19 CMK TSU 1 2017 жылғы 04 сәуірде Ақмола облысы орталығы Көкшетау қаласында «Көкшетау қаласы темір жол вокзалы дәмханасында өртті сөндіру» тақырыбында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
19 CMK TSU 2 Бұл оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын шаралардың тиімділігін арттыру, аймақтық құрылымдардың және жергілікті бағынысты күштердің төтенше жағдайды ескерту, ТЖ салдарын жоятын азаматтық қорғау күштері мен жергілікті орындаушы органдардың бірігіп жұмыс жасау деңгейін арттыру.
Аталған оқу-жаттығуда ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 қызметкерлері және 1 техникасы жұмылдырылды.
19 CMK TSU 3 Оқу-жаттығу барысында Ақмола облысы филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы өрттен зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті. Дәмхананың қызметкерлері мен қонақтарымен жеке-жеке түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жорта зардап шеккен 7 адам емдеу мекемелеріне жеткізілді. Оның ішінде бір зардап шегушіге: улы көмірқышқыл газбен уланған диагнозы қойылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ