Ағымдағы жылы 17 ақпанда сағ. 15.05 минутта «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Жамбыл облысы бойынша филиалының кезекші-диспетчерлік пунктіне Алатау ауылынан 35-40 шақырымда Жуалы ауданының «Көксай» шатқалындағы қар көшкіні туралы хабар келіп түсті. 97678 әскери бөлімінің 23 әскери қызметшісі әскери дайындық бойынша жаттығулар болып жатқан жерде қар үйінділерінің астында қалған.
Құрамында үш адам бар «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Жамбыл облысы бойынша филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы құтқарушылар тобымен бірге оқиға орнына келгеннен кейін, қатал табиғат жағдайында сегіз әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетіп, одан әрі оларды Тараз қаласының әскери госпиталіне эвакуациялады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ