23 VOZ CMK Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің шақыруы бойынша Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел медициналық көмек көрсететін бригадалардың дайындығы мәселелері бойынша аймақтық семинарына қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты көрші мемлекеттердің ұжымдық жұмысы үшін мүмкіндік туғызу және халықаралық қатысуды талап ететін төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету бойынша аймақтық әлеуетті одан әрі күшейту.
Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Эстония және Ресей Федерациясының өкілдері қатысты.
Семинар қатысушыларының алдында «АМО» ММ басшысының орынбасары Т.В. Яровенко сөз сөйледі, Қазақстанның апаттар медицинасының қызметі, жабдығы, жоспарлары мен міндеттері туралы ақпарат ұсынды.
Қазақстанның Апаттар медицинасы орталығының ТЖ-ды жоюға қатысу бойынша тәжірибесі тыңдармандардың қызығушылығын тудырды. Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің қызметі оң бағаланды, АМО жабдығы мен жұмысының ұйымдастырылуы бағаланды.
ДДСҰ өкілдерімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ауқымды төтенше медициналық бригадаларының тізіліміне қосу үшін ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ шұғыл медициналық көмек көрсету бригадаларын реттеу, аттестаттау және сертификаттау бойынша мәселелерді қайта пысықтауды бастау уағдаластығына қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының медициналық бригадаларының ДДСҰ халықаралық стандарттарына сәйкестігін растау біздің еліміздің гуманитарлық донор ретіндегі ұстанымын нығайтуының маңызды факторына айналмақ.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ