cmk sob 1 Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында сағат 13 ден 346 минут кеткен уақытта ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының кезекші-диспетчерлік пунктіне Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару отрядынан қоңырау келіп түсті. Онда Астана қаласы Қошқарбаева көшесіндегі №83 орта мектептің оқушысы шұңқырға түсіп кеткені мәлімденіп, шұыл көмек қажет екендігі мәлім болды.
Төтенше жағдай орын алған жерге ОААЖҚО-ның 1 техникасы мен 4 құтақрушысы және АМО-ның 1 техникасы мен 3 қызметкері аттанды.
cmk sob 2 Оқиға орын алған жерге келгеннен соң құтқарушылар көмекке зәру баланы іздеуге кірісіп, жедел арада тауып алды.
Астана қаласы №83 мектеп-гимназиясының 2004 жылы туылған 6 сынып оқушысы құтақрушылар көмегімен жоғарыға шығарылып, біздің медикьерге тапсырылды.
Медицина мамандары баланының денсаулығын қарап шықты.
Апаттар медицинасы дәрігері баланың іші, кеудесі және белі ауырып қалғаны, сонымен қатар орташа деңгейдегі суық шалғаны анықталды.
Зардап шеккен баланы әрмен қарай емдеу мақсатында Астана қаласы №2 балалар ауруханасы тапсырды. Қазіргі таңда баланың денсаулығы дін аман.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ