Жүрек-өкпелік реанимациясы (ЖӨР) - ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіру, яғни оны жарты сағат ішінде қайтымды деп саналатын клиникалық өлім жағдайынан шығару мақсатындағы іс-әрекеттердің нақты алгоритмі. Шұғыл медициналық көмек көрсету ережелерін тек қана дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар қарапайым адамдарға да білу маңызды, өйткені уақытында жеткен және барлық ережелер бойынша орындалған ЖӨР көп жағдайда табысқа жетіп, зардап шеккенді өмірге қайтарады.
Бұл мақалада әр адам жүргізуге қол жетімді ЖӨР іс-әрекеттерінің басты кешенін талдаймыз.
Реанимация клиникалық өлім жағдайындағы зардап шеккен адам анықталғаннан кейін дереу басталуы тиіс.
Клиникалық өлім бұл – жүрек және тыныс алу қызметі тоқтағанда, бірақ, уақытылы ЖӨР көмегімен, әлі де 5-6 минут ағзаны өмірге қайтаратын мүмкіндігі сақталатын қайтымды күй. Бұл күйдің негізгі белгілеріне: сананың, тамыр соғуының, тыныс алудың болмауы және қарашықтың кеңеюі жатады.
Есте сақтаңыз! Қандай да бір әрекетті бастамас бұрын, қоршаған ортаның сіз және зардап шеккен адам үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз.
Клиникалық өлім жағдайын анықтау үшін қажет ( барлығына 10-15 секунд беріледі ):
- Ес-түс деңгейін бағалау – зардап шеккенді дыбыстап шақыру, жағдайы жақсы екенін сұрау ұсынылады. Жеңіл ауырсыну тітіркенуіне ұшыратуға (мысалы, құлақ ұшын қысу ), немесе иығынан қағуға болады.
- Ес-түсінің болмағаны жағдайында, демінің, ұйқы күретамырында тамыр соғысының, көз қарашықтарының жарыққа әсерінің болуын жедел түрде тексеру қажет:
а) тыныс алудың болмауы кеуде қуысының толық қозғалмауымен расталады. Тыныс алудың шын мәнінде жоқ екенін түсіну үшін пациентке қарай еңкейіп, тыңдау керек.
б) ұйқы күретамырында тамыр соғысын анықтау үшін, ортаңғы және көрсеткіш саусақтарын мойынның ортасына, жұтқыншақ аймағына қою, кейін оларды ойымға дейін солға немесе оңға орналастыру қажет. Мұнда тамыр соғуы анық сезіледі. Тамыр соғуының болмауы – жүректің тоқтауын айғақтайды.
в) қарашықтың реакциясын тексеру үшін қабақты сәл жабады және зардап шеккеннің басын жарыққа қарай бұрады (бірақ, қарашықтың кеңеюі қан айналымы тоқтағаннан кейін 40-60 секундтан кейін пайда болатынын ескеріңіз!).
Сондай - ақ клиникалық өлім кезінде тері қабаттарының бозаруы немесе цианотикалығы, рефлекстердің, бұлшық ет тонусының мүлдем болмауы байқалады.
Емделушіде жоғарыда көрсетілген көріністер анықталған кезде жедел медициналық көмек шақыру және кідірмей ЖӨР кірісу керек. Зардап шегушіні қатты беткейге қойып, кеудедегі киімді шешу керек. Науқастың аяғын көтеріп, оның астына киімнен білікше төсеген жөн.
ЖӨР – САВ жүйесі бойынша бірнеше кезеңдерден тұрады:
С (compressions) – жүректі тікелей емес ( жабық ) уқалау
A ( airway ) – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру.
B ( breathing ) – қолдан дем алдыру
1. Жүректі тікелей емес уқалау - омыртқа мен кеуде арасындағы жүректі қысу жолымен қан айналымын қалпына келтіру және қолдау мақсатында жүргізіледі.
Көмек көрсетуші, зардап шеккен адамның бір бүйірінен орналасуы керек (кез келген жағынан). Доминантты қолдың алақанын, қатаң түрде дененің орта сызығы бойына, емшектер арасында, көкірек қуысының ортасына қойыңыз. Алақанның негізі кеудеге дәл орналасуы керек. Екінші алақанды бірінші алақан үстіне қойып, саусақтарыңызды айқастырыңыз. Қол шынтақта түзетілген. Қысым саусақтардың қатысуынсыз (саусақтары көтеріңкі) алақанның негізі болып ғана жүзеге асырылады. Көкірек қуысын қысу құтқарушының дене салмағының есебінен орындалады, яғни барлық корпуспен жұмыс істеу керек. Компрессия тереңдігі ересектер үшін: 5-7 см , балаларда тиісінше азаяды. Жиілігі минутына 100-120 болуы керек. 30 компрессия жасаймыз (демге қатынасы 30:2).
2. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру ( екеулік немесе үштік Сафар әдісі қолданылады ):
- зардап шеккеннің басын, оны омыртқа жотасының мойын бөлігінде бүгіп, артқа қарай шалқайтыңыз ( омыртқа жотасының зақымдануына күдік болса, бұл әдісті жасауға болмайды –екеулік Сафар әдісі ).
- Қол саусақтарын иек астына, төменгі жақтың бұрыштарына орналастырыңыз. Төменгі жақты алдыга жылжытыңыз.
- Зардап шеккеннің ауызын ашыңыз, қажет болған жағдайда ауыз қуысын тазартыңыз (қан, құсу массалары, алмалы-салмалы протез және т.б.).
3. Қолдан тыныс алдыру – зақымдалған адамның өкпесіне белсенді түрде ауаны енгізу жолымен жүреді. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдісі арқылы жүзеге асады:
- құтқарушы терең дем алады
- зардап шеккеннің мұрнын саусақтарымен қысады
- зардап шеккеннің аузына 1 секунд ішінде дем береді.
Егер де, зардап шеккеннің көкірек қуысының көлемі ұлғайып жатса, бәрі дұрыс жасалған. Бұдан кейін, зардап шеккен адамға пассивті дем шығаруға мүмкіндік беріп, сосын жасанды желдету демін қайталау (барлығы 2 дем алу жүргіземіз ).
Әрі қарай, өкпені жасанды желдетудің 2 демімен көкірек қуысының 30 компрессиясын кезектестіре отыра, реанимациялық іс-әрекеттерді жалғастырған жөн.
30:2 әрбір 5 циклында, ұйқы күретамырында соғудың, тыныс алудың, қарашықтарда әсердің болуының анықтаумен стоп-анализ жүргізіледі. Өзіндік тыныс алу мен жүрек соғысының қалпына келген жағдайында, реанимацияны жедел тоқтатып және зардап шеккенді, дәрігерлер келгенге дейін бүйір қырына жатқызу керек – осы қалып қауіпсіздеу. Егер, тіршілік қызметтері әлі де қалпына келмеген болса – міндетті түрде, 30 минут ішінде жалғастыру қажет, бұл уақыт өтіп кеткен жағдайда, зардап шекеннің өлім фактісі белгіленеді.
Нақты жағдайда, жедел жәрдем немесе құтқарушылардың келуіне дейін, зардап шегушіге, жанында тұрған куәгер немесе жанында болған (айқындаушы) алғашқы көмек және ЖӨР әдістерімен таныс болса ғана көмектесе алады. Сондықтан, бұл әдістерді білу жеке адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің бөлігі ғана емес, сонымен қатар, өркениетті қоғамның бір бөлігі болып табылады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Қарағанды облысы
бойынша филиалының ШМКК бөлімінің
дәрігері Шегай Е.Б.
Мерекелік күндер – көпшілігіміз үшін демалуға, жақын адамдарыңызбен уақыт өткізуге, жеке істерімізді жасауға мүмкіндік береді. Алайда, мереке және демалыс күндері ауыр жұмыс уақыты болып табылатын мамандар санаты бар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері демалыс және мереке күндерінде мерекелік іс-шаралар жоспарланған және халықтың ең көп шоғырланған жерлерінде кезекшілік атқарады. Егер қандай да бір себептермен сіз немесе сіздің жақындарыңызға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда біздің қызметкерлер көмекке келеді.
Міне, өткен мамыр мерекелерінде филиал қызметкерлері С. М. Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағына кезекті кезекшілік өткізді.
Мереке кезінде түрлі жарақат алу-бұл сирек емес. Біздің жадымызда алғашқы медициналық көмек көрсетудің ондаған оқиғасы бар, бұл кезекшілікте біз үшін «жұмыссыз» болған жоқ. Бірінші «құтқарылған» кенеттен артериялық қан қысым жоғары деңгейге дейін көтерілген, Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Артериялық қысымды қалыпты деңгейге дейін төмендету бойынша іс-шаралар өткізілді. Көмек сұрап келген ер адам мерекелік іс-шараларға қатысқан оркестрдің мүшесі екен. Ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтіндігіне көз жеткізгеннен кейін, ер адам оркестрге оралып, өз жұмысын жалғастырды.
Сонымен қатар, мереке барысында көмекке жүгінген ерлі-зайыптыларды атап өткіміз келеді. Әйелінің сол жақ аяғындағы ашық сыдырылған жарақаты болды. Әйелге алғашқы көмек көрсетілді, сол ушін алғыс білдірген жолдасы, тіпті таң қалып: «Мен дәрігерлер не үшін тұр деп ойладым!».
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ БҚО бойынша
филиалының фельдшері Жумабаева М.Т.
26 CMK 1 Жыл сайын, 12 мамыр - Халықаралық медбике күні өткізіледі. Бұл күні 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы «Даналық» медициналық колледжінің студенттерімен шақырып «Ашық есік күні» форматында іс-шара өткізді.
Студенттерге мерекенің пайда болуы тарихы туралы әңгімеленді. Бұл күннің таңдалғаны - бұл Қырым соғысы кезінде мейірімділікке толы медбикелердің штабын ұйымдастырған ағылшын әйелінің Флоренс Найтингейлдің туған күні. Әйелдер жараланған сарбаздарға медициналық көмек көрсетті және дәрігерлерге операция жасауға көмектесті. 1974 жылы әлемнің 141 елінен медбикелер кеңеске жиналып, өздерінің кәсіби мерекесін құрды.
26 CMK 2 Іс-шара аясында студенттерді Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жұмыс атқару барысымен таныстыру мақсатында, қазіргі заманауи әдістерді пайдалана отырып төтенше жағдайларда медико-санитарлы салдарын жоюда шұғыл медициналық көмек көрсету бригадаларының жедел медициналық көмек көрсетуімен таныс болды.
Студенттерге жедел медициналық көмек көрсету бөлім бригадасының жабдықтары: көлік реанимациялық жүйесі (желдеткіш «MEDUMAT Standart»), мониторлы –дефибриллятор «СORPULS-3», шұғыл медициналық көмек шабаданы, медициналық жүк түсіру көкірекшесі, сорғыш «ACCUVAC», медициналық сөмке, вакуумды матрас, пневматикалық және сатылы шиналар, Шанс жағасы көрсетілгенде қатты қызығушылық танытты.
26 CMK 3 Болашақ медицина қызметкерлері іс-шараның танымдылық сипатын атап өтті, оның барысында тренажер–манекенінде студентерге өкпе-жүрек реанимациясының негізгі әдістері, әр түрлі жарақаттар, аяқ-қол сынғанда алғашқы медициналық көмек көрсетудің және иммобилизациялық шина салудың тәжірибелік дағдыларын үйренді.
Іс-шара аяқталғаннан кейін студенттер Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына алғыс білдірді және осы білімдерді болашақта медициналық практикалық қызметте қолданатындығына сендірді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»
ММ Нұр-Сұлтан қ. бойынша филиалы
22 CMK 1 Ағымдағы жылғы 2 мамырда Апаттар медицинасы орталығы филиалының Нұр-сұлтан қаласындағы кезекші диспетчеріне жатақханада қайта жабдықталған мансард үлгісіндегі тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында АМО филиалының кезекші бригадасы тез арада жолға шықты.
22 CMK 2 Келген соң, жатақхананың 2 қабаттағы сымдары жанып, ғимараттан 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілгендігі анықталды.
Жанып жатқан ғимарат тұрғындарының көп болғанын ескере отырып, ТЖ орнына қосымша дәрігерлердің резервтік бригадасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының екі психологы шақыртылды.
Филиал бригадаларының күшімен төрт зардап шегушіге, улы газбен уланып, сондай-ақ жарақаттанған бір балаға медициналық көмек көрсетілді, олар қаланың медициналық ұйымдарына жатқызылды.
Жедел психологиялық көмек 5 тұрғынға көрсетілді: 4 әйел және 1 бала. Зардап шеккендер жылап, нерв дірілі, агрессия және қорқынышпен ұсынылған күйзеліске өткір реакцияны бастан кешкен.
Зардап шеккендердің психоэмоционалдық жағдайын белсенді және пассивті тыңдаудың, дене-бағдарлы терапияның, қысқа мерзімді және позитивті психотерапияның әдістерін қолдана отырып, жүргізілген жеке әңгімелесудің көмегімен қалыпқа келтіру мүмкін болды.
Барлығы Апаттар медицинасы орталығынан өрттің медициналық-санитарлық салдарын жоюға 8 адам: 6 медициналық қызметкер және 2 психолог, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК" Апаттар медицинасы орталығы " ММ
Насыбай (нас, мұрын, айс) – ежелгі Орта Азия елдереінде: Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түркменстанда, Қырғызстанда, Ауғаныстанда, Қазақстанның оңтүстік және Қытайдың батыс өңірлерінде халықтардың көп пайдаланатын темекі өнімінің шегілмейтін түрі.
Насыбайды үй жағдайларында бей-берекет жасай береді. Оның негізгі өнімдерінің бірі-мазорка мен темекі, ал оған қосымша қосатын өнімдері – сөндірілген әк, тауық саңғырығы немесе түйе тезегі, әртүрлі өсімдіктер күлі, желім, май болып табылады. Насыбайдың құрамына қорғасын, сынап, кадмий және мышьяк сияқты адам ағзасына зиян келтіретін ауыр металлдар бар. Насыбайдың дәмін жақсарту үшін әртүрлі дәмдеуіштер қосады. Насыбай кішкене
«түйіршіктер» түрінде және қара – жасыл түсті түйіршіктер күйінде сатылады.
Түйіршіктер тілге немесе ерін астына салынады. Никотиннің қанға түсуі үшін бірнеше минут жеткілікті. Насыбай қолданғаннан кейін келесі әсерлер пайда болады: аяқтардың шаншуы, бүкіл ағзаның босаңсуы, жеңіл эйфория, бас айналу, көздегі "жұлдызшалар" немесе қараңғылану.
Насыбайды пайдалану айқын симптоматикасы жоқ. Насыбайдың пайданушылардың кейбір белгілері: жиі ұйықтау, сілекей реңінің жасыл түске өзгеруі, тез шаршау, тіпті шамадан тыс дене жүктемелері болмаған кезде де, тершеңдік, бұлшықеттердің әлсіздігі, ауыздан жағымсыз ерекше иіс.
Насыбай құрамына темекі басқа темекілерге қарағанда көп болғандықтан, өнім тұрақты тәуелділікке әкеледі деп сеніммен айтуға болады. Психикалық тәуелділік өте тез дамиды. Жасөспірім өнімді пайдалана отырып, эйфория мен босаңсытып ләззат алады. Осы себепті тұрақты тәуелділік жасау үшін препаратты бірнеше қолдану жеткілікті. Алайда, жақын арада жасөспірім насыбай қолданудан ләззат алуы төмендейді. Эйфория мен босаңсу тез өтеді, бірақ бала мұндай жағдайдан бас тартуға дайын емес. Нәтижесінде, ол насвайдан күшті препараттарді іздей бастайды, бұл оған сол таратушылар ұсынатын күшті есірткі препараттарын пайдалануды бастауға әкеледі. Осылай нашақорлық басталады. Одан құтылу үшін наркологқа жүгінуге тура келеді, бірақ тіпті дәрігер терапияның оң нәтижесіне кепілдік бере алмайды.
Насыбайды пайдалану салдары:
- никотинге тәуелділік, адам ағзасы үнемі насыбайды қажет етіп тұрады
- жасөспірімдердің оқу материалдарын есте сақтау қабілеті және мидағы психологиялқ өзгерістердің бұзылуы
- ауыз қуысы мен көмей обыр ауруы
- ми тамырларының қысылу салдарынан инсульт және инфаркт болу қаупі
- тістің бұзылуы және қызыл иектің зақымдануы
- әкті ауыз қуысы сілекейі арқылы жұту салдарынан, гастрит пен асқазан жарасының пайда болуы
- тазалығы жоқ үй жағдайларындағы өнімдердің салдарынан болатын ішек инфекциясы
- бала туу функцияларының бұзылуы және белсіздік
- насыбайға қосылған ауыр металлдардың салдарынан бүйрек және бауырдың улануы
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы