Univers 2017 1 Апаттар медицинасы орталығы Универсиада спорттық ойындарына медициналық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Шаралардың орын алу барысында алдын ала Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен медициналық көмек көрсету жұмыстары талқыланды.
Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадалары Универсиаданың тоғыз спорттық нышандарында толық медициналық құрал – жабдықтар мен дәрі – дәрмектермен қамтылып қызмет атқаруда. Апаттар медицинасының Алматы қаласы, Алматы облысы, Шығыс-Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік-Қазақстан облысы филиалдарының 27 қызметкерінен және 9 техникасынан құралған 11 шұғыл әрекет ету бригадасы спорттық ойындарға медициналық қамту жасауда. Сонымен қатар біздің қызметкерлер барлық медициналық құралдармен қамтылған реанимобильдермен жұмыс атқаруда. Оның ішінде 2 дәрігер және 2 орта деңгейлі медициналық қызметкерлер «Табаған» спорттық ойын-сауық кешенінде және «Алатау» шаңғы-биатлон стадионында аэромобилді бригаданың құрамында қызмет атқаруда. Олар қажет болған жағдайда зардап шеккен азаматты емдеу мекемелеріне уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді.
Univers 2017 2 2 ақпан күні «Шымбұлақ» таулы шаңғы курортында украиналық 17 жасар спортсмен зардап шекті. Біздің құтқарушылар бірнеше минуттың ішінде зардап шегушіні жардан тікұшақ алаңына әкелді. Спортсменді қарап шығып, ауруды басатын дәрілер салып, иммобилизация жасағаннан кейін тікұшақпен Алматы қаласы №7 ауруханасына Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің қарауымен 7 минут аралығында жеткізілді. Қазіргі таңда укарин азаматының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Универсиадада қызмет жасап үлгерген бірнеше күндер ішінде Апаттар медицинасы қызметкерлері 4 адамға көмек көрсетті. Біздің қызметкерлер халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету тәсілдеріне ие. Өздері жүгініп келген адамдарға қажетті деңгейде көмек көрсетілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ