22 CMK 1 2017 жылғы 7 мамырда «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖ Департаментінің авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлермен және Ресей Федерациясы ТЖМ бірге "Өзара іс- қимылды ұйымдастыру және орман және дала өртіне байланысты пайда болган трансшекаралық төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл жұмыс топтарының өзара байланысуы мен жұмыс жасауын ұйымдастыру» тақырыбында өткен өрттік-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты.
22 CMK 2 Оқу – жаттығудың жоспары бойынша өрт аймағында 23 бала бар автобус табылды, 22 бала қауіпсіз жерге көшірілді, шартты бір зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.
22 CMK 3 Құрамында дәрігер, фельдшер және жүргізуші бар шұғы әрекет ету бригадасы ТЖ орнына келді. Тексеруден кейін зардап шеккен адамға: иісті газбен улану, жеңіл ауырлық дәрежесі алдын ала диагнозы қойылды. Оттекті терапия, инфузиялық терапия көмегі көрсетіліп, бала емдеу мекемесіне жеткізілді.
Барлық тартылған қызметінің әрекеттері үйлесімді және жедел, барлық қойылған міндеттер оқу-жаттығу барысында орындалды.
 
 
Қостанай облысы бойынша
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ