Террористік актілер, табиғи және әлеуметтік құбылыстың жанама әсері көріністерінен тұрғындардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету біздің қазіргі уақыттағы өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Олардың әрқайсысы адамның өліміне әкеліп соғады. Сондықтан барлық елде болуы ықтимал төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетуде дайындық шараларына үлкен назар аударылуда. Алғашқы медициналық көмекті көрсетуді білудің маңыздылығы өте жоғары. Себебі алғашқы медициналық көмек көрсетілмесе адам қайтыс болуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. 2014 жылдан бастап ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Өскемен қаласының жас құтқарушылар мектебімен тығыз байланыста жұмыс істей бастады, онда бағдарлама бойынша балаларға әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие беруде төтенше жағдайлар кезінде өздерін дұрыс ұстауға, адамдарға көмек көрсетуге дайын болуға үйретеді.
Филиалдың қызметкерлері оқушыларға лекция және тәжірибиелік жаттығулар өткізеді. Әсіресе балаларға өздері таңу жасау және транспорттық шинаны салып үйрену көбінесе қызықтырақ. Біз оларға арнайы медициналық құралдармен емес, қолда бар материалдармен мысалы көкке шығу немесе қала сыртында болса қайғылы оқиға орын алса қажетті медициналық көмек көрсетуді үйретуге тырысамыз. Балаларға қызметкерлердің жұмысын көру де қызықты, сол үшін біз оларға Ашық есік күнін өткіземіз: автотехникамен, медициналық құралдармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен таныстырып, филиалдың жұмысы жайлы айтамыз. ШҚО ТЖД мен бірлесіп спорттық шаралар өткіземіз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2017 жылдың 20 сәуірінде Жас құтқарушылар мектебінің кубогына өртке қарсы спорттан мектепаралық финалдық жарыс өтті. Жарыстың бір кезеңі медициналық дайындықтан тұрды. Жарыс қатысушыларының бір қуантқаны өртке қарсы спортта да медициналық кезеңде кәсіби шеберліктерін көрсетті. №10 орта мектептің жас құтқарушылары жеңімпаздар болып табылды. Мектеп директоры оларға кубок табыстады.
Жедел медициналық көмек көрсету тәжірибелерінің балаларды оқытудың бір формасы интерактивті сабақтар өткізу. Сабақтарды жақсы меңгеру мақсатында слайд материалдарын көрсету көп көмектеседі. Сабақтар бағдарламасына төтенше жағдайлар туындаған кезде өзін қалай ұстау және үрейге бой алдырмау үшін психологиялық дайындық көрсету де қосылған.
Медициналық көмектің қажеттілігін сезінген балалар әр сабаққа өте қызығушылық танытады. Себебі алынған білімдері мен тәжірибиелері оларға күнделікті өмірде қажет болуы мүмкін. Оларға табыс және мықты денсаулық тілеймін!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы
бойынша филиалы дәрігері Г.Мусабалинова