CMK 2016 itogi 1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекетті мекемесінде 2017 жылға арналан жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанында 2016 жылғы қызметті қорытындылау мақсатында филиалдар жетекшілерімен семинар-кеңес өткізілді.
CMK 2016 itogi 2 Семинар жұмысына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы В.Р. Беккер, төрағаның орынбасары М.М. Күлдіков, апаттар медицинасы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Б. Акитова қатысты.
«АМО» ММ басшысының орынбасары Т.В. Яровенко 2016 жыл бойы жасалған жұмыстың қорытындысын жасады. Өткен жылы апаттар медицинасы бригадаларымен 5 мыңнан астам шығулар жасалып, 6 мың адамға медициналық көмек көрсетілді.
Орталық құрылғаннан бастап осы күнге дейін төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсетуге байланысты жауапты, аса маңызды мәселелерді тиімді шешіп келеді.
CMK 2016 itogi 3 Тек қана соңғы 5 жыл көлемінде Апаттар медицинасы орталығы құрылымдарының шығыстары 6 есеге ұлғайды (2011ж.-1000 шығудан 2016 ж.-5000 шығуға дейін), медициналық көмек көрсетілген зардап шеккендер саны 4 есеге (2011ж.-1300ден, 2016ж.-6000ға дейін) артты.
Қызмет жасап жатқан жылдары көлемінде Апаттар медицинасы орталығы 40 тан астам көлемді төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарын жоюға қатысып, 25 мыңнан астам азаматтарға көмек көрсетілді.
CMK 2016 itogi 4 ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары М.М. Күлдіков «АМО» ММ 2016 жылғы жасалған жұмысы ЖКА мен төтенше жағдайларға тап болған адамдардың құтқарылуы санының артуын, республикамыздың трассасында ЖКА тап болған адамдардың өлім саны пайызға шаққанда 10,5% азаюы, сонымен қатар кезекші-диспетчерлік пунктке дабыл түскеннен бастап оқиға орнына жету мен медициналық көмек көрсету уақыты 25 минутқа дейін азаюы индикаторларының артуына әкелді деп айтып өтті.
CMK 2016 itogi 5 ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы В.Р. Беккер семинар жұмысы аясында құрылымдық бөлімшелерді оңтайландыруда туындайтын өзекті мәселелерге тоқталып кетті.
Сонымен қатар семинар жұмысы аясында АМО филиалдарының есептері тыңдалып, қызмет барысында туындайтын сұрақтарға жауап алды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ