CMK Nauryz 1 Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері жер бетіндегі ең ежелгі мерекелерінің, бейбітшілік, мейірімділік және бақыт мерекелерінің бірі болып табылатын Наурыз мейрамына орайластырылған іс-шара ұйымдастырды.
Басшы Б.Т. Есқалиев қызметкерлерді көктем мерекесімен құттықтады. Жұмыста табыс, денсаулық және отбастарына амандық тіледі.
CMK Nauryz 2 Қызметкерлер мерекеге орай ұлттық тағамдар және "Наурыз көже" дайындады. Наурыз көже - бұл халықтың салт-жоралғы тағамы, құрамына жеті компонент кіреді: су, ет, тұз, май, ұн, дәндер және сүт. Қазақ халқында жеті саны киелі болып саналады. Наурыз көженің құрамындағы жеті компонент өмірдің жеті элементін білдіреді. Наурыз көжеге арналған үлкен қазандық бірліктің символына айналғандай.
Наурыз мейрамы күні барлығы мейірімді болуға тырысты, кездесу кезінде бір-біріне құшақ жайып, ең жақсы тілектерін айтып, барлық қайғы мен бақытсыздық айналып өтсін деп тіледі.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ