cmk sobytie 1 Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында сағат 11 ден 37 минут кеткен уақытта ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының кезекші-диспетчерлік пунктіне Ақмола облысы Астрахан ауданы Жамбыл ауылының ауыр хәлде жатқан тұрғыны медициналық көмекке зәру деген мәлімет түсті.
Ауа-райының қатты жел, боран соғу салдарынан ауылға апаратын жолды қар басып, қозғалыс қиындаған болатын. «Астана-Астраханка» тас жолы жабық еді. cmk sobytie 3 Апаттар медицинасының Астана қаласы филиалының жетекшісімен шұғыл әрекет ету бригадасын қалың cmk sobytie 2 қар құрсаулары мен батпақтан тайсалмай өтіп кететін ТРЭКОЛ автокөлігімен аттандыруға шешім қабылданды.
Шұғыл әрекет ету бридасы құрамында дәрігер – Белсеніс Г., фельдшер – Ахметжанов С., жүргізуші – Морарь В. болатын.
Астана қаласынан Жамбыл ауылына дейін 80 шақырым жол жүріп медиктерден құралған топ ауру халдегі азаматты көлікке отырғызып алып, жолда жалпы жағдайын қарап шығып, оған алдын - ала – өткір коронарлы синдром деген диагноз қойылды. Әрі қарай азамат Астана қаласы №2 аурухананың cmk sobytie 4 кардиология бөлімі мамандарына тапсырылды.
Сонымен қатар сол ауылдың 1990 жылы туылған жүктіліктің 35-36 аптасындағы жас келіншектің бел омыртқасы ауруына шағымданып, медициналық көмекке зәру екенін естіді. Оған сол арады қажетті көмек көрсетіліп, Астана қаласына мамандардың кеңесін алуға жеткізу ұйғарылды. Абырой болғанда жас келіншек пен оның құрсағындағы баласы дін аман.
 
 
 
 
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ