Қызмет туралы

ort

«Өрт сөндіруші» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында жұмыстар мен қызметтер көрсету нарығындағы ірі кәсіби операторлардың бірі болып табылады.
Қоғам өрт қауіпсіздігі саласындағы ұйымдар мен объектілерде шарт негізінде жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысатын Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1999 жылы құрылған.
Қоғам ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты құрылым ол Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы барлық негізгі принциптері мен әдістерін, жоғары жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ететін және өрттердің алдын алуды тиімді жүзеге асыратын кәсіби дайындық жүйесін сақтап қалған және азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енеді.
Қоғамның негізгі мақсаты, тапсырыс берушілердің қаржылық және өндірістік мүдделерін, қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға кепілдік беретін жұмыстар мен қызметтерді орындау арқылы жоғары деңгейде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғам Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі принциптері мен әдістерін басшылыққа алады. Біз жоғары жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ететін және сауатты түрде өрттердің алдын алу және оны сөндіруді жүзеге асыратын кәсіби дайындық жүйесін құрдық. Бізде төтенше жағдайлар органдары қызметкерлерінің ішінен конкурстық негізде іріктелген жоғары кәсіби басшы кадрлар жұмыс істейді.
ortsondr Біліктілікті арттыру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында біздің қызметкерлер Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының ТЖМ жоғарғы оқу орындарында жүйелі түрде кәсіби оқытудан өтеді.
Қоғам өрт қауіпсіздігі саласының қызмет көрсету нарығында өрт сөндіру бөлімшелерін, авариялық-құтқару, газдан құтқару және газ түтіннен қорғану қызметтерін заманауи техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етуде жетекшілік орынды иеленеді.
Қоғам күзетілетін объектілерді кешенді қауіпсіздік жүйесімен яғни оның өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндірумен қатар авариялық-құтқару, газдан құтқару жұмыстарын атқаруды, жедел медициналық көмек көрсетуді, өрт автоматикасы, өрт сөндіретін сумен жабдықтау жүйелерін монтаждауды және бастапқы өрт сөндіру құралдарына техникалық қызмет көрсетуді, оттан қорғау құрастырылымын жүргізуді, қызметкерлерді өрт-техникалық минимум бойынша оқытуды жүзеге асыру сияқты көп салалы қызметтерді атқарады бұл оның маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
ortsondr3 Қоғам шарт негізінде 500-ден астам объектіні оның ішінде: «Карачаганак Петролеум Оперейтинг б.в.», Каспий құбыр тарту консорциумы British Gas Group, Eni, Chevron; Shell, ExxonMobil, Total, Petro Oil Group Inc), «Аджип ККО», АО «ИнтергазОрталықАзия», «CNPC», «PetroOilGroupLnc» және т.б. стратегиялық маңызды (мұнайгаз, металлургия, атом энергеникасы секторларын, тіршілікті қамтамасыз ету және күрделі әрі жарылыс өрт қауіпі бар кәсіпорындар) объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
Өрт қауіпсіздігі мәселесін кешенді, кәсіби тұрғыдан шешу – ұйымдар мен объектілердің басшыларын көптеген күрделі мәселелерден босатуға және өндірістік қызметке көп көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.
Қоғамда ИСО 9001:2000 халықаралық сапа менеджменттік жүйесі мен OHSAS 18001-2008 денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі енгізілген.
Қоғам тапсырыс берушілермен көп жылдар бойы бірлесе жұмыс істеген жылдар ішінде, оның кәсіпорындарды кепілденген өрттен қорғаумен қамтамасыз ететін жоғары, тиімді тәжірибесі қалыптасқан және материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи деңгейге көтеріліп, нығая түскен.
Қоғамның филиалдары барлық облыс орталықтарында және Астана және Алматы қалаларында бар.
«Өрт сөндіруші» АҚ жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердің тізбесі
«Өрт сөндіруші» АҚ өрт қауіпсіздігі саласында төмендегідей жұмыстар мен қызметтер кешенін орындайды:
  • объектілерде, ұйымдарда өрттердің алдын алу және сөндіру (өртке қарсы күзету) және елді мекендерді өрттен қорғау;
  • өрт қауіпсіздігі саласында басқа да жұмыстар мен қызметтер көрсету.
Ұйымдарды, объектілерді және елді мекендерді өртке қарсы күзету
  1. өрттердің алдын алу (ескерту):
    • күзететін объектілердің басшыларына өрт қауіпсіздігі саласында нормалардың, ережелердің, стандарттар мен нұсқаулықтардың бұзылуын анықтауға, сонымен қатар өрттердің шығу себептерін жоюға, олардың таралуын шектеуге және өрт жағдайында адамдар мен материалдық құндылықтарды дұрыс эвакуациялау үшін жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар әзірлеуге жәрдем көрсетеді;
    • күзететін объектілерде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтері, өртке қарсы-техникалық комиссиялар жүргізетін тексерулерге қатысады;
    • бөлімше қызметін ұйымдастырады, дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстар жүргізу кезінде тапсырыс берушілердің тапсырыстары бойынша өртке қарсы көліктерімен бөлімшелер қояды, өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеуге қатысады;
    • заманауи жүйелер мен өртке қарсы қорғау құралдарын енгізу, технологиялық үдерістердің өртке қарсы қауіпін төмендету жөнінде ұсыныстар береді;
    • өрт сөндірудің алғашқы құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларының, өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының және дабылдардың жұмыс істеуін бақылайды;
    • күзететін объектілердің, сонымен қатар қандай да бір жұмыстарды атқаруға уақытша тартылған сыртқы мердігер ұйымдардың жұмысшыларымен және инженерлік-техникалық жұмыскерлерімен өртке қарсы-техникалық минимум жөнінде сабақтар, нұсқаулықтар өткізеді;
    • өрттердің шығу себептерін, жауынгерлік әрекеттерді талдау және өрт сөндірудің алдын алу және тәсілдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау мақсатында күзететін объектілерде болған өрттердің ведомствоішілік есебін жүргізеді;
    • тапсырыс берушілердің объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамаларының, мақсатты бағдарламалардың, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелері мен нұсқаулықтарының жобаларын әзірлейді.
  2. өрттерді сөндіру бойынша:
    • күзететін объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерін құрады және өрттерді сөндіруге жауынгерлік топтардың уақытылы шығуын қамтамасыз етеді;
    • өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жүргізілетін басқа да жұмыстарды жүзеге асырады;
    • күзететін объектілерде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін басқарады, бөлімшелерде жедел-қызметтік және өртке қарсы-алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады, олардың қызметін бақылайды;
    • газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастырады және оның белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
    • техниканың, өртке қарсы-техникалық жарақтардың, оқпан шаруашылығының тұрақты түрде дайын тұруын қамтамасыз етеді және олардың жағдайын үнемі тексеріп тұрады;
    • жедел жоспарларды және өрт сөндіру карточкаларын әзірлеуге қатысады, оларды пысықтау және түзетулерін жүргізеді, жарылысқа өртке қауіпті объектілерде апаттарды жою жоспарларын әзірлеуге қатысады;
    • күзететін объектілерде ерікті өртке қарсы құралымдардың өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарына қатысу мүмкіндіктерін ескере отырып олардың дайындығын жүзеге асырады;
    • тапсырыс беруші тапсырған өртке қарсы техниканың, жабдықтардың, жарақтардың және қызметтік орындардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.