9 СMK SKO 1 Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын су басу нәтижесінде зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетіп жүрген «АМО» ММ Алматы қаласы бойынша филиалының апаттар медицинасы жасағының тобы 9 мамыр, жеңіс Күніне орай Заречный кентінде орналасқан Ұлы Отан соғысының батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
9 СMK SKO 2 Филиал қызметкерлері мереке күні Заречный кентінің эвакуациялық пунктіндегі тыл еңбеккерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының тұрақтандыруына байланысты 2017 жылғы 10 мамырда төтенше жағдайлар комитетінің орынбасары М.М. Кульдиковтың ауызша өкімімен топ медициналық қамтамасыз етуден алынып тұрақты қызмет орындарына бағытталды.
9 СMK SKO 3 Төтенше жағдайды жою жұмыстарының басынан бастап 203 адамға, оның ішінде 7 балаға медициналық көмек көрсетілді. 69 тұрғынға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Бүкіл көктемгі кезеңде апаттар медицинасы Орталығының медициналық-психологиялық құралымдарын су тасқынын жою кезінде 284 адамға, оның ішінде 7 балаға медициналық көмек көрсетілді, 18 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды және қауіпсіз жерге көшірілді. 154 азаматтарға; оның ішінде 28 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. 300-ге жуық аула аралау жүзеге асырылды.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ