiрiнiң командасы иелендi. Екiншi орынға Шығыс өңiрiнiң командасы және үшiншi орынға Солтүстiк өңiрiнiң командасы ие болды.
Чемпионатқа белсендi қатысқандары үшiн спортшылар грамоталарға иелендi.
Жарыстың аяқталу қарсаңында Наурыз мейрамы күнiн атап өту мақсатында қатысушылар құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
 
Дархан Дүйсенбеков,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ,
ӨС және АҚЖҰБ ӨСБ инженерi
азаматтық қорғау аға лейтенанты