18 rally 1 Еліміздің тарихында тұңғыш рет FIA Халықаралық Автомобильдік Федерациясының Ралли Рейд бойынша Әлем Чемпионатының бір кезеңі өтуде.
Әлем Чемпионатының бұл кезеңі 2017 жылдың 20 мамыр мен 27 мамыр аралығында Маңғыстау облысының қиылысқан жерінде, Ақтау мен Жаңаөзен қалалары аумағында өтеді.
20 мамыр күні Ақтау қаласының 15 ықшам ауданының жағажайында Rally Kazakzhstan – 2017 ралли-рейді бойынша Әлем кубогінің бесінші кезеңінің мерекелік ашылу салтанаты өтті.
18 rally 2 Ағымдағы жылдың 20 мамыр мен 27 мамыр аралығында шұғыл әрекет ету бригадасы ҚР ІІМ Маңғыстау облысының «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы Ралли Рейд бойынша Әлем Чемпионатында медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруда. Бір бригада стартта тұрды, филиалдың екі фельдшері көрермендер ең көп шоғырланған аса қауіпті аумақта кезекшілік етті. Сонымен қатар, ралли бағдары бойынша «Мұнайшы» трассалық медицналық - құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы жұмылдырылған.
Жұмылдырылған бригада шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті медикаменттермен, медициналық құрылғылар мен медициналық тағайындалған жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ