16 CMK SKO 1 Қазақстанның кейбір аймақтарында тасқын су орын алғаны белгілі. Кейбір аймақтарда су тасқыны қаупі сейілгендей. Алайда онымен және оның салдарымен күрес әлі де жалғасын табуда.
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында медициналық-психологиялық көмек көрсете отырып, тәулік бойы қызмет етіп жатыр.
16 CMK SKO 2 «АМО» ММ Алматы қ. бойынша филиалының 2 шұғыл әрекет ету бригадасы Қызылжар ауданының Заречное және Большая Малышка кенттерінде медициналық қамтуды іске асыруда. «АМО» ММ СҚО бойынша филиалының бригадасы
16 CMK SKO 3 Солтүстік Қазақстан облысының осы ауданының Долматово кентінде жұмыс істеуде.
2017 жылғы 02 мамыр сағ. 08.00 бойынша 114 адамға, оның ішінде 4 балаға медициналық көмек көрсетілген.
Психолог мамандар халыққа психологиялық және моральдық жағынан көмекті барынша көрсетіп жатыр. Үрей жай-күйінің алдын-алу, стресстік реакцияларды алып тастау мақсатында 62 тұрғынға психологиялық көмек көрсетілді.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ